- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Тақырып. Жиынтық және іріктеу
Барлық статистикалық әдістер ықтималдылық теориясына негізделген, ол әртүрлі табиғаттың жалпылама кездейсоқ құбылысының жалпы заңды- лығын зерттейтін ғылым, онда экспериментті жоспарлау мен зерттеу, пара- метрлерді бағалау, болжамды тексеру және күрделі жүйелерді зерттегенде шешім қабылдауда тоғысады.
Қазіргі статистикалық өңдеу әдісі тек бақылауды және алынған тәжірибе мәліметтерін сандық сипаттау үшін емес, эксперименттің жоспарлаудан соңғы нәтижелерін интерпретациялауға дейінгі барлық кезеңдерінде қажет. Статистикаға негізделген зерттеулер болмаса, ауылшаруашылық дақылда- рының өнімділігін жоғарылататын жаңа агротехникалық тәсілдер, кеңінен қолданылған препараттар, олардан күтетін үмітті ақтай алмайды.
Статистикалық әдіс өздігінен зерттелетін құбылысты алдын ала агроно- миялық мәнін білікті талдаған және дұрыс қойылған тәжірибемен бірікпесе, онда экспериментатордың білетініне ешнәрсе қоса алмайды.
Ұқыпсыз жүргізілген тәжірибе материалдарын ешқандай статистикалық өңдеу арқылы жақсы нәтижелер бере алмайды. Экспериментатордың басты міндеті – төзімді, мақсатты тәжірибе қою, ал математикалық статистика агрономиялық зерттеу тәжірибесін жүргізуге оптималды жағдай таңдауға көмектеседі, эксперименттік мәліметтерге шын сапалы баға береді.
Әрқилы көптеген жалпы құбылыстар, мысалы танаптағы өсімдік немесе фермадағы мал тобы, әрқайсысы ерекше жағдайдағы фактілер, заттардың жиынтығы, яғни кейбір шартты бірлік, әрқайсысы жеке қатаң дербес және басқалардан бірқатар белгілерімен – биіктігі, массасы, өнім санымен және т.с.с. өзгешеленеді. Әр белгі әртүрлі дербес белгілерінің байқалу дәрежесі де әрқилы, сондықтан белгі ауытқиды дейді.
Бірліктің шартты қасиеті - өсімдік, танаптық тәжірибедегі қатар мөлдек- тердегі өнім және т.б., тіпті біртекті жиынтықтардың бір-бірінен айырма- шылығы болуын - өзгергіштік немесе ауытқушылық деп атайды. Өзгергіштік табиғаттағы барлық заттарға бейім: ешқандай айырмашылығы жоқ бірдей екі зат болмайды, бірақ олардың арасындағы бұл айырмашылық көзге көрінбеуі де мүмкін.
Белгілердің өзгергіштігі, ауытқуы, белгілі бір ауытқу топтамаларына сипаттама беруде жекелеген белгілермен немесе екі топтан айырмашылық табу қиыншылықтар туғызады.
Белгілері бойынша барлық дербестер жиынтығын зерттеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда жалпы қорытынды беру үшін зерттеуге бір бөлігін ғана алады. Бұл әдісті іріктеу деп атайды және жиынтықты статистикалық зерттегенде негізгі болып саналады.
Сонымен, зерттеуге алынған нысананың барлық тобын жиынтық немесе генералды жиынтық деп, ал тексеруге, зерттеуге түскен нысананың бөлігін – іріктеу жиынтығы немесе іріктеу дейді.
Бас жиынтықтағы және іріктеудегі элементтер санын олардың көлемі деп атайды. Ғылыми зерттеудегі іріктеу әдісінің мақаты – салыстырмалы шектелген құралдар көмегімен жекелеген құбылысты зерттеуге, мүмкін немесе кездесетін құбылыстарға бейім сипатын және заңын анықтауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
Іріктеу деген не?
Бас немесе жалпы жиынтық деген не?
Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
Арифметикалық орта (х), дисперсия (s2), стандартты ауытқу (s), арифметикалық ортаның қателігі (sх), вариация коэффициенті (V), іріктеу орташасының салыстырмалы қателігі (sх %) санды құбылмалылықтың негізгі статистикалық сипаттамасы болып табылады.
Арифметикалық орта дегеніміз, тұтас алғандағы барлық жиынтықтың жалпылама және абстракты сипаттамасы. Егер барлық нұсқалардың қосын- дысын (Х1 + Х2 + ... +Хn) ∑Х арқылы, ал барлық нұсқаның санын n арқылы белгілесек, онда қарапайым арифметикалық ортаны анықтайтын формула мынадай болады:
x = ∑Х/ n
Салыстырылған арифметикалық орта мына формуламен есептелінеді:
х = f1 · Х1 + f2 · Х2 + . . . + fn · Хn / f1+f2+ . . .fn =∑f · Х/ n Мұнда Х – белгінің нұсқа мәні;
f - әр нұсқаның, белгінің кездесу жиілігі;
n - өлшенген белгілердің жалпы саны, барлық жиіліктің қосындысы (n
= ∑f).
Арифметикалық ортаның негізгі қасиеті онан барлық оң және теріс ауытқулар қосындысының орта ауытқуларының қосындысы нөлге тең болады.
∑ (Х-х) = (Х1 - х) + . . .+ (Хn - х) = 0
Егер ∑ (Х-х) нөлге тең болса, онда есептеуде қате кеткені.
Дисперсия s2 пен стандарттық ауытқу s ерекшелігінің зерттелмекші белгінің шашыраңқылығының негізгі өлшем қызметін атқарады. Диспер- сияның өзі еселенген ауытқулар қосындысынан ∑ (Х-х)2 бірі кем барлық өлшемдердің санына бөлгендегі бөліндіге тең:
s2 = ∑ (Х-x)2/ n – 1
Дисперсия өлшемділігі зерттелетін белгі өлшемділігінің еселенгеніне тең. Мұның өзі ыңғайсыз және шашыраңқылықты өлшемдес стандарттық немесе еселенген ауытқу деп аталатын басқа сипаттама енгізуге мәжбүр етеді. Оны дисперсиядан еселенген түбір табу арқылы алады.
s
= S
2
=√s2
=
√(Х-х)2/
n
–
1
Егер бастапқы байқаулар топтастырылып және топтардың жиілігі f арқылы белгіленсе, онда дисперсия мен стандарттың ауытқуы мына формуламен есептеледі:
s2 = ∑ f (Х-х)2/ n – 1 және s = S 2 = √∑(Х-х)2 / n – 1;
Дисперсияны (s2) есептеу үшін арифметикалық ортадан (Х – х) барлық нұсқаулардың (Х) ауытқуларын тауып, ондай әрбір ауытқуды еселенген дәрежеге шығу (Х - x)2 және бұл еселенгендердің қосындысын ∑(Х-x)2 барлық өлшемдердің бірге кем санына (n – 1) бөлу керек. Стандартты ауытқуды есептеу үшін осы дисперсиядан еселенген түбір тапса жетіп жатыр.
Кез-келген орта шаманы анықтауда барлық нәтижелердің қосындысын бір-біріне тәуелсіз шамалардың санына бөлу қажеттігі математикалық статистикадан мәлім. Осыған байланысты формулаларда ауытқулар еселен- гендерінің қосындысын ∑ (Х-x)2 бақылаулардың жалпы санына емес, бірге кем санға бөледі, оған себеп кез-келген бағынышты бір ауытқу мына теңдік
∑(Х-x)=0 арқылы есептеуге болады. Осылай ауытқулардың еркін ерекше- ленуі де, кез-келген мағынаға ие болуы да мүмкін. Еркін ерекшеліктік шамалардың саны дәрежелік еркіндік саны немесе ерекшеліктің дәрежелік еркіндік саны деп аталады. Ол «v» арқылы белгіленеді және қалыпты жағдайда n - 1-ге тең.
