Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

25 Жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын

тырналудың пайда болуына шағымданып келді. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен

жыныстық қатынаста болған. Қарағанда: жыныс мүшесінің басында дөңгелек

пішінді, анық шектелген, шеті тегіс, көлемі 0,5 см эрозия байқалады

Эрозияның түбі табақша тәрізді, шикі еттің түсіндей, жылтыр, беткейінен

серозды сұйықтық бөлінеді. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат

анықталады. Субъективті сезімі жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері тығыз

консистенциялы, қозғалмалы, көлемі орман жаңғағындай, айырсынбайды. КСР

теріс мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет?

- қанның биохимиялық анализі

+ бозғылт трепонеманы қараңғы аймақта қарау

- акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба

- туберкулинді сыналар

- уретроскопия

?

Пневмониямен ауырған науқас 5 күн бойы пенициллин иньекциясын алғаннан

кейін, денесінің, аяқ-қолдарының терісіне ашу және қышумен жүретін

эритематозды дақ және күлдіреуік түріндегі бөртпелер пайда болды

Төмендегілердің қайсысы берілген жағдайда алдын-алу шараларына жатады:

- күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтану

- тұссыз диетаны сақтау, №1 стол

+ пенициллин қолданудан сақтану, қажет жағдайда басқа антибиотиктерді

қолдану

- санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау

- нервтік стресстардан сақтану

?

Науқас өзінің ауруын тоңумен байланыстырады. Қарағанда: жалпы

жағдайының нашарлауы, дене қызуының көтерілуі, зақымдалу ошақтарының

қабаырға аралық жүйке жүйесімен орналасуы, ассиметриялы. Зақымдалу

ошағында ісіну және эритема фонында топтасып орналасқан жалқықты

сұйықтығы бар көпіршікшелер байқалады. Науқасқа қойылатын ықтимал

диагноз?

- қарапайым пемфигус

- Дюринг дерматозы

- көп түрлі жалқықты эритема

+ белдемелі ұшық

- жай ұшық

?

35 жасар ер адам дәрігерге тік шек аймағындағы жағымсыз сезімге

шағымданады, алғаш бұл сезімді 2 апта бұрын байқаған. Өз бетімен марганец

ертіндісімен емделген, нәтиже болмаған. Тексергенде: тік шек аймағында

ылғалды, ақжемделген гипертрофиялық, вегетациялық түйіншектер бар

Сонымен қатар науқастың алақан- табандарында түйіншектер, басының шашы

түсуі байқалады. Вассерман реакциясы (4+). Төмендегі аталғандардың қайсысы

тиімді фармокотерапия болып табылады?

- май жағу

- диатермокоагуляция

- вирусқа қарсы ем

- бензилпенициллин 400 мың бірліктен 3 сағат сайын 14 күн

+ бензилпенициллин 400 мың бірліктен 3 сағат сайын 28 күн

?

35 жасар науқастың қолдарының сыртқы беткейінде, басының шашты бөлігі

мен денесінің терiсiне көптеген iрi сiңбелi, қызыл-көкшiл түстi, шеттерi ирек-

ирек, сау терiден анық шектелген, бетi қабыршақты табақшалар байқалады

Субъективті: зақымдалу ошақтары шамалы қышиды. Ауырғанына 10 жыл

болған, ауру көбiнесе қыста өршиді. Диагнозын анықтау үшiн қандай қосымша

зерттеулер жасау керек?

- зақым ошағынан алынған материалды микроскоппен қарау

- зақым ошағына май жағып қарау (Уикхем торын көру үшiн)

- биопаттарды патоморфологиялық зерттеу

- серологиялық зерттеу

+ белгiлер үштiгiн анықтау (стеарин дағы,терминалдық қабықша, қан шығы)

?

27 жасар науқастың ауырғанына 10 күн болған. Тауға барып шаңғы тепкеннен

кейін, беті дереу қызарып, ісінген және көпіршіктер мен сулану пайда болған

Субъективті: ауырсыну, күйдіру сезімі мазалайды. Сіздің ықтимал

диагнозыңыз:

- аллергиялық дерматит

- себорея

- токсикодермия

+ фотодерматоз

- экзема

?

