- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
Жүйелі және рендомизді әдістерді бағалауда, зерттеушілердің пікірлері ажырап кетеді. Н.В.Перегудов рендомизация міндетті түрдегі талап деп есептейді, егер экспериментатор шындықты бағаласа, онда ол нұсқаларды кездейсоқ орналастыруды қолдануы керек. Танаптық тәжірибе әдістемесі және зерттеу нәтижелерін статистикалық әдіспен бағалауды шет елдер ғалымдары – Р.А. Фишер, Дж.У. Снедекор, Дж. Уишарт және т.б. рендоми- зация зерттелетін құбылыс туралы шын мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа эксперимент нобайын құрудың негізі болады деп қарастырады.
Нұсқаларды рендомизациямен орналастыруды өзінің жасаған диспер- сиялық талдауға негіздеп ұсынған ағылшын ғалымы Р.А.Фишер болды. Мұндай орналастыру әр нұсқамен топырақ құнарлылығын жақсы қамтуға мүмкіндік береді, себебі қайталаудың ішіндегі құнарлылықтың жүйелі өзгеруін бұзып, оның тәжірибе нәтижесіне біржақты әсерін болдырмайды. Тәжірибеде нұсқалар жүйелі орналасқанда дисперсиялық талдауда қолданы- латын мәліметтерді бағалаудың сенімді мәнділік критерийіне сүйене алмайды.
Өнімді бөлшектеп есептегенде әрқашан мөлдектер бойынша өнімді- ліктің кездейсоқтылықпен қатар заңды құбылмалылығы да байқалады. Егер экспериментатор тәжірибе учаскесіндегі топырақ құнарлылығының заңды өзгергіштігімен тәжірибені жоспарлап есептеспесе, зерттелетін нұсқаларды қайталаудың әр мөлдегіне қатаң ретпен орналастырса қалай болар еді?
Нұсқаларды барлық қайталауды бірдей жүйемен мысалы, 1,2,3,4,5,6; 1,2,3,4,5,6 және т.б. орналастырса, ол орташа өнім туралы мәліметтің, яғни көрсеткіштердің жүйелі жоғарылауын немесе төмендеп бұрмалануын байқау қиын емес.
Экспериментатор танаптық тәжірибе қою үшін бірғана айырмашылық қағидасын негіз етіп, жүйелі әдісті қолданатын болса, тәжірибенің басында- ақ нұсқаларды белгілі тәртіппен орналастыра отырып оны бұзады. Сонымен, ол нұсқаларға тең емес жағдай туғызып, тәжірибеге қажетсіз қосымша элементті, яғни сол зерттелетін факторларды бағалауды жылжытатын мүмкін қателікті туғызады.
Нұсқаларды салыстырып орналастыратын нобай бөлшектеп есептеудің бірдей жүйесіне жатса, мұндай әдісте бір ғана айырмашылық қағидасы сақталады. Әртүрлі әдістермен қойылған нақты тәжірибелерді салыстырмалы бағалағанда, олар жер учаскесінде қатар орналасса да, жалғыз ғана айырмашылық қағидасы сақталмайтыны белгілі. Нақты нұсқа бар тәжірибеде күткен теориялық дисперсия қателігін есптеуге болмайды, демек экспери- ментаторда әр түрлі әдіспен орналасқан нұсқаның тиімділігін салыстырудың эталоны болмайды.
Жүйелі әдіспен орналастыру нұсқалар дисперсиясын ғана өсіріп қоймайды, қалдық дисперсиясымен одан туатын тәжірибе қателігінің өсуіне де жиі әкеп соғады, онда кездейсоқ орналасқанда теориялық және есептелген қателіктің айырмашылығы аз болады. Қалдық дисперсиясы тәжірибе қателігін анықтауда сенімді өлшем бола алмайды, өйткені эксперимент қателігінің мәнін өсіре отырып, шын тиімділікті мінсіз деп бағалау қаупі бар. Рендомизация нұсқа бойынша орташа қателікті бағалауды ығыстыра алмайды, F мәнділік критерийін заңды қолдануын сақтайды және экспери- ментаторға тәжірибе жұмысының сапасын дұрыс сипттауға мүмкіндік береді. Сонымен, дәл салыстыру мен статистикалық бағалауды қажет ететін тәжірибе жұмысын жоспарлағанда, рендомизацияға негізделген нұсқаларды
орналастырудың қазіргі әдісін қолдану қажет.
