- •18 Жастағы науқаста бетінің ісінуі, бас ауруы, белдің сыздап ауырсынуы, зәр
- •56 Жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы
- •35 Жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы
- •57 Жасар науқас жыл бойы айына 1-2 рет таңертең кеуде арты қысылумен
- •160 Рет), ұстаманы дғрігер каротидті синустың массажямен тоқтатты. Жүрек
- •72 Рет минутына. Экг сирек қарыншалық экстрасистола белгіленді. Эхо кг
- •130/90 Мм.С.Б., жжж 68 рет минутына. Іші кішкене үрленген, ауырсынады
- •50 Жастағы ер адам отбасылық дғрігерде бронх демікпесі мен диспансерлік
- •70 Жастағы науқасты соңғы 3 жылда тізе буынындағы, ғсіресе оң жақтағы
- •8 Айлық баланың нғжісі тұрақты емес, жағымсыз иіспен, жылтыр. Физикалық
- •3,5 Айлық қыз балада жеңіл тершендік, бұлшықеттік гипотония, шүйдеде шаш
- •6 Жасар бала тәбетінің төмендеуіне, локализациясы белгісіз іштін ауырсынуына
- •39 Жастағы с. Науқас 3 күн бойы ауырады. Аумақтық терапевт жіті
- •75 Жастағы науқасқа шақыру болды. Жүрек аймағындағы қатты жаншып
- •200/120 Мм.Сб. Тамырдың соғуы минутына 122 рет. Үлкен дғреті жғне диурез
- •26 Жастағы науқас ғйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына жғне ісінуіне,
- •45 Жастағы науқас ғйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы
- •35 Жастағы Науқас авто көлік басып кеткен. Түскен кезінде шат аймағындағы
- •7 Жасар баланы тексеру кезінде дәрігер анықтады : оң жақ мықым ойығы
- •30, Температурасы 37,5с. Жөтелгенде аузынан қызыл қан шығады. Қан кету бір
- •55 Жастағы науқас кенеттен сол жақ аяқ-қолдарында әлсіздіктің пайда
- •1 Жастағы бала жедел ауырды, дене қызуы 39,2 с дейін көтерілген жғне
- •35,2°С, дене терісінің бозаруы, акроцианоз. Тері тургоры төмен. Жүдеген
- •25 Жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын
- •4 Жастағы баланың мұрын демалысы қиындады, ауызбен демалады
- •38 Жасар науқаста орви-ден кейін жас ағу, жарықтан жасқану, оң көзінде
- •35 Жасар еркек жарықтан қорқу, ауырсыну, 2 күн бойына оң жақ көзінің көру
- •22 Жастағы ғйел, жүктіліктің 12 аптасында, диспансерлі қарауды өтіп жатыр
- •40 Жастағы әйел 3 аптадан соң сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы айтылғаннан
- •1940 Мен 1975 жылдар арасындағы асбестттік текстиль өндірісінде қызмет
- •12Елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке
- •29 Жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2
- •45 Жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек
- •50 Жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді
- •35 Жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қыжыл, тамақтанғаннан 1,5-3
- •12 Айлық балаға паротитке қарсы вакцинация жасағаннан кейін дене қызуы 39,0
- •13 Жастағы қыз балаға үйге шақыру түсті. Бірнеше сағат бұрын ауырған. Ішінде
- •11 Айлық балаға үйге шақыру түсті. Анасының айтуынан бала мазасызданғанда
- •4,5Х109/л, тромб.-15х109/л, сегм. Ядролы- 68%, лимф.- 32%, этж- 18 мм/сағ
- •14 Жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Дене қызуының көтерілуіне, іштің аяқ
- •11 Айлық балаға үйге шақыру түсті. Анасының айтуынан бала мазасызданғанда
- •8 Жасар балаға үйге шақыру түсті. Қиындаған дем шығарумен ұстамаға, қиын
- •4,2Х1012/л, л-6,4х109/л, п-22%, с-25%, лимфоциттер-62%, моноциттер-10%
- •3 Айлық қыз баланың анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге қызының 2 айдан бері
- •12 Жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Қызбаға, қалтырауға, жүрек аймағының
- •28 Жастағы л. Деген жүкті әйел, жүктіліктің 31 аптасы, ауыр дәрежедегі
- •26 Жастағы науқас, етеккірі 17 жастан аз мөлшерде, сирек
- •35 Жастағы науқас, әко ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға,
- •26 Жастағы науқас жамбастан кесілген жарақатымен түсті. Жараны қарау
- •4 Айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік
- •80 Жастағы науқас үйінде баспалдақтан оң жағымен құлаған. Сол кезде оң жақ
