Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»

Сабақтың мақсаты – Бірфакторлы мен көпфакторлы тәжірибелер нобайын құруды үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

2.Түрлі түсті плакаттар, слайдтар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

  1. Түрлі түсті слайдтар, үлестіріліп берілетін материалдар.

Бір факторлы тәжірибе жыл сайын жаңа жер учаскесіне орналас- тырылатын бірфакторлы тәжірибені жоспарлағанда екі сәтті ескеру қажет. Біріншіден, бірфакторлы тәжірибе нұсқалары сапалы болуы мүмкін: дақыл-

дар мен сорттарды салыстырмалы бағалайтын зерттеу тәжірибелері, топырақтың өңдеу мен себу әдісі, алғы дақылдар, әр түрлі тыңайтқыштар мен пестицидтердің түрлері және т.б.

Екіншіден, тәжірибе зерттелетін нұсқалардың сандық басқыштау- шылығы болуы мүмкін: тыңайтқыш суару мөлшерімен, топырақты өңдеу тереңдігімен, тұқымды себу мөлшері және т.б.

Бірфакторлы, сапалы нұсқалармен тәжірибенің нобайын құрастырудағы мәселелер оңай шешіледі. Егер экспериментатор дақылдың бес сортын немесе топырақтың бес өңдеу әдісін зерттеуді жоспарласа, онда тәжірибе нобайына бес нұсқа (А,В,С,Д,Е) кіргізеді. Нұсқалары сапалы болатын бірфакторлы тәжірибе нобайын жоспарлағанда бірғана айырмашылық қағидасын сақтап, бақылау нұсқасын дұрыс таңдап және тәжірибеде болатын, зерттелмейтін эксперименттің оптималды агротехникалық жағдайын анықтау өте маңызды.

Сандық басқыштаушылықты бір факторлы танаптық тәжірибе нобайы үшін, жоғарыда айтылған талаптардан басқа, зерттелетін фактордың мөлшері үшін айырмашылық бірлігі мен басқыштаушылығын дұрыс анықтау қажет.

Эксперименталды нүктелер негізінде – нұсқа тиімділігі ықыластылы- ғының қисығын фактордың зерттелетін басқыштаушылығының өзгеруіне байланысты болатын өнімді сипаттай алатындай етіп тәжірибе нобайын жасау керек. Алғы дақылдарға байланысты Қазақстанда күріш өсіретін аймақтарға төрт түрлі күріш ауыспалы егісі ұсынылған жүйелері бар:

1-кесте. Күріш ауыспалы егіс нобайлары

№

Төрт танапты күріш ауыспалы егісі:

№

Алты танапты күріш ауыспалы егісі:

1

Жоңышқа

1

Жоңышқа

2

Жоңышқа

2

Жоңышқа

3

Күріш

3

Күріш

4

Күріш

4

Күріш

5

Дәстүрлі емес дақылдар

6

Күріш

№

Жеті танапты күріш ауыспалы егісі:

№

Сегіз танапты күріш ауыспалы егісі:

1

Жоңышқа

1

Жоңышқа

2

Жоңышқа

2

Жоңышқа

3

Жоңышқа

3

Жоңышқа

4

Күріш

4

Күріш

5

Күріш

5

Күріш

Дәстүрлі емес дақылдар

6

Күріш

Күріш

7

Дәстүрлі емес дақылдар

8

Күріш

2-кесте. Қант қызылшасының өніміне суару мен жыртудың әсері

Реті

Өңдеу түрлері

Өнім, ц\га

1

2

1. Өңдеу алдындағы суару + сыдыра жыртыу

+28-30 см тереңдікке сүдігер жырту

Сыдыра жырту + 28-30см тереңдікке сүдігер жырту

374

316

3-кесте. Тәжірибе нобайы

Ауыспалы егістер нұсқасы

Күздік бидайдың алғы дақылдар нұсқалары

І. Пар-күздік бидай- күздік бидай

1. Күздік бидай пардан кейін

2. Күздік бидай пардан кейін екінші рет

ІІ. Пар- күздік бидай- күздік бидай-арпа- күздік бидай

3. Күздік бидай арпадан кейін (жартылай пар)

ІІІ. Сүрлемдік жүгері- күздік бидай-

күздік бидай-арпа

4. Күздік бидай сүрлемдік жүгеріден кейін

ІV.Үздіксіз себілген күздік бидай

5. Үздіксіз себілген күздік бидай егісі (St)

Факториалды тәжірибеде факторлардың сандық және сапалы әсерлері мен өзара әсерлері және олардың басқыштаушылығы зерттеледі.

