- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстарды орындаудың негізгі ережелері.
Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстарға не жатады?
25. Өнімді есепке алу
Өнімді жинау мен есепке алу үлкен көңіл бөлуді және ұқыптылықты қажет етеді. Осы жұмысты жүргізудегі ұқыпсыздық пен асығушылық тәжірибені мүлдем бағасыздандыратын өрескел қателік жіберуге әкеп соғады. Өнімді жинауға бірнеше күн қалғанда, тәжірибе учаскесін қарап шығып, әр мөлдекті қазықпен белгілеп, керек болса есептен шығаруды жасауға болады. Есептен шығару деп, мөлдектің есепке алатын бөлігінің жұмыс барысында жіберген кездейсоқ зақымдалуын немесе қателіктерін айтады.
Өсімдіктің зақымдалғаны, жұмыстың қателігін немесе зерттелетін тәсілдерге байланысты емес өнімді өзгертетін себептер тіркеліп қойылса, бүкіл мөлдектерді есептен шығару мен жарамсыз ету ерекше жағдайда өте сирек кездеседі.
Бүтін мөлдекті есептен шығару немесе істен шығару келесі негізге байланысты болады:
зерттелетін дақылдар табиғи құбылыстың әсерінен біркелкі емес зақымдалғанда, яғни тәжірибедегі зерттелмейтін себептерден зақымдалса;
мал, құс, кеміргіштердің әсерінен кездейсоқ зақымдануы;
тәжірибені қойғанда және жүргізгендегі жіберген қателіктер. Мөлдектің есепке алынатын учаскесін есептен шығаруға байланысты
50% ғана кішірейтуге болады. Одан көбірек кішірейтсе, онда мөлдекті түгел істен шығарады. Бүтін мөлдекті есептен шығару мен істен шығару тәжірибе нәтижесін бұрмалайды. Есептен шығарылған мөлдекті салыстыратын түрге келтіру үшін оның нәтижесі статистикалық әдіспен орнына келтірілуі керек.
Әсіресе өнім жиналып және өлшенгеннен кейін бүтін мөлдектерді есептен шығару немесе істен шығару мүмкін емес.
Сонымен, бүтін мөлдекті есептен шығару немесе істен шығару үшін себептері мүлдем анық сыртқы объективті себеп болуы керек. Мысалы, экспериментатор жақсы нәтиже күткен нұсқадағы өнім нашар болып көрінсе, ол есептен шығару үшін сенімді себеп бола алмайды.
Есепке алынатын учаскедегі өнім, қорғаныш алқабы мен есептен шығатын жерді жинап алғаннан кейін жиналады. Өнімді танаптық жұмысқа қойылатын талаптармен есептесе отырып жинайды. Ол – бірмезгілділік және
біркелкі сапалылығы. Барлық тәжірибе мөлдектерін бір күнде, бір әдіспен жинағаны жөн болады.
Зерттеу жұмыстарында өнімді есептеуде тек жалпылай әдіс қана қолданылады. Жекелеген дақылдардың өнімін есепке алуды қарастырайық.
Астық және астықты бұршақ дақылдар. Астық дақылдарын жинауға бейімделген әдеттегідей немесе арнайы кішігабаридті өздігінен жүретін комбайнды қолданады. Бұл әдіс, әсіресе ұзынша мөлдектерде өнімді жинауға ыңғайлы. Комбайн бір жүріп өткенде мөлдектің орташа есепке алынатын бөлігін жинайды. Сол комбайнмен қорғаныш алқабын жинайды және қайта- лаулар арасын шауып тастайды.
Комбайнды қолданғанда бүкіл өнімді жинауда осы дақылдағы жұмысын оптималды тәртіпке қойып, оны өте қатаң сақтаған маңызды болады. Екі мөлдектің арасындағы бос 3-4 мин. астықты бастыруға дәнді комбайн бункерінен қапқа толтырып және этикетка қоюға жеткілікті болады.