- •80 Жастағы науқас үйінде баспалдақтан оң жағымен құлаған. Сол кезде оң жақ
- •14 Жастағы жасөспірім өкпе туберкулезімен ауырады. Негізгі жұғу жолы
- •55 Жастағы науқас бір жақ бетінде ұстама ауруна жақын аурудың пайда
- •13 Жасар бала емханаға қаралды. Шағымдары: дене қызуы 38,7 оС-қа дейін
- •16 Жасар жоғарғы сынып оқушысы. Ауруханаға әлсіздікке, эпигастрит
- •40 Жастағы әйел, мал дәрігері. Жұқпалы аурулар ауруханасына терлеуге,
- •18 Жасар студент. Түскен кездегі шағымдары әлсіздік, қайталамалы құсу,
- •9 Жасар қыз баласында 1 жыл алдын кеуде және аяқ аумақтарында қызыл
- •13 Жасар қыз баласында, осыдан 2 жыл алдын инсоляциядан соң, бет (қызғылт
- •30 Жасар әйел гидраденит жарасына байланысты сульфаниламид (неомицин)
- •32 Жастағы науқас еркектің екі аяғының терісінде және табанында дөңгелек қатқылдықтар бар
- •29 Жастағы еркек лор-дәрігердің қабылдауында тамағы жұтқанда ауруына,
- •35 Жастағы еркек бас ауруына, мұрынның сол жағынан іріңді бөлінді ағуына,
- •67 Жастағы орта ауырлықты созылмалы обструктивті өкпе ауруымен ауыратын
- •56 Жастағы науқас, дәрігерге эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың
- •20 Ж. Науқас, студент оқтын-оқтын болатын ұстамалы экспираторлы демікпе
- •55 Жастағы науқас әйел, 12 жыл бойы артериалдық гипертензияның іі
- •50 Жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда
- •32 Жастағы әйел жанұялық дәрігерлік амбулаторияға профилактикалық қарауға
- •50 Ж., ер кісі кеуде сарайының сол жақ жартысында күшті жүктемеден пайда
- •62 Ж., науқас әйелді соңғы 2 жыл бойы тізе буындарындағы, әсіресе оң жақ
- •44 Жастағы науқас 1 апта бойы алкоголь қабылдаған.Алкогольды соңғы
- •48 Жастағы тыныс демікпесімен ауыратын науқас әйелде гэр аурудың
- •20 Жыл бойы созылмалы гастрит в типімен ауыратын науқаста асқазанның
- •44 Жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы
- •52 Ж., ер кісіде , кетоацидоз жағдайынан кейін әлсіздік пен жүректің шалыс
- •48 Мм/сағ, сары суда трансферрин мен темір төмендеген. Григерсен реакциясы
- •0,83.Сары судағы темір деңгейі- 9 мкмоль/л. Сары судағы темірдің
- •45 Жастағы ер адам дәрігерді үйіне оң табанындағы қатты ауырғандыққа
- •39 Жастағы науқас аузының құрғауына, құлақ маңы бездерінің ұлғаюына,
- •2 Тб жүргізіліген Манту сынамасының нәтижесі 9 мм папула болса, ол:
- •2 Жастағы баланы жиі ауырады деп санауға болады, егер:
- •2 Денсаулық тобындағы, жаңа туылған нәрестелер өмірінің бірінші айында
- •1 Дәрежелі гипотрофияда тамақтану мөлшері, ақуыз, май және көмірсуы
- •100А электртокпен зақымдалғанда өлімге жиі ұшырататын себептері болып
- •58 Жастағы науқас туыстарының айтуы бойынша 8жыл бойы қант диабетімен
- •12 Жастағы белгісіз сұйықпен уланған балаға жедел жәрдем бригадасы келді
- •30 Жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Таңертең
- •III дәрежелі ұрық дамуының құрсақ ішілік кідіруі:
- •1) Оң жұғынды өкпе туберкулезі алғашқы анықталған науқастар; 2) теріс
- •5 Жасар балада профилактикалық тексеруде 2 тб Манту сынағына оң мәнді
- •21 Жастағы, студент л., күзгі дала жұмысынан кейін, сабақ басталғаннан 3
- •100 Науқастың ұйқы артериясының реваскуляризациясының қортындысын
- •5 Күнде көп ретті құсық болған. Анық дегидратация белгілері анықталды
- •30 Жасар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында оқ-
- •35 Жастағы науқас кенеттен болған түшкіруге, көп мөлшерде сулы, кілегейлі
- •76 Рет. Аускультация кезінде функциональды жүрек шуы анықталады. Басқа
12 Жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Қызбаға, қалтырауға, жүрек аймағының
ауыруына шағымданады. Перкуторлы: жүректің барлық шекаралары кеңейген
Аускультацияда: тондары әлсіз, жүрек ұшында, 3-4 қабырғааралықта жүрек
фазасымен байланыссыз, қар сықыры тәріздес, басса күшейетін, иррадиация
бермейтін шу естіледі
Диагноз қою үшін қандай тексеру өткізу қажет?
