Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Үлкен іріктеу

Сандық белгілердің өзгергіштігінің статистикалық көрсеткіштерін анықтауда төменгідей есептеу шараларын қолданамыз:

1.Іріктеуден алынған мәліметтер, Х , Х…Хп- вариациялық қатар. Масақтану кезеңіндегі күздік бидайдың биіктігі (см) жазылған вариа-

циялық сандар қатары:

65

64

62

55

70

66

71

66

55

56

65

67

55

60

49

58

58

60

53

63

50

71

63

71

74

72

52

70

73

53

52

77

60

68

62

40

54

67

59

67

72

46

63

67

59

71

80

50

66

67

58

63

65

44

66

68

60

65

66

46

  1. Вариациялық қатардағы ең жоғарғы (Хмах) және ең төменгі (Хmіn) сан анықталады және астын сызып белгілейді.

  2. Іріктеудің көлеміне байланысты топтар (кластар - К) саны белгілінеді.

Класстар саны түбір астындағы іріктеу көлеміне жақын:

Іріктеу көлемі ( п )

Топтар (класстар) саны = К

30 …. 60

6 …. 7

60 … 100

7 … 8

100 … жоғары

8 … 15

Біздің мысалда п = 60, сондықтан К = √ п оны 7-8 топқа бөлген тиімді.

  1. Варияциялық қатардың аумағы анықталады ( R ) R = Xmax- Xmіn = 80 - 40 = 40 см.

  2. Төменгі фомуламен класстық интервал (арақашықтық) - і анық-

талады:

і = Xmax- Xmіn/ топтар саны= R : К = 40 / 8 =5 см

  1. Топтардың кіші және үлкен шекаралары анықталады. Әрбір топтың соңғы саны келесі топтың бастапқы санынан өлшеудің дәлдігіне сай дәрежеден төмен болуы керек. Бірінші топтың бастапқы санына бүтін сан алынса, есеп жеңілдейді. Біздің мысалда бастапқы сан 40. Екінші топ 45-тен, үшінші топ - 50-ден басталады т.с.с. Топты интервалға бөлгенде, төмен- дегідей 8 топ шығады.

40-44

50-54

60-64

70-74

45-49

55-59

65-69

75-79

  1. Топтың отраша мәнін (ХV), әрбір кластың төменгі шекарасына топ интервалының жарты мәнін қосу арқылы табады.

  2. Әрбір кластағы белгілердің кездесу жиілігін (f) топ итервалына тура келетін бастапқы мәліметтерді (Х) теру арқылы анықтайды. Уақытты үнемдеу үшін барлық сандар жиынтығын топтық сандарын іздемей-ақ, бастапқы мәліметтердің қатарынан алып, керекті кластарға белгілеп отырған тиімді. Бұл жағдайда, конверт әдісін пайдалану қолайлы. Алғашқы төрт санды нүктемен, ал қалғандары сызықшамен белгіленеді.

1-кестеге топтардың шекарасы, кластардың орташа мәні, белгілердің кездесу жиілігі толтырылады. Бегілірдің кездесу жиілігінің дұрыстығын олардың қосындысы (f) арқылы анықтайды.

1-кесте. Қосымша есептер мен кездесу жиілігін топтау

Топ- тар

Кездесу жиілігі, f

Топтың орташа мәні, Хv

f • Хv

Х 2

v

f • Х 2

v

40-44

2

42,5

85

1806,2

3612,4

45-49

3

47,5

142,5

2256,2

66768,6

50-54

7

52,5

367,5

2756,2

19293,4

55-59

8

57,5

460,0

3306,2

26449,6

60-64

11

62,5

687,5

3906,2

42968,2

65-69

17

65,7

1147,5

4556,2

77455,4

70-74

10

72,5

725,0

5256,2

52562,0

75-80

2

77,5

155,0

6006,2

12012,4

f =n =60

(f·Хv)=3770

2

(f·Хv ) =241222

Бұл қосынды іріктеу көлеміне (п) тең болуы керек. Кестедегі соңғы үш қатар вариациялық қатардың негізгі статистикалық сипаттамасын есептеу үшін керек.

  1. Іріктеудегі сандық өзгергіштіктің негізгі статистикалық көрсеткіштерін есептеуге кірісеміз.

