Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Тәжірибе учаскесіне қоятын талаптар.

  2. Жер учаскесін алдын-ала зерттеу қалай жүргізіледі?

  3. Өндірістік жағдайда тегістеу егісінің маңызы.

  4. Бір және көп жылдық дақылдар өнімін бөлшектеп есептеудің маңызы қандай?

    1. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері

Танаптық тәжірибе әдістемесі деп оны құрайтын элементтер жиынтығын айтады: нұсқалар саны, мөлдек көлемі, олардың пішіні мен бағыты, қайталау, қайталану, мөлдектер мен нұсқаларды территорияда орналастыру жүйесі, өнімді есепке алу әдісі және тәжірибені уақыттымен ұйымастыру.

Нұсқалар саны. Кез келген тәжірибе нобайында вариант алдын ала белгіленеді, ол мазмұны мен міндетіне қарай анықталады. Нұсқа саны

тәжірибе типтілігіне әсер етпесе де, оның қателігіне мәнді әсер ете алады, себебі нұсқа саны көп болса, оның көлемі де өседі.

Топырақ құнарлылығының өзгергіштігі алақұла және занды террито- риалды реттелген учаскелерде тәжірибе нұсқаларының саны 12-16-дан көбейсе, эксперимент қателігі де көбейеді. Топырақ құнарлылығының кездейсоқ ала-құла болуы, яғни уческедегі территориалды өзгергіштік нашар білінгенде вариация коэффициентінің көлеміне қарамастан, нұсқалар саны 6 дан 50-ге дейін өскенде тәжірибе қателігі де жоғарылайды, бірақ әжептәуір төмен дәрежеде.

Нұсқалар саны өскен сайын тәжірибеге бөлінген жер көлемі де өседі, топырақтың ала-құлалығы және салыстырмалы нұсқалардың арақашықтығы жоғарлайды, сондықтан тәжірибені немесе жеке қайталауларды топырақ құнарлылығы біркелкі учаскеге орналастыру қиынға түседі. Мұның бәрі тәжірибе қателігін жоғарылатуға әкеп соғады.

Осыған орай, тәжірибе нобайын жасағанда нұсқалар санын байқап көбейтуге тура келеді, тәжірибеде нұсқалар санын 2 ден 12-16 - дан асырмау керек, ал мөлдектер саны 60-64 болса жеткілікті. Нұсқа саны көп болса, тәжірибені қою үшін күрделі әдістерді қажет етеді, мысалы әр қайталауға екі-үш бақылау нұсқаларын енгізу, бөлшектенген мөлдектер әдісі мен көпфакторлы тәжірибеде араластыру және селекция жұмсының алғашқы кезеңінде көп номерлер жиынтығын (сорт, гибрид) зерттегенде қолданады.

Егер нұсқа өте аз болса, мысалы 2-3, онда тәжірибе қателігін дұрыс бағалауға жеткілікті бақылау саны болу үшін көп қайталау қажет. Экспе- римент әдістемесін жоспарлағанда кіші мөлдектерге қарағанда, үлкен мөлдектерде, нұсқалар санын өсіру тәжірибе қателігін қатты жоғарыла- татынын ескеру қажет.

Нұсқа дегеніміз зеттеуге алынған өсімдік, сорт, өсіп-өну жағдайы, агротехникалық әдіс немесе олардың жиынтығы. Тәжірибеде зерттелетін және салыстыру нұсқалары болады. Басқа нұсқалар салыстырылатын бір немесе бірнеше нұсқа салыстыру нұсқасы немесе стандарт деп аталады. Нұсқалар зерттеуге алынган факторадың сандық және сапалық көрсеткіш- терін анықтайды.

Зерттелу нұсқалары мен салыстыру нұсқаларының жиынтығын тәжірибе нобайы дейміз.

Сапалы нұсқаға сорттар, дақылдар, себу әдістері, топырақ түрлері, т.б. жатады. Санды нұсқаларға, суару мөлшері, тыңайтқыштар мөлшері, топы- рақты өңдеу қабатының тереңдігі, т.б. жатады.

Қайталау және қайталану. Танаптық эксперименттің дәлдігі мен нұсқа бойынша орташаның сенімділігі территорияда және уақытта қайталаумен анықталады.