Отамалы дақылдарды әр мөлдектерден дақылды жалпылай әдіспен жинап алысымен өлшейді. Түйнектері мен тамырларына балшық көбірек жабысса, онда 10-15 кг үлгі алып, жабысқан топырақтың мөлшерін анықтайды. Алынған түйіндерді топырақтан тазаламай тұрып та, тазала- ғаннан кейін де өлшейді. Осы үлгілерді өнімнің сапасын анықтау үшін де пайдаланады.
Күнбағысты комбайнмен немесе қолмен де жинайды. Үгітілгеннен кейін тұқымдары өлшенеді және 300 г орташа үлгіні тұқымның ылғалдылығы мен арамшөп тұқымымен ластануын анықтау үшін алады, тұқымды 12% ылғал- дылыққа 100% тазалыққа келтіреді.
Барлық есепке алынатын ауданнан мақта қозасын жинайды, өлшейді. Егер мақта қозасының ылғалдылығы жоғары болса, онда 1 кг үлгі алып ылғалдылығы мен арамшөптер тұқымдармен ластануын анықтайды. Өнімді 8% ылғалдылыққа, 100% - тазалыққа формула бойынша келтіреді.
Біржылдық және көпжылдық шөптердің өнімін жалпылай әдіспен есептейді. Шөптің жасыл массасын мөлдектің есепке алынатын учаскеден орып алғаннан кейін бірден өлшейді, мөлдектерде кептіреді, одан соң пішенді өлшейді. Көбінесе жасыл массасы өлшенеді. Мөлшерін анықтау үшін әр мөлдектен 2 кг бау үлгісі алынады. Бау үлгісін жасыл массаның ылғалдылығын, шалғын шөптің ботаникалық құрамын және өнім сапасының көрсеткіштерін анықтау үшін пайдаланады. Пішен өнімін 16% стандартты ылғалдылыққа келтіреді. Х = У (100-В) : 84;
Мұндағы: Х - 16% ылғалдылықпен пішен өнімділігі, 1ц/га;
У – шөптің жасыл массасы өнімі ц/га; В – жасыл массаның өлшенгендегі ылғалдылығы, %; 84 - 16% ылғалдылыққа аудару коэффициенті.
Егістің сиректенуін түзейтін әдістер. Сирек орналасатын өсімдік- термен жүргізілген тәжірибеде бос орынның көрші өсімдіктерге әсерін есепке алудың маңызы үлкен. Картоп және қант қызылшасы егісіндегі зерттеулер, бір өсімдіктің түсіп қалуы, егер ол өнімді жинауға дейін ұзақ
уақытта болса, онда бос орынмен шекаралас жатқан өсімдіктердің өнімділігін 20-50% жоғарылатады, сондықтан сиректенудің тәжірибе нәтижесіне әсерін жою үшін ковариациялық талдау әдісін қолданады.
Сиректенуді түзетуді қолдану, өсімдіктің түсіп қалуы зерттелетін фактормен байланысты болмағанда және 20% аспағанда ғана қолданылады. Сиректену көрсетілген мөлшерден жоғары болса, мөлдек түгел істен шығарылады, ал егер барлық есепке алынатын өсімдіктің 4% түсіп қалса немесе сиректену зерттелетін факторға байланысты болса, онда сиректенуге түзету жасалынбайды.
Бос орындардың тәжірибе нәтижелеріне әсерін болдырмау және салыстырмалы мәлімет алу үшін бірнеше әдістер ұсынылады. Өнімді жинар алдында бос орындарды санайды және бос орынмен шекаралас өсімдіктерді жояды. Бос орынның жанындағы өсімдіктерді, түсіп қалу өнімді жинар алдында ғана болса, алып тастамайды, яғни өсімдікке әсері болмаған деп есептейді. Мөлдектің нақты есептеу алаңын формуламен есептейді:
S = (Р - Н) П,
мұндағы Р – мөлдектегі есепке алынған өсімдік саны; Н – жетіспейтін өсімдіктер саны; П – бір өсімдіктің қоректену ауданы, м2.
Тәжірибе сенімді мәліметтері түзетілген әдіске қарағанда дұрыс өнім болғанда алынады. Сондықтан, зерттелетін факторға қатысты емес өсімдіктің түсіп қалуын минимумге жеткізуге тырысу керек.