Қайталау ішіндегі нұсқа үшін мөлдектерді кездейсоқ таңдау талабын ескермеу, зерттеудегі іріктеу әдісінің беделін түсіреді. Экспериментатор рендомизация қағидасын бұза отырып, нұсқа бойынша мәнді айырмашы- лықты статистикалық толық дәлелдеу мүмкіндігінен айрылатынын ұмытпауы керек, өйткені статистикалық талдау әдісі кездейсоқ сұрыптау қағидасына негізделеді.
Нұсқаларды рендомизмді әдіспен орналастыру. Нұсқаларды рендо- мизмді әдіспен орналастырғанда, оларды нөмірлейді немесе әріппен белгі- лейді де, бірдей карточкаға жазады. Оларды әбден араластырып, бірден суырып алады. Нұсқаларды қайталаудағы мөлдектерге жребиймен анық- талған ретімен орналастырады. Әр қайталау үшін өзінің рендомизациясын жүргізеді (6-сурет). Соңғы кездерде, әр түрлі эксперименталды жұмыстарда кездейсоқ іріктеуді жоспарлағанда техникалық құрал болатын, рендоми- зация үшін кездейсоқ сандар кестесін қолданады.
I II III IV
-
3
1
4
2
5
2
4
1
5
3
4
2
5
3
1
3
1
4
2
5
6-сурет. Танаптық тәжірибенің төрт қайталануында бес нұсқалардың орналасу әдістері.
Нұсқаларды рендомизациялау үшін кездейсоқ сандар кестесін қолдану мысалын көрсетейік: алты нұсқа төрт қайталаумен орналасатын тәжірибе жоспарланады. Нұсқаларды 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларымен белгілейді және әр қайталаудың мөлдектерінде нұсқаларды орналаструды анықтайды. Ол үшін кездейсоқ сандар кестесінің кез келген бетінен жорамалдап, қарындашпен есептеудің алғашқы пунктін белгілейді. Қарындашпен 6 саны алтыншы бағананың бірінші қатарынан белгіленді. Осы бағанамен төмен қарай жылжи отырып бірінші қайталаудағы рендомизмді 6, 3, 5, 2, 1, 4 нұсқаларды орналастырады. Екінші, үшінші және төртінші қайталауларда нұсқаларды тура осылай рендомизациялайды. Әр қайталауда есепті бастауды кесте бойынша қозғалыстың бағытын ауыстырып отыру ұсынылады. Нәтижесінде нұсқаларды қайталау бойынша рендомизациялау мынандай болады:
-
I қайталау
II қайталау
III қайталау
IV қайталау
6 3 5 2 1 4
2 5 4 6 1 3
1 2 5 3 6 4
3 4 2 1 6 5
Сонымен, бірінші қайталаудың бірінші мөлдегіне 6 нұсқаны, екіншісіне
– 3 нұсқаны, үшіншісіне -1 нұсқаны және т.с.с. орналастырады.
Ұйымдастырылмаған қайталау әдісі – толық рендомизация. Терри- торияда танаптық тәжірибені орналастырудың қазіргі әдістерінің ішіндегі ең
қарапайымы шексіз, толық рендомизм, онда нұсқалар мөлдектерде тіпті кездейсоқ бөлінеді. Егер, тәжірибе бес нұсқа, төрт қайталаумен қою жоспар- ланса, онда бөлінген жер учаскесін 20 мөлдекке бөледі және кездейсоқ сандар кестесі бойынша нұсқаларды мөлдектерге әрқайсысы 4 мөлдекте болатындай етіп орналастырады.
