Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Ковариация деп нені түсінеді?

  2. Ковариацияның қандай түрлері болады?

  3. Ковариациялық анализ не үшін пайдаланылады?

VI бөлім. ТАНАПТЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ МЕН ЕСЕП БЕРУІ

Танаптық тәжірибені жүргізу ұзаққа созылатын жұмыс, ол бірнеше жүйелі егіс жұмыстарынан құралады, бақылау, зерттеу және есеп берушілігі, яғни тәжірибенің бағдарламасында каралып бекітілген мәселелер. Танаптық тәжірибесінің нәтижелері, өнімнің мөлшерін талдауда сондағы жағдайлардың барлығы нұсқаларда бөлек салыстырылады.

Танаптық тәжірибесінің нәтижелерін дұрыс түсіндіру үшін қабылданған тәжірибе нобайының дұрыс дәл орындалғанын, тәжірибеге жалғасқан агро- техникалық және табиғи жағдайлар қалай құралғанын толығырақ білуді қажет етеді. Мұнда өте-мөте тәжірибелер мөлдектерінде орындалатын жұмыстардың мерзімі, қолданылған тәсілдері және олардың сапалары туралы мәліметтерінің болуын міндетті түрде білу керек.

Егер оны жүргізгенде және зерттеу жұмыстары орындалғанда бақылау мен есептіліктері әр нұсқа туралы толық сипаттама берсе, тәжірибе нәтижесі туралы анық мәлімет алынады яғни тексерудегі амал-тәсілдердің әсерлеріне айналадағы жағдайлар, мысалы, жыл бойы метеорологиялық ерекшеліктері, топырақ құнарлығының элементтері, арамшөппен ластануы, зиянкестер мен аурулар саны және т.б. белгілі болады. Сондықтан, тәжірибе жүргізгенде мөлдектердегі жұмыстарды, бақылауларды және есепке алуды мерзімінде тіркеу қажет.

Қазіргі кезде танаптық тәжірибе жүргізу практикасында көптеген құжат- тардың жүйелері мен формалары дайындалды. Зерттеу жұмысының нәтиже- сін дұрыс түсіндіру үшін эксперименттік мәліметтерді тәжірибе учаскесінде агротехникалық жұмыстарды, өсімдіктің айналасындағы жағдайларды бақы- лау арқылы тіркеп, әрі оларды мұқият сақтау қажет. Тәжірибе жұмысында жиналатын құжаттарды сақтауда ете қатал талап қойылуды талап етеді, себебі алынған мәліметтер есте сақталады деп сенуге болмайды.

Құжаттардың қанша әр түрлі жүйелі формалары болғанымен де танаптық тәжірибесіндегі құжаттар жүйесіне жалпы талап қоюға болады.

Тәжірибелерді құжаттар жүйелерімен қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар:

- тәжірибе учаскесінде қойылған мақсатына байланысты бақылаулар мен есепке алу мәліметтері толық болуы; - мәліметтердің мерзімінде дұрыс, дәл дайындалуы; - жазбаларының біртектестігі; - орындалатын жазбалардың мерзімділігі, сапалылығын жауапты орындаушының бақылауы.

Танаптық тәжірибесінің, құжаттарының, мазмұны, объективті, дәл мерзі- мінде, ықшамды орындалса есептілігін уақытында сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Оның құжаттарына тіркелетін мәліметтер мынадай категорияларға бөлінеді: а) тәжірибе туралы негізгі мәліметтер, жер бедері, егістік жердің, шаруашылық тарихы, тәжірибе әдісі мен бағдарламасы. Бұл мәліметтер тәжірибе қойылмай дайындалады да, тәжірибе аяқталғанша өзінің мазмұнын, маңызын жоғалтпайды; ә) алғашқы күнделікті құжаттарға тәжірибедегі жүргізілген бақылаулар мен есепке алу жұмыстарын жазып отырады. Жазба жұмыстарын мөлдекте, зертханаларда бақылау, есептеу, талдау жұмыстарын жүргізу үстінде орындауды талап етеді; б) есепке алу немесе мәлімет құжаттары тәжірибе жұмысынан бос кезеңдерде дайындалады, алғашқы күнделікті жазбаларды толықтыра жөндеп жүйеге айналдырады. Аралығын- дағы елеусіз есептер мен ескертпелерді бұл құжатқа енгізбейді. Барлық есептердің және естеліктердің негізі алғашқы күнделікті құжаттар болып саналады. Әр тәжірибе үшін алғашкы күнделікті құжаттан егіс жұмыстарын және бақылау жұмыстарын күнделікке тіркеп отырады. Күнделік - ол сумкаға немесе қалтаға салып жүруге ыңғайлы шағын кітапша-дәптер.

Оған хронологиялық ретпен тағайындалған формалар арқылы барлық алғашқы тікелей орындалатын жұмыс күнделікті жазылады. Алғашқы құжаттарға көмекші ретінде жұмыс дәптерлері арналады, оған бүкіл қажетті жалпы бақылаулардың есептеулері, талдаулар мен есептер жазылады.

Танап жұмыстарын және бақылауларды күнделікке сия қарындашпен емес, тез өшірілетін қарындашпен жазады және түзетулердің барлығында ескерту болуы қажет.

Құрама құжаттарды бағдарлама туралы негізгі мәліметтер, тәжірибенің нобайы, зерттеу әдісі, тәжірибені жүргізуге көмекші ретінде қосымша жағдайлар, агротехникалық жұмыстарды, байқаулардың жөнделген нәтиже- лері, өнім, тағы басқа жинақтауға дайындалған мәліметтер, қорытындылар мен ұсыныстар танаптық тәжірибе журналында болады. Оны уақытында қара сиямен толтырып, арнайы бөлмеде сақтайды. Журналда танаптық тәжірибесі туралы ықшамды, пайдаланушыға түсінікті түрде толық мәліметтер болуы қажет. Ол мәтіндер, кестелер, графиктер және теңеулер арқылы толтыры- лады.

Ғылыми-зерттеу мекемелерінде егістік тәжірибелерінің есептерін тиісті тәртіпке және стандартқа келтіру үшін бірдей формалы құжаттар, мысалы танап кітапшасы, қосымша құжаттар, танаптық тәжірибе журналы, есеп карточкалар дайындалады.

Танап жұмысы мен бақылау күнделігі негізгі арналуы - әр мөлдектің алғашқы құжаты болып саналады. Күнделікті тәжірибені орындаушыға басынан аяғына дейін толтыруға беріледі. Күнделіктің бірінші беті былай толтырылады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]