+ рентгенография
- электрокардиография
- пикфлоуметрия
- бронхография
- спирография
?
Қабылдауда 12 айлық бала. Шағымдары жоқ. Тексергенде жалпы жағдайы
қанағаттандырарлық. Терісі мен шырышты қабаттары таза. Басқа мүшелер мен
жүйелерде өзгерістер анықталмайды. Дәрігер балаға қызылшаға қарсы егу
тағайындады
Қызылшаға қарсы иммунизация немен жүргізіледі?
- АКДС-вакцинамен
+ тірі вирусты вакцинамен
- гамма-глобулинмен
- анатоксинмен
- әлсіздендірілген вирусты вакцинамен
?
Ортнер симптомы немен сипатталады?
- Оң жақ қабырға асты бұлшықеттерінің тітіркенуімен
- Оң жақ бүйрек сызығымен пальпациялағанда ауырсынуымен
- Холангиттің болуымен
+ Оң жақ қабырға доғасын соққылағанда ауырсынуымен
- Оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда ауырсынуымен
?
Іштің тесіп өткен жарақатында не зақымдалады?
- Тері және теріасты шелмайы
+ Тері, теріасты шелмайы, ішперде астарының бұлшықеті, ішперде
- Тері, теріасты шелмайы және қан тамырлары
- Тері, теріасты шелмайы, ішперде астарының бұлшықеті, қан тамырлары
- Тері, ішперде астарының бұлшықеттері
?
Биологиялық өлімнің айқын белгісі қайсы?
- Жүрек қызметінің тоқтауы
- Тынысының тоқтауы
+ Оң мәнді "мысық көз"симптомы
- Көз қарашығының ұлғаюы
- Тері қабаттарының бозаруы
?
Қан тоқтатқыш бұраманы қанша уақытқа дейін салуға болады?
+Жазда 2 сағатқа және қыста 1 сағатқа
-Жазда 1 сағатқа және қыста 2 сағатқа
-Қысы жазы 2 сағатқа
-жазда 1,5 сағатқа және қыста 0,5 сағатқа
-Жылдың барлық мезгілінде 30 минуттан артық емес
?
Ер адам 57 жаста, 10-12 сағат бойында пайда болған төс аймағының ауырсынуы
себебімен, жедел жәрдем шақырылды. Қарағанда: жағдайы ауыр. Қара тер
басқан, түрі боп-боз. Жүрегі сол жаққа ұлғайған, тондары тұйық. Пульсі 110
соқ. мин.. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Науқастың жағдайы
нашарлауда, АҚҚ 80/50 мм. с.б. дейін төмендеді, зәрі күрт азайды. ЭКГ-да: SТ
ІІІ-ІІ тіркемесінде изосызықтан жоғары. Жүрек- қантамыр терапиясына
қарамастан, науқас коллапс жағдайында қайтыс болды
Науқас өлімінің нақты себебі неде?
-Миокардтың жарылуында
-Қолқа аневризмасында
-Кардиогенді шокта
-Миокард инфарктінде
+ Жіті жүрек-қантамыр жетіспеушілігінде
?