Арифметикалық ортаны (х) есептеуде барлық шамалар бір-біріне тәуелсіз, сондықтан олардың қосындысын нұсқаулардың жалпы санына «n» бөледі. Бірақ Х1-ден Хn-ге дейінгі байқаулар қатары белгілі болып тұрғанда қатардың әрбір мәнін, сол «n» сияқты әрбір ауытқуы (Х – х), х-тің мәні мен қатардың n-1 нұсқаларының мәндері бойынша оңай анықтауға болады. Шынында да, кез-келген ауытқу қарама-қарсы таңбамен алынған былайғы ауытқулардың шамаларына байланысты да, сан жағынан олардың қосын- дысына тең, өйткені барлық ауытқулардың қосындысы ∑(Х- x) = 0. Сол себепті бізге белгісіз ауытқу бұл қосындыны нөлге әкелуге тиіс. Демек, кез келген бір нұсқаның х-тен ауытқуы ерекшелену еркіндігінен айырылтады
және былайғы нұсқалардың ерекшеленуімен, яғни n-1 арқылы дәлме-дәл анықталады. Осыған байланысты s2-нан s-ті анықтау кезіндегі тәуелсіз шамалардың саны n-ге емес, (n-1)-ге тең болады.
Дисперсия мен стандарттық ауытқуды негізгі формулалар бойынша есептеп шығару кезінде техникалық қолайсыздықтар жиі кездеседі. Арифметикалық орташа әдетте бөлшек сан болады да сол себепті орталық ауытқулар (X-х) және олардың ерекшеленулері (Х-x)2 көп мағаналы болып келеді. Бұл есеп жұмысты қиындатып, қателікке ұрындырады. Сондықтан s2
пен s-ті табудың арифметикалық есептеулерін біршама жеңілдететін әлде- неше тәсілі жасалған. Олар орталық ауытқулар еселенгендерінің қосын- дысын ∑(Х- x) 2 табу үшін кез келген «А» санының (оның шартты орта немесе әйтеуір бір бастапқы сан болуы мүмкін) ауытқуын алу жеткілікті дейтін тұжырымға негізделеді және оларға мына формула арқылы амал қолдануға болады.
∑(Х- x) 2 =∑(Х- A) 2 - [∑(Х- A)]2/ n = ∑Х1 2 - (∑Х1) 2/n.
Егер шартты орта (немесе әйтеуір бір бастапқы сан) деп нөлді алсақ, онда мынадай түрге келеді: ∑(Х- x) 2 = ∑Х 2-(∑Х) 2/n.
∑Х 2 - (∑Х) 2/n формуласы көп мағналы сандары бар үлкен топтар үшін дисперсия мен стандартты ауытқуды есептеу кезінде жұмысты мейлінше
жеңілдетеді. Шартты ортаны «А» айырымы (Х-А) мүмкіндігінше аз болатын- дай етіп іріктейді. «А» шамасы көбінесе осы қалай деген ортада жуықтай- тындай етіп бүтін сан алады. Бұл жағдайда арифметикалық орташаны x = A+
∑X1 / n формуласы бойынша есептеп шығарады.
Аз мағыналы сандары бар кішігірім топтар үшін ауытқулар еселендіруінің қосындысын ∑(Х- x) 2 = ∑Х 2-(∑Х) 2/n формуласы бойынша табу жеңіл.
Стандарттық ауытқу берілген жиынтықтан алынған жекелеген байқау- дың неғұрлым мүмкін болатын орта қатесі туралы түсінік беретін көрсеткіштің қызметін атқарады. Байқаулардың шамамен 2/3 бөлігі, дәлірек айтқанда барлық нұсқалардың 68,3%-ы яғни шамалардың зерттелетін қатарының негізгі кіндігі бір мәнінің ( 1s) көлеміне сияды. Сол себепті стандарттық ауытқуды ерекшеленулік қатардың негізгі ауытқуы деп те атайды. Сондықтан 1s -тен осылай түсетіндей ⅔ тен ауытқулар болуы мүмкін, бірақ олардың ықтималдығы Is -тен қашықтаған сайын үнемі азая береді. Мысалы 3s шамадан артық х-тен ауытқитын нұсқаның ықти- малдығы бар болғаны 0,3% маңайында. Сол себепті стандарттық ауытқудың үш еселенген мағнасын жекелеген байқаудың шекті қатесі деп атауға келісілген, сондықтан да ерекшелену қатардағы нұсқалардың барлық мағнасы дерлік 3s-тің көлеміне сияды. Орта еселенген ауытқудың алты еселенген мәні: (+3s-тен – 3s-ке дейін) байқаулар қатарының ені және оның шашырай орналасуы туралы айқын түсінік береді.