Тәжірибенің кеңістікте қайталануы деп әрбір нұсқа орналасқан мөлдек- тердің санын, ал тәжірибенің уақытта қайталануы деп тәжірибе жүргізілген жылдар санын (жалпы тәжірибенің санын) айтады.

Тәжірибенің кеңістікте қайталануы әрбір нұсқаның топырақ құнарлы- лығының ала-құлалығын ескеру үшін, ал тәжірибенің уақытта қайталануы ауа-райының өзгешеліктері әсерін азайту үшін жүргізіледі.

Қайталауды көбейткен сайын тәжірибе қателігі төмендейді. Танаптық тәжірибеде тиімді қайталану саны 4-6 рет, ал кіші көлемді (10-20 м2) мөлдектерде жүргізілген тәжірибелерде - 7-8 рет болса, тәжірибедегі қателік- тер азаяды.

Мөлдектердің қайталау санын көбейтсе, өзгермейтін қайталаудағы мөлдектер ауданын үлкейткенге қарағанда тәжірибе қателігі қатты азаяды. Мөлдектер ауданын үлкейткенде құнарлылығының біркелкі жер учаскесінің сыртына шығып кетеді де, қателіктерді азайтпақ түгіл, одан әрі көбейтіп жібереді.

Барлық зерттелетін нұсқаларды үлкен айырмашылығы бар, бірақ өз ішінде біркелкі жер учаскесінде орналастырса ғана қайталаудың тиімділігі байқалады.

Бірфакторлы тәжірибелердің сапалы нұсқалармен (сорттар, алғы дақыл- дар, топырақты өңдеу әдістері) көпшілігін және көпфакторлы тәжірибенің азырағын ереже бойынша 4-6 рет қайталаумен жүргізеді. Тәжірибедегі 6-8 рет қайталауды ауданы кіші мөлдектермен (2-10 м2) тегістелген жер уческесінде жүргізгенде қолдануға болады. Қайталаудың санын 8 реттен жоғары тек ерекше жағдайда, мысалы нұсқалардың болар болмас тиімділігін (микротыңайтқыштар, өсу стимуляторы) дәлелдеу қажет болғанда қолда- нады.

Санды факторлардың әсері және өзара әсерін зерттейтін басқыштау- шылықтарының (градация) мөлшері кең (4-6 мөлшер) көп факторлы көп нұсқалы тәжірибелерді 2-3 қайталап, варианттарды блоктарға топтастыру үшін араластыру теориясын қолдана отырып, блоктар әдісімен жүргізуге болады.

Тәжірибені қайталаусыз алғашқы, рекогносцировты және демонстрация- лық тәжірибелерде жүргізуге болады.

Танаптық эксперименттің нәтижесі жылдың метеорологиялық жағдай- ына өте тәуелді. Сондықтан көп жағдайда сенімді нәтижелер алу үшін қайталауды территорияда ғана емес, танаптық тәжірибені уақытта да қайталайды. Бұл тек қорытындылардың дұрыстығын жоғарлатып қана қоймайды, жекелеген жылдары (құрғақ, оңтайлы, ылғалды) зерттелетін тәсілдер туралы бағалы қосымша мәліметтер алуына мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа, көптеген маңызды агротехникалық тәсілдердің (тыңайтқыш, алғы дақылдар, жартылатын қабатты тереңдету және т.б.) ұзақ уақытқа әсерін есепке алу үшін тәжірибені уақытта қайталау қажеттілігі болуы мүмкін.

Зерттелетін тәсілдер туралы бірнеше жылғы зерттеу міндеті мен метеро- логиялық жағдайға байланысты сенімді сипаттамаларды алу үшін қысқа мерзімді тәжірибені уақытта қайталау, зерттеу міндетіне және метероло-

гиялық жағдайға байланысты, бірақ тәжірибені жоспарлағанда кем дегенде үш жылсыз жеткілікті жауап алуға сенім артуға болмайды.

Ауыспалы егісті, әртүрлі агротехникалық тәсілдерді қолданудан қарашірінді қорының немесе топырақтың құнарлылығының өзгеруі сияқты баяу жүретін құбылыстарды зерттегенде, тыңайтқыш немесе топырақ өңдеу жүйесін жасау және басқа зертеулерде, өте ұқыпты жасалынған жоспар арқылы стационарлы көпжылдық тәжірибелер қойылуын талап етеді. Мұндай тәжірибелер тек стационарлы тәжірибе мекемелері жағдайында іске асырылып қана қоймай және егіншіліктегі ең маңызды және болашағы бар мәселелерді шешуге бағытталуы керек.

