- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері.
Танаптық тәжірибенің зертханалық, инженерлік, химиялық-техно- логияылық және басқа эксперименттерден қандай айырмашылығы бар?
Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
Тәжірибе жүргізетін жер учаскесі сол аймаққа таралған немесе басқа аудан болса да топырақ қасиеті, құнарлылығы мен жер бедері, яғни табиғи жағдайына жақынырақ болып, болашақ танаптық тәжірибе жүргізетін учаскедегі жағдайға сәйкес болуы керек. Осы жер учаскесіне қойылатын бірінші және маңызды талап – типтестік немесе репрезентативтілік деп аталады.
Шаруашылыққа, аймаққа немесе ауданға типті емес топырақта, агротехниканың тіпті жақсы жағдайында, мысалы оның өте төмен немесе өте жоғары деңгейінде жүргізілген тәжірибе нәтижелерін әдеттегі ауыл- шаруашылық өндіріс жағдайына көшіруге болмайды. Осыдан тәжірибе агротехникасы сол уақытта қатардағы шаруашылыққа тән деңгейінде жүргізу керек екен деуге болмайды, тәжірибедегі зерттеу тәсілін өндіріске енгізетін уақытқа сәйкес есеп жасауға болады.
Тәжірибе учаскесіне қоятын екінші талап тәжірибе нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз ететін топырақ жамылғысының біркелкілігі. Бұл талапты абсолютті деп қарауға болмайды, ол аймаққа және тәжірибе мақсатына қарай өзгеруі мүмкін. Танаптық тәжірибеге біртектес жер учаскесін бөлу әжептеуір қиын. Сондықтан әдістеменің талабына жауап беретін учаскені таңдау үшін учаскенің тарихын зерттеп, талдау жүргізіп, рельефті, арамшөптер тұқымымен ластануын және басқа мүмкін кездейсоқ факторларды ескеру керек.
Тәжірибені тарихы белгісіз учаскеге қоюға болмайды. Соңғы 3-4 жылда осы учаскеге жыл сайын бір ғана дақыл егілгеніне, қолданылған тыңайтқыш жүйесінің өзгермегеніне және т.б. көз жеткізу қажет, бірақ әр жылдарда топырақ өңдеу мен алғы дақылдар әр түрлі болуы мүмкін.
Топырақ құнарлылығын өзгертетін агротехникалық тәсілдер, мысалы әктеу, минералды тыңайтқыштар (әсіресе фосфорлы) жүйесін енгізу, орга-
никалық тыңайтқышты үлкен мөлшермен беру, жыртылатын қабатты тереңдету, бұршақ тұқымдас дақылдарды себу барлық учаскеде біртектес болуы керек. Ондай мүмкіндігі болмаған жағдайда, соңғы бірнеше жылда учаскеге жаппай бір ғана дақыл сеуіп көз жеткізуге болады. Тарихы белгісіз танапта жүргізілген тәжірибе нәтижелері өз бағалылығын жоғалтады. Сондықтан тәжірибе жүргізетін учаскенің кем дегенде 3-4 жылдағы біркелкілігін анық анықтайды.
Осындай учаске болмағанда, тәжірибе танабына кейбір учаскелерді пайдалануға тура келеді, бірақ бір немесе бірнеше қайталаудағы барлық варианттар, тарихы біркелкі учаскеде орналасқаны жөн. Учаске таңдағанда болашақ тәжірибенің біркелкілігін бұзатын кездейсоқ факторларға көңіл бөлуге тура келеді. Тәжірибені тұрғын үйлерге, мал қораларына, орманға 50- 100 м, жеке ағаштардан қашықтығы 25-30 м, жол торабына 10-20 м дейін жақын орналастырмайды.
Топырақтың ала-құлалығын тудыратын неше түрлі себептерді де, ескі жол, мал тұрған орын, көң жиналған жер, құрылыс қалдықтары, ескі су тұғырлары, арықтар және т.б. ескерген жөн. Топырақтың біркелкі болмауын көрсететін кездейсоқ факторлар топырақтың құнарлылығына ұзақ уақыт әсер етеді.