Танаптық жұмыстардың түрлері. Тыңайтқыш енгізу. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды олардың әсерін зерттеуге немесе агротех- никалық жалпы фоны ретінде беріледі. Тыңайтқыш беруге қойылатын негізгі талап - мөлдектерде оларды біркелкі бөлу.
Органикалық тыңайтқыштарды тіпті оларды фон ретінде қолданса да, жалпы массасымен аудан бірлігіне қарай, міндетті түрде мөлдектерде береді. Бұл тыңайтқыштар құрамы, шығуы, ыдырау дәрежесі мен ылғалдылығы жағынан мүмкіндігінше біркелкі болуы керек. Мөлдектерге бөлуден бұрын тыңайтқыштарды жақсылап араластыру қажет.
Көлемі үлкен мөлдектерге тыңайтқышты өлшегеннен кейін бірден апарады. Мөлдектер ауданын 16м2, 25м2, 36м2 кішкене шаршылап бөледі, әр мөлдекке өлшенген тыңайтқыштарды шаршы бөліктің белгіленген бұрыш- тарына қояды, содан соң айыр және тырмалармен біркелкі етіп мөлдектің барлық бетіне жаяды да жерді жыртады. Көңді және басқа да органикалық тыңайтқыштарды тәжірибе мөлдектеріндегі үймеде бір күннен артық қалдыруға болмайды. Мөлдектер көлемі кішкене (200 м2 дейін) тәжірибеде, тыңайтқышты тәжірибені қоршаған жолда бірнеше жерге үймелеп қояды. Тыңайтқышты ұқыпты аларастырып, өлешегеннен кейін арнайы корзина немесе зембілдермен мөлдектерге тасиды.
Мөлдектерде тыңайтқыштарды арнайы шашқыштармен беру, мөлшерін реттеу қиынға соғатындықтан, тек үлкен мөлдектерде ғана мүмкін болады.
Минералды тыңайтқыштарды шашу техникасы олардың мөлдектерде біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуі қажет. Араластырудың алдында тыңайт- қышты ұқыпты майдалап, електен өткізу қажет. Егер тыңайтқыш тәжірибеде зерттелмесе, оны тыңайтқыш себетін сепкішпен берген дұрыс.
Тыңайтқышты қолмен сепкенде үлгіні зертханада, сарайда немесе танапта дайындайды. Мөлдек көлеміне қарай тыңайтқышты қағаз пакеттерге, кездеме және полиэтиленді мөшектерде немесе арнайы ағаш жәшікте өлшейді де, тыңайтқыш қолданылатын мөлдектерге апарып, дұрыстыған тексеріп қояды. Әр мөлдекке тыңайтқышты сепкенде біразын қалдырады. Қалдықты мөлдекте дұрыс шашуға болады, ал жетпей қалса, мөлдек бұзылған болып есептеледі. Өте құрғақ тыңайтқыштарды, сол мөлдектің топырағымен араластырып шашуға болады. Минералды тыңайтқыштарды желсіз күндері шашқан дұрыс.
Топырақ өңдеу. Егер топырақ өңдеу зерттелетін фактор болмаса, ол біркелкі, бірмезетте және барлық тәжірибе мөлдектерінде жоғары сапалы болуы керек. Тәжірибе нұсқаларына мүмкін кездейсоқ факторлар бірдей әсер етуі үшін, жерді жыртқанда немесе топырақ өңдеудің басқа тәсілдерін қайталаудағы барлық мөлдектердің ұзын жағына перпендикулярлы етіп орындау керек. Топырақты өңдейтін құралдар қорғаныш алқабында немесе танап жолдарында бұрылуы керек.
Себу мен отырғызу. Тәжірибе учаскесінде себу немесе отырғызуды сапалы жүргізу үшін себу және отырғызу техникасына және себудің механикалық сапасына көңіл бөлу қажет. Тәжірибеде себу мөлшерін массасы бойынша емес, өсетін тұқым өнгіштігі бойынша анықтаған дұрыс.