Ер адам 48 жаста, көкіректің сол жағының ауырсынуына, ауа жетіспеу
сезіміне, қысқа мерзімді есінен тануына байланысты жедел жәрдем
шақырылды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының
цианозы байқалады, жүрек тондары тұйық. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б. Пульсі 180
соқ. мин. Мониторда: қарынша фибрилляциясына ұласқан пароксизмалды
қарыншалық тахикардия
Қандай диагноз болуы мүмкін?
-Күш түсу стенокардия
-Тұрақсыз стенокардия
-Тыныш күйдегі стенокардия
-Жіті миокард инфаркті
+Варианттық стенокардия
?
Ер адам 58 жаста, ес-түссіз жатқан жеріне жедел жәрдем шақырылды
Туыстарының айтуынша, 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант
төмендететін дәрілер қолданады. Соңғы күндері науқаста полиурия,
полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық байқалған. Тексеру кезінде есі жоқ,
арефлексия, жиі дем алады (ацетон иісі жоқ). Тері құрғақ, көз алмасының
тонусы төмендеген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек
тондары тұйықталған, аритмиялық. Пульсі 100 соқ. мин. АҚҚ- 90/70 мм. с.б.б
Іші жұмсақ, ауырсынбайды
Болжам диагнозы қандай?
- Гиперкетонемиялық кома
- Церебральдық кома
+ Гиперсмолярлық кома
- Гиперлактацидемиялық кома
- Гипогликемиялық кома
?
Ұл бала 12 жаста, белгісіз затпен улануына байланысты, жедел жәрдем
бригадасы шақырылды. Анамнезінде: судың орнына абайсызда 20 мл. белгісіз
сұйықтық ішіп қойған, бірден аузында, өңеш бойында, асқазанда ауырсыну
байқалған, қан аралас құсқан. Ауыз қуысын тексергенде колликвационды
некроздың белгілері бар. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б
Болжам диагнозы қандай?
- Сірке қышқылымен улану
+ Сілтімен улану
- Метил спиртімен улану
- Этил спиртімен улану
- Күкірт қышқылымен улану
?
Әйел 37 жаста, көп реттік ашық түсті қан аралас құсуына байланысты жедел
жәрдем бригадасы шақырылды. Себебін, көп мөлшерде алкоголь ішкенімен
байланыстырады. Анамнезінде: созылмалы алкоголизммен сырқаттанады
Болжам диагнозы қандай?
-Меллори- Вейс синдромы
+Бауыр циррозы
-Жіті панкреатит
-Асқазанның ойық жара ауруы
-Крон ауруы
?
Ер адам 58 жаста, баспалдақтан құлауына байланысты жедел жәрдем
шақырылды. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, брадикардия, брадипноэ, айқын
анизокория, патологиялық табан белгілері. Мұрыннан қан кетудің көрінісі
Болжам диагнозы қандай?
- Бас миы соғылуының жеңіл дәрежесі
- Бас миы соғылуының орта дәрежесі
- Бас сүйегі күмбезінің және негізінің сынығы
+ Бас миы соғылуының ауыр дәрежесі
- Субдуральды гематома
?
Ер адам 65 жаста, тұншығу ұстамасы және көкіректің қысылу сезімі пайда
болуына байланысты жедел жәрдем шақырылды. Анамнезінде: соңғы жылдары
стенокардия және созылмалы обструктивті бронхитпен сырқаттанған
Қарағанда: галоп ырғағы, шашыранды құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі
сегментінде ылғалды сырылдар байқалады. АҚҚ 85/50 мм. с.б.б. Қабылдаған
нитроглицериннен жағдайы жақсармаған
Болжам диагнозы қандай?
- Асқынбаған миокард инфаркті
+ Кардиогенді шокпен асқынған миокард инфаркті
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
-Бронх демікпесі
- Қос өкпенің қабынуы
?
Ер адам 50 жаста, физикалық күш түсіргенде пайда болатын көкіректің сол
жағының ауырсынуына, сол қолын қимылдатқанда және терең тыныс алғанда
ауырсыну бірден күшейеюіне байланысты жедел жәрдем бригадасы
шақырылды. Қарағанда: сол жағында тынысы шамалы әлсіреген. Перкуторлы
тимпанит байқалады
Қандай диагноз туралы ойлау керек?