40 жасар ер адамның суық күні балық аулағаннан кейін желкесінде қатты

ауыратын инфильтрат пайда болған, көлемі біртіндеп өсіп, бала алақанына

дейін ұлғайған. Инфильтраттың бетіндегі терінің түсі қошқыл-қызыл түсті,

ортасы-көкшіл, қан аралас қою ірің және жасыл түсті некроздық бөлінісі бар

бірнеше жыланкөз ашылған. Басы ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы-

38,50 Төмендегі аталған емнің қайсысы тиімді?

+ антибиотикотерапия

- антигистаминді препараттар

- витаминотерапия

- гормонотерапия

- фугицидті препараттар

?

Науқас қышу және шаншу сезімімен қатар жүретін ауыз бұрышында пайда

болған бөртпелерге шағымданады. Анамнезінде: ауру 3 күн бұрын тырысу

және күйдіру сезімімен жүретін қызғылт дақтың пайда болуынан басталды

Дақтың фонында кейбіреуі жарылып эрозияға айналған көптеген көпіршіктер

пайда болды. Бөртпелер пайда боларда науқастың ыстығы 380 С-көтерілген,

басы, бұлшық еттері ауырған. Науқасқа қойылатын ықтимал диагноз?

- езулік

- Дюринг дерматиті

+ жай ұшық

- көп түрлі жалқықты эритема

- пемфигус

?

67 жастағы науқасқа 1 жыл бұрын астыңғы ерін рагы бойынша операция

жасалған. Қайта қарау кезінде рецидив анықталды. Науқас қандай клиникалык

топқа жатады?

- I

+ II

- III

- IV

- II б

?

Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасы бар, көлемі

1,5 см, I клин. топ. Дғрігердің тактикасы қандай?

- Динамикада бақылау

- Радикалды операция

- Симптоматикалық терапия

+ Эндоскопиялық полипэктомия

- Химиосғулелік терапиян

?

52 жастағы науқаста сүт безі рагының III сатысы. 2 жыл бұрын комплексті ем

алған. Бақылау қарау кезінде өкпеде метастаз анықталды. Дғрігердің тактикасы

қандай?

- 3 айдан кейін бақылау қарау

- 1 жылдан кейін бақылау қарау

+ Симптоматикалық емге жіберу

- Радикальді хирургиялық ем

- Паллиативтік операция

?

Асқазан обырымен ауратын науқасты IYст.Т3N2М1, өкпеге метастаз берген,

канцероматоз симптоматикалық емге жеберілген?Науқас қандай клиникалык

топқа жатады?

Симптоматикалық ем жүргізілетін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар

қандай клиникалық топқа жатады?

- I

- II

- III

+ IV

- I а

?

Тоқ ішектің көкбауыр бүрышының обырымен ауратың науқасқа 2 жыл бүрын

гемиколонэктомия жасалған. Рецидивпен метастаздар жоқ. Дғрігердің

тактикасы қандай?

+ Динамикада бақылау

- Радикалды операция

- Симптоматикалық терапия

- Эндоскопиялық полипэктомия

- Химиосғулелік терапия

?

60 жастағы науқас 8 ай бұрын сол жақ сүт безінде ісікті байқады, дғрігерге

қаралмаған. 2 апта бұрын онкодиспансерге жіберілген, онда сол жақ сүт безі

рагының IV сатысы, ісіктің ыдырауы анықталған. Асқыну себебі қандай?

- Диагностика қателігі

- Толық емес қарау

- Дерттің жасырын жүруі

+ Дғрігерге деркезде қаралмау

- Науқасты ұзақ уақыт қарау

?

Түйінді мастопатия қандай клиникалық топқа жатады?

+ I

- II

- III

- IV

- I а

?