Мысалы, зерттелетін нұсқалар саны аз болып, топырақ құнарлылы- ғының территориалды заңды құбылмалылығы бақылауға алынбауға негіз болғанда, ұйымдастырылмаған қайталау әдісі, яғни эксперименттің шексіз рендомизация жағдайы кейбірде тиімді болады. Мұндай жағдайлар күшті дербес өзгергіштігімен сипатталатын, ал тәжірибе учаскесі құнарлылығы жағынан жеткілікті біркелкі және көлемі жағынан шамалы, көбінесе көпжылдық жеміс ағаштарымен жұмыс істегенде жиі кездеседі, сондықтан ұйымдастырылған қайталаудың өзгергіштігін есептеу арқылы тәжірибе дәлдігін жоғарылату мүмкіндігі аз болады.
Топырақ құнарлылығының мүмкін заңды өзгергіштігін бақылаудың болмауын, мұнда қателік үшін еркіндік дәрежесінің санын көбейте отырып орнына келтіруге болады. Мөлдек саны тәжірибеде шамалы болғанда, қателік үшін еркіндік дәрежесінің санын көбейту F критерийі бойынша орташаның айырмашылығы мәнділігін бағалау маңызды.
7-суретте көрсетілген тәжірибе үшін қателікті бағалаудың еркіндік дәрежесі 9 тең (N- l = 12-3 = 9), рендомизмді қайталау әдісінде ол тек 6-ға тең: (l-1)(n-1) = (3-1)(4-1) = 6. Айырмашылықты мәнді деп есептеу үшін бірінші жағдайда F критерийінің мәні 4,26-дан, ал екіншіде – 5,14 аспауы керек.
-
2
1
3
2
1
3
2
1
3
1
2
3
7-сурет. Үш нұсқалы рендомизмді әдіспен төрт қайталауда орналастыру нобайы.
Егер тәжірибе учаскесінің бір бөлігін басқа бөлігіне қарағанда құнарлылырақ деп санаса және де барлық мөлдектердің бір нұсқада бірге кездейсоқ орналасу мүмкіндігін болдыруға келмегенде, ал бірақ қателік үшін еркіндік дәрежесін көбірек сақтау қажет болса, онда барлық нұсқалардың 2-3 толық жиынтығы бар болатындай етіп учаскені блоктарға бөлуге болады.
Мысалы үшін 8-суреттегідей тәжірибені әрқайсысында алты мөлдекпен екі блокқа және әр блокта әр үш зерттелетін нұсқаны орналастыру үшін екі мөлдектен болуы керек. Әр блоктағы нұсқалар мөлдек бойынша кездейсоқ орналасуы қажет.
Екі блокта рендомизация шектеледі, бірақ қателік үшін бір ғана еркіндік дәрежесі жоғалтылады (b-1=2-1=1) және F критерийі азғана көбейеді, 4,26-
дан 4,46-ға дейін, яғни толық рендомизациямен салыстырғандағы жоғалту елеулі үлкен болмайды.
-
1
2
3
1
1
3
2
3
3
3
1
2
3
2
1
2
2
1
2
3
2
1
3
1
1 блок
2 блок
8-сурет. Үш нұсқалы екі блокпен төрт қайталауда орналастыру нобайы.
Тәжірибедегі мөлдектерді үлкейткен сайын, салыстырмалы нұсқалар арасындағы қашықтық өседі, ал қашықтықты көбейтсе, топырақ құнарлы- лығының айырмашылығы да өсіп, ұйымдастырылмаған қайталау әдісінің тиімділігі төмендейді және ұйымдастырылған қайталау әдісін қолдану қажет болады.