-ЖИА. Стенокардия
-Остеохондроз
-Қабырға аралық невралгия
+Спонтанды пневмоторакс
-Экссудативті плеврит
?
Әйел 46 жаста, кенеттен, психоэмоционалдық жағдайдан кейін пайда болған оң
жақ қабырға астының жыртып жатқандай ауырсынуына, құсуына байланысты
жедел жәрдем шақырылды. Қараған кезде: ауырсыну оң жақ бұғанаға, мойын
аймағына беріледі
Болжам диагнозы қандай?
-Асқазан ойық жара ауруы, өршу сатысы
-Созылмалы панкреатит, өршу сатысы
-Созылмалы тассыз холецистит, өршу сатысы
+Өт-тас ауруы, өт шаншуы
-Өт шығу жолдарының гипертониялық типті дискинезиясы
?
Ер адам 37 жаста, бірден әлсіреу, ішінің ауыруы, көзіне заттардың қосарланып
көрінуі, бір реттік құсуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды
Анамнезінен: кешкі аста қонақта болған және консервіленген қияр жеген
бірнеше адамда осындай шағымдар байқалады. Таңертең іші бүріп ауырып,
жұтынуының қиындауы, аузының құрғауы, дауысының қарлығуы, көз алдының
бұлдырауы байқалған. Науқастың жағдайы ауыр, есеңгіреген. АҚҚ 110/70 мм
с.б.б., пульсі 90 соқ. мин. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Болжам диагнозы
қандай?
- Тағамдық токсикоинфекция
+ Ботулизм
- Салмонеллез
- Менингококтық менингит
- Іш сүзегі
?
Ер адам 40 жаста, кенеттен кіндік аймағының және сол жақ қабырға астының
ұстама тәрізді ауыруына, лоқсуына, құсуына байланысты жедел жәрдем
шақырылды. Себебін, майлы асты көп ішкендігімен байланыстырады
Объективті: Мейо-Робсон, Керте симптомдары оң мәнді. Нәжісі тұрақсыз
Болжам диагнозы қандай?
- Жіті холецистит
- Он екі елі ішектің ойық жара ауруы
+ Жіті панкреатит
- Асқазанның ойық жара ауруы
- Жіті гастрит
?
Жол транспорттық оқиғасына байланысты жедел жәрдем бригадасы
шақырылды. Анамнезінен: 5 жастағы қыз баланы көлік соғып кеткен
Қарағанда: терең есеңгіреу типі бойынша есі бұзылған, сол жақ сан сүйегінің
сынуы, ішперде астарының сол жағының гематомасы байқалады, білек
артериясында пульс анықталмайды
Болжам диагнозы қандай?
- Бас миының қысылуы
-Аортаның зақымдалуы
- Айқынды ауыру синдромына реакция
- Құрсақішілік қан кету
+ Үйлескен жарақат травмалық шоктың дамуымен
?
Ер адам 35 жаста, кенеттен көкірек аймағының ауыруына, есінен тануына
байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Жедел жәрдем келгенге
дейін науқастың туысқандары жүрек өкпе реанимациясын өткізіп жатыр
Дәрігер өз іс-әрекетін неден бастайды?
- Анамнез жинаудан
- ЭКГ түсіруден
- Дефибрилляция жасаудан
- Жүрек ішілік адреналин егуден
+ Реанимация нәтижелілігін бағалап, оны жалғастырудан
?
Ер адам, 50 жаста, басының қатты ауыруына, ентігуге, сол жақ иыққа таралған
төс артының ауырсынуына, жүрегінің жиі соғуына, лоқсуына байланысты
жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінен: өзін бір апта бойы науқас
деп санайды, бас ауруы мазалайды, гипотензивті дәрілік заттарды уақытылы
қабылдамаған. Қарағанда: АҚҚ 190/150 мм. с.б.б., пульсі 110 соқ. мин. ЭКГ-да-
систолалық күшпен сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
Емді неден бастаған дұрыс?
- Дроперидолдан
+ Натрий нитропруссидінен
- Клофелиннен
- Пентаминнен
- Лазикстен
?
Ер адам 68 жаста, көкірек тұсының бірден пайда болған ауырсынуына
байланысты жедел жәрдем шақырылды. Анамнезінен: 2 жыл бұрын инфаркттан
кейінгі кардиосклерозбен ауырған. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да:
қарыншалық тахикардияның пароксизмі, ЖЖЖ 164 минутына
Қай дәріні таңдаған дұрыс?
