- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптарды атаңдар.
Танаптық тәжірибенің типтілігі немесе репрезентативтілігі деген не?
Зерттеудегі қателіктердің пайда болу себептері.
Танаптық тәжірибе түрлері
Танаптық тәжірибе үлкен екі топқа бөлінеді: 1. Агротехникалық тәжіри- белер; 2. Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау тәжірибелері.
Агротехникалық тәжірибелердің негізгі міндеті мұнда өсімдік тіршілі- гіндегі әртүрлі фактолардың, жағдайлардың, өсіру әдістерінің, т.б. ауылша- руашылығы дақылдарының өнімі мен сапасына тигізетін әсеріне салыс- тырылмалы баға беру. Мысалы: топырақты өңдеу әдістерінің, алғы дақылдардың, тыңайтқыштардың немесе себу мерзімінің, себу мөлшері мен себу әдістерінің әсері, т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау тәжірибелері, мұнда біркелкі жағдайда, ауылшаруашылығы дақылда- рының сорттары мен гибридтеріне дұрыс баға беру үшін, өсімдіктердің генетикалық айырмашылықтары зерттеледі. Бұл тәжірибелердің негізінде дақылдардың өнімі, сапасы жоғары, жергілікті жағдайда өсіп-өнуіне бейім сорттары мен гибридтері өндіріске енгізіледі.
Тәжірибедегі осы топтардың арасында күрт шекара жоқ. Сортты агро- техниканы құру үшін тәжірибеде сорт тексергенде әр түрлі агротехникалық фонында, ал тыңайтқышпен, топырақ өңдеумен және ауыспалы егіспен жүргізетін агротехникалық тәжірибе нобайына болашағы бар бірнеше сорттарды кіргізеді.
Зерттелетін факторлар санына, топырақ-климаттық жағдайының қамты- луына, ұзақтығы мен орнына қарай танаптық тәжірибе бірнеше түрлерге: бірфакторлы, көпфакторлы, жеке және жалпылай (географиялық), қысқа мерзімді, көпжылдық және ұзақ мерзімді, стационарлы тәжірибе танаптары мен өндірістік жағдайда қойылған болып бөлінеді.
Егер тәжірибеде бір жәй немесе күрделі сандық факторлардың бірнеше басқыштаушылығы (тышайтқыштар, пестицидтер мөлшері, себу, суғару мөлшерлері және т.б.), зерттелсе немесе бірнеше сапалы факторлар әсері салыстырылса (әр түрлі дақылдар, сорттар, топырақ өңдеу әдістері, алғы дақылдар және т.б.), ондай экспериментті жәй немесе бірфакторлы дейді.
Бес нұсқадан тұратын мынандай тәжірибе нобайларын мысалға келті- руге болады:
-
I. Сорттар
II. Тұқым себу мөлшері
III.Тыңайтқыштардың мөлшері
1. А (стандарт)
1. 3 млн.дана/га
1. Тыңайтқышсыз (бақылау)
2. В
2. 4 млн.дана/га
2. N60 P60K60
3. С
3. 5 млн.дана/га
3. N120 P120K120
4. D
4. 6 млн.дана/га
4. N180 P180K180
5. E
5. 7 млн.дана/га
5. N240 P240K240
1-кесте. Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері мен тәжірибе нобайы
-
Реттік номері
Нұсқалар
Өңдеу тереңдігі, см
1
ПН-4-35 соқасымен аударып жырту+тығыздау
20-22
2
ПН-4-35 соқасымен аударып жырту+тығыздау
14-16
3
ПН-4-35 соқасымен аударып жырту+тығыздау
28-30
4
КПГ-250 сыдыра жыртқышымен өңдеу
14-16
5
КПГ-250 сыдыра жыртқышымен өңдеу
20-22
6
КПГ-250 сыдыра жыртқышымен өңдеу
28-30
7
Өңделмеген танап
2-кесте. Гербицидтермен тәжірибе нобайы
-
Реттік номері
Нұсқалар
Гербицид мөлшері
1
Гербицидсіз (бақылау)
-
2
Трефлан (эталон)
2 л/га
3
Нитран – К
2 л/га
4
Нитран – К
2,5 л/га
5
Базагран
1,8 л/га
6
Базагран
2,2 л/га
7
Зенкор
0,5 кг/га
8
Зенкор
0,7 кг/га
Танаптық тәжірибеде екі немесе одан да көп факторлардың әсері зерттелсе, оны көпфакторлы тәжірибе дейді. Факторлардың өзара әсері – ол екі және одан да көп факторлардың бірлескен әрекетінен қосымша өнімнің алынуы.
