Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆
    1. Ғылыми агробиологияның әдісі

Табиғатта мәңгі өзгерістер, қозғалыстар және құбылыстар болып, материя заттары бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Мысалы, минералдық заттар органикалық заттарға, ал органикалық заттар минералдық заттарға айналады. Осындай құбылыстардың даму заңдылығын ашып, оны түсіндіруді ғылыми-зерттеу жұмысы деп атайды.

Агрономия ғылымы - сан салалы ғылым. Ол мәдени өсімдіктердің өнімділігін және сапасын арттырудағы қолданатын агротехникалық шарала- рының теориялық негізінің тәсілдерін табу жолдарымен шұғылданады. Сонымен, мәдени дақылдардың өнімділігін және сапасын арттыру теориясы мен зерттеу тәсілдерін іздестіру агрономия ғылымының күрделі міндеттері болып саналады.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін:

  • ғылыми білімді одан әрі жетілдіріп, ғылыми қызметкерлер дайындау;

  • дақылдардың биологиялық ерекшелігі мен оның егу тәсілдерін тәжіри- белер арқылы анықтау;

  • өсімдікті қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын тексеріп, оның сол ортадан қорек, энергия ала алатындығын бақылау арқылы анықтау;

-өсімдік түрлерін көбейтіп, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарын, жаңа түрлерін шығару жұмысымен үнемі шұғылданып отыру керек.

Мұндай мәселелерді шеше алу үшін белгілі бір агротехникалық тәсіл- дерді қолдана, сыртқы факторларға ықпал жасай өзгерте отырып, дақылдарға қажетті өсу және даму жаңғдайын тудыру керек. Бұның бәрі ғылыми агрономиялық зерттеу жұмысымен анықталады.

Салыстырмалы эксперименттің маңызды міндеті тәжірибеде зерттелетін нұсқаларға сандық баға беру. Зерттеу нұсқалармен салыстырылатын бір немесе бірнеше нұсқалар бақылау немесе стандарт деп аталады. Стандартты және тәжірибе нұсқаларының жиынтығы эксперимент нобайын құрайды.

Нұсқалар сапалы - сорттар, дақылдар, себу әдісі мен топырақ өңдеу, алғы дақылдар, т.б. және сандық – суғару, тыңайтқыштар мен пестицидтер мөлшерлері, топырақ өңдеу тереңдігі және т.б. Біраттас бақылау және зерттеу нұсқалары, мысалы зертханада Петри шынысы, вегетациялықта түтікшелер, танаптық тәжірибеде мөлдектер – қайталау деп аталады.

Агрономиялық зерттеулер негізінен төрт түрлі әдіспен жүргізіледі: зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік және танаптық.

Зертханалық әдіс - мәдени дақылдар мен оларды өсіру ерекшеліктері арнайы жабдықталған зертханада жүргізіледі. Зертханалық тәсіл химиялық, физикалық, физикалық-химиялық, микробиологиялық, цитологиялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл тәсіл жеке жүргізілуі мүмкін, бірақ көбінесе агроно- миялық зерттеулердің бір бөлігі болып саналады. Зертханалық тәжірибелерді

жәй және қатаң реттелетін жағдайда – жарықты, температураны, ауаның ылғалдылығы мен басқа факторларды қатаң реттелетін термостатта, бокста және климаттық камерада жүргізеді. Көптеген маңызды агрономиялық мәселелер зертханалық әдіспен ойдағыдай шешіледі.

Зертханалық тәсіл үшін агрономиялық ғылымда басты нысана - өсімдіктің болуы міндетті емес. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай экспериментатор, мысалы зертханалық жағдайда топырақ үрдістерінің жүру барысын, әртүрлі режимдер мен баланстарды, топырақтың тірі фазасының түр құрамы мен сандық өзгеруін зерттейді.

Вегетациялық эксперимент - өсімдіктер вегетациялық ыдыстарда (шыны, қыш, пластинка т.б.), зерттеуші өзгертіп отыратын, агрономиялық тұрғыда түсіндірілетін, жасанды ортада тәжірибе нұсқаларының арасындағы айырмашылықты анықтау мақсатымен және өсімдік өнімі мен оның сапасына зерттелетін факторлардың әсеріне және өзара әсеріне сандық баға береді. Субстрат (ыдыс ішіндегі қоспа) ретінде топырақ, құм, су қолданылады. Вегетациялық тәжірибеге қойылатын талап - зерттеу өсімдігінің болуы.