Жер учаскесі қойылатын талапқа сәйкес болғаны анықталғаннан соң тәжірибе учаскесінің топырағын зерттеу басталады. Тәжірибе уческесінің топырағының типтілігін оны зерттемей тұрып айтуға болмайды. Сұрақты шешу үшін топырақ картасын пайдаланады, ол болмаған жағдайда топы- рақты ұзақ зерттеу қажет болады.
Топырақты зерттеудің негізгі мақсаты, тәжірибе учаскесінің топырағына сипаттама беріп, тәжірибені жақсылап қоюға мүмкіндік жасау болып табылады. Дегенмен, қаншалықты жете зерттеу жүргізсе де топырақтың микроала - құлалағын анықтау мүмкін емес. Сондықтан болашақ тәжірибе учаскесіндегі мәдени дақылдар немесе жабайы өсімдіктердің жағдайын бірнеше жыл бақылайды. Осындай бақылау, құнарсыз және құнарлы топырақтардың қайда орналасқанын айқындауға, арамшөптермен ластану дәрежесін ескеруге мүмкіндік береді.
Көпшілік жағдайда тәжірибе уческесі тегіс немесе аздаған ғана еңіс болғаны дұрыс (100 метрге 1-25 м). Топырақты ылғандандыруға 0,005-0,01 аралығындағы еңістік ыңғайлы болады. Әр түрлі еңістердің әсерін, топырақ эрозиясын және т.б. зерттегенде, жеке қайталауларды еңістің әр түрлі дең- гейінде немесе еңістің ұзын, созылыңқы бойымен мөлдектерді орналас- тырады.
Жер учаскесін алдын-ала зерттеу, оны шамалы түсінуге мүмкіндік береді. Топырақтың біркелкілігін тереңірек білу үшін тегістеу және рекогносцировті егісті пайдалану қажет болады. Өндірістік жағдайда жерді дайындау мен зерттеуде бір, кейде екі тегістеу егісін жүргізеді. Тәжірибе
жүргізетін мекемелерде тегістеу егісін бөлшектеп, жеке, кішігірім мөлдек- термен жүргізеді, мұндай егіс рекогносцировты деп аталады.
Тегістеу егісі деп белгілі бір дақылды барлық таңдап алынған учаске топырағының құнарлылығының біркелкілілігін жоғарлату үшін егуді айтады. Тегістеу егісінің шаруашылықтағы егістен айырмашылығы, топырақты өңдеу, тыңайтқышты беру және дақылды егу болашақ тәжірибеде жоғарғы агротехника дәрежесінде, ұқыпты және біртектес жүргізуінде.
Бұрынғы танаптарда әртүрлі жүргізілген агротехникалық тәсілдердің әсерінен болған жер учаскесінің ала-құлалығын, бірнеше жылдар бойы тегістеу егісін пайдалану арқылы жоюға болады. Тегістеудің тиімділігі, жыл сайын жүргізілген жоғарғы дәрежелі агротехникаға байланысты.
Әктеу, көңді, минералды тыңайтқыштарды жүйелі беру, әсіресе фосфор- лы тыңайтқышты, жыртылатын қабатты тереңдету және т.б. және топырақты қатты өзгеріске ұшыратқан топырақтың өзінің даму үрдісінен болған айырмашылықтарын тегістеу егісімен жоюға болмайды. Осындай егістің негізгі міндеті - өте қатты әсер етпейтін тәсілдердің әсерінен болған ала- құлалықты жою мен арамшөптермен күресті ұқыпты жүргізу болып табылады. Сондықтан тәжірибеге дайындарған жер учаскесіне кейде парды немесе отамалы дақылдарды орналастырған дұрыс, одан соң аймаққа байланысты астық дақылдарының бірін пайдаланса болады.