Өлшеудің орташа арифметикалық мәнін табамыз, х х = E (f ·Хv) : п = 3770,0 60 = 62,83 см

Корректорлау факторы, С

С = (f · Хv)2 : п = 3770,02 : 60 = 236881,7

Дисперсия (шашырауы), S2

S2= (f · Хv)2-С :п-1= (241122-236891,7) : 59 = 71,9

Орташа квадраттық ауытқу, s s = √s2 = 71,9 = 8,48 см

Вариациялық коэффициент, V,%

V= (s : x) ·100 = (8,48 :62,83) · 100 = 13,5%

Іріктеу ортасының абсолюттік қателігі, Sх Sх = S : п = 8,48 : 60 = 1,09

Іріктеу ортасының салыстымалы қателігі, Sх% sх% = (s : x) · 100 = (1,09 : 62,83) · 100= 1,7%

Сенімді интевалдар x  t · Sх

мұндағы: х - өлшеудің оташа арифметикалық мәні

t - Стьюдент китерийінің мәні қосымша деректегі кестеден еркіндік дәрежелерінің санына (п-1) байланысты алады.

sх - іріктеу ортасының абслюттік қателігі.

Біздің мысалда 5 % мәндік деңгейдегі сенімді интервал: x  t05 · Sх = 62,83 + 2,01 ·1,09 = 62,83 + 2,19 (60,04 ч65,02)

1% - мәнді деңгейдегі сенімді интервал:

x  t01 · Sх = 62,83 + 2,68 · 1,090 = 62,83+ 2,92 (59,91ч65,75) аралығында.

Бақылау сұрақтар:

  1. Вариациялық қатар деген не?

  2. Сандық белгілердің негізгі статистикалық көрсеткіштері.

  3. Дисперсия нені көрсетеді?

  4. Орташа квадраттық ауытқу нені көрсетеді?

  5. Вариациялық коэффициент нені көрсетеді?

  6. Іріктеу ортасының абсолюттік қателігі қалай анықталады?

  7. 5% және 1% - мәнді деңгейдегі сенімді интервал қалай есептеледі?

№ 10 тәжірибелік сабақ

Тақырып: «Сапалы құбылмалылықтардың зерттелетін бақылау мәнінің сенімді интервалын анықтау»

Сабақтың мақсаты – Сапалы құбылмалылықтардың зерттелетін бақы- лау мәнінің сенімді интервалын анықтауды үйрету:

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

2.Түрлі түсті плакаттар слайдтар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

2. Түрлі түсті слайдтар.

Биологиялық және агрономиялық зерттеулерде белгілердің сапа белгі- лерінің өзгергіштігімен (атрибутивті) жиі кездесеміз: тұқымның және жеміс- тің пішіні; түр-түсі, гибридтердің бөлінуі, т.б.

Сапа белгілерінің өзгергіштігінің ең көп кездесетін түрі баламалы (альтернативті) біреуі ғана - белгілер бар немесе жоқ. Мысалы: ауыру және сау өсіміктер, қылтанақты және қылтанақсыз масақтар т.б.

Сапа белгілерінің өзгергіштігінің негізгі статистикалық көрсеткіштері: белгілердің үлесі; өзгергіштік көрсеткіші; вариациялық коэффициент және іріктелген үлестердің қатесі.

Белгілердің үлесі - жекелеген белгілер санының (п1, п2,… пп) жалпы белгілер санына (N) қатынасы. Белгілер үлесі P әрпімен белгіленіп (р1, р1, … рп) 1-дің бөліктерімен немесе пайызбен есептеледі. Бірінші жағдайда барлық үлестің қосындысы 1-ге тең, ал екінші жағдайда 100% -ке тең.

Егер: k = 2 болса,онда Р  п : ; q = 1-р

егер k > 2 болса, онда р1 п1 :  ; р2 = п2 : N; … рk= nk : N;

Баламалы (екі мүмкіндікті, альтернативті) өзгергіштікте бір белгінің үлесі р , екінші белгіің үлесі q әріптерімен белгіленеді.

p q = 1 немесе p  q = 100% q = 1 - p немесе q= 100% - p

Сапа белгілерінің көрсеткіші (S) белгілерінің бір-біріне қатысты ауытқуын сыйпаттайды.

ер k = 2 болса, онда S =  p · q

мұнда р , р , … р - белгілердің үлесі; k - белгілердің саны

Егер белгідер саны екіден көп болса (k>2), өзгергіштік көрсеткішін логарифм арқылы тапқан ыңғайлы:

lgS= lgр1+ lgр2+ lgр3+… lgрk : k баламалы өзгергіштікте: s =  р · q ;

Мысалы: р=1,0 және q=0,90 болса, = p·`q =  0,10· 0,90 = 0,30 немесе

30%

р мен q арақатынасына байланысты S=0 ден 0,5-ке дейін.

