Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

30 Жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Таңертең

жұмыста эпигастрит аймағында кенеттен қатты ауырсыну, бас айналу, әлсіздік,

көзінің қарауытуы, жүрек айну пайда болды. Терісі кенеттен бозғылттанды,

салқын жабысқақ термен қапталған. ТЖС- 26 рет мин. Пульсі 120 рет

минутына. АҚ 90/50 мм сын.бағ. Іші тарытылған, сезімтал,ауырмайды. Сіздің

диагнозыңыз?

- жедел миокардтың инфаркті

- асқазанның жара ауруының өршуі

+ асқазан жарасының тесілуі

- жедел панкреатит

- жедел холецистит

?

Қарт жастағы науқастарда қан қысымын тез түсіруге болмайтын себеп:

- жедел жүрек шамасыздығының дамуы

- сұйықтың жиналуы

- ағзалардың қан айналымының төмендеуі

+ инсульттің дамуы

- миокардтың инфарктінің дамуы

?

Қандай ауру кардиогенді шокқа соқтырады:

+ миокард инфарктісі

- іркілген кардиомиопатия

- жабысқақ перикардит

- митралдық клапанның бұлшық етінің жұлынуы

- жедел миокардит

?

Науқаста күш түскеннен кейін тұншығумен жүретін ентігудің ұстамасы,

көбікті қақырықты жөтел пайда болды. Тексергенде: өкпесінің екі жағында

ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар, жыбыр аритмиясы бар, бауыры ұлғайған,

аяғында ісіктер. Осы белгілер қай патологияға сәйкес келеді?

- тыныс тұншықпасының ұстамасына

+ жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- спонтандық пневмоторакс

- инфаркттық пневмония

?

50 жастағы ер адам сол жақ кеуде сарайындағы қатты ауырсынудың күш

түскеннен кейін пайда болатынын айтты. Сол қолын қозғағанда және терең

демалғанда ауырсыну күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағында

тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Қай патология туралы ойлайсыз?

- ЖИА стенокардия

- Остеохондроз

- қабырға аралық невралгия

+ спонтанды пневмоторакс

- экссудативті плеврит

?

44 жастағы науқаста миокардтың инфаркімен бірге топталған политопты

қарыншалық экстрасистолалар пайда болған . Осы жағдайда аритмияға

қарсы қандай дәрі қолданылады?

- этоцизин

+ лидокаин

- АТФ

- новокаинамид

- строфантин

?

46 жастағы науқастағы оң қабырға астында ауырсыну пайда болып, оң бұғана,

мойынға беріледі. Құсады. Ауырсыну психикалық эмоциялық жүктемеден

кейін болды.Сіздің диагнозыңыз?

- асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі

- созылмалы панкреатиттің өшуі

- созылмалы тассыз холециститтің өршуі

+ өт тас ауруы, өттің шануы

- гипертониялық типті өт жолдарының дискенезиясы

?

Қарыншалық фибрилляция кезінде ең бірінші қолданылады:

+ электрлік дефибрилляция

- лидокаинді көктамырға енгізу

- калий хлориді, кальций хлориді, атропин

- жүректің жабық массажы

- амиодаронды көк тамырға енгізу

?

Қабырғаралық невралгияға байланысты қатты ауырсынуда жасау қажет:

- жүрек гликозидтері

- антибиотиктер

+ новокаинмен блокада

- антикоагулянттар

- спазмолитиктер

?

Науқас әйел басының айналуына, қорқыныш пен күдіктенуге

шағымданады.Объективті қарағанда:беті солғын, салқын.ЖСС-100рет

минутына, қан қысымы кенеттен 230/140 жоғарылап кетті.Дәрігер

феохромацитомадан болған гипертониялық кризді анықтады

Кризді қалай басуға болады?

- дибазол

+ фентоламин

- капотен

- коринфар

- пентамин

?

Кардиогендік шоктың 3 клиникалық көрінісі:

- басының ауруы, салқын тер, әлсіздік

+ артериялық гипотензия, перифериялық гипоферфузия, өкпе шемені

- артериялық гипотензия, бозғылттану, әлсіздік

- артериялық гипотензия, бозғылттану, салқын тер

- әлсіздік, салқын тер, коллапс

?