Тегістеу егісінің топырақ ала-құлалығын тегістеу мен арамшөптермен күресуден басқа тағы бір маңызды міндеті бар – ол болашақ тәжірибеге фон жасау (топырақ өңдеу, тыңайтқыш, алғы дақылдар және т.б.).
Өндірістік жағдайда тегістеу егісінің маңызы, өсімдіктердің біркелкі болуын көзбен бағалау жердің тәжірибе қоюына жарамдылығын төрелейтін шешімді критерийі болуында. Ол кейде құнарлылығы жағынан біркелкі болатын және тіпті жарамсыз, мысалы, егін сабағының өте күшті алалығын, сордың белгісін және т.б. учаскелерді көрсете алады. Топырақ құнарлылы- ғының ала-құлалығын көзбен шолып бағалау болмаса, онда болашақ тәжірибе нәтижелерінің мәнді болуына сенім болмайды.
Өнімді бөлшектеп есептеу танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі жағдайын жасайтын материал береді. Тегістеу егісін көзбен шолып бағалауды қолданып, және осы жалпы теориялық жағдайға сүйене отырып, тәжірибелі экспериментатор практикада келешектегі танаптық тәжірибені қанағаттанарлық жоспарлап – мөлдектің пішінін, көлемін, қайталауды және орналастыруды, тегістеу егісін бөлшектеп есептемей-ақ анықтайды.
Рекогносцировты егісті бөлшектеп есептеудің болмауы танаптық тәжірибеге дұрыс әдістемені қолдануға ешқандай кедергі болмайды. Сон- дықтан, біздің елде, шет елде де көп материалды шығын қажет ететіндіктен бөлшектеп есептеуді қолдануға күмәндәніп, қажеттігі жоқтығын негіздеп отыр, ал статистикалық көрсеткіштерді жүйеге келтіріп есептеу үлкен және күрделі жұмыс екенін көрсетті.
Шынымен де танаптың тәжірибе қоюға жарамдылығын анықтау мен әдістемесін жасау үшін бөлшектеп есептеудің статистикалық өңделген мәліметтерінің болуы міндетті емес. Осы мақсатқа жету үшін тек топырақты тексеріп, тегістеу жүргізіп, танаптың тарихын зерттеп және құнарлылықтың құбылмалылығын тегістеу немесе шаруашылық егісінде көзбен шолу арқылы бағалауға болады.
Бір жылдық дақылдармен жаңа жерде жүргізілген тәжірибелерде рекогносцировты егісті бөлшектеп есептегеннен көрі, тәжірибе қайталауын көбейту қолайлы.
Қазіргі уақытта танаптық тәжірибе әдістемесі қажетті деңгейде жаса- лынғандықтан, рекогносцировты егісті бөлшектеп есептеу тек ерекше арнайы жағдайларда, мысалы көпжылдық стационарлы тәжірибелерді қойғанда ғана ақталады.
Құнарлылығы жағынан біркелкі учаскелерді белгілеу, мөлдектердің дұрыс көлемі мен пішінін және орналастыруын анықтау, яғни келешек тәжірибенің жоспары, және экспериментатордың келешектегі тәжірибе қателіктерін жоспарлағаннан шыққан қажетті қайталауды есептеу – бір жылдық және көп жылдық дақылдар өнімін бөлшектеп есептеудің маңызы осында. Тәжірибе құрылымын оптималды жоспарлаудың сенімді әдісі – бөлшектеп есептеуге арнайы үлгі сияқты шартты тәжірибені қою. Болашақ экспериментті үлгілеу жоспары зерттеу міндетімен, тәжірибе жүргізудің техникалық жағдайымен және жер учаскесінің құнарлылығының өзгергіш- тігімен сәйкестендіріліп іске асырылады. Шартты біркелкі тәжірибе нәтижелері статистикалық дисперсиялық талау әдісімен өңделеді және нағыз тәжірибе үлгілі тәжірибенің оптималды вариантына бейімделеді.
