- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
лері.
Статистикалық ғылыми болжам деген не?
Статистикалық ғылыми болжамды Н0 тексеретін белгінің түр-
Деректердің құбылмалылығының туу себептері.
Тәжірибенің қорытындыларын статистикалық өңдеудің жаңа жолдары.
Дисперсиялық талдау әдісі және оның міндеті қандай?
Дисперсиялық талдау қандай заңға негізделген?
Дисперсиялық талдаудың модулі қандай?
№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
Сабақтың мақсаты – Бірфакторлы танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдаудың мәні мен модулін үйрету.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
1.Үлгілер:
2.Түрлі түсті плакаттар слайдтар.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Түрлі түсті слайдтар, үлестіріліп берілетін материалдар.
Төменде көрсетілген кестедегі нұсқалар мен қайталауда арпа өнімділгі әртүрлі.
Бастапқы алынған деректер арнайы дайындалған кестеге толты- рылады.
1-кесте. Өнім туралы деректер кестесі ( ц/га )
р/ с |
Тәжірибе нұсқа- лары |
Қайталаудан алынған дақыл өнімділігі, ц/га, Х |
Нұсқалар жиынтығы V |
Нұсқалардың орташа мәні, х |
||
1 |
2 |
3 |
||||
1 |
А (St) |
15,4 |
15,6 |
14,4 |
45,9 |
15,3 |
2 |
Ә |
14,9 |
15,2 |
14,4 |
44,5 |
14,8 |
3 |
Б |
15,1 |
15,3 |
14,6 |
45,0 |
15,0 |
4 |
В |
15,9 |
16,2 |
16,5 |
48,6 |
16,2 |
5 |
Г |
17,5 |
18,1 |
18,0 |
53,6 |
17,9 |
6 |
Ғ |
16,3 |
16,5 |
16,7 |
49,5 |
16,5 |
7 |
Ж |
15,6 |
15,9 |
15,6 |
47,1 |
15,7 |
Р |
110,7 |
112,8 |
110,7 |
Х334,2 |
х015,9 |
|
Мұнда өнімділіктің өзгергіштігіне үш түрлі себептер әсер етіп тұр: нұсқалар бойынша өзіміз зерттеуге алған нұсқалардың әсері; қайталау бойынша топырақ құнарылығының ала-құлалығы; сондай-ақ, тәжірибе жүргізу кезінде кеткен кездейсоқ қателіктер. Сондықтан да "нұсқалар ара-
сында айтарлықтай айырмашылық бар ма?" немесе "өнімділіктің ауытқуы қайталау мен қателіктердің есебінен болды ма?", деген сұраққа жауап беру үшін дисперсиялық талдау арқылы математикалық тұрғыдан баға беруіміз керек.
Алдымен нұсқа және қайталау бойынша өнімділіктің жалпы жиынтығы (V және Р) есептеліп, нұсқалардың орташа мәні (õ0), барлық мөлдек- тердегі өнімділіктің жиынтығы (Х) анықталады. Кестедегі сандардың дұрыстығы Х VР теңдігі арқылы тексеріледі. Тәжірибедегі орташа өнімділік (х0) барлық бөліктердегі өнімділіктің жиынтығын мөлдектердің санына (N ) бөлу арқылы табылады:
х0 Х : N 334,2 : 21 15,9
Ауытқу квадаттарының жиынтығын анықтау үшін еркін бастаманы (А) қолдана отырып, бірфакторлы тәжірибе өнімділігіне дисперсиялық талдау тәсілі арқылы өңдеу жүргізіледі. Еркін бастама ретінде ойда тез сақталатын, тәжірибенің орташа өнімділігіне жуық, бүтін сан алынады (біздің мысалда 16,0ц/га). Есептеуді жеңілдету үшін қосалқы кесте дайын- далады (2-кесте).
2-кесте екі бөліктен тұрады. Кестенің сол жағына сандардың (Х1,Х2,Х3…Хп) еркін бастамадан (А) ауытқу мөлшері (Хп-А) жазылады. Егерде 1-кестедегі сан (Х) еркін бастамадан артық болса - ауытқу плюс (+), ал еркін бастамадан кем болса - минус (-) таңбасымен бегіленеді.