Рендомизмді қайталау әдісі. Бұл тәжірибе ісінің дүние жүзілік практи- касында нұсқаларды танаптық тәжірибедегі мөлдектерде орналастырудың кеңінен таралған әдісі. Әр қайталауда нұсқалар мөлдектерде кездейсоқ тәртібімен орналасады. Әр қайталаудың ішінде топырақ мүмкіндігінше бертектес болғаны маңызды, ал қайталау пішіні шаршы метрге жақын болғаны дұрыс. Осындай жағдайда мөлдектердің кез келген орналасуында өзара салыстырылуы жақсы болады. Тәжірибені жүргізудің техникалық жағдайына байланысты қайталаудағы мөлдектер ұзынша, тікбұрышты немесе шаршы метрлі пішінді болады. Мөлдектер бір, екі немесе көп қатарларда орналасады (9-сурет).
а
2 |
4 |
1 |
5 |
3 |
3 |
5 |
2 |
4 |
1 |
4 |
2 |
3 |
1 |
5 |
2 |
5 |
1 |
3 |
4 |
I III IV II
б І II
8 |
6 |
4 |
St 1 |
3 |
7 |
2 |
5 |
St 1 |
9 |
St 1 |
5 |
2 |
7 |
3 |
St 1 |
9 |
4 |
6 |
8 |
9 |
8 |
6 |
4 |
St 1 |
5 |
3 |
St 1 |
2 |
7 |
4 |
2 |
St 1 |
3 |
7 |
9 |
8 |
5 |
6 |
St 1 |
в III I IV II
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
4 |
2 |
5 |
3 |
1 |
5 |
3 |
2 |
1 |
4 |
1 |
2 |
5 |
3 |
4 |
9-сурет. Нұсқаларды төрт рендомизмді қайталауда орналастыру нобайы: а – 5 нұсқалар бір яруста; б – 9 нұсқаны екі яруста; әр қайталауда стандарт
екі мөлдекте орналасады; в – 5 бір яруста, бірінші қайталауда нұсқалар жүйелі орналасқан.
Дегенмен, жер учаскесі жеткілікті тегістелмесе, қайталауды танапта шашып, жеке-жеке немесе топпен орналастыруға болады. Кездейсоқ қайталау әдісіндегі зерттелетін нұсқалар саны жер учаскесінің бірыңғай- лылығы мен зерттеу мөлдегінің көлеміне байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі нұсқалар санын 15-20 артық алуға болмайды дейді. Нұсқалар саны 8-10 болғанда әр қайталауда екі немесе одан да көп стандарт (бақылау) алуға болады, себебі ол зерттелетін нұсқалардың стандартпен салыстыру дәлдігін әжептеуір жоғарлатады.
Әсіресе үлкен нобайлы тәжірибеде нұсқаларды қайталау ішінде біртектес топтарға, мысалы морфологиялық және басқа да белгілеріне (тез пісетін, биік және т.б.) қарай біріктіруге болады. Топтардың әр қайталауда және топ ішіндегі нұсқалардың орналасуы реномизациямен анықталып, әр топтың өз стандарты болуы мүмкін.
Кейде, мысалы демонстрациялық және оқу мақсатында қайталауда нұсқаларды белгілі бір ретпен, яғни жүйелі орналастырған жөн. Мұндай қатаң рендомизациядан ауытқу болып тұрады, ол өрескел қателік болып есептелмейді, себебі, әсіресе нұсқалар саны аз болғанда, қайталаудың біреу- інде нұсқаларды абайсызда жүйелі орналатырып қою мүмкіндігі болады.
Рендомизацияланған латын квадраты әдісі – бұл нұсқалардың тәжірибе нобайына сәйкес барлық қатар мен бағналарда ешқайсысы қайта- ланбай орналасуы (10-сурет).
