Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Мөлдекті не себепті істен шығарады?

  2. Астық және астықты бұршақ дақылдарының өнімін есепке алу.

  3. Егістің сиректенуін қандай әдістермен түзетуге болады?

  4. Танаптық жұмыстардың түрлері қандай?

26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу

Агрономиялық зерттеу мәліметтерін өңдеу, мысалы танаптық және вегетациялық тәжірибелер, бақылаулар, есептеулер мен талдаулардан тұра- ды: а) алынған мәліметтерді агрономиялық талдау; ә) алғашқы материал- дарды сандық өңдеу; б) зерттеу нәтижелерін статистикалық бағалау.

Танаптық тәжірибеден алынған мәліметтерге агрономиялық баға беріп, әдестемені және танапты тәжірибені жүргізу ережесін талдап, барлық

жазылған жазуларды (күнделік, журнал, түсіп қалған сандарды орына келтірген соң) тексергеннен соң ,эксперименттердегі деректерді өңдеуге кіріседі: 1. Мөлдектегі өнімді гектарынан центермен алынған өнімге айлан- дыру. 2. Өнімді стандатты ығалдылыққа келтіру. 3. Дақыл дәнінің тазалығын 100% тазалыққа айландырып, орташа өнім мен қосымша өнімді есептеу. Бұл өңдеу кезеңі өнім кестесін жасаумен аяқталады.

Өнім кестесін жасау. Қойылған кез-келген тәжірибеде алғашқы өңдеуді мөлдектегі өнімді 1 гектардан цетнермен алынған өнімге айналдырудан бастайды. Бұл есептеуге мынандай деректер қажет: мөлдектің есеп жүргі- зілген көлемі және одан жиналған өнім. Есептеуді жеңілдету үшін аудару коэффициентін шығарады: мысалы, егер есеп жүргізілген көлемі 500 м2 тең болса, ал алынған өнім килограммен есептелсе, онда гектардан центнермен алынған өнімді аудару коэффициенті мынандай болады: 10000 : 500 · 100,5 кг

= 0,2; Егер мөлдектен алынған өнім 110,5 кг болса, онда гектардан алынған өнім мынандай болады: 110,5 · 0,2 = 22,5 ц.

Өнімді стандартты ылғалдылыққа және таза дәнге аудару да алғашқы өңдеуге жатады. Алынған өнімді алғашқы өңдеуге кірісейік. Өнім кестесіне мөлдектердегі өнімдерді түсіру керек. Өнім кестесін жасағанда сандар үш таңбалы болу керек екенін ескеру керек. Егер өнім 100 ц/га-дан артық болса, онда мөлдектегі және орташа өнімді кестеге 0,1 дейінгі дәлдікпен, ал өнім жүздеген цетнермен алынса, онда 1 ц/га дейінгі дәлдікпен алынады. Бірінші жағдайда жүздік, ал екіншісінде ондық бөліктері дөңгелектенеді.

  1. Санды дөңгелектегенде мына ережелерді ескеру керек, егер тастайтын сан 5-тен кем болса, онда қалдыратын сан өзгермейді (15,746-15,7), ал тастайтын сан 5-тен үлкен болса, онда қалатын сан бірге өседі (15,764-15,8).

  2. Егер дөңгелектегенде өзгертетін санның соңында 5 тұрса, онда сан бірге үлкейеді, егер ол тақ сан болса (15,752-15,8), ал жұп сан немесе 0 болса, өзгеріссіз қалдырады (15,252-15,2) және 15,052 -15,0).

Бақылау сұрақтары:

  1. Агрономиялық зерттеу мәліметтерін алғашқы өңдеуге не жатады?

  2. Өнім кестесін жасауды неден бастайды?

  3. Өнімді стандартты ылғалдылыққа және таза дәнге аудару.

  4. Санды дөңгелектегенде қандай ережелерді ескеру керек?