2-кесте. Еркіндік бастамадан (А) ауытқу және ауытқу квадраттар жиынтығын есептеу үшін қосалқы кесте ( Х1 Х- А )
Нұсқа- лар |
Қайталау,Х1 |
V |
Қайталау,Х21 |
(Х1 )2 |
(V)12 |
||||||
1 |
2 |
3 |
1 |
2 |
3 |
||||||
А (st) |
-0,6 |
-0,4 |
-1,1 |
-2,1 |
0,36 |
0,16 |
1,21 |
1,73 |
4,41 |
||
Ә |
-1,1 |
-0,8 |
-1,6 |
-3,5 |
0,21 |
0,64 |
2,56 |
4,41 |
12,25 |
||
Б |
-0,9 |
-0,7 |
-1,4 |
-3,0 |
0,81 |
0,49 |
1,96 |
3,26 |
9,0 |
||
В |
-0,1 |
0,2 |
0,5 |
0,6 |
0,01 |
0,04 |
0,25 |
0,30 |
0,36 |
||
Г |
1,5 |
2,1 |
2,0 |
5,6 |
2,25 |
4,41 |
4,0 |
10,66 |
31,36 |
||
Ғ |
0,3 |
0,5 |
0,7 |
1,5 |
0,09 |
0,25 |
0,49 |
0,83 |
2,25 |
||
Ж |
-0,4 |
-0,1 |
-0,4 |
-0,9 |
0,16 |
0,01 |
0,16 |
0,33 |
0,81 |
||
Р |
-1,3 |
0,8 |
-1,3 |
Х1-1,8 |
4,89 |
6,0 |
10,63 |
Х2 21,52 1 |
V2 60,44 |
||
(Р)2 |
1,69 |
0,64 |
1,69 |
Р2 3,24 |
|
|
|
|
|
||
Ауытқу квадраттарының жиынтығын есептеу төмендегідей жүр-
гізіеді:
а) бақылаудың жалпы саны N = n · l 7·3 21 мұнда: l - нұсқалар саны;
n - қайталау саны;
ә) корректорлау факторы С = ( X) )2 : N (-1,8) : 21 = 0,15. мұнда: ( X) )2 - ауытқулар квадратының жиынтығы;
N - бақылаудың жалпы саны;
б) ауытқу квадраттарының жалпы жиынтығы:
С у = X12 - С = 21,52 - 0,15 = 21,37 немесе
мұнда : X12 - ауытқу квадраттарының жиынтығы С - корректорлау факторы
в) қайталау үшін квадраттар жиынтығы (қайталаудың ауытқуы):
Ср = Р2 : l - С =3,24: 7 - 0,15= 0,42
мұнда: Р23,24 - қайталау бойынша ауытқу квадраттарының жиынтығы; l - нұсқалар саны; С - корректорлау факторы.
г) нұсқа үшін квадраттар жиынтығы (нұсқалардың ауытқуы):
СV = V2 : п - С = 60,44: 3 - 0,15= 20,0
мұнда: V2=60,44 - нұсқалар бойынша ауытқу квадраттарының жиын- тығы;
п - қайталау саны; С - корректорлау факторы.
ғ) қателіктер үшін квадраттар жиынтығы (қалдықтардың ауытқуы): СZ = С Y - ( С р + СV) = 21,37 - (0,42 + 20,0) = 0,95
Айырмашылықтардың айғақтығын бағалау көрсеткіштерін есептеп
шығару.
Есептеп шығарылған С Y ,СP , СV , СZ көрсеткіштерінің мәндері ауытқу квадраттарының жиынтығы деген жерге жазылады. Дисперсия үшін еркіндік дәрежесі анықталады:
Жалпы = N - 1; Қайталау үшін = п - 1; Нұсқалар үшін = l - 1; Қалдықтар үшін = (п-1)(1-1).
V
Фишер Критерийінің нақты мәнін табу үшін нұсқалар (s2) және
қателіктер (s2Z) бойынша орташа квадрат есептелінеді. Бұл көрсеткіш ауытқу квадратының жиынтығын еркіндік дәрежесіне бөлу арқылы табылды:
V
Нұсқалар үшін: s2 =CV: 1-1= 20,0 : 7-1 = 3,33;
Қателіктер үшін: s2 = С
: (п-1)(1-1) = 0,95:(3-1)(7-1) = 0,08
Z Z
V
Фишер Критерийінің нақты мәнін: Ғнақ.= s2: s2Z
= 0,33 : 0,08 = 41,6.
Фишер Критерийінің теориялық мәні нұсқалардың және қалдықтың
еркіндік дәрежесіне байланысты қосымша деректерден алынады. Бұл көрсеткіш нұсқалардың арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтау үшін қажет.
Фишер Критерийінің нақты мәні 5% мәнділік деңгейінде (ықтимал- дылығы - 95%) және 1% мәнділік деңгейінде (ықтималдылығы - 99%)
берілген. Анықтама кестесінен бөлімі бойынша қалдықтардың еркіндік дәрежесін тауып, осы екі көрсеткіштің қиылысындағы санды Фишер Критерийінің теориялық мәніне жазамыз. Біздің мысалда еркіндік дәрежесі 6 және 12. Сондықтан Ғ05 = 3,0 және Ғ01=4,82-ге тең болады.
Егерде Ғнақ. < Ғтеор болса, онда тәжірибедегі нұсқалар арасында айтар- лықтай елеулі айырмашылықтың жоқ болғаны. Нұсқалардың арасындағы
ауытқу қайталанудың немесе тәжірибені жүргізу кезінде кеткен қателіктердің маңында.