Сандық факторлар үшін нөлдік басқыштаушылық зерттелетін фактор- дың жоқтығын білдіреді, мысалы, тыңайтқышсыз, суарусыз, гербицидсіз және т.б. Сапалы факторлар үшін нөлдік басқыштаушылық бақылау нұсқасын белгілейді – стандартты сорт, стандартты өңдеу жүйесі және тағы басқалар.

Жәй факториалды нобай ретінде әрқайсысы екі басқыштаушылығымен зерттелетін А және В факторлармен тәжірибені алуға болады. Мұндай факториалды тәжірибе 2х2 деп белгіленеді. Осы тәжірибе нобайындағы нұсқа саны 2 х 2 = 4 көбейтіндісімен белгіленеді, мұндағы көбейтілетін саны

– зерттелетін факторлар санын, ал әр көбейткіштер сол фактордың градациясын көрсетеді. Мысалы, тыңайтқыштың екі түрін (азот және фос- фор), екі басқыштаушылығымен зерттегенде факториалды тәжірибенің нобайы мынандай болады: О, N, Р, NР. Бұл N, Р-ның тиімділігімен NР-ның өзара әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Егер тәжірибе нобайына үшінші фактор калий тыңайтқышын екі басқыштаушылығымен қоссақ, онда 2х2х2 факториалды нобай аламыз. Бұл тәжірибеде енді сегіз нұсқа болады (2х2х2=8) : О, N, Р, К, NР, NР, NК, РК,

NРК. Бұл әйгілі толық факториалдық нобай, мұнда үш түрлі тыңайтқыштың бар мүмкін үйлесуі. Ол N, Р және К тиімділігін жеке-жеке, олардың қос әсерін NР, NР, РК және NРК өзара әсерлерінің тиімділігін анықтайды.

Толық көпфакторлы нобай эксперименттен барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Нобайдан практикалық қызығы жоқ нұсқаны шығарып тастау, мәліметтердің едәуір бөлігін жоғалтуға әкеп соқтырады, факторлар- дың өзара әсерін анықтауға жағдай жасалмайды, эксперимент бірфакторлы тәжірибе сияқты болады. Пайдалы және ауыстырылмайтын толық факто- риалды нобайды әсіресе әртүрлі факторлардың қос өзара әсерін анықтағанда қолданады, мысалы, тыңайтқышпен суару, топырақ өңдеу мен суару және т.б.

Факторлардың оңтайлы өзара әсерлі жасау бағытталған зерттеулердің өте үлкен маңызы бар. Ол әртүрлі факторларды біріктіргенде байқалады, және керісінше бір бағытта әсер ететін факторлар бірлесуі кері әсеріне әкеледі, сондықтан осы факторлардың әсері жеке қолданғанда тиімді екенін көрсетеді. Бұның өзі көпфакторлы тәжірибені жоспарлағанда кешенге әраттас факторларды енгізудің дұрыстығын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

    1. Тәжірибе нобайы деген не?

    2. Бір факторлы тәжірибенің түрлері?

    3. Толық факториалды тәжірибе деген не?

№ 5 тәжірибелік сабақ Тақырып: «Ғылыми-зерттеу жұмысының

күнтізбелік жоспарын жасау»

Сабақтың мақсаты – Тәжірибедегі барлық жұмыстардың түрлерін, бақылаулар, есептеулер мен анализдердің көлемін, орындау мерзімін үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

2.Түрлі түсті плакаттар, слайдтар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1.Түрлі түсті слайдтар, үлестіріліп берілетін материалдар

Ғылыми-зерттеудің тақырыбы бойынша күнтізбелік жоспар жасау өте қиын және жауапты жұмыс. Күнтізбелік жоспар зерттеу жүргізетін жыл- дардың әрқайсысына жеке-жеке жасалынады.