№ 6 тәжірибелік сабақ

Тақырып: «Танаптық тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін алғашқы өңдеу»

Сабақтың мақсаты – Танаптық тәжірибеден алынған өнім мәлімет- терін алғашқы өңдеуді және өнім кестесін құруды үйрету

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

    1. Түрлі түсті слайдтар.

Танаптық тәжірибеден алынған мәліметтерге агрономиялық баға беріп, әдестемені және танаптық тәжірибені жүргізу ережесін талдап, барлық жазылған жазуларды (күнделік, журнал, түсіп қалған сандарды орына келтірген соң) тексергеннен соң, эксперименттердегі деректерді өңдеуге кіріседі:

  1. Мөлдектегі өнімді гектарынан центермен алынған өнімге айландыру.

  2. Өнімді стандатты ығалдылыққа келтіру. 3. Дақыл дәнінің тазалығын 100% тазалыққа айландырып, орташа өнім мен қосымша өнімді есептеу. Бұл өңдеу кезеңі өнім кестесін жасаумен аяқталады (1-кесте).

Өнім кестесін жасау. Қойылған кез-келген тәжірибеде алғашқы өңдеуді мөлдектегі өнімді 1 га цетнермен алынған өнімге айналдырудан бастайды. Бұл есептеуге мынандай деректер қажет: мөлдектің есеп жүргізілген көлемі және одан жиналған өнім. Өнімді стандартты ылғалдылыққа және таза дәнге аудару да алғашқы өңдеуге жатады. Алынған өнімді алғашқы өңдеуге кірісейік. Өнім кестесіне мөлдектердегі өнімдерді түсіру керек. Өнім кестесін жасағанда сандар үш таңбалы болу керек екенін ескеру керек.

1-кесте. Өнімді алғашқы өңдеу кестесі

Тәжіри бе танап- тары

Қайта- лаудағы өнім, ц/га

Ылғал- дылғы,

%

14% ыл- ғалды- лыққа аудару коэфф.

Ылғал- дылығы 14%

өнім, ц/га

Дәннің таза- лығы 100%

14% ылғал- дылық,100% тазал. лықта, ц/га

Орташа өнім, ц/га

Бақылау нұсқадан айырма- шылығы

а

б

в

г

д=б·г

е

ж=е · д/100

З=∑ж/4

ц/га

%

А( St)

4,0

4,2

4,3

4,0

20,1

20,3

20,6

20,3

0,926

0,927

0,923

0,927

3,71

3,89

3,92

3,72

97,6

98,0

98,0

97,6

3,62

3,81

3,89

3,63

∑ж=14,96

3,7

-

100

В

7,8

8,1

8,1

7,3

18,9

19,1

18,7

18,9

0,943

0,941

0,945

0,943

7,35

7,62

7,65

6,88

97,3

97,5

96,5

96,5

7,5

7,42

7,38

6,63

∑ж=28,58

7,4

3,7

100

С

9,1

10,2

9,7

8,9

19,8

19,6

18,5

19,7

0,933

0,935

0,936

0,934

8,49

9,54

9,09

8,33

97,7

97,8

96,9

97,6

8,30

9,33

8,90

8,13

∑ж=34,66

8,7

5,0

135

Д

6,1

9,7

8,3

9,5

20,1

19,9

19,5

19,6

0,929

0,931

0,936

0,936

5,66

9,03

7,82

8,89

97,6

97,8

97,6

98,0

5,52

8,83

7,63

8,71

∑ж=30,69

7,8

7,8

110

Нұсқа бойыша орташаны сәйкес кез келген қосындыны қайталау санына бөледі. Барлық өнімді (Х) мөлдектің жалпы санына бөлгенде, ол нұсқалар

  1. мен қайталау (п) санының көбейтіндісі, бүкіл тәжірибе бойынша орташа өнім (х0) болады.

х0 = Х : (1) · (п) = 110,52 : 12 = 6,9 ц/га (1 - нұсқалар, п - қайталау саны).

Алғашқы өңдеуді аяқтаған соң дисперсиялық талдау үшін өнім кестесін құрастырады.