3-кесте. Дисперсиялық талдау нәтижесі
Дисперсия |
Ауытқу квадрат- тары |
Еркіндік дәрежесі |
Орташа квадраттар |
Фишер Критерий, F |
||
Ғнақты. |
Ғтеор |
|||||
. Ғ05 |
Ғ01 |
|||||
Жалпы |
СY - 21,37 |
N-1=20 |
|
|
|
|
Қайталау |
СP - 0,42 |
п-1=2 |
- |
- |
- |
- |
Нұсқа |
СV - 20,0 |
l-1=6 |
S2V=CV/1-1= 3,33 |
Ғнақ.= S2V/ S2Z =41,6 |
3,0 |
4,82 |
Қателік |
СZ – 0,95 |
(п-1)(1-1) =12 |
S2Z= СZ/ (п-1)(1-1)= 0,08 |
- |
- |
- |
Айырмашылық бағасы: Егерде Ғнақты Ғтеор.болса, онда тәжірибедегі нұсқалар арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтың жоқ болғаны. Нұсқалардың арасындағы ауытқу қайталаудың немесе тәжірибені жүргізу кезінде кеткен қателіктердің есебінен болғаны. Бұл нөлдік гипотеза (Н0 = Ғн Ғт) деп аталады және есептеулер ары қарай жалғастырылмай тоқталады.
Егерде Ғнақты > Ғтеор. болса, онда тәжірибедегі нұсқалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар деп есептеледі. Алайда, айырмашы- лықтар қай нұсқалардың арасында екендігі белгісіз. Осы жағдайды анықтау үшін есептеулер ары қарай жалғастырылып, төмендегі көрсеткіштер анық- талады:
Тәжірибенің
қателігі
Sх
=
√0,08:3 = √0,026 = 0,16
ц
Орташа
айырмашылықтың
қателігі:
Sd= =√0,05
= 6 =0,22
ц
Іріктелген орташа шаманың салыстырмалы қателігі: Sх % = Sd: х · 100 = 0,16/15,9 · 100= 1,0%
5% немесе 1% деңгейдегі ЕАЕА, яғни нұсқалар арасындағы ЕАЕА:
ЕАЕА05 = t05· Sd= 2,18 · 0,22 =0,48 ц, ЕАЕА01 = t01 · Sd= 3,06 ·0,22 = 0,67 ц
мұнда: t05 және t01- Стьюдент критеийінің мәні. Бұл көрсеткіш еркіндік дәрежесіне сәйкес қосымша деректерден алынады.
Дисперсиялық талдау көрнекті болу үшін, қорытынды кесте құрылады. Оған тәжірибедегі нұсқалардың орташа өнімділігі, зерттеу нұсқаларының бақылау нұсқаларынан ауытқу мөлшері және ЕАЕА мәні абсолюттік және салыстырмалы шамада енгізіледі. Егер dЕАЕА05 - онда зерттеу нұсқа- ларының арасында айтарлықтай айырмашылық болмағандықтан, эффектілік жоқ. Егер d ЕАЕА05 - онда зерттеу нұсқаларының арасында айтарлықтай айырмашылық болғандықтан, зерттелетін агро-әдістеменің эффектілігі бар. Егер S 5 болса, онда тәжірибе қанағаттандырарлық дәлдікпен жүргі- зілген.
4-кесте. Өнімділік бойынша қорытынды
-
р/ с
Тәжірибе нұсқалары
Дақыл өнімділігі, ц/га
Бақылаудан ауытқу
Нұсқалардың елеулігі
ц/га
%
1
А (st)
15,3
-
-
-
2
Ә
14,8
-0,5
-3,3
-
3
Б
15,0
-0,3
-1,96
-
4
В
16,2
+0,9
+5,9
Елеулі
5
Г
17,9
+2,6
+17,0
Елеулі
6
Ғ
16,5
+1,2
+7,8
Елеулі
7
Ж
15,7
+0,4
+2,6
-
ЕАЕА05
0,48 ц
ЕАЕА01
0,67ц
Қорытынды:
Бақылау нұсқасымен (А) сылыстырғанда Б және Ж нұсқаларында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бақылаудан ауытқу мөлшері (-0,3 ц/га және
+0,4 ц/га) ЕАЕА05 -дың мөлшерінен (0,48 ц/га) төмен, яғни ауытқу қателік көлемінде.
В, Г, Ғ нұсқаларындағы ауытқулар (0,9ц/га және 2,6 ц/га) ЕАЕА01 мөлшерінен (0,67 ц/га) жоғары, сондықтан да бұл нұсқалар мен бақылау нұсқаларының арасында айтарлықтай, математикалық тұрғыдан дәлелденген айырмашылық бар.