Өкпе шеменінде бірінші жәрдем:

- оксигенация

- морфинді енгізу

+ фуросемидті жіберу

- добутаминді енгізу

- инфузиялық терапия

?

Миокардтың инфарктінің жедел сатысында өрескел систола шуының жүректе

пайда болуы ненің белгісі?

+ қарынша аралық перденің дефектісі

- қолқа клапанының жеткіліксіздігі

- сол қарыншаның қабырғасының жарылуы

- кардиогенді шок

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

?

Миокардтың инфарктімен гипертониялық криз болғанда қан қысымын не

түсіреді?

- бета-блокаторлар

- кальций антогонистері

+ нитроглицерин

- АПФ инбиторлары

- Симпатолитиктер

?

Жүктіліктің қай мерзімінде ішкі жыныс мүшелері қалыптасады?

- 14-20 апта

- 5-12 апта

- 7-20 апта

- 12-18 апта

+ 5-8 апта

?

Губарова-Гаус белгісі:

- жатырдың алдына қарай иілуі

+ жатыр мойнының жеңіл қозғалғыштығы

- жатырдың алдынғы қабырғасының айдаршық тәрізді қалындауы

- жатыр консистенциясының өзгеруі

- жатыр бұрышының ассиметриясы

?

Ұрық басымен кіші жамбас қуысындағы тұрғандағы қынап арқылы қарау

кезінде анықталады?

- басы сегізкөз бен қасағаның жоғарғы үштен бірін жабады, мүйіске қол

жетпейді, отырғыш қырлары анықталады. Басы иілген, кіші еңбек үлкен

еңбектен төмен. Сагитальды жігі бір қиғаш өлшемге сәйкес келеді

- сегізкөз ойығы бос, мүйіске бүгілген саусақ жетеді, қасағаның ішкі беті

жетіледі, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес

+ сегізкөз ойығының ішкі беті, қасағаның 2/3, ішкі бетінде бала басы,

сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес

- сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде бала басы орналасқан, отырғыш

сәйектің қырлары анықталады, сагитальды жігі қиғаш өлшемде

- сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде бала басы орналасқан, отырғыш

сәйек қырлары анықталмайды, сагитальді жік тіке өлшемге сәйкес

?

Қалыпты жүктілік ағымының қай кезеңінде ХГ деңгейі жоғарғы шегіне жетеді?

- 5-6 аптада

- 7-8 аптада

- 11-12 аптада

+ 9-10 аптада

- 13-14 аптада

?

Перинатальды өлім- бұл:

- босану кезінде нәрестенің өлімі

+ антенатальды, перинатальды және ерте неонатальды кезеңде нәрестені

жоғалту

- өлітуылу

- ұрықтың антенаталды өлімі

- ерте неонатальды кезеңде ұрықтың өлімі

?

ҚР 2006 жылы ана өлімі көрсеткішінде I орын алатын патология:

- кеш гестоз

- экстрагенитальды патология

+ қан кету

- инфекция

- Жатыр жыртылуы

?

Босанудан кейін эндометрий толығымен қашан қалыптасады?

- 2 аптадан кейін

- 6-8 аптадан кейін 3 айға жақын

- 3-4 аптадан кейін

- 10 күннен кейін

+ 6-8 аптадан кейін

?

Босанудың III кезеңінде белсенді жүргізуді бастайды::

- қан жоғалту 250,0 және жалғаса берсе, плацентаның ажырау белгісі болмаған

жағдайда

- III кезеңде 15 минут, плацентаның ажырауы болмаған жағдайда

- III кезеңде 20 минут, плацентаның ажырауы болмаған жағдайда

+ қан жоғалту 100,0 және жалғасуда, плацентаның ажырау белгілері болған

жағдайда

- III кезеңде 10 минут, плацентаның ажырауы жоқ, қан жоғалту жоқ, бірақ

артериялық қан қысымы 140/90 мм. Сын. Бағ

?

жүкті әйелдің 28 аптадан 31 аптаға дейінгі салмақ қосуы:

- 1,2 кг

+ 2,3 кг

- 1,5 кг

- 2 кг

- 1,9 кг

?

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде протеинурия мөлшері:

- 0,033 ден 0,132 г/л дейін

- 1 г/л және одан жоғары

+ 5 г/л және одан жоғары

- 0,132 г/л дан 1 г/л дейін

- 1 г/л ден 5 г/л дейін

?