Вегетациялық әдістердің техникасын жетілдірудің нәтижесінде күрделі инженерлі құрылым – автоматтандырылған жасанды климат станциясы - фитотрон жасалынды. Фитотронда жыл бойы өсімдікке кез келген тіршілік жағдайын жасайтын зертханалық корпусы, оранжерейі, климаттық және суықтататын камералары бар. Бұл тек зерттеу жүргізудің серзімін ғана қысқартып қоймай сонымен қатар физиология, селекция, генетика және өсімдіктің қоректенуі бойынша іргелі (фундаменталды) теориялық мәселе- лерді де шешуге болады.

Лизиметрлік әдіс өсімдіктің тіршілігі мен топырақтың динамикалық үрдістерін танапта, жан-жағынан, астынан қоршаған топырақтан бөліп тұратын арнайы лизиметрлерде зерттеледі. Лизиметрлік әдістің вегетациялық әдістен айырмашалығы, өсімдік тіршілігі мен топырақ қасиеттерін зерттеу танапта, арнайы лизиметрде жүргізіледі.

Лизиметр конструкциясын анықтайтын негізгі жағдай – су мен ондағы еріген заттардың сіңуін зерттеуге мүмкіндік беретін қондырғы. Лизиметрдегі топырақ қабатының қалыңдығы 18-20 см-ден (өңделетін қабат) 1-2 метрге (тамырдың таралу қабаты) дейін.

Лизиметрлік тәжірибені егіншілікте, мелиорацияда, топырақтануда, агрометеорологияда, физиологияда, агрохимия мен селекцияда әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарының су балансын, атмосфералық жауын- шашынмен, суғаратын сумен құнарлы заттардың шайылуын, өсімдіктердің транспирациялық және суды пайдалану коэффициенттерін т.б. анықтау үшін қоданылады.

Танаптық жағдайда өсімдікпен жүргізілген лизиметрлік тәжірибе вегетациялық пен танаптық тәжірибенің аралығында болып, вегетациялық- танаптық эксперимент деп аталады. Ол танапта цилиндр тәрізді немесе шаршы метрлі түбі жоқ ыдыстарда немесе жәшіктерде жүргізіледі.

Ыдыстағы немесе жәшіктегі топырақ тек бүйірінен ғана қоршалады, ал түбі табиғи ылғалданған топырақпен түйіседі.

Соңғы жаңа техникалық құралдармен стационарлы және төменгі температуралы жылжымалы полиэтиленді пленкадан жасалынған, афтоматты реттелетін климаттық вегетациялық үйшіктердің көмегімен өсімдіктің әр вегетациялық кезеңінде климат типін моделдеуге мүмкіндік жасайды.

Танаптық тәжірибе әдісі - зерттеулер арнайы бөлінген учаскеде, танап жағдайында жүргізіледі. Негізгі мақсаты тәжірибе нұсқаларының арасындағы айырмашылықты анықтап, зерттеуге арналған өсімдіктің өсіп-өнуіне керекті факторларды, өсімдікті өсірудің әдістері мен жағдайларын, өсімдіктің өнімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартатын жағдайларды сандық тұрғыдан бағалау.

Вегетациялық және лизиметрлік әдістермен жүргізілген зерттеу нәтиже- лерін өндіріске енгізу үшін, оларды ең алдымен салыстырмалы танаптық тәжірибеде тексеруден өткізу қажет. Сондықтан да танаптық тәжірибе тео- риялық зеттеулерді өндіріспен байланыстыра отырып, зертеудегі мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан шешімін табу тәсілі болып саналады.

Танаптық тәжірибенің ерекшелігі өсімдіктің өндірістік немесе өндіріс- тікке жақын жағдайда, топырақтың, климаттық және агротехникалық фактор- лардың жиынтығымен бірге зерттелуінде.

Зерттеу тәсілдері. Агрономия саласындағы зерттеулердің негізгі тәсілдері бақылау мен эксперимент (тәжірибе).

Бакылау дегеніміз зерттеушіге қажетті құбылысты, оның ерекшелік- терін, топырақ және өсімдіктің белгілері мен қасиеттерін сандық және сапалық тұрғыдан есепке алу.