65 жастағы науқасқа 3 жыл бұрын көлденең тоқ ішек рагы бойынша

хирургиялық ем жүргізілді. Бақылау қарау кезінде анастомоз аймағында

рецидив табылған. Дғрігердің тактикасы қандай?

- 3 айдан кейін бақылау қарау

- 1 жылдан кейін бақылау қарау

- Симптоматикалық емге жіберу

+ Радикальді хирургиялық ем

- Паллиативтік операция

?

57 жастағы науқаста 5 ай бұрын нғжісте қан пайда болды. Тік ішекті саусақпен

қарағаннан кейін геморрой диагнозы қойылды, ем тағайындалды. 3 апта бұрын

аталған шағымдар білінді. Онкодиспансерде амбулаторлық қарау барысында 15

см қашықтықта тік ішек рагы анықталды. Кейінгі 4 күнде іш астында түйіліп

ауырсыну, нғжістің болдмауы, іштің өсуі, ғлсіздік пайда болды. Асқынуы

қандай болу мүмкін?

- Механикалық сарғаю

+ Ішек өтімсіздігі

- Омыртқа сүйектеріне метастаз

- Өңештік-бронхиальді жыланкөз

-Асқазан стенозы

?

70 жастағы науқаста сигматғрізді ішектің IV сатысы, бауырға метастаз. Ішектің

өтімсіздік белгілері бар. Осы науқас қандай клиникалық топқа жатады?

- I

- II

- III

+ IV

- I а

?

58 жастағы сүт безі обырымен ауыратын науқас емделгенен кейін үш жыл

өткесін плеврит анықталды. Плевритті қалай анықтау болады?

- Бронхоскопия кезінде

- Қан анализы бойынша

- Плевральді қуысының пункция кезінде

+ Аспирациялы сұйықты цитологиялық зерттеу кезінде

- Рентгеноскопия кезінде

?

65 жастағы сүт безі обырымен T3N1M0 ауыратын науқас, эстроген-рецепторы

оң. Қандай гормональді ем қолдану керек?

- Ароматаза ингибиторлары

- Эстрогендер

+ Антиэстрогендер

- Прогестиндер

- Кортикостероидтар

?

Науқас шағымы: тыныс алуының қиындауы, мұрын аймағының ауырсынуы,

дене қызуының 37.0 С көтерілуі. Бұл симптомдар үш күн бұрын мұрын

жарақатынан кейін пайда болған, мұрынынан қан кеткен. Объективті: мұрын

пердесі аймағының жұмсақ тканьдер инфильтрациясы есебінен мұрын

жолдарының таралуы. Зонттау кезінде инфильтрат орталығының

флюктуациясы байқалады. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал

болып табылады?

+ мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы

- мұрыннан қан кету гипертраниялық ауру

- мұрын сүйектерінің жабық сынуы, мұрыннан қан кету

- мұрын қуысының бөгде заттар

-мұрын пердесінің қансыраған полипі

?

Мұрынның су аққаннан кейін науқаста сол жақ мұрында ісіну, қызару және

мұрын терісінің ауырынуы болды. Ауырсыну тіске, самай аймағына, сол жақ

көзге берілді, t- 38 С

Объективті: сол жақ мұрын қанатында шектелген, ортасында іріңдігі бар ашық

қызыл түсті ісіну көрінеді. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал

болып табылады?

+ мұрын фурункулы

- полипозды риносинусит

- созылмалы гипертрофиялы ринит

- созылмалы атрофиялық ринофарингит

- сол жақтық гемисинусит

?

Науқас 36 жаста. Сол жақ мұрын қанатындағы фурункулдың іріңдігін

жарғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлады. Күшті қалтырау, терлеу,

гектикалық температура, қатты бас ауруы пайда болды. Жергілікті мұрын

қанаты айналасында, инфильтрат бар жерде ісінуі байқалады. Ол сол жақ бет

және ерін аймағына таралған. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал

болып табылады?

- мұрын фурункулы

+ кавернозды синус тромбозды, риногенді сепсис

- полипозды риносинусит

- созылмалы атрофиялы ринофарингит

- сол жақты гемисинусит

?