Оған кіретін шаралар:

-тақырып жоспарына түзетулер енгізіп, сол жылдың зерттеу кезеңдерін анықтау; - қосымша әдебиеттермен танысып, патентті ізденісті жалғастыру;

- экспериментті зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемелерін анық- тау; -зерттелетін дақылға байланысты көктемгі дайындықтарды анықтау; - ауыспалы егіс танаптарын дайындау, дақылды себу немесе отырғызу алдында топырақ өңдеу жүйесін анықтау; - топырақ үлгілерін анализге алу әдісі мен мерзімін анықтау; - тәжірибені қою, күтіп-баптау, тақырыпқа байланысты зерттеулерді анықтау; - дақылды жинауға дайындықты жоспар- лау; - анализ жасауға өсімдіктердің үлгісін дайындау; - топырақты келесі жылға дайындауды жоспарлау, жүргізу; - эксперименталды мәліметтерді жүйелеу, қысқа информациялық есеп дайындау; - есеп материалдарын өңдеп талдау; - жылдық есепті құру; - эксперимент материалдарын математикалық өңдеу жасау, өндірісуке ұсынысты дайындау.

Ғылыми-зерттеу жұмысының күнтізбелік жоспары әр айға, бөлінген қаражатқа байланысты жасалынады.

1-кесте. «Темекі өсірудің ғылыми негізделген экологиялық қауіпсіз технологиясын жетілдіру» тақырыбына жұмыстың күнтізбелік жоспары

Айлар

Сол жылдағы жүргізілетін жұмыстар

Бөлінген қаражат

Қаңтар

Тақырып жоспарына түзету енгізу. Күнтізбелік жоспар жасау. Қосымша әдебиет көздерін оқып, талдау, патентті ізденістерді жалғастыру

15%

Ақпан

Экспериментті зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемелерін анықтау.

15%

Наурыз

Жылыжайды вегетациялық тәжірибе қоюға дайын- дау.

6%

Сәуір

Тұқымды себуге дайындау. Күтіп-баптау. Феноло- гиялық бақылау, биометриялық өлшеулер.

7%

Мамыр

Темекі көшетін отырғызуға ауыспалы егіс танабын дайындау – себу алдындағы топырақты өңдеу жүйесі, топырақ үлгілерін анализге алу, танапты суғару.

6%

Маусым

Танаптық тәжірибені қою: -темекі көшетін танапқа отырғызу; -фенологиялық бақылау, биометриялық өлшеулер; -арамшөптердің зиянкестілік шегін ан- ықтау үшін вегетациялық-танаптық тәжірибені қою.

7%

Шілде

Темекі ауыспалы егісіндегі дақылдарды күтіп- баптау. Дискретті суғару жүйесін монтаждау, вегетациялық суғару. Алғы дақылдардың танаптың ластануына әсерін, темекі өнімділігі мен топырақ құнарлылығының көрсеткіштеріне әсерін зерттеуді жүргізу, топырақ, арамшөптер үлгілерін алу.

7%

Тамыз

Темекі ауыспалы егісіндегі дақылдарды жинау:

-бірінші сындыруды бастау және темекі жапырағын биохимиялық анализге жіберу.

7%

Қыркүйек

Темекі жапырағын екінші және келесі жұлу. Темекі шикізатын өткізуге дайындық.

6%

Қазан

Эксперименталды мәліметтерді жүйелеу. Қысқа информациялық есепті дайындау.

8%

Қараша

Есеп материалдарын өңдеу және талдау. Жылдық есепті дайындау.

8%

Желтоқсан

Эксперименталды мәліметтерді математикалық өң- деу. Қорытынды толық есеп жазу. Өндіріске ұсын- ыс дайындау.

8%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]