Сапа белгілерінің вариациялық коэффициенті (Vp)- пайыз есебімен

көрсетілген, өзгергіштіктің нақты көрсеткіші.

Vp =S : Smax · 100

Вариациялық коэффициент зерттелетін белгілердің өзгергіштік дәреже- сін сипаттайды және әртүрлі жиынтықтардың тегістігін салыстырмалы бағалау үшін кеңінен қолданылады. Варияциялық коэффициенттің ең жоғарғы көрсеткіші Vp = 100%. S=Smax болғанда байқалады.

Іріктелген үлестердің қатесі Sp - іріктелген жиынтықтың белгілер үлесінің ( р ) жалпы жиынтықтан ( Р ) ауытқуын көрсетеді.

sp = s : N =

Мұнда s - сапа белгілерінің өзгергіштік көрсеткіші. N - іріктеу көлемі

Альтернативті өзгергіштікте

s = p·q Sp = : п

р  sp интервалында р (немесе q ) кездесу мүмкіндігі 68% р  2sp итервалында - 95 % және р  3Sp итервалында - 99 % (іріктеу үлесінің үштік қателігіне сыяды).

Мысалы: бидайдың 500 өсімдігін зерттегенде, оның 50 өсімдігі фузариозбен зақымдалған. Жалпы (бас) жиынтықта зақымдалған өсімдік үлесінің 95% және 99%-ды сенімді интервалын анықтау керек.

Шешімі: Алтернативті (сапалы) өзгергіштіктердегі мәліметтерді екі топқа бөледі.

Бірінші топ – сапалы өзгергіштік белгісі бар өсімдік, яғни фузариозбен зақымдалған (біздің мысалымызда п= 50),

Екінші топ – фузариозбен зақымдалмаған сау, яғни белгі жоқ өсімдік п2

= п - п1 = 500-50 = 450.

  1. Жалпы зерттеу көлемі N= 500  1 деп қабылдаймыз. Зерттелген көлемнің ішінде ауруға шалдыққан өсімдік n = 50.

  2. Зерттеу көлемінде 2 өзгергіштік бар. Сондықтан К=2. Бұндай жағдайда сапалы өзгергіштіктің үлесі p=п/N

  3. p-ауруға шалдыққан өсімдіктер үлесі, p= п/N = 50/ 500 =0,1 q- ауруға шалдықпаған өсімдіктер үлесі, q=1-p=1-0,1=0,9 Өзергіштік көрсеткіші: S =  p· q =  0,1 · 0,9 = 0,3 Вариациялық коэффициенті Vp= S/ Smax·100;

Зерттеу көлемінде К=2 болған жағдайда Smax = 0,5 және 50% К=3 болған жағдайда Smax = 0,33 немесе 33%

К=4 болған жағдайда Smax = 0,25 немесе 25%

Бұл мысалда К=2 болғандықтан Smax = 0,5 және 50% Сондықтан вариация коэфициенті, Vp = 0,3/0,5 · 100= 60% Үлестің қатесі Sp= S/N; Sp= 0,3/22,3 = 0,013;

Сапалы өзгергіштік үлесінің 95%-дық сенімді интервалы x= t0,5 ∙ Sp. t0,5 зерттеу көлеміне байланысты оқулықта екінші қосымша кестеден

табылады, ол (N-1) шамасы бойынша t =2,09.

р=  2,09 · Sp; 0,1  2,09 · 0,013; 0,1  0,027; 0,1  0,03, олай болатын болса сапалы өзгергіштік үлесі-p 0,7-ден 0,13-ке дейін, я болмаса 7%-дан 13%-ға дейін ауытқиды.

Сонымен, зерттеу көлемінде (N=500) сапалы өзгергіштікке ұшыраған зерттеу көлемі (n=50) 95%-дық интервалдағы ауытқу мүмкіндігі 7% тен 13%- ға дейінгі аралықта жатыр.

Қорытынды: Жүргізілген бақылау мәліметерінің статистикалық көрсет- кіштері бойынша, ол қалыпты өзгергіштіктің шамасында екендігі анықта- лынды, яғни жүргізілген бақылау дәлелді (Sp= 1,3%).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]