Тәжірибедегі зерттелетін мөлектерді латын квадраты әдісімен орналас- тыру тәжірибе учаскесі топырақ құнарлылығының өзгеруінің тәжірибе нәтижесіне екі өзара перпендикулярлы бағытта жүйелі әсерін болдырмау (мысалы, бір бағыты- еңіс бойымен, ал препендикулярлы- орман жолағы немесе грунтты жол әсерімен). Латын квадраты әдісін қолданғанда, мөлдектер шаршы метрлі немесе тік төртбұрышты жер учаскесін горизонталды және вертикалды бағытта тәжірибеде қанша нұсқа бар болса, сонша қатар мен бағанаға бөледі.
I II
е ң і с
ж а ғ ы н а |
5 |
6 |
1 |
4 |
2 |
3 |
1 |
4 |
6 |
2 |
5 |
3 |
4 |
3 |
5 |
2 |
6 |
1 |
5 |
4 |
3 |
6 |
3 |
1 |
III IV
10-сурет. Кездейсоқ сандары кестесі бойынша алты нұсқаның төрт қайталауда рендомизацияланған қайталау әдісімен (блокпен) орналастыру: I-IV – қайталау; 1-6 нұсқалар.
Бағналар
I |
5 |
1 |
4 |
2 |
3 |
II |
2 |
5 |
3 |
1 |
4 |
III |
1 |
3 |
5 |
4 |
2 |
IV |
4 |
2 |
1 |
3 |
5 |
V |
3 |
4 |
2 |
5 |
1 |
I II III IV V
11-сурет. Латын квадратымен орналасқан тәжірибе нобайы (5 х 5).
Кез келген қатар, кез келген бағнада зерттелетін нұсқалар толығы- мен орналасады. Латын квадратында қайталау саны міндетті түрде нұсқа санына тең болуы шарт. Сондықтан мөлдектің жалпы саны әрқашанда нобайдағы нұсқа санының квадра- тына тең болады. Тәжірибеде 5 нұсқа болса, мөлдектің саны 5 х 5=25 болады және т.с.с (сурет 11). Әр қатар мен бағнада барлық нұсқалар түгел болуы керек, демек бірде бір нұсқа қатарда да, бағнада да қайта- ланбайды.
Осындай шектелуге қарамай, қатар мен бағана ішінде нұсқалар кездейсоқ сандар кестесі бойынша, кездейсоқ орналасады. Мысалы, 1,2,3,4,5 цифрларымен белгіленген бес нұсқаның қатар мен бағынада орналасуы 7- суреттегідей болуы мүмкін. Мұнда әр қатар мен бағнада барлық нұсқалар орналасқан, аттас нұсқалар қатар мен бағнада қайталанбайды. Мұндай орналастыру топырақ құнарлылығының өзгеруін екі өзара перпендикулярлы бағытта толық қамтыуын және математикалық өңдеумен оның тәжірибе нәтижесіне әсерін болдырмау мен эксперимент дәлдігін жоғарлатуға мүмкіндік жасайды.
Латын квадратының кемшілігі – қайталау санының нұсқалар санына тең болмауында. Осыған орай нұсқалар санының көбейуі тәжірибенің үлкен
болуына әкеп соғады. Сондықтан практикада 5 х 5, 6 х 6, 7 х 7 квадраттар кеңінен таралды. Нұсқа санын төрттен кем болуы, стандартты қателікке әкеп соқтырады және нұсқалар арасындағы айырмашылықтың мәнділігін бағалау- ға тұрақты база бола алмайды.
Тәжірибеде нұсқалар саны 7-8 және одан да көп болса, латын квадратымен орналастыру қиындай түседі, сондықтан артық қайталаусыз, тәжірибені латын тіктөртбұрышымен орналастырған қонымды. Бұл жағдайда нұсқалар саны қайталау санынан екіге көп болуы керек.
Сонымен, үш қайталауда бұл әдіспен 6,9,12,18 және т.с.с. нұсқалармен; төрт қайталаумен – 8,12,16,24, және т.с.с. нұсқалармен қоюға болады.