Егер ауа-райы жағдайына байланысты фактордың әсері немесе кейінгі әсеріне тиімділік бойынша баға беретін көп жылдық тәжірибе жоспарланса, онда оның ұзақтығы кем дегенде он жылдан кем болмауы керек.

Танаптық тәжірибе жер учаскесіне ұйымдастырылған қайталау әдісімен орналастырылады. Оның мәні мынада, нобайдағы барлық нұсқалар орналас- қан мөлдектерді территориялды тұтас топқа біріктіру, яғни учаскенің белгілі бір бөлігін алатын ұйымдастыралған қайталау құру. Жеке алған қайталау шын мәнінде көлемі қысқартылған тәжірибе сияқты болып табылады. Сонымен, ұйымдастырылған қайталау - тәжірибе нобайындағы толық нұсқалар тобы кірген тәжірибе учаскесінің бөлігі.

Танаптық тәжірибе жағдайында қайталау ішіндегі топырақ құнарлылы- ғының айырмашылығы қайталаулар арасындағыға қарағанда төмен. Мұнда ұйымдастырылған қайталаулар әдісін енгізуге негіз болды. Осы кездерде тәжірибелердің көпшілігі ұйымдастырылған қайталаулар әдісімен қойылады. Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларды қайталау тұтас топқа террито- риалды біріктірмей ақ кездейсоқ орналастыруға болады. Мұндай орна- ластыруды қайталауды ұйымдастырмаған немесе толық рендомизация әдісі дейді. Оны өте сирек, эксперимент жағдайының мүмкін заңды ауытқуын бақылауға қою мүмкіндігі жоқ болған жағдайда пайдаланады, мысалы жақсы

тегістелген жер учаскесінде кіші тәжірибеде қойылады.

Ұйымдастырылған қайталауды орналастыруда екі әдіс қолданады: жалпылай, онда барлық қайталау территориялды бірігеді және шашыраңқы жатады, онда қайталау біреуден немесе бірнешеуі танаптың әртүрлі бөлігінде ортақ шекарасыз орналасады (1-сурет).

I

I

II

II

III

IV

в

III

б

IV

1-сурет. Бес мөлдекті төрт қайталаумен жалпылай орналастыру әдістері.

Екінші әдісті бір орында жеткілікті жер учаскесі болмағанда амалсыздан пайдаланады. Кейде қайталауды және агротехникалық жағдайды мысалы, топырақ эрозиясын, жаңа тәсілдерді зерттеген тәжірибеде немесе әртүрлі топырақта әдейі шашып орналастырады.

Осындай жағдайда бірнеше тәжірибе қайталауларын механикалық құрамы мен топырақ құнарлылығы әртүрлі, әртүрлі ауыспалы егісте және деңгейі бірдей емес агротехникада орналастырады. Тәжірибе учаскелерінің саны қайталау санына тепе-тең болады. Әншейінде танаптық тәжірибе қайталауларының барлығы бір тәжірибе учаскесінде орналасады, яғни бір, екі, үш және одан да көп ярустарда жалпылай орналастыру қолданады.

Әр қайталауда нобайдағы барлық нұсқалар болуын ұйымдастырған танаптық тәжірибені өзара ортогоналды деп атайды. Ол дисперсиялық талдау әдісімен мөлдектердегі өнімнің орташа өніммен ауытқуының жалпы

квадраттар жиынтығымен өлшенетін өнімділіктің жалпы ауытқу квадраты Су қайталау үшін ауытқу квадраты Ср, нұсқа үшін Сv; және кездейсоқ ауытқумен сипатталатын қалдық үшін Cz компоненттерге бөлшектенеді.