Ерекшелену коэффициенті V дегеніміз, пайызбен көрсетілген стандарт- ты ауытқудың берілген жиынтықтың – арифметикалық орташасына қатынасы.
V= s/x ·100%
Ерекшелену коэффициенті құбылмалылықтың салыстырмалы көрсет- кіші болып табылады. Ерекшелену коэффициентін пайдалану тек оң мәні болатын белгі ерекшеленуін зерттеген жағдайда ғана қисынды. Ал ерек- шелену белгісі оң да, теріс те мәнге ие болатын жағдайда, мәселен орташа жылдық температураның құбылуы 00 болғандағы ерекшелену коэффициентін пайдаланудың қисыны жоқ. Құбылмалылықты, егер ерекшелену коэффи-
циенті 10%-дан асатын, бірақ 20%-дан кем болса, орташа; егер ерекшелену коэффициенті 20%-дан астам болса әжептеуір деп есептеу келісілген.
Материалдың теңестірілімдік дәрежесінің сипаттамасы үшін кейде ерекшелену коэффициентінің мәнін 100-ге дейін толықтыратын шаманы пайдалану тиімді: бұл көрсеткіш теңестірімділік коэффициенті деп аталады, оны В = 100 - V теңдігі бойынша анықтайды.
Құбылмалылық пен теңестірілімдік коэффициенттері пайызбен өрнек- телген атаусыз сандар болмағандықтан әр түрлі өлешемділіктің, мысалы, биіктік пен салмақтың, азоттың мөлшері мен жапырақтар көлемінің (шығымдылығы әр түрлі зығыр талшығы мен тамыржемісті дақылдар шамаларының құбылмалылығын салыстыруда да) ерекшелену белгілерін салыстыруға мүмкіндік береді. Бірдей өлшемдік белгілерінің ерекшеленуін зерттеу кезінде белгілі бір сақтық қажет, олай етпесе ерекшелену коэф- фициенті құбылмалылық туралы, мысалы, x пен s-тің әртүрлі мәндерінде
жалған түсінік беруі мүмкін. Мұндай жағдайларда ерекшелену дәрежесін s2 немесе s шамасы бойынша бағалау қажет.
Іріктелеген ортаның қатесі немесе іріктеу қатесі sх барлық (бас) жиынтық ортасынан ө алынған іріктелген орта х ауытқуының өлшемі болып табылады. Іріктеу қатесі іріктелген жиынтықтың репрезентативтік (келіс- тілік) толық болмауынан пайда болады және зерттеудің іріктелген тәсіліне ғана тән. Олар барлық бас жиынтыққа жүргізілген іріктеуді зерттеуде алынған қорытындылардың орын ауыстырумен байланысты. Бұл қателердің шамасы зерттелмекші белгінің құбылмалылығының дәрежесіне және іріктеу көлеміне тәуелді.
Іріктелген ортаның қатесі іріктелген стандарттың ауытқуына тура пропорционал да, өлшемдер санының n еселену түбіріне кері пропорционал, яғни.
sх = s/√ n = √s2/n.
Іріктеу қатесі ерекшелену белгісінің өлшем бірлігімен өрнектеледі және өзіне сәйкес келетін ортаға ұ белгісімен қосылып, яғни x ұ sх болып жазылады.
Арифметикалық орта қатесі тәжірибе үшін алынған материал неғұрлым аз ерекшеленсе және арифметикалық орта өлшемдердің неғұрлым көп мөлшерімен есептелсе, соғұрлым аз болады.