Кейде латын квадраты әдісінде нұсқалар кездейсоқ емес, қатарда ығыстыру арқылы орналасады (12-сурет). Егер топырақ құнарлылығы өзара перпендикуларлы бағытта жүйелі өзгерсе, онда мұндай өзгеріс нұсқалардың латын квадратындағы жүйелі орналасуымен дәл түсіп қалуы мүмкін, ал бұл бір ғана логикалық айырмашылықты бұзылуына әкеп соқтырады.
-
1
2
3
4
2
3
4
1
3
4
1
2
4
1
2
3
12-сурет. Нұсқаларды 4 х 4 латын квадраты әдісімен жүйелі, ретімен орналастыру.
Рендомизацияланған латын тік төртбұрышы әдісі – барлық нұсқа- лардың әр қатарлар мен жекелеген блоктарда кездейсоқ орналасуы. Нұсқалар саны қайталау санына қалдықсыз бөлінуі керек. Бөлінгеннен алынған сан мөлдек санын береді, оны латын квадратындағыдай бағаналарға бөледі. Мысалы, төрт қайталаумен 12 нұсқа зерттелсе латын квадратының әр бағанасында 4х4 вертикалды немесе горизонталды бағытта үш жолаққа қояды. Тәжірибені осындай әдіспен қою, латын тіктөртбұрышы деп аталады. 13-суретте 4х4х3 тің көбейтіндісі 48 береді. Ол тәжірибедегі мөлдектер саны, ал соңғы екі цифрдің 4х3=12 көбейтіндісі нұсқалар саны болады.
Бағаналар
I II III IV
қ а т а р л а р |
4 |
9 |
11 |
|
1 |
7 |
2 |
|
8 |
10 |
12 |
|
6 |
3 |
5 |
1 |
5 |
2 |
|
6 |
10 |
12 |
|
3 |
4 |
7 |
|
11 |
9 |
8 |
|
12 |
6 |
8 |
|
3 |
4 |
9 |
|
1 |
5 |
11 |
|
2 |
7 |
10 |
|
3 |
7 |
10 |
|
5 |
8 |
11 |
|
9 |
2 |
6 |
|
4 |
1 |
12 |
13-сурет. 12 нұсқалы тәжірибені латын тіктөртбұрышымен 4х4х3 орналастыру нобайы.
Бұл әдіс топырақ құнарлылығы тек өзара перпендикулярлы бағытта ғана емес, диоганалы бойынша өзгергенде де тиімді. Нұсқалар мөлдектерде қатарлар мен бағаналарда толығымен болатындай етіп орналастырады. Мұндай орналастыру матаматикалық өңдеумен топырақтың жүйелі өзгергіш- тігінің әсерін жоюға мүмкіндік береді, яғни эксперимент қателігін төмен- детеді.
Рендомизацияланған бөлшектенген мөлдектер әдісі – бұл нұсқалар- дың бірінші реттегі факторының негізгі мөлдектерде, ал екінші және одан кеінгі реттердің – негізгі мөлдектер бөлшектенетін субмөлдектерде орна- ласуы. Бөлшектенген мөлдектер әдісін көбінесе көпфакторлы тәжірибелерде қолданады. Бөлшектенген мөлдектерді және стационарлы тәжірибеде, қосымша нұсқалар тобын енгізу қажет болғанда, бірақ алғашқы нұсқаларды сақтай отырып қолдануға болады. 14-суретте екі факторлы 4х3 бөлшектенген мөлдек әдісімен топырақты өңдеудің бес градациясын А (а1, а2, а3, а4) және тыңайтқыштың үш градациясын В (в1, в2, в3) зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибе нобайы көрсетілген.