Дегенмен, территориалды фактор болғанда, нәтижелі белгінің көпшілік

бөлігі қайталаудың ауытқуымен байланыстырады. Егер осы фактыны ескер- месе, онда «қайталау» жолында 3,26 тең квадраттар жиынтығы, қалдыққа ауысып 34,6-дейін жоғарылайды. Бұл жағдайда тәжірибені бағалаудың негізі басатын орташа квадрат S2-тың әжептеуір үлкейетіні түсінікті болады. Біздің мысалда қателіктің орташа квадраты 2,88 (3,26+1,19/3+9=2,88) құрай- ды, яғни 14 ретке өседі

Қайталауды ұйымдастыру тәжірибе учаскесінің территориалды өзгер- гіштігінің көпшілік бөлігін бақылауға мүмкіндік беретіні түсінікті болды және дисперсиялық талдау барысында жойып, оның эксперимент қателігіне әсерін болдырмау.

Мөлдектің ауданы, бағыты және пішіні. Мөлдек дегеніміз, белгілі бір ауданы, пішіні, бағыты, қорғаныш алқабы бар танаптық тәжірибе нұсқаларын орналастыратын учаскенің бір бөлігі.

Мөлдектің ауданына тәжірибе ісінде көбірек көңіл бөлуге тура келеді. Теориялық жағынан мөлдектің ауданының үлкен болуының белгілі бір маңызы болуы мүмкін. Себебі кіші мөлдекте өсімдіктер аз орналасады және дербес айырмашылықтары санмен толтырылмайды. Сондықтан өсіретін өсімдік ірірек болған сайын, онда қажетті өсімдік саны орналасатындай мөлдектің минималды ауданы да үлкен болуы керек. Одан әрі мөлдектің көлемін ұлғайту, тәжірибе дәлелдігі үшін мәнді маңызы болмайды.

Көптеген елдерде жүргізілетін тәжірибелерге қарағанда, мөлдек ауданын 100 м2 дейін үлкейткенде тәжірибе дәлдігі де жоғарылаған, одан әрі үлкейту тіпті тәжірибе дәлдігін төмендеткен.

Мөлдектің көлемін үлкейткен сайын, тәжірибе учаскесі де өседі, ол бөлінген учаскеге симай, сыртына шығуы мүмкін. Мөлдек көлемін ұлғайту арқылы топырақ құнарлылығының ала-құлылығын азайтуға болмайды, себе- бі тәжірибенің жалпы ауданы жүздеген, тіпті мың гектарға дейін өсуі мүмкін. Ірі мөлдектердің артықшылығы бөлшектеп есептеген зерттеулер нәтижелеріне негізделген. Мұндай зерттеулердің көбісінде әдістемелік қателіктер жіберілген. Оның мәні салыстыру кезінде бір ғана айырмашылық қағидасы сақталмағанында. Мөлдектің көлемінің абсолюті үлкеюімен қатар оның саны азаяды, ал өнім әрқашанда рекогносцировты учаскесіндегі өніммен салыстыратындықтан, тәжірибе дәлдігінің әр мөлдектің көлемін үлкейткеннен бе, әлде оның санын азайтқаннан жоғарлағаны белгісіз болады. Егер осы мәліметтерді бір ғана айырмашылық қағидасын сақтап, дұрыс өңдеу онда мөлдектің көлемін үлкейту ең алдымен тәжірибе дәлдігін төмендетеді де, одан кейін ешқандай мәнді әсерін тигізбейді немесе оны

ұлғайтады.

Танаптық тәжірибенің түріне тәжірибенің міндетіне, дақылға, топырақ жамылғысының ала-құлылығының сипатына, агротехникаға және қандай құралдар, машиналармен өңдеуге тура келетініне барлық мөлдектерді бір мезгілде өңдеуге мүмкіндігінің бар, жоқтығына немесе оларды жеке өңдеуге тура келетіндігіне қарай мөлдектің көлемі де өзгеріп тұрады.

Барлық танаптық және өнімді жинауды енгізе отырып, жұмыстарды максималды механизациялауға жағдай жасай алатындай етіп, мөлдектерді жобалау тиімді болар еді. Сондықтан мөлдектің ең кіші көлемі барлық агротехникалық жұмыстарды дұрыс жүргізе алатын мүмкіндігіне қарай анықталуы қажет.

Біздің елдегі тәжірибе ісінің практикасында көлемі 50-200 м2 мөл-

дектерді кеңірек қолданады, ал ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдерінде оның көлемі 10-50 м2 болуы да мүмкін. Көлемі 10 м2 кіші мөлдектер, тұқымды үнемдеу қажет болатын, өсімдік селекциясындағы тәжірибеде қолданады.

