- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Күнтізбелік жоспар неге негізделіп жасалынады?
Күнтізбелік жоспардың мақсаты қандай?
ІІІ бөлім. ТАНАПТЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЮ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТЕХНИКАСЫ
Танаптық тәжірибе зерттеу нұсқаларына эксперимент барлық әдісте- менің талабын сақтаса ғана шын баға береді. Тәжірибе жұмысының кез- келген кезеңінде жіберілген техникалық сипаттағы қателіктері (тәжірибе учаскесін бөлу, топырақ өңдеу, тыңайтқыш беру, себу, күтіп баптау, өнімді жинау және т.б.) варианттардың салыстырмалылығын және олардың тиімділігін бұрмалайды. Бұл қателіктер ешқандай математикалық өңдеумен түзетілмейді, тіпті тәжірибе нәтижелері түгелімен бағасызданады. Сондықтан танапта жүргізілетін эксперимент техникалық ережелерін түгел сақтау тәжірибеде зерттелетін агротехникалық тәсілдер немесе сорттардың әсерін шын бағалайтын дәл мәліметті алудың маңызды жағдайы.
23.Тәжірибе учаскесін бөлу
Жер учаскесін зерттегеннен және дайындағаннан кейін, тәжірибенің нобайлық жоспарын тәжірибенің барлық көлемін қайталауды, мөлдекті, мөлдек нөмірлерін, нұсқа нөмірлерін мөлдектер бойынша және тағы сол сияқтыларды дәл белгілеу қажет (14-сурет). Нобай жоспарымен тәжірибені танапта орналастырады, яғни тәжірибе шекараларын, жекелеген қайталаулар мен мөлдектерді белгілейді. Қайталау мен мөлдектің ауданы қабылданған мөлшеріне сәйкес болуы керек, барлық қайталаудағы мөлдектердің ені мен ұзындығы міндетті түрде бірдей және пішіні тіктөртбұрышты болуы қажет.
Танапқа шығар алдында тік бұрыштар салу үшін теодолит немесе эккер, өлшегіш лента немесе рулетка, мықты ұзын жіп, ұзындығы 1,5-2м 5-10 қазық, шекараны бөліп шығарып алу үшін 4 репер, мөлдектердің шекарасын белгілеу үшін диаметрі 3-4 см және ұзындығы 25-30 см жұмыс қазықтарын дайындау қажет. Жұмыс қазықтарының саны барлық мөлдектердің екі еселенген санынан 10-12 данаға артық болады. Учаскені бөлуді жалпы контурын және жекелеген қайталаулар контурын шығарудан бастайды. Тәжірибенің барлық қайталауларын жан-жағынан ені 5 м қорғаныш алқабы орап жатуы қажет. Жалпы контурды және қайталаулардың контурын мүмкін үлкен дәлдікпен көрсетеді, жалпы контур үшін жіберілетін ауытқу 100 метрге 5-10 см аспауы керек.
Тәжірибе контурын белгілеу үшін учаскенің ұзын жағында қазықпен белгілей отырып, жіппен тура А, Д сызығын салады (21-сурет). Танап шекарасынан 5-10 метр шегініп, А қазығын қағады. Содан кейін А, Д сызы- ғымен жоспар бойынша қажетті арақашықтықты белгілеп, Д қазығын қояды. А және Д нүктелерін қосып, АД сызығын белгілейді. А және Д нүктелерінен перпендикулярлы қажетті арақашықтықты белгілейді және тәжірибе шекара- сына В және С қазықтарын қағады. Егер тіктөртбұрыштар дұрыс салынса,
онда АД=ВС және АВ=СД болады. Жіберілетін мөлшерден жоғары байланыссыздық болса, жұмысты қайталайды.
Тәжірибенің жалпы контурын шығарғаннан кейін оны қайталауға және мөлдектерге жіппен және өлшегіш ленталармен бөледі. Техникалық жағынан бұл жұмыс күрделі емес, бірақ өте ұқыпты орындалуы қажет. Шекарадағы қазықтарды тура белгілердің орнына үнемі лентаның бір жағына қағу керек, қайталаудың шекарасына екіден қазық қағады. Қазықтарда мөлдектің, қайталаудың нөмірін көрсетеді. Жазулар қазықтың мөлдек ішіне қараған жағында болады.
21-сурет. Танаптық тәжірибенің нобайлық жоспары.
Тәжірибені жоспарлағанда және қойғанда міндетті түрде ені 5 м кем емес тәжірибе учаскесін орап тұратын және қайталаулар мен әр мөлдектер арасындағы, көрші нұсқалардың әсерін болдырмау үшін қорғаныш алқап- тары ескеріледі. Тыңайтқыштармен, топырақ өңдеу және көпжылдық тәжірибелерде қорғаныш алқаптарының минималды ені 1-1,5 м болып, әр мөлдектің жанында немесе 2-3 м көрші мөлдектердің арасында қалдырады, ал қысқа мерзімді тәжірибелерде себу әдістері, мөлшері және т.б. зерттел- генде әр мөлдекке қорғаныш алқабының енін 0,5-0,75 м аралығында қалдыру мүмкін болады.
Мөлдектің айналасындағы қорғаныш алқабының шекарасын көбінесе өскіндер пайда болғаннан кейін белгілейді. Сорт зерттейтін тәжірибеде мөлдек бойындағы қорғаныш алқабын қалдырмаса да болады, себебі бірдей дақылдар сорттарының бір-біріне әсері азғана.
Тәжірибені бөлуді аяқтарда қайталау мен мөлдектерді кез-келген уақытта орнына келтіре алатындай етіп оның негізгі шекарасын сенімді етіп белгілейді. Тәжірибеде ең болмаса екі сызықтағы негізгі нүктелерді А,В,С,Д мықтап белгілейді. Өңдеуден шеткірек тұратын А1, В1, С1, Д1 нүктелеріне
тұрақты қазықтар қағылады. Репер мен тәжірибе шекарасына дейінгі арақашықтық ұқыпты өлшенеді және жазылып қойылады.
Егер мөлдек шекарасы танаптық жолдарға жақынырақ орналасса, онда машиналар мен құралдарға кедергі болмайтындай етіп жерасты белгісін қояды. Әр мөлдек шекарасының орта сызығы қилысатын жерде топырақ бұрғысымен тесік жасап, оған топырақ бетінен 8-10 см төмен ұзындығы 30- 40 см металл жіп немесе ағаш, тас кіргізеді. Осы тұрақты реперді оңай тауып алу үшін жан-жағын ұсақталған кірпіш немесе тастар сеуіп қояды.