I III
a3 a4 a1 a2 а 2 a1 a4 a3
b1 |
b3 |
b2 |
b1 |
b2 |
b3 |
b3 |
b1 |
b2 |
b3 |
b2 |
b1 |
|
b1 |
b3 |
b2 |
b3 |
b1 |
b2 |
b1 |
b2 |
b3 |
b1 |
b3 |
b2 |
II IV
a1 a4 a2 a3 a4 a2 a3 a1
b3 |
b2 |
b1 |
b2 |
b1 |
b3 |
b2 |
b1 |
b3 |
b2 |
b3 |
b1 |
|
b3 |
b2 |
b1 |
b2 |
b3 |
b1 |
b1 |
b3 |
b2 |
b2 |
b3 |
b1 |
14-сурет. Нұсқа саны 12 (4х3) екі факторлы тәжірибені төрт қайталаумен, мөлдекті бөлшектеп орналастыру әдісінің нобайы.
Мысалы, кіші мөлдектерде тыңайтқыштар, гербицидтер мөлшерін және сорт сынауда, оларды тұтас топтарға біріктіріп, көлемі үлкен мөлдектерді қажет ететін әр түрлі алғы дақылдарды немесе топырақ өңдеу түрлерін зерттегенде іріленген учаскелерде зерттеген дұрыс. Тәжірибені осылай қоюды – бөлшектенген мөлдектер тәжірибесі деп атайды. Бөлшектенген
мөлдектер нобайы – бір тәжірибенің мөлдектері басқаның блогы ретінде қолданатын эксперимент. Бірінші реттегі (үлкен мөлдектер) мөлдектер веритикалды немесе горизонталды бағытта екінші реттегі мөлдектерге бөлшектеніп бөлінеді, ал екінші реттегі мөлдектер одан да майда үшінші реттегі мөлдектерге бөлінеді. Топырақ өңдеуді зерттейтін нұсқалар орналас- қан басты мөлдектер немесе бірінші реттегі мөлдектер деп аталады да, кіші немесе екінші реттегі мөлдектерге, яғни тыңайтқыш зерттелетін нұсқалар мен мөлдектерге бөлшектенеді (15-сурет).
Агротехникалық тәжірибелерде бірінші реттегі факторлар ретінде бірінші рет орындалып отырған агрошаралар жүйесін орындау тиімді болады. Жаңа нұсқаларды енгізу үшін алдыңғы мөлдектерді бөлшектейді. Ол үшін бірінші реттегі мөлдектер көлемі жеткілікті үлкен болуы керек.
|
|
|
a1 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a2 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a3 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a4 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
b1 b
2 b3 b1 b2 b3
a1
a2
a3 I
a4
|
|
|
a3 |
|
|
|
c2 |
|
|
|
c1 |
||||
|
|
|
a2 |
|
|
|
c2 |
|
|
|
c1 |
||||
|
|
|
a4 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a1 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
b3 b1 b
2 b3 b1 b2
a3 a3
a2 a2
a4 II
a4
a1
a1
|
|
|
a2 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a4 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
||||
|
|
|
a1 |
|
|
|
c2 |
|
|
|
c1 |
||||
|
|
|
a3 |
|
|
|
c1 |
|
|
|
c2 |
b1 b
2 b3 b1 b2 b3
a2 a4
a1 a3
III
15-сурет. Үш факторлы тәжірибеде 24 нұсқаларды жүйелі орналастыру нобайы (4х3х2).
Араластыру әдісінде нұсқаларды орналастырудің алғашқы ретін бұза отырып, қайталаулар нұсқалары жекелеген блоктарға орналасады. Араласты- ру әдісінде көпфакторлы тәжірибелер нұсқалары бірнеше әіртүрлі бағалы топтарға бөлінеді. Мұнда жоғарғы реттегі факторлардың өзараәсерлері туралы мәлімет жоғалады, бұл араластыру әдісінің кемшілігі.
Дегенмен араластыру әдісінің маңызды жағы да бар. Копфакторлы тәжірибеде нұсқалар саны көбейсе, қолданылатын жер учаскесінің көлемі де кеңейетіндіктен нұсқалар біркелкі емес жағдайда болып қалуы мүмкін және бірғана айырмашылық қағидасы бұзылады. Осыны болдырмау үшін аралас- тыру әдісінде тәжірибенің барлық нұсқаларын зерттелетін факторлар мөлшері бойынша тең бірнеше топтарға бөледі. Әр қайталау да жағдайлары біркелкі блокторды бөліп, солардың әрқайсысына нұсқалардың белгіленген топтарын орналастырады.
