Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Тәжірибе учаскесін бөлу үшін қолданылатын аспаптар мен құралдар.

  2. Тәжірибе контурын белгілеуді неден бастайды?

  3. Сорт зерттейтін тәжірибеде мөлдек бойындағы қорғаныш алқабын қалдыру міндетті ме?

    1. 24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар

Зерттеуші үшін маңызды ереже танаптық тәжірибедегі немесе бірнеше қайталаулардағы зерттеуге кірмеген – барлық агротехникалық жұмыстардың бірмезгілде орындалуы. Бұл талап стационарлы тәжірибе танабында және өндірісте өте қатаң орындалуы керек, осыларға сәйкес тәжірибе учаскесінде, тәжірибе танабында еңбек ұйымдастырылуы қажет.

Топырақ өңдеу мерзіміндегі аздаған үзіліс, егер осы уақытта, мысалы жаңбыр жауса, тыңайтқыш берудің арасында тіпті бар жоғы 6-8 сағат үзіліс болса да өсімдіктің өсіп және даму арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Өкінішке орай, осы бірғана айырмашылықтан туатын әдістеменің маңызды талабы нұсқа саны көп үлкен мөлдекті тәжірибені жоспарлағанда жиірек естен шығып кетеді. Сонымен бірмезгілділік, тең сапалылық және жеделдетулілігі барлық тәжірибе жұмысындағы агротехникалық талаптарды орындауға қоятын бірінші және маңызды талаптар. Басқа жалпы талап – барлық орындалатын жұмыстың жоғары сапалылығы. Тәжірибе учаскесін- дегі агротехникалық фон зерттелетін тәсілден немесе сорттан оптималды эффектілік көрсету үшін өндірістік жағдайға қарағанда жоғары болуы керек.

Мұнда фактордың әсерін анықтауға кедергі болмайтын прогрессивті агротехникалық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Мысалы, азот тыңайтқышын зерттегенде азотқа бай органикалық тыңайтқышты жалпы фон ретінде беруге болмайды. Агротехникалық фонды жасау барысында басты көңілді зерт- тейтін тәсілдер мен сорттарды салыстыратын оптималды жағдай жасауға және механизацияны максималды пайдалануға бөлу керек.

Себу мен отырғызу. Тәжірибе учаскесінде себу немесе отырғызуды сапалы жүргізу үшін себу және отырғызу техникасына және себудің

техникалық сапасына көңіл бөлу қажет. Тәжірибеде себу мөлшерін массасы бойынша емес, өсетін тұқым өнгіштігі арқылы анықтаған дұрыс.

Тәжірибе учаскесінде ереже бойынша себу бір күнде жүргізілуі керек. Көптеген зерттеушілер жаздықтардың себу мерзімінің арасындағы 4-6 сағат айырмашылық, өнімнен 1-2 ц/га айырмашылығы болатынын көрсеткен. Жалпылай егуді міндетті түрде тәжірибенің барлық мөлдектерінде көлде- неңінен жүргізіледі. Мұнда сепкіштің бірінші жүруін жіп бойынша немесе сол бойынша алдын-ала жасалынған арықпен жасайды.

Сепкішті мөлдекке кірерден 1-1,5 м жетпей бұрын оталдырып және танаптың шекарасынан шыққаннан кейін ғана өшіреді. Түреннің жұмысын, жәшіктегі тұқымдар санын және олардың онда біркелкі болуын ұқыпты қадағалап отырады. Сепкішті жұмыс барысында тоқтатуға мүлдем болмайды, себебі тоқтағаннан кейін оны 0,5-1 м артқа итермесе, қателік жіберіледі.

Отамалы дақылдарды сепкенде немесе отырғызғанда мөлдектегі қатар- лар саны бүтін болғаны дұрыс, ал өсімдік саны барлық мөлдектерде қатаң бірдей болып, қажетті қалыңдылыққа сәйкес болуын қадағалау қажет.

Өсімдікті және тәжірибе учаскесін күтіп-баптау. Тәжірибе танабын- дағы өсімдіктерді күтіп-баптаудың сәйкес өндірістік жағдайындағы дақыл- дарды күтіп-баптаудан айырмашылығы жоқ.

Барлық жұмыстар уақытылы, ұқыпты және бірқалыпты жүргізіледі. Отауды, қатараралық өңдеуді және т.б. шараларды тәжірибе мөлдектерінің барлығында уақытты созбай жүргізеді. Арамшөптермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар нұсқаларды салыстыруын бұзады.

Тәжірибедегі арнайы жұмыстарға: жалды жасау, тазалау, жіп бойынша танаптар соңын тегістеу, қорғаныш алқабын жасау, қазықтар мен этикет- каларды уақытысымен қою және т.б. жатады. Тәжірибе сипатына және өнімді есепке алу әдісіне қарай әр мөлдекте есепке алатын және қорғаныш бөліктерін белгілейді. Тәжірибенің айналасындағы қорғаныш алқабына қарамастан, ұзындығы 2-5 м, соңындағы қорғаныш алқабын, ал көрші мөл- дектер арасындағы ені 1-2 м бүйіріндегі қорғаныш алқаптарын қалдырады.

Жалпылай себілетін дақылдарда қорғаныш алқабының барлығын өскін пайда болғаннан кейін белгілейді. Сорт зерттейтін немесе көрші мөлдекке әсері мәнсіз агротехникалық тәсілдерді зерттеген тәжірибелерде бүйіріндегі қорғаныш алқапты қалдырмайды және оларды мөлдектер арасында ені 30-40 см себілмеген жолмен айырбастайды. Себілген жолды кеңірек қалдыру тиімді емес, өйткені топырақты арнайы өңдеу қажеттігі туады.

Отамалы дақылдарда соңындағы қорғаныш алқаптары қатараралық өңдеу кезінде, ал бүйіріндегі өнімді жинар алдына жасалады. Бүйіріндегі және соңындағы қорғаныш алқабындағы өнімді, мөлдектің есепке алатын бөлігінен жеке және ерте жинап алады. Өскін пайда болғаннан кейін және жолды жасағаннан кейін этикеткалар қойылады. Тәжірибе учаскесінің ең басына тәжірибенің аты жазылған үлкен этикетка қойылады. Мөлдектегі этикеткадағы жазу қысқа және нұсқаның негізгі айырмашылығын түсінікті

көрсететіндей болуы керек. Тәжірибе территориясының барлығында тазалық және тәртіп сақталады. Орылған шөп, сабан қалдықтарын қалдырмау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]