Бірлесіп қолданған факторлар әсерінен қосымша өнім артық болса, оң әсерлі болып, ал факторларды жеке қолданғандағы қосымша арифметикалық жиынтықтан төмен болса, теріс әсерлі болады. Мысалы, суарудан бидай дәнінен қосымша 10 ц/га өнім алынған және тыңайтқыштан -25 ц/га болса, онда оң тиімділік 25-(10+)=10 ц/га болады. Мысалы, NPK-ның әсерінен 1 гектардан 120 ц қосымша өнім алынды және көң қолданғанда – 110 ц/га, ал бірігіп әсер еткеннен - 180 ц/га. Өзара әсерінің тиімділігі 180 - (120 + 110)
= -50 ц/га. Мұндай теріс өзара әсер кейбір факторлардың бірігуінде байқалады, ол негізінде бір бағытта болады. Факторлар тәуелсіз әсер етеді, оларды біріктіргенде қосымшаның арифметикалық жиынтығы бөлек қолдан- ғандағыға тең болса, өзара әсер болмайды.
Өзара әсердің көлемі мен сипатын жоспарланған толық факториалды эксперименттің нобайымен анықтауға болады, ол зерттелетін факторлардың мүмкіндігінше бірлесіп ететін әсері мен басқыштаушылығын (градациясын)
ескереді. Сондықтан, бірнеше факторлар енгізген тәжірибелерді көп фактор- лы деп атауға болмайды.
Екі факторлы, мысалы екі басқыштаушылықпен зерттелетін толық факториалды нобаймен қойылған көпфакторлы экспериментте кем дегенде төрт нұсқа болуы керек. Мысалы, топырақты терең өңдеу мен тыңайт- қыштың әсерін зерттегендегі тәжірибе нобайы:
3-кесте. Топырақты терең өңдеу мен тыңайтқыштың әсері
-
Реттік номері
Ф а к т о р л а р
Топырақ өңдеу
Тыңайтқыш
1
Кәдігімгі топырақ өңдеу
Тыңайтқышсыз
2
Топырақты терең өңдеу
Тыңайтқышсыз
3
Кәдігімгі топырақ өңдеу
Тыңайтқышпен
4
Топырақты терең өңдеу
Тыңайтқышпен
Тәжірибеден қосалқы біреуін шығарып тастаса, онда нұсқа толық факториалды болмайды. Сонымен, көпфакторлы эксперименттің қағидалы ерекшелігі оларды толық факториалды нобаймен қою.
Егер эксперимент, әр түрлі нобаймен бір-біріне тәуелді емес жеке жағдайда жүргізілсе оны жекелеген тәжірибе дейді. Мазмұны бірдей, нобайы мен әдістемесі келісілген тәжірибелер бір мезгілде әр түрлі топырақ-климат жағдайы мен шаруашылық жағдайында, облыс немесе аудан масштабында жүргізілсе, оны жалпылай немесе географиялық деп атайды. Осындай сорттарды зерттеген тәжірибелерді ауылшаруашылық дақылдарының сортта- рын зерттейтін Мемлекеттік комиссия, Мемлекеттік агрохимиялық қызмет және Мемлекеттік агрохимиялық мекемелер жүргізеді.
Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелер қысқамерзімді, көп- жылдық және ұзақжылдық болып бөлінеді.
Қысқамерзімді тәжірибелер 3-10 жыл бойы жүргізіледі. Олар стацио- нарлы және стационарлы емес болуы мүмкін. Стационарлы тәжірибе жыл сайын өзгермейтін нобаймен, сол ғана дақылмен жаңа учаскелерде 3-4 жыл жүргізілсе жеткілікті. Екіншісі стационарлы уческеде 4-10 жыл бойы жүргі- зіледі.