Сәйкес орташадан пайызбен алынған іріктеу қатесі іріктелген ортаның салыстырмалы қатесі деп аталады.
sх% = sх/x · 100.
Орта салыстырмалы қатесін көбінесе Р әрпімен белгілейді де «тәжірибе дәлдігі», «талдау дәлдігі» деп атайды. Осынау сіңіскен түсіністікті мейлінше сәтсіз түсінік деп алмасқа болмайды. Іріктелеген ортаның бір ғана мәнінде ортаның салыстырмалы қатесі Р шамасының ұлғаюы тәжірибелі дәлдігінің қатесі неғұрлым көп болған сайын салыстырмалы қате де жоғары болады. Көрсетілген жағдай «дәлдік» ұғымына қосмәнділік бөлігін (элементін)
беретіндіктен тәжірибе жұмысының сапасын бағалау және егіс алқабындағы тәжірибені сұрыптау үшін Р шамасы негізсіз пайдаланылып жүр. Мәселен, егер Р 5%-дан асырса, онда әдістемені жетілдіру, ал Р> 7-8% болса, тәжі- рибелері жарамсыз деп табу ұсынылады.
Мәлесеге бұлайша қарау мейлінше шартты, өйткені Р тек ғылыми зерттеудің (эксперименттің) әдістемесі деңгейіне ғана емес, өсірілетін дақылдық шығымдылығына да тәуелді. Шығымдылық деңгейінің есебінсіз практикалық жағынан абсолюттік қателері тең, соған байланысты дәлдігі жағынан да бірдей тәжірибелер Р-нің шамасына қарай әртүрлі жіктелулері мүмкін.
Мысалы, құнарлылығы төмен, орташа және жоғары, тиісінше гектарына 14,25 және 45 центнерден орташа шығымдылығы бар өнімдерін дәнді дақылдарға жүргізген тәжірибелерде қателердің мәні бірдей sх≈1,5 ц/га болуы мүмкін. Өлшемі үшін абсолюттік қате Sx≤ алынатын нақты дәлдік бойынша бұл тәжірибелер бірдей. Алайда Р-нің шамасына қарай бірінші тәжірибені
«дәлділікке» жатқызып, жарамсыздар қатарына шығарады (Р=10,8%), екіншісі үшін «дәлдіктің» төмен болуының (Р-6,0%) себептерін анықтау керек, ал тәжірибе жеткілікті түрде «дәл» (Р=3,0%) жүргізілген. Бұл жағдайда Р-нің шамасы тәжірибені нақты дәлділікке қатысты ғылыми тұтынушыны қателестіруі әбден мүмкін.
«Тәжірибе дәлділігі» дейтін түсінікті, жергілікті негізсіздігімен қосмән- ділігі салдарынан біз алдағы уақытта мұны пайдаланбаймыз. Ортаның салыстырымды қатесін белгілеу үшін Р әрпін онан әрі пайдалану қарсылық туғызады. Математикалық статистика жөніндегі жетекші құралдар мен оқулықтарда бұл әріппен ықтималдық белгіленетіні мәлім. Сол себепті бұл еңбекте салыстырмалы қателікті sх % арқылы белгілейді.
Үлестірім ілімі. Байқаулар қорытындысының жиынтығы жиіліктерінің
эмпиризмдік және үлестірім ілімі болады.
Іріктеуді зерттеу кезінде алынған өлшемдер қорытындысының үлес- тірімі эмпиризмділік үлестірім деп аталады. Өсімдіктің биіктігі мен салмағына қарай үлестірімі, мөлдектік шығымдылығына қарай бөлшектеп есептеудегі үлестірімі т.б. Оның негізінде бас жиынтықтағы, яғни байқаулар саны өте көп (n→∞) болғандағы кейбір үлестірім ілімімен сипатталатын белгілі бір математикалық заңдылықтар жатады.