Мөлдектің көлемін анықтау барысында өсімдіктің агротехникалық ерекшелігін: қатараралық енін, өсу тығыздығын және т.б. ескерілуі керек. Отамалы дақылдар үшін мөлдектің минималды көлемі жекелеген өсімдіктер өзгергіштігінің тәжірибе дәлелдігіне әсерін болдырмау. Мөлдектерде кем дегенде 80-100 өсімдік болуы, мысалы картоп үшін 40-50 және жүгері үшін

60 есепке алынатын өсімдік болса жеткілікті. Есепке алынатын мөлдек ауданы астық дақылдарында 50-60 м2, ал отамалы дақылдарда 50-100 м2 болса, жақсы тәжірибе дәлдігіне жеткілікті болады.

Топырақ құнарлылығы ала-құла учаскелерде мөлдектің көлемін ұлғай- тумен тәжірибе қателігін азайту тиімді әдіс болмайды. Мұндай жағдайда, басқа жолды іздеу яғни қайталау санын өсіру қажет.

Селекция жұмысының алғашқы кезеңінде, тұқым тапшылығына қарай, мөлдектің көлемі 0,5-2 м2, кейде 5-10 м2, өте ұқыпты өңдесе тәжірибенің дәлдігін жоғарлатады. Бәсекеге түсетін сорт зерттеуде ауданы 50-100 м2 кейде 200 м2 мөлдектерде жүргізіледі. Мөлдектерді жеке өңдеу қажет болмайтын агротехникалық тәжірибелер, көлемі 50-200 м2 мөлдектерде қойылады. Топырақ өңдеу әдістерін және машиналар мен құралдарды бөлшектеп қолдану қажет болатын тәжірибе мөлдектерінің көлемін кейде 300 м2 және 1000 м2 дейін үлкейтуге тура келеді.

Өсімдіктің жеткілікті дербес өзгергіштігі тәжірибе қателігіне мәнді әсерін тигізбеуі үшін жеміс және көкөніс дақылдары үшін мөлдектің төменгі шегі жоғары болады. Мысалы, жеміс ағашы әр мөлдекте 6-10-нан, ал бұтақтылар – 10-20 орналасады. Осыған сәйкес жағдайларда мөлдек ауданы 100 м2-ден едәуір ауытқиды.

Сонымен, танаптық тәжірибені салыстырмалы кішірек көлемді мөлдек- терде орналастырғанда, барлық агротехникалық жұмыстарды дұрыс жүргізу-

ге мүмкіндік береді. Мұндай мөлдектерде үлкен дәлдікке жету жеңілірек, олар ыңғайлы және қаржы мен еңбекті үлкен мөлдектерге қарағанда аз қажет етеді.

Үлкен мөлдектер көпжылдық тәжірибелер жүргізгенде, тәжірибе қойған кезде ескерілмеген жаңа факторлар мен тәсілдерді зерттеуде қажет болады. Мұндай жағдайда үлкен мөлдектерді бірнеше майда мөлдектерге бөліп, қосымша нұсқалар немесе нұсқалардың тиімділігін зерттеу үшін жаңа фон енгізуге болады. Осыған орай көпжылдық тәжірибелерді ауданы 200-300 м2 мөлдектерде орналастыру, қажет болса әрқайсысын 50-100 м2 көлемдерге бөлшектеуге мүмкіндік жасайды. Өндіріс жағдайында жүргізілетін тәжіри- беде мөлдек көлемін үлкейтудің қажеттілігіне негіз жоқ.

Мөлдектің көлемі барлық танаптық жұмыстар жүргізу мүмкін болып, сол ауданның шаруашылығындағы алғы механикаландыру деңгейі мен агротехникасына сәйкестендірілсе жеткілікті.

Егер өндірістік жағдайдағы тәжірибе мөлдегінің минималды көлемдері туралы айтсақ, олар жоғарыдағылардан айырмашылығы жоқ. Мұнда, танаптық тәжірибе әдістері жасалынған әдістерді енгізуге емес, ғылымның жаңа тәсілдерін жасауға қолданылуы керек, сондықтан мөлдектің үлкен мөлшері оның құндылығын жоғарлатпайды, керісінше. Үлкен мөлдектерді қолдану қаражат және еңбек шығындары тұрмақ, дәлдіктің мәнділігін жоғалтады.