Бірфакторлы және екі факторлы көпжылдық стационарлы танаптық тәжірибе 10-50 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді тәжірибе 50 жылдан астам уақытқа созылады. Көпжылдық және ұзақмерзімді стационарлы экспери- менттердің негізгі міндеті – жүйелі іске асырылатын агротехникалық тәсілдер немесе кешендердің топырақ құнарлылығына және өнім сапасына әсері мен өзара әсерлерін және соңғы әсерлерін зерттеу.
Көпжылдық және ұзақмерзімді тәжірибелер топырақ пен агрофито- ценозда баяу жүретін физикалық-химиялық және биохимиялық үрдістерді, көректік заттар балансын есептеу, көректік элементтердің жоғалуын есепке
алу мен қоршаған ортаның ластану масштабын зерттейді. Көпжылдық және ұзақ мерзімді тәжірибелер егіншіліктегі іргелі мәселелерді шешу, терең кешенді зерттеулер, факторлардың негізгі ролін және өсімдік тіршілік жағдайын көрсету үшін қолданылады.
ТМД елдеріндегі ең ұзақ мерзімді көпфакторлы тәжірибе 1912 жылы казіргі Тимирязев академиясының стационарында қойылды. Мұнда толық факториалды тыңайтқыш фонында ауыспалы егіс, үздікіз егістердің әсері зерттелді.
Англиядағы Ротамстед тәжірибе станциясындағы 1843 және 1856 жыл- дардағы тәжірибелер әлі де жалғасуда. Гриньонде (Франция) күздік бидай – қант қызылшасы ауыспалы егісінде тыңайтқыштармен тәжірибе 100 жылдан астам уақыт жүргізіліп келе жатыр.
Ауылшаруашылық ғылымы экспериментпен қатар өсімдіктер мен сыртқы ортаның факторларын зертханалық және танаптық бақылауларды қолданады. Бұл әдістердің көптеген түрлері бар. Олар вегетация кезеңінде әртүрлі бақылаулар мен есептеулер, топырақтың, өсімдіктің және тыңайт- қыштардың зертханалық және танаптық жағдайда химиялық, физикалық, физикалық-химиялық, микробиологиялық, биохимиялық және талдаулардың басқа түрлерін жүргізеді. Зертханалық және танаптық бақылаулар мен есептеулердің агрономиялық зертеулердің дербес маңызы бар, бірақ көбінесе құрама және кейде өте маңызды бөлігі болып келеді. Мысалы, танаптық, вегетациялық және лизиметрлік тәжірибелерді жүргізгенде топырақ пен өсімдіктің зертханалық талдауларын дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру зерттелетін құбылыстың мәнін түсініуге және түсіндіруге, дәлелді қорытын- ды жасауға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай зертханалық және танаптық бақылаулардың салыстырмалы саны зерттеу жұмысының жалпы көлемінде әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, барлық жағдайда дұрыс жоспарланған және орындалған лабораториялық бақылау- лар, есептеулер және талдаулар үрдіс барысын түсінуге және өнімге әсер ететін факторлардың әсерін түсіндіруге көмектеседі.
Агрономияық зерттеу практикасында, әсіресе танаптық тәжірибе жүргіз- генде, топырақтың агрофизикалық пен агрохимиялық қасиеттерін, мәдени дақылдардың химиялық құрамын анықтағанда және өнім сапасын бағалауда зертханалық және танаптық әдістерді жиі қолданады. Бұл әдістердің барлығы жақсы жасалып және арнайы нұсқауда баяндалған.
Өндірістік ауылшаруашылық тәжірибе – ол кешенді, ғылыми қойылған зерттеу. Ол тікелей өндірістік жағдайда жүргізіледі және белгілі өндірістің міндетіне жауап береді. Өндірістік тәжірибенің міндеті танаптық тәжірибенің кел келген түрінен мақсаты жағынан кең екені байқалады. Оның міндетіне агрономиялық жүйе мен шаруашылық-ұйымдастыру шараларының агротех- никалық және экономикалық тиімділігін зерттеу кіреді.