Тәжірибе учаскесінде ереже бойынша себу бір күнде жүргізілуі керек. Көптеген зерттеушілер жаздықтардың себу мерзімі арасындағы 4-6 сағаттың өзінде, өнімнен 1-2 ц/га айырмашылық болатынын көрсеткен. Сондықтан жалпылай егуді міндетті түрде тәжірибенің барлық мөлдектерінде көлде- неңінен жүргізіледі. Мұнда сепкіштің бірінші жүруін жіп бойынша немесе сол бойынша алдын-ала жасалынған арықпен жасайды. Сепкішті мөлдекке кірерден 1-1,5 м бұрын қосып, оны танаптың шекарасынан шыққаннан кейін ғана ажыратады.
Түреннің жұмысын, жәшіктегі тұқымдар санын және олардың онда біркелкі болуын ұқыпты қадағалап отырады. Сепкішті жұмыс барысында тоқтатуға мүлдем болмайды, себебі тоқтағаннан кейін оны 0,5-1 м артқа итермесе, қателік жіберіледі.
Отамалы дақылдарды сепкенде немесе отырғызғанда мөлдектегі қатар- лар саны бүтін болғаны, ал өсімдік саны барлық мөлдектерде қатаң бірдей болып, қажетті қалыңдылыққа сәйкес болуын қадағалау қажет.
Өсімдікті және тәжірибе учаскесін күтіп-баптау. Тәжірибе танабын- дағы өсімдіктерді күтіп-баптаудың өндірістік жағдайындағы дақылдарды күтіп-баптаудан айырмашылығы жоқ. Барлық жұмыстар уақытылы, ұқыпты және бірқалыпты жүргізіледі. Отауды, қатараралық өңдеуді және т.б. тәжі-
рибе мөлдектерінің барлығында уақытты созбай жүргізеді. Арамшөптермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар нұсқаларды салыстыруды бұзады.
Тәжірибедегі арнайы жұмыстарға: жалды жасау, тазалау, жіп бойымен танаптар соңын тегістеу, қорғаныш алқабын жасау, қазықтар мен этикет- каларды уақытысымен қою және т.б. жатады.
Тәжірибе сипатына, өнімді есепке алу әдісіне қарай әр мөлдекте есепке алатын және қорғаныш бөліктерін белгілейді. Тәжірибе айналасындағы қорғаныш алқабына басқа, ұзындығы 2-5 м соңындағы қорғаныш алқабын, ал көрші мөлдектер арасындағы ені 1-2 м бүйіріндегі қорғаныш алқабын қалдырады.
Жалпылай себілетін дақылдарда қорғаныш алқабының барлығын өскін пайда болғаннан кейін жасайды. Сорт зерттейтін немесе көрші мөлдекке мәнсіз әсерін тигізетін агротехникалық тәсілдерді зерттеген тәжірибелерде бүйіріндегі қорғаныш алқаптарын қалдырмайды және оларды мөлдектер арасында ені 30-40 см себілмеген жолмен айырбастайды.
Себілген жолды кеңірек қалдыру тиімді емес, ол топырақты арнай өңдеуді қажет етеді. Кең жолға жақын орналасқан есепке алу бөлігінің өнімі басқа аудандардағыдан күрт өзгеше болады. Отамалы дақылдарда соңындағы қорғаныш алқаптарды қатараралық өңдеу кезінде, ал бүйіріндегі өнімді жинар алдына жасалады. Бүйіріндегі және соңындағы қорғаныш алқабын- дағы өнімді, мөлдектің есепке алатын бөлігінен жеке және ерте жинап алады. Өскін пайда болғаннан және жолды жасағаннан кейін этикеткалар қойылады. Тәжірибе учаскесінің ең басына тәжірибенің аты жазылған үлкен этикетка қойылады. Мөлдектегі этикеткадағы жазу қысқа және нұсқаның
негізгі айырмашылығын түсінікті көрсететіндей болуы керек.
Тәжірибе территориясының барлығында тазалық және тәртіп сақталады.
Орылған шөп, сабан қалдықтарын қалдырмау керек.