Блоктарда нұсқалардың әр топтарын кездейсоқ орналастырады. 16 суретте тыңайтқыштармен 8 нұсқалы үшфакторлы тәжірибені екі басқыш- таулылықтарымен орналастырған: тыңайтқышсыз (0) , N, P, K, NP, NK, PK, NPK. Мұндағы факторлар болып екі басқыштайлылықтарымен (0 және 1) азот, фосфор және калий тыңайтқыштары есептеледі.
Тәжірибеде нұсқаларды мынандай сандармен кодталады:
-
нұсқа
нұсқа
нұсқа
нұсқа
000
100
010
001
нұсқа
нұсқа
нұсқа
нұсқа
110
101
011
111
Осы сегіз нұсқалардан Ф. Ейтсаның алгоритмі бойынша әр факторлар- дың басқыштаушылықтарының қосындысы бойынша нұсқалардуың екі тобын шығаруға болады: біріншші топ – 1, 5, 6, 7 нұсқалар; екінші – 2, 3, 4, 8. Дұрыс топтастырылғанда барлық блоктар үшін әр факторлар басқыш-
таушылықтарының қосындысы бірдей болуы керек.
Мысалы бірінші қайталаудың бірінші блогында бірінші сандардың қосындысы 0 + 1 + 1 + 0 = 2; екінші сандар қосындысы - 0 + 1 + 0 + 1 = 2
және үшіншіден - 1 + 1 + 0 + 0 = 2 құрайды. Осындай заңдылық бірінші қайталаудың екінші блогында, және де қалған қайталаулардың басқа блокта- рында байқалады.
Араластыру әдісі әсіресе басқыштаушылықтардың саны көбейгенде, көп нұсқаларды қолданғанда тиімді. Мысалы, нұсқа үш басқыштаушы- лықтарымен үш факторлы тәжірибеде өздерінің кодтары болады:
-
1 нұсқа
000
10 нұсқа
001
19 нұсқа
002
2 нұсқа
100
11 нұсқа
101
20 нұсқа
102
3 нұсқа
200
12 нұсқа
201
21 нұсқа
202
4 нұсқа
000
13 нұсқа
011
22 нұсқа
012
5 нұсқа
110
14 нұсқа
111
23 нұсқа
112
6 нұсқа
210
15 нұсқа
211
24 нұсқа
212
7 нұсқа
020
16 нұсқа
021
25 нұсқа
022
8 нұсқа
120
17 нұсқа
121
26 нұсқа
122
9 нұсқа
220
18 нұсқа
221
27 нұсқа
222
1 2 3 4
-
I
001
111
011
101
000
110
100
010
III
100
010
000
110
011
101
111
001
II
101
000
111
100
010
100
011
101
IV
110
011
001
010
001
111
110
000
5 6 7 8
16-сурет. Екі басқыштаушылықтармен үш факторлы тәжірибе нұсқаларын орналастыру.
Бір қайталауда орналасқан нұсқалардың үш тобын көрсету тиімді екенін 17-суреттен көруге болады.
-
1
000
102
201
011
110
212
022
121
220
2
001
100
202
012
111
210
020
122
221
3
002
101
200
010
112
211
021
120
222
17-сурет. Үш факторлы тәжірибенің 27 нұсқаларын үш блокта бір қайталаумен орналастыру.
Блоктардағы әр фактор басқыштаушылықтар қосындысы 9 тең. Мысалы. А факторы үшін бірінші блокта башқыштаушылықтар қосындысы: 0 + 1 + 2
+ 0 + 1 + 2 + 0 + 1 + 2 = 9. Осындай нәтиже В және С факторы үшін және де екінші мен үшінші блоктарда да болады.