- Строфантин көк тамырға
- Анаприллин тіластына
- Изоптин көк тамырға
+ Лидокаин көк тамырға
- Хинидин ішке ауыз арқылы
?
Қарт әйел 78 жаста, бронх демікпесі ұстамасына байланысты жедел жәрдем
бригадасы шақырылды. Дәрігер небулайзер арқылы сальбутамол
ингаляциясын қолданған, содан кейін науқаста шамалы жеңілдену байқалады
Бірақ ентігу мен ысқырық сырылдар сақталады
Тағы қандай дәрілік затты таңдау керек?
- Интал
- Алупент
- Теофиллин
+ Преднизолон
- Тербуталин
?
Әйел 52 жаста, қан қысымының жоғарлауына байланысты жедел жәрдем
бригадасы шақырылды. Анамнезінен: артериалдық қан қысымының жиі
жоғарылайтындығы белгілі болды. Қарау кезінде, АҚҚ жоғарылауы барысында
кардиогенді өкпе ісінуі дамыды. Пульсі 168 соқ. мин
Не қолдану қажет?
- Электрокардиостимуляцияны
- Вагусты тәсілді
- Тіл астына нитроглицеринді
+ Көпіршік басатын дәрілік заттарды
- Көк тамырға клофелинді
?
Әйел 25 жаста, жұмыстағы қолайсыздықтан соң, 2 сағаттан кейін дамыған
көкірегінің ауыруына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды
Объективті: тыныс алғанда, басын, қолын қозғалтқанда, көкіректі
пальпациялағанда ауру үдере түседі
Жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті қандай?
- Ем тағайындау
- Невропатологқа жолдау
+ Электрокардиограммаға түсіру
- Ауруханаға жатқызу
- Рентгенге жолдау
?
Әйел 50 жаста, кенеттен жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем
бригадасы шақырылды. Қарағанда: науқастың жағдайы ауыр, беті боп-боз, тері
жамылғысы ылғалды, АҚҚ 150/100 мм. с.б.б., пульсі 120 соқ. мин. Өкпесінде
ірікөпіршікті сырылдар, жүрек тондарын естіртпейді. Анамнезінде 5 жыл
көлемінде артериалды гипертензиямен ауырған
Дәрігердің іс-әрекеті қандай?
- Науқасты үйде қалдыру
- Емханадан дәрігер шақыру
Үйде қалдырып, клиникалық жағдайын бақылау
- Күндізгі ауруханада емдеу тағайындау
+ Арнайы бригаданы шақырып ауруханаға жатқызу
?
Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының
ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада
ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола,
ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты
таңдау керек?
- Этоцизин
+ Лидокаин
- АТФ
- Мезатонмен новокаинамид
- Строфантин
?
Ер адам 60 жаста, көкірек тұсының ұстама тәрізді ауруына байланысты жедел
жәрдем бригадасы шақырылды. Дәрігері қарап болған соң, ЭКГ-ға түсірді
ЭКГ-да синусты бракардия, ЖЖЖ 42 минутына, қарыншалық экстрасистолия
АҚҚ 70/50 мм. с.б.б. Көрсетілген дәрілердің қайсысы бірінші кезекте
қолданылады?
+ Атропин
- Лидокаин
- Морфин
- Дофамин
- Изадрин
?
Қарт кісіге, ес-түссіз жатқан жеріне жедел жәрдем бригадасы шақырылды
Дәрігер қарап болған соң, субарахноидальды қан құйылу болжам диагнозы
қойылды. Ауруханаға жатқызылу тағайындалды
Тасымалдауды қалай ұйымдастыру керек?
- Жаяу
- Стөлмен көтеру, қолға көтеру
- Аяқ жағы 30?көтерілген зеңбілмен
+ Бас жағы 30?көтерілген зеңбілмен
- Горизонталды жатқызып зеңбілмен
?
Ер адам 49 жаста, жедел жәрдем бригадасының дәрігері үйде гипертониялық
кризді басу мақсатында көк тамырға 5 мг верапамил еккеннен кейін асистолия
дамыды
Жүрек- өкпе реанимациясы фонында бірінші кезекте қандай дәрілер қолдану
көрсетілген?