Кеш гестоздың біріктірілген формасы «таза» түрінен келесі ерекшеліктермен

ажыратылады:

+ барлық кезде негізгі аурудың клиникалық белгілері көрінеді

- ереже бойынша жүктіліктің 35-36 аптасынан кейін басталады

- барлық кезде клиникалық көрінісінде Цангемейстер триадасы болады

- барлық кезде жайылған ісіктер болады

- барлық кезде протеинурия болады

?

жүрек-қан тамыр жүйесіне жүктіліктің қай мерзімінде максимальды жүк

түседі:

- 12 аптаға дейін

- 16 аптаға дейін

- 23-24 аптада

- 28-29 аптада

+ 35-36 аптада

?

Жүкті әйелдер арасында жүре пайда болған жүрек ақаулар жиелігі:

- 0,5- 1%

- 3-4 %

- 5-7 %

+ 10-15 %

- 6-8 %

?

Қант диабетінде кезінде босандырудың қолайлы мерзімі?

+ 32 аптадан кейін

- 35-36 апта

- 36 аптаға дейін

- 36-37 аптада

- 38 аптадан кейін

?

Кеш гестозы бар науқастарды емдеуде диуретикалық препараттарды қолдану

көрсетіледі:

- жоғары гипертензия кезінде (180/10С.б.б)

+ анурия кезінде

- тромбозда

- ісінуде

- эклапсияда

?

Жүкті әйелдерде "таза" гестоз кезіндегі диурез неге байланысты?

- түтікшелік реабсорбциядан

+ бүйрек паренхимасының өзгерістерінен

- тамырлардың перифириялық қарсылығынан

- бүйрек тамырларының тарылуынан

- шумақтық фильтрациядан

?

Босанушы әйелді қынаптық тексергенде тігіс бөліп өткен тегіс беткей

анықталды.Бір жағынан тігіске кеңсірік тұсы және қас үстіндегі доғасы,екінші

жағынан- үлкен еңбектің алдыңғы ұшы келіп тұр.Бұл жағдайда ұрық басының

қай бөлігімен келуін анықтаймыз :

- шүйденің алдыңғы көрінісі

- алдыңғы бастық

+ маңдайлық

- беттік

- шүйденің артқы көрінісі

?

Босанғаннан кейін 3-ші тәуілікте 32 жастағы босанушы әйел іштің төменгі

жағының ауыратынына, қалтырауға, бас ауруына, дене температурасының 39С

дейін көтерілуіне шағымданды.Босану кезінде бала жолдасының бөліктік

жабысуына байланысты қолмен ажырату және қалдықтың бөлінуі

жасалынды.Анамнезде 1рет босану және 2 мед.аборт, созылмалы пиелонефрит

анықталды.Сүт бездері-айқын тығыздалған.Сіздің диагнозыңыз?

- жедел респираторлы ауру

+ эндометрит

- мастит

- созылмалы пиелонефриттің өршуі

- лохиометрия

?

Қайталап босанушы 30 жаста, 2 сағат бұрын босану әрекеті

басталды,егіздер,бірінші ұрықтың орналасуы көлденең.Не істеу керек?

+ кесар тілігі

- сыртқы акушерлік бұрылыс

- толық ашылуы кезінде классикалық акушерлік бұрылыс жасау

- босануды жалғастыруды консервативті жүргізу, толық ашылуы кезінде

классикалық бұұылыс жасау, егер болмаса- кесар тілігін жасау

- қолдың түсіп кетпеуінің алдын алу үшін максимальды ұрық қапшығын сақтау

?

Босанудың III кезеңі,қан кетуде,жатыр кезеңді түрде босанысуда. Дәрігер іс-

әрекеті?

- кғк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі егу, Лосицкий тігісін салу

- жатырға сыртқы массаж жасау, кардинальды жалғамаға тігіс салу

- ішіне мұз салу, аортаны жұдырықпен басу

+ жатыр қуысын қол салып қарау

- жатырға сыртқы массаж жасау, кғк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі егу,

жатыр қуысын қол салып қарау

?

Босану кезінде жатырдың жыртылуының белгілері:

- жақсы босану әрекетіндегі ұзақ босану

- жатырдың тығыздалуы

- толғақтан тыс жайылмалы ауырсыну

- барлық аталғандар

+ жатыр мойнының алдыңғы ернінің ісінуі

?