Белгілі мөлдек ауданы зерттелетін тәсілдер, топырақтың ала-құлалығы, себу әдісі, күтіп баптау, жинау және тағы басқалармен анықталады. Тәжірибе жұмысын жаңа деңгейдегі маханизациялау деңгейіне байланысты, экспериментатор тәжірибе әдістемесін машиналарды, құралдарды қолдануға қарай бейімдеп, мөлдектің көлемін көбінесе дәлелдемей үлкейтуге мәжбүр болады. Бұл ғылыми жұмыстың сапасы мен өнімділігін төмендетеді. Сондықтан танаптағы эксперименталды жұмыс үшін, кішігірім техниканың өндірісін жолға қою – ауылшаруашылық зерттеулердің өнімділігі мен тиімді- лігін арттырудағы маңызды факторларының бірі. Кіші габаридті техниканың болмауына байланысты, танаптық жұмыстарды қолмен істегеннен көрі, маханикаландыруға болатын үлкен мөлдектерді таңдаған дұрыс.

Қорғаныш алқаптары. Мөлдектің бүйіріндегі және соңындағы қорға- ныш алқаптары болады. Бүйіріндегі қорғаныш алқаптары мөлдектің ұзын жағында көрші нұсқалардың бір-біріне әсер етпеуі үшін қалдырылады. Көрші нұсқалардың әсері тыңайтқыштармен, топырақ өңдеу әдістерімен, алғы дақылдармен және суарумен жүргізілген тәжірибелерде байқалады. Бүйірін- дегі қорғаныш алқаптарының ені 0,5-1,5 м, ал суармалы жерлерде және пестицидтер қолданғанда 2-3 м дейін көбейтіледі.

Сорт зерттеудегі тәжірибеде көрші мөлдектегі өсімдіктің әсеріне мән бермейді де, бүйіріндегі қорғаныш алқабын қалдырмайды. Зерттелетін сорттарды айыру үшін мөлдектердің арасында ені 20-40 см тар жолақты егіссіз қалдырады.

Мөдектің ені көбінесе топырақ өңдейтін және астық жинайтын маши- налардың қамту еніне сәйкес келеді: мысалы астық дақылдары үшін - 3,6; 7,2; 10,8; 14,2 м.

Мөлдектің соңындағы қорғаныш алқабы - мөлдектің есепке алынатын көлемін кездейсоқ зақымдаудан сақтау үшін қалдырады. Ені 2 м кем болмауы керек.

Мөлдектің сыртынан қажеттілігіне байланысты ені 5-7 м кем емес, себетін және өнімді жинап алушы агрегаттардың айналуы үшін қорғаныш алқаптары қалдырылады.

Мөлдектің бағыты. Тәжірибенің сенімділігі көбінесе мөлдектің бағытына, яғни тәжірибе учаскесінде бағытталуына байланысты. Топырақ құнарлылығының өзгеру бағытына және зерттеу ауданындағы желдің бағытына сәйкес орналастырғанда ғана барлық нұсқалар біркелкі жағдайда болып, жиналған деректерде қателік мөлшері аз және тәжірибенің дәлдігі жоғары болады. Мөлдектің бағыты басқаша өзгерсе, онда жер учаскесінің құнарлылығының өзгергіштігін әр түрлі дәрежеде қамтиды да, тәжірибе дәлдігіне теріс әсер етеді және оның нәтижелерін шын бағалау қиындап кетеді.

Әсіресе, топырақ құнарлылығы және өсімдікті өсіріп-өндіретін басқа жағдайлар еңістік бойымен өзгереді. Сондықтан тәжірибені еңіс жерде орналастырғанда, мөлдектің ұзын жағын еңіске көлденең емес, ұзын бойымен орналыстырған жөн. Осындай қағидамен орманды қорғаныш алқабы бар танаптарда мөлдектерді ұзын жағымен орман алқабына көлде- неңінен орналастырады. Топырақ құнарлылығы тегістелген учаскелерде мөлдектің бағыты тәжірибе дәлдігіне әсерін тигізбейді және экспериментті жүргізудің техникалық жағдайымен анықталады.

Мөлдектің пішіні. Тәжірибе учаскесіндегі барлық мөлдектердің көлемі мен пішіні бірдей болуы керек. Мөлдектің пішіні оның ені мен ұзындығының арақатынасына байланысты үш түрлі болады:

Шаршы пішінді мөлдек - ұзыдығының еніне қатынасы 1:1 (10х10 немесе 20 х 20), т.с.с.