- 0,5 мг атропинді көк тамырға
+ 10 мл 10% кальций хлор ерітіндісін
- Изадринді 5-10 мкг/мин
- 1 мг адреналинді
- Допаминді 10 мкг/мин/кг
?
Қарт әйел 70 жаста, бірден пайда болған ентігу және бас айналуына
байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Дәрігер ЭКГ жасады. ЭКГ-
да Самойлов-Венкебах периодикасымен 2 дәрежелі АВ-блокадасы тіркелген,
ЖЖЖ 52 минутына. АҚҚ 120/80 мм. с.б.б
Көрсетілген дәрілердің қайсысы бірінші кезекті қолданылуы қажет?
+ Атропин
- Изадрин
- Адреналин
- Допамин
- Дигоксин
?
Ер адам 40 жаста, алғаш рет бірден пайда болған, физикалық жүктемеден кейін
(баспалдақтан көтерілу) үдере түсетін, тыныштық кезінде бәсеңдейтін төс
артының ауруы, аурудың сол жауырынға берілуіне байланысты жедел жәрдем
бригадасы шақырылды. Қарағанда: АҚҚ 140/80 мм. с.б.б. Пульсі 90 соқ. мин.,
ырғақты. Басқа обьективті мәліметтері, ЭКГ-ны қосқанда қалыпты
Жедел жәрдем дәрігеріне не істеу қажет?
- Ауырсынуды басатын дәрілер егу
- Емхана дәрігеріне актив беру
- Нитраттарды қабылдауды ұсыну
- Үйде емделуді ұсыну
+ Жедел түрде ауруханаға жатқызу
?
Әйел 50 жаста, солқылдаған бас ауруының кенеттен пайда болуына, диплопия,
құсуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінен: 10
жыл көлемінде АҚҚ жоғарылайды, кейде жүрек тұсының ауырсынуы
мазалайды. Клофелин және тренталмен емделген. Екі күн бұрын АҚҚ (150/90
мм. с.б.б.) тұрақталған соң, емін тоқтатқан. Объективті: есеңгіреу байқалады,
тері қабаты бозғылт, ылғалды. Пульсі 120 соқ. мин. АҚҚ 240/120 мм. с.б.б
Қандай дәрілік затты көк тамырға егу көрсетілген?
+ Клофелинді
- Лазиксті
- Пентаминді
-Пропранололды (обзиданды)
- Магния сульфатын
?
Әйел 72 жаста, 6 сағат бұрын спазмолитиктер қабылдағанына қарамастан,
ауруы басылмайтын оң қабырға астының қатты ауырсынуа байланысты жедел
жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінен: бірнеше жыл бойы өт тас
ауруымен сырқаттанады. Объективті: Ортнер, Щеткин-Блюмберг симптомдары
оң мәнді
Жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті қандай?
- Аймақтық дәрігердің бақылауына қалдыру
- Жедел жәрдем дәрігерінің бақылауы
+ Ауруханаға жатқызу
- Спазмолитиктер тағайындау
- Ауырсыну басатын дәрілер тағайындау
?
Қызбала 1 жаста, кенеттен дене қызуының жоғарылауына байланысты жедел
жәрдем бригадасы шақырылды. Анасының айтуы бойынша, дене қызуының
жоғарылауы 8 сағат бойы байқалады. Объективті: есеңгіреген, тыныс алу
жиілігі минутына 36, АҚҚ 60/30 мм. с.б.б., температурасы 41,5°С, жамбасында,
балтырында петехиальды бөртпелер бар, еңбегі көтерілген
Дәрігердің іс-әрекеті қандай болу керек?
- Кортикостероидтар егу
+ Антибиотиктерді көктамырға егу
- Антигистаминдерді парентеральды беру
- Адреналинді тері астына егу
- Краниоцеребралды гипотермия
?
Перинаталды өлім көрсеткіші қалай саналады?
- өлі туылғандар саны/ жаңадан туылған нәрестелер саны х 1000
+ өлі туылғандар саны+ туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/
жаңадан туылған нәрестелер х 1000
- өлі туылғандар саны+ туылғаннан кейінгі алғашқы 168 сағатта өлгендер саны
х 1000
- туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/ жаңадан туылған
нәрестелер х 1000
- интранатальды өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000
?