Егіншіліктегі, өсімдік шаруашылығындағы, селекция және сорт-сынау- дағы, мелиорациядағы, шабындық пен жайылымдағы, көкөніс және жеміс шаруашылығындағы бақылаулар екі топқа бөлінеді.

  1. Сыртқы ортаның құбылыстарын бақылау: -метеорологиялық бақылау,

-агрохимиялық; -агрофизикалық; - топырақты микробиологиялық тұрғыдан зерттеу;

  1. Өсімдіктердің өсіп-өнуін бақылау: - егістік пен топырақтың арам- шөптері және олардың тұқымдарымен ластануын есепке алу; - белгілі бір учаскедегі өсімдіктер саны; - өсімдіктің биіктігі, түптену жігері; - тамыр жүйесінің өркенделуін; - өсімдіктің зақымдалуы; - фенологиясы және т.б.

Өсімдіктің даму кезеңдерін бақылау агротехникалық әдістердің түріне, жауын-шашынның вегетациялық кезеңде түсу ерекшеліктеріне, белгілі бір кезеңдегі топырақтың ылғалдылығы мен егістіктің арамшөптермен ласта- нуына, т.с.с. байланысты. Дегенмен, көбінесе агрономиядағы бақылау зерт- теудің жеке өз бетімен тәсілі бола алмайды, ол эксперименттің маңызды бөлігі ғана болады.

Мысалы: екі нұсқада (А және В) өсірілген жаздық бидайдың даму кезеңдерін белгілеу керек. Бақылау төмендегі форма бойынша жүргізіледі.

1-кесте. Жаздық бидайдың өсіп-өнуін фенологиялық бақылау

Нұсқа- лар

Себу мер- зімі

Даму кезеңдері және олардың мезімдері

Көктеп шығуы

Түптенуі

Сабақтану

Масақтануы

Пісуі

басы

соңы

басы

соңы

басы

соңы

басы

соңы

басы

соңы

А

Б

В

Э к с п е р и м е н т - тәжірибе дегеніміз құбылыстың мәнін, шығу тегін, себебін және олардың ара қатынасын дұрыс түсіну үшін зерттеушінің құбылысты немесе жағдайды жасанды түрде жүргізуі.

Бақылау мен эксперименттің арасында бір-бірінен айырмашылығы бар. Егер бақылау табиғаттағы құбылыстарды есепке алу арқылы мәліметтер біздің санамызға еніп, ақиқатты айқындайтын болса, тәжірибе (экмперимент) біздің өзіміздің ой - санамыздың дұрыстығын іс арқылы тексеруді талап ететін болжамымыз (гипотез).

Эксперименттің ерекшелігі - алдымен эксперимент ойда, біздің санамызда бір жүйеге келтіріліп, тура сондай жағдайда жасау арқылы іс жүзінде тексеріледі.

Бақылаумен салыстырғанда тәжірибенің мүмкіндігі көбірек, осыған орай ол табиғи ғылымдардың басты зерттеу тәсілі бола алды. Себебі экспе- риментатор өзіне қажетті құбылыстардың табиғатта болуын күтпей-ақ, қолымен жасап, оны тереңірек зерттеп, себебін түсінуге жағдай жасай алады. Бақылауға қарағанда экспериментке тән ерекшелік, тәжірибеге сәйкес жағдайды құруға бағытталған, алдын ала ойдағы эксперимент болып есептеледі. Осы алғашқы жұмыс тәжірибенің ең қиын бөлігі, ол зерттеу- шіден үлкен білімділікті және ойлауды талап етеді. Эксперименттің барлық барысын елестете отырып, құбылысты зерттеуге кедергі болатын артықтарын

алып тастау керек.

Экспериментатор зерттеу мәселелеріне өзінің зейінін аудара отырып, негізді және маңызды шешімдер шығара алуы тиіс.

Білікті экспериментатордың басты қасиеті - зерттелетін нысанның күрделілігін мойындап, ойын бекітуде сақтық пен сыпайылық көрсете білуі. Бұл әр қадам сайын бұрын дәл тәжірибемен анықталған және тексеріл- гендерге күмәнмен қарауды қажет етпейді. Керісінше, жетістіктерді зерттеу- ші жаңа біліммен іздене отырып, ғылымды әрі қарай дамыту әдісімен жұмыс істеуі және жұмысқа деген қабілеті мен табандылығы болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]