2-кесте. Өнім кестесі

Тәжірибе нұсқалары

Мөлдектердегі өнім, ц/га

Қосын- дысы, Х

Орташа өнім, х

1

2

3

4

Тыңайтқышсыз

3,62

3,81

3,89

3,63

14,93

3,7

Көң 40 т

8,30

9,33

8,90

8,13

34,66

8,7

Р К

7,35

7,62

7,65

6,88

29,50

7,4

Р К

5,66

9,03

7,82

8,89

31,40

7,8

Қосындысы

24,93

29,79

28,17

27,53

110,52

х= 6,90

Бақылау сұрақтар:

    1. Өнімді алғашқы өңдеуге не жатады?

    2. кг алынған өнімді гектардан алынған өнімге қалай аударады?

    3. Өнім кестесін қалай жасайды?

    4. Тәжірибе бойынша орташа өнім қалай анықталады?

№ 7 тәжірибелік сабақ

Тақырып: «Өнім кестесінен түсіп қалған мәліметтерді орнына келтіру»

Сабақтың мақсаты – Бақылау кезінде түсіп қалған міліметтерді орны- на келтіруді үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Түрлі түсті слайдтар

Тәжірибе жұмысында бір немесе бірнеше мөлдектердің өнім туралы мәліметтері есептен шығып қалған жағдайлар кездеседі. Есепке кірмеген мөлдектің есептелген өнімі, зерттеуге алынған фактордың сондай эффек- тілігін анықтау үшін, осы нұсқалардың отраша өнімімен салыстыру керек. Өнім айырмашылығы мәлімет түсіп қалған нұсқаның орташа эффектісі болып саналады, бұл мөлдектің түсіп қалған мәліметін теориялық есептеу болады.

Есептеудің ретімен танысайық:

  1. Мәлімет түсіп қалған нұсқаның қалған үш қайталануының орташа өнімін есептейміз. Ол мынаған тең х = 1380 : 3 = 460.

  2. Мөлдектері түгел нұсқа үшін үшінші қайталау бойынша қосындысын РА + В екіге бөлеміз (205 + 375) : 2 = 290.

  3. Тәжірибе бойынша орташа өнім (924 + 819 + 454) : 6 =366,2

1-кесте. Тәжірибедегі бір мәлімет түсіп қалған кесте

Тәжірибе нұсқасы

Қайталау бойынша өнім, ц/га Х

Х

Х

1

2

3

4

А

362

311

205

165

1043

-

Б

550

489

А

341

1380

460

В

562

508

375

289

1734

-

РА+В

924

819

580

454

2197

366,2

ХРА+В

462

409

290

227

РА+Б+В

1474

1308

580

795

Х=4157

  1. Мәлімет түсіп қалған нұсқаның орташа эффектісі мынадай 460- 366,2=93,8. Егер екінші нүсқаның үшінші қайталауындағы мөлдектен дұрыс өнім алынған болса, ол мөлшерлеп алғанда осы қайталаудың басқа вариант- тарының орташа өнімінен 93,8 цетнерге артық болар еді.

5) 290 + 93,8 = 383,8 немесе 384,0 ц/га.

Егер тәжірибеде бірнеше мөлдектердің мәліметтері түсіп қалса, оларды осы сияқты мүмкіндік мәнін салыстырмалы көрсеткіштер құру арқылы есептейді. Тәжірибеде бір мәлімет жоғалғанда ағылшын ғалымы Дж. У.Снедекор мынадай формуланы ұсынды:

А = l ·V+ п · Р - Х : (l - 1)(п- 1);

l - нұсқалар саны; п - қайталау саны;

V - мәлімет түсіп қалған нұсқаның қосындысы;

Р - мәлімет түсіп қалған қайталаудың қосындысы;

Х - жалпы қосынды.

Бақылау сұрақтар:

  1. Өнім кестесінен түсіп қалған мәліметтерді қалай орнына келтіреді?

  2. Ағылшын ғалымы Дж. У.Снедокор қандай формуланы ұсынды?

№ 8 тәжірибелік сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]