Үлестірімдер ілімі негізінде кейбір ғылыми болжамдарды тексеру үшін пайдаланатын статистикалық белгілерден (критерилер) тұрғызылады. Зерттеу жұмысында алға қойылған белгілі міндет үшін қалыптыдан еркіндік дәрежелерінің шектелген санындай алынатын қалыпты үлестірімге немесе арнаулы үлесірімге мейлінше жиі сүйенеді.
Қалыпты үлестірім. Қалыпты немесе гаусcтік үлестірім деп үздіксіз кездейсоқ Х ықтималдарының үлестірімін айтады, ол мына функциялармен бейнеленеді:
Y=1/у√2р·e-0,5(X-ө/у)2
мұндағы: Y – қисық сызықтың ординаты немесе ықтималдығы; ө - басты орта (математикалық күту);
σ - басты жиынтықтың (n→∞) стандарттың ауытқуы; р мен е – тұрақты шамалар (π= 3,14; е = 2,72)
Қалыпты үлестірім қисық сызығының орналасуы мен түрі екі параметрмен: үлестірім кіндігіне орналасқан басты ортамен ө де және ортаның төңірегіндегі жекелеген байқаулар ерекшеленулері өлшейтін стан- дарттық ауытқумен де анықталады.
σ -нің әртүрлі мағнасы үшін қалыпты үлестірім қисық сызығымен шектелген байқаулар пайызы (ауданы).
Қалыпты үлестірімнің максимумы, немесе кіндігі, Х = ө нүктелігінде жатады, қисық сызықтың иілу нүктелерін Х = ө- σ және Х2 = ө+σ жағдайында табады, ал Х ∞ болғанда қисық сызық нөлдік мағнаға жетеді.
Қисықты үлестірімінің қисық сызықтары өздерінің түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Қисық сызықтың түрі зерттелетін белгінің ерекшелену дәрежесіне, яғни стандарттың ауытқу шамасына толығымен сәйкес келеді. Ол неғұрлым үлкен болған сайын зерттелетін материал соғұрлым ерек- шеленеді, ерекшелену қисық сызығы жазыла түсіп, σ-ның мәні кішірейген сайын, ол ине пішіндес түрге ие болады.
ө-дан оңға және солға тербелу өрісі у шамасына байланысты және негізінен үш стандарттық ауытқудың шегінен шықпайды.ө 3σ шегінен тыс қисық сызықтың созылуын тәжірибе жүзінде байқауларды көп жүргізгенде ғана көруге болады, бірақ ординанттың бұл мәндерін ескермесе де болады.
Қалыпты үлестерім үшін мына заңдылықтар тән: x-нің барлық байқау- лардың 68,26%-ы үштен екіден астамы ө 2σ ауқымында жатады.
Кездейсоқ шамалардың барлық мәндерінің 95,46%-ы ө 2σ шегінің ішінде орналасады.
ө 3σ аралығының 99,73%-ын, демек, практикалық жағынан барлық мәндерді қамтиды.
Ортадан t стандарттың ауытқуы қисық сызықпен шектелген, барлық ауданның пайызбен өрнектелеген ауданының статистикалық сенімділік немесе ықтималдық Р, яғни ө t · σ ауқымында жататын белгі мәнінің көріну ықтималдығы деп атайды.
Ерекшелену белгісінің жөні көрсетілген шектерден тыс жататын ықтималдық мәнділік деңгейі Р1 деп аталады. Ол кездейсоқ шаманың ерекшеленуінің берілген шектерінен ауытқу ықтималдығын Р1 = 1 – Р көрсе- теді. Демек, ықтималдық деңгейі неғұлым көп болса, мәндік деңгейі соғұрлым және керісінше аз болса, мәнділік деңгейі соғұрлым көп болады.
Агрономиялық зерттеу практикасында 0,95-95% және 0,99-99% ықтималдықтармен пайдалану мүмкін деп есептеледі. Оларға 0,05-5% және 0,01-1% мәнділік деңгейі сәйкес келеді. Бұл ықтималдықтар сенімді ықтималдықтар деген атауға ие болған. Яғни олардың мәндеріне сенуге және сенімді түрде қайталауға болады. 0,95 = 95% ықтималдылықты қабылдай
қалғандағы кететін қатенің мөлшері 0,05 = 5% немесе бірдің жиырмаға қатынасындай ғана, 0,99 = 99% ықтималдықтағы қателесу мөлшері 0,01 = 1%-ға тең немесе 5/1 : 100.
