- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтеріне не жатады?
Танаптық тәжірибе әдістемесі дегеніміз не?
Тәжірибе нобайы деген не?
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қайталау деген не?
Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
Нұсқаларды орналастыру әдістемесінің жіктелуі. Танаптық тәжіри- беде нұсқаларды орналастыру әдістемесінің негізгі үш тобы бар: стандартты, жүйелі және рендомизді (кездейсоқ).
Стандартты әдісте әр зерттелетін нұсқаның жанынды бақылау (стан- дарт) орналасады, бір немесе екі зерттеу нұсқасына бақылау, я болмаса стандарты нұсқа орналастырады.
Стандартты әдіс тәжірибе учаскесіндегі топырақ құнарлылығы біртін- деп өзгеретіндігіне және жақын жатқан мөлдектердегі өнімде корреляциялық байланыс байқалуына негізделген. Стандарты әдісте әрбір зерттелетін нұсқа өзінің бақылауымен салыстырылады, өнім сызықты интерполяция әдісімен жер учаскесіндегі топырақ құнарлылығының біртіндеп өзгеруі туралы болжам негізі ретінде функцияның аралық мәнін анықтай отырып есептеледі (3-сурет).
-
І
St 1
2
St1
3
St1
4
St1
5
St1
ІІ
St 1
3
St1
2
St1
5
St1
4
St1
ІІІ
St 1
5
St1
2
St1
3
St1
4
St1
3-сурет. Ямб әдісімен нұсқаларды орналастыру:
2-5- тәжірибелі нұсқалар; St1 – стандарт; І-ІІІ – қайталау.
Стандарт бір нұсқадан кейін орналасса, оны ямб-әдісі деп атайды. Мұндай жағдайда стандарт тәжірибе учаскесінің жартысын алып жатады –
бұл стандартты әдістің кемшілігі. Стандартты нұсқаның алатын ауданын азайту үшін дактиль әдісін пайдаланады (4-сурет).
Онда екі мөлдектен кейін стандарт орналасады да, жер көлемінің үштен біріне орналасады. Ямб-ісінде және дактиль әдісінде де нұсқалар немесе сорттар рендомизмді орналасады, тәжірибе стандарттан басталып, стандарт- пен аяқталады.
I II III IV
1 St |
2 |
3 |
1 st |
4 |
5 |
1 st |
2 |
3 |
1 st |
4 |
5 |
1 st |
2 |
3 |
1 st |
4 |
5 |
1 st |
2 |
3 |
1 st |
4 |
5 |
1 st |
4-сурет. Дактил-әдісімен нұсқаларды орналастыру.
Нұсқаларды стандартты әдіспен орналастыру – кейде қарапайымды- лығымен және топырақ құнарлылығының ала-құлалығын ығыстыруға әсер ете алатын мүмкіндігімен эксперименттің қателігін минимумге жеткізу.
Зерттелетін нұсқаның әр қайсысының жанында стандарттың орналасуы, сорттың немесе агротехникалық тәсілдердің тиімділігіне дәлірек баға береді. Дегенмен стандартты әдісті пайдалану мен салыстырмалы бағалауда, практика олардың мәнді кемшіліктерін анықтады.
Біріншіден жақын орналасқан мөлдектер өнімінің арасында тығыз корреляциялық тәуелділігі үнемі байқалмайды. Екіншіден нұсқа саны көп болғанда, бір-бірінен алыс орналасқан тәжірибе нұсқаларын салыстыру өте қиынға түседі. Үшіншіден, стандартты әдіс оралымсыздығымен және жерді тиімсіз пайдалануымен, әсіресе зерттелетін нұсқалардың санының көп болуымен сипатталады. Шыныменде, екі тәжірибе нұсқаларынан кейін 40% шамасында стандартты орналастыру, ал біреуден кейін барлық тәжірибенің көлемінің 50% астамы стандартты мөлдектен тұрады. Көрсетілген кемші- ліктер тәжірибе жұмысында стандартты әдістің кең таралуына кедергі бола алмайды.
Стандартты әдісті кейде селекционерлер де қолданады. Мысалы, сұрып- таудың алғашқы сатысында, тұқымның тапшылығына байланысты мөлдектің қажетті көлемінің және сәйкес қайталаудың болмауы, стандартты әдісті қолдану толығымен негізделген. Стандартты бір немесе екі нұсқадан кейін орналастыруы, стандартпен жүйелі көзбен шолып жүргізу арқылы болашағы бар шараларды анықтауға болады.
Жүйелі орналастыру әдісі, әр қайталауда нұсқалардың өзгермей ретімен орналасуын қарастырады. Нұсқаларды жүйелі орналастыру әр қайталаудағы нұсқалар реті белгілі жүйеге бағынады. Осы әдістемемен
нұсқаларды орналастырудың көп тәсілі бар. Біздің елде екеу – бір яруста ретімен және қайталауды бірнеше ярусқа шахматты орналастыру (5-сурет).
Барлық қайталауда нұсқалар мөлдекте, зерттеушінің алдын ала жасаған ретімен техникалық ұйымдастыру себебімен – топырақты өңдеу ыңғайлы, тыңайтқыш беру, себу, күту, жинау т.б. негіз болады. Егер бес нұсқадан тұратын бірінші қайталауда тәртіп 1,2,3,4,5 деп белгіленген, осындай тәртіп басқа қайталауларда сақталады.
I II III IV
-
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
5-сурет. Нұсқаларды жүйелі орналастыру әдісі.
Шахматты әдіспен орналастырғанда қайталаудағы нұсқалар реті ярустарда жылжиды да, топырақ учаскесінің ала-құлалығын толығырақ қамти алады және топырақ құнарлылығының заңды ауытқуының нұсқа тиімділігіне әсерін біраз азайтады. Келесі ярустағы нұсқаны жылжытуды қажет ететін мөлдектер санын анықтау үшін, тәжірибе нұсқасының санын ярус санына бөледі. Сонымен, алты нұсқада қайталаудағы мөлдектерді екі яруста орналастыру үшін екінші ярусты 3 нөмірге жылжыту қажет (6:2=3), ал үш ярустыда әр ярустағын 2 нөмерге жылжытады.
Ғылыми агрономияның алғашында тәжірибені жүйелі орналастыру басты мәселе болған. Осы әдістің басты құндылығы – қарапайымдылығында, ал негізгі кемшілігі – мүмкін және нұсқа бойынша тиімділікті жиі бұрмалауымен тәжірибе қателегін статистикалық өңдеудегі сенімсіздігінде. Сондықтан нұсқаларды жүйелі орналастыру алғашқы зерттеулерде және де статистикалық бағалау қажет болмағанда, демонстрациялық және басқа танаптық тәжірибе түрлерінде қолданады. Танаптық тәжірибенің басым көпшілігін қазір жаңа әдіспен кездейсоқтылық қағидасына немесе рендомизді орналастыруға негізделіп жүргізіледі.