Тік төтбұрышты мөлдек - ұзындығының еніне қатынасы бірден артық, оннан кем: 1:2-ден 1:10-ға дейін (5 х 20; 10 х 90), т.с.с. Ұзынша мөлдек - ұзындығының еніне қатынасы оннан артық: 1:10, 1:15 (3х45; 3х96), т.с.с. Мөлдектің пішінінің тиімді түрі 1:10, 1:15 (2-сурет).

Рекогносцировты егістің мәліметтеріне қарағанда, ұзын-тар мөлдектер жер уческесінің ала-құлалығын толық қамтып, тәжірибе нұсқаларының жақсы салыстырмалылығын қамтамасыз етеді. Мөлдектің қабырғаларының қатынасы 1:10 және 1:15 қатынасындай болғанда, яғни созылыңқы, сонда тиімділік күшті байқалады. Одан ары ұзартқаннан ешқандай оң нәтиже болмайды.

Ұзынырақ пішін мөлдектің көлемі үлкен болғанда және топырақ құнарлылығының көрнекті өзгеруіне тәжірибені еңісте қойғанда тиімділік

көрсетеді. Соңғы жағдайда ұзын, тар мөлдектерді ұзын жағын еңістің бойымен, оның барлық элементтерін қамтитындай етіп орналастырады.

а б в

2-сурет. Мөлдектердің пішіні:

а - шаршы пішінді -1:1; б - тік төтбұрышты - 1:10;

в - ұзынша мөлдек - 1:15.

Созылыңқы мөлдектің тіктөртбұрышты және шаршы метрден кемшілігі, периметрінің ұзын болуында. Тәжірибеге байланысты мөлдектер арасында қорғаныш алқабы болуы керек, есепке кірмейтін алқаптың ауданы тік төртбұрышты және шаршы метрлі пішінді мөлдектердің ауданына қарағанда үлкен болады.

Стационарлы танаптық тәжірибелердің көпшілігінде ұзындығынан ені 5- 10 есе үлкен, ауданы 20-200 м2 мөлдектерді қолданады. Жұмысты жүргізуге қолайлы болу үшін мөлдектің енін, әсіресе себетін және жинайтын ауылшаруашылық машинасының қамту еніне сәйкес етіп тағайындалады.

Созылыңқы пішінді мөлдектің тиімділігі олардың үлкен көлемінде, ал күрделі нобайлы тәжірибеде пішіні үлкен шаршы метрлі мөлдектердің арақашықтығы бірталай болғанда байқалады.

Нұсқалар саны аз, мөлдек көлемі 100 м2 тәжірибелерде жоғарғы дәлділік тік төртбұрышты немесе шаршы метрлі мөлдектерден алынады. Тек үлкен

нобайлы тәжірибелерде және мөлдек көлемі 100-200 м2 болғанда ғана оған ұзындығының еніне қатынасы 10-нан артық етіп созылыңқы пішін беруге болады.

Жақын жатқан нұсқалар бір біріне қатты әсерін тигізетін болса, онда тәжірибе мөлдектерінің шаршы метрлі пішінінің тік төртбұрыштыға қарағанда артықшылығы бар. Мысалы, улы химиялық заттарды ерітінді ретінде бергенде, оларды жел көрші мөлдектерге ұшырып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүйіріндегі қорғаныш алқаптарын үлкен етіп қалдырады, ол мөлдектің есепке алынатын ауданын қысқартуға немесе тәжірибе учаскесінің жалпы ауданын үлкейтуге тура келеді.

Ауырулар және зиянкестермен күресуде химиялық құралдарды зертте- генде, пішіні шаршы метрлі мөлдектердің ортасынан көрші нұсқаларға көшу қиынға түсетінін ескеру қажет, себебі тік төртбұрышты және созылыңқы мөлдектерге қарағанда олардың жүретін жолдары ұзақ.

Шаршы метрге жақын пішінді мөлдектің артықшылығын мойындау керек. Бұл жағдайда мөлдектердің кез келген орналасу жүйесіне қарамастан нұсқалардың арақашықтығы минималды және өзара салыстыруы да жақсы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]