Қандай бір зерттеу үшін болсын, сенімді ықтималдықты немесе мәнділік деңгейге таңдау қорытындылардың жауаптылығымен және ықтималдық- тарымен анықталады. 0,95 = 95% ықтималдығы 0,05 = 5% мәнділік деңгейі ауыл шаруашылық зерттеулердің көпшілігінде жарамды деп есептеледі.
t – Стьюдент үлестірімі. Қалыпты үлестірім заңы n >20-30 болғанда күшіне енеді. Алайда ғылыми-зерттеуші өлшеулерді көбінесе шектеп қана алып, өз қорытындыларында кішігірім іріктеулерге сүйенеді. Байқаулар саны көп болса, нәтижелері шамалас болады және көп аса ұтылуда байқалмайды. Мұны қалыпты үлестірімнің – кішігірім ауытқулардың байқалу ықти- малдығы үлкен ауытқулардың байқалу ықтималдылығынан көп болады дейтін заңмен оңай түсіндіруге болады. Осылайша абсолюттік шамасы 2s- тен асатын ауытқулар ықтималдыға 0,05-ке тең немесе 20 өлшемге бір жағдай, ал 3s-тен асатын ауытқулар ықтималдығы 0,01-ге тең немесе 100 өлшемге бір жағдай болады. Егер егістік тәжірибені 4-6 рет қайталап жүргізсе, онда қатар орналасқан мөлдектердегі шығымдылықтарға пәлендей ауытқу болмайды. Сондықтан шағын іріктеуге есептеген s стандарттық ауытқу көп жағдайда барлық бас жиынтықтағыдан кем болады. Демек, өз қорытындыларымызда қалыпты іріктелу белгілеріне сене беруге болмайды.
XX ғасырдың басынан бері математикалық статистикада шағын іріктеулер статистикасы деп аталатын жаңа бағыт қалыптаса бастады. Ағылшын статистігі және химигі В.Госсет 1908 жылы ашқан – үлестірім жаңалығының ғылыми зерттеу жұмысы үшін аса зор практикалық мәні болды. Ол Стьюдент үлестірімі (ағылшынша стьюдент – студент деген сөз, В.Госсеттің лақап аты) деп аталады.
Стьюдент үлестірімі t іріктелген орта үшін мына теңдікпен анықталады: t= x-ө/ s/√n = x-ө/ sx.
Формуланың алымы іріктелген ортаның барлық жиынтықтық ортасынан
ауытқуын көрсетеді, бөлімі s/√n=sx· у/√n =уө шамасын немесе бас жиын- тықтың орта шамасының стандарттық қатесін бағалайтын көрсеткіш болып табылады. Сөйтіп, t шамасы іріктеу ортасының жиынтық ортасынан sx ауытқуымен өлшенеді. Ал жиынтық ортасы 1-ге балай алған s іріктеу қатесінен s өрнектелді.
Стьюдент белгінің үлестірімі қосымшалардың 1-кестесінде келтірілген. Қалыпты және t – үлестірім жиіліктерінің максимумдары біріне бірі сәйкес келеді, бірақ t – үлестірімнің қисық сызығының түрі еркіндік дәрежелерінің санына түп-түгел бағынышты. Еркіндік дәрежелерінің мәні тым аз болғанда қисық сызықтың түрі тегіс төбелі қисық сызыққа айналады, мұның өзінде қисық сызықпен шектелген ауданның қалыпты үлестірімдегіден үлкен болады десе, байқау саны артқан сайын (n>30) t – үлестірім қалыпты үлестірімге жақындап, n→∞ жағдайында онымен үйлеседі.
Стьюдент үлестірімі t шағын іріктеумен жұмыс істегенде ерекше маңызды: ол орта жиынтықты қамтитын сенімді аралықты анықтауға және бас жиынтыққа қатысты қандай да болмасын ғылыми болжамды тексеруге мүмкіндік береді. Оның үстіне σ және ө жиынтықтар параметрлерін анықтап жатудың қажеті жоқ, қайта іріктеудің n белгісі көлем үшін олардың бағасы Х және S болса жеткілікті.
F – фишер үлестірімі. Егер қалыпты үлестірілген жиынтықты және n2 көлемді тәуелсіз екі іріктеуді алып, еркіндік дәрежелері v1=n-1 v2=n2-1
1
болатын s 2және s22
дисперсияларды есептеп шығарса, дисперсиялар
қатынасын табуға болады: F= s12/ s22
Дисперсиялар қатысының алымында үлкен дисперсия болатындай етіп алады, сол себепті F≥1.
Р.А.Фишер ашқан Заң*, яғни F – үлестірім v1 және v2 еркіндік дәрежелерінің санына ғана тәуелді. Салыстыратын екі іріктеу бас орталық ө ортақ жиынтықтан кездейсоқ алынған тәуелсіз іріктеулер болса, онда F-нің мәні шектен шықпайды және белгінің ілімдік мәні (F ілім) болатын v1 және v2 белгілі белгіден асып кетпейді.
Егер салыстырылатын топтардың бас параметрлері әртүрлі болса, онда Fнақты > Fтеор. Мәнділіктің 5%-дық және 1%-тің 5%-дық ілімдік мәндері қосымшалардың 2 кестесінде берілген, бірақ онда F≥1 үшін оң таңбалы белгі нүктелері ғана алынады, өйткені бұрын қалыптасқанындай үлкен диспер- сияның кішіге қатынасын табу көзделеді.
F-тің мүмкін болатын барлық мәні үшін, әсіресе байқаулар саны көп болған жағдайда үлестірім функциясынан алынған қисық асимметриялы болады, яғни оған үлкен мәндердің ұзын «ұшы» және F-тің аз шамаларының көп шоғырлануы тән.
Стьюденттің t – үлестірімі еркіндік дәрежелерінің саны v1=1, v2= v болғанда, яғни t – үлестірім үшін алынған еркіндік дәрежелерінің санына тең болғандағы F үлестірімнің жеке жағдайы екенін атап өтуіміз керек. Бұл жағдайда F пен t аралығындағы мынадай қатынасты байқаймыз:
F(v1=1· v2) = t2 (v2) және t = √F
χ2- үлестірім. χ2 (хи квадрат) үлестірімнің заңын К.Пирсон ашты. Хи
– квадрат функциясынан алынған үлестірім қисық сызығы χ2= ∑ (f – F)2 / F еркіндік дәрежелердің санына тәуелді. Мұндағы f – іріктеу саяқтар санының нақты, F – гипотетикалық жиіліктері болып есептеледі. Еркіндік дәреже- лердің өз саны үшін қисық сызық* Р.А.Фишер кездейсоқ шама ықтималдығы
2 2
үшін Z=log √s12/s22 үлестірімін берген еді. Кейінірек Дж. У.Снедекор F= s1 /s2
қосындысының үлестіріміне тікелей көшуді, оны Фишердің құрметіне F әрпімен белгілеуді ұсынды.
χ2 белгі немесе ұқсастық белгі, эмпириялық берілгендердің сәйкес- тендіру дәрежесін бағалау үшін белгілі бір ілімге алғы шартпен нөлдік болжаммен (Н0) пайдаланады. Егер χ2 нақты ≥ χ2 ілімі болса, ғылыми бол- жам жоққа шығарылады, ал χ2 нақты < χ2 ілімі болса, ғылыми болжам қажетке
жарайды. Нақты және ілімдік жағынан күтетін жиіліктеріміз үйлессе, онда χ2
= 0 болады.
Бір ескеретін жағдай χ2 үлестірім де t – үлестірім сияқты v1= v2 және v2=
∞ болғандағы F үлестірімнің жеке жағдайы болып табылады: F(v1, v2 =∞ )= χ2/ v.
