- •18 Жастағы науқаста бетінің ісінуі, бас ауруы, белдің сыздап ауырсынуы, зәр
- •56 Жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы
- •35 Жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы
- •57 Жасар науқас жыл бойы айына 1-2 рет таңертең кеуде арты қысылумен
- •160 Рет), ұстаманы дғрігер каротидті синустың массажямен тоқтатты. Жүрек
- •72 Рет минутына. Экг сирек қарыншалық экстрасистола белгіленді. Эхо кг
- •130/90 Мм.С.Б., жжж 68 рет минутына. Іші кішкене үрленген, ауырсынады
- •50 Жастағы ер адам отбасылық дғрігерде бронх демікпесі мен диспансерлік
- •70 Жастағы науқасты соңғы 3 жылда тізе буынындағы, ғсіресе оң жақтағы
- •8 Айлық баланың нғжісі тұрақты емес, жағымсыз иіспен, жылтыр. Физикалық
- •3,5 Айлық қыз балада жеңіл тершендік, бұлшықеттік гипотония, шүйдеде шаш
- •6 Жасар бала тәбетінің төмендеуіне, локализациясы белгісіз іштін ауырсынуына
- •39 Жастағы с. Науқас 3 күн бойы ауырады. Аумақтық терапевт жіті
- •75 Жастағы науқасқа шақыру болды. Жүрек аймағындағы қатты жаншып
- •200/120 Мм.Сб. Тамырдың соғуы минутына 122 рет. Үлкен дғреті жғне диурез
- •26 Жастағы науқас ғйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына жғне ісінуіне,
- •45 Жастағы науқас ғйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы
- •35 Жастағы Науқас авто көлік басып кеткен. Түскен кезінде шат аймағындағы
- •7 Жасар баланы тексеру кезінде дәрігер анықтады : оң жақ мықым ойығы
- •30, Температурасы 37,5с. Жөтелгенде аузынан қызыл қан шығады. Қан кету бір
- •55 Жастағы науқас кенеттен сол жақ аяқ-қолдарында әлсіздіктің пайда
- •1 Жастағы бала жедел ауырды, дене қызуы 39,2 с дейін көтерілген жғне
- •35,2°С, дене терісінің бозаруы, акроцианоз. Тері тургоры төмен. Жүдеген
- •25 Жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын
- •4 Жастағы баланың мұрын демалысы қиындады, ауызбен демалады
- •38 Жасар науқаста орви-ден кейін жас ағу, жарықтан жасқану, оң көзінде
- •35 Жасар еркек жарықтан қорқу, ауырсыну, 2 күн бойына оң жақ көзінің көру
- •22 Жастағы ғйел, жүктіліктің 12 аптасында, диспансерлі қарауды өтіп жатыр
- •40 Жастағы әйел 3 аптадан соң сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы айтылғаннан
- •1940 Мен 1975 жылдар арасындағы асбестттік текстиль өндірісінде қызмет
- •12Елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке
- •29 Жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2
- •45 Жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек
- •50 Жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді
- •35 Жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қыжыл, тамақтанғаннан 1,5-3
- •12 Айлық балаға паротитке қарсы вакцинация жасағаннан кейін дене қызуы 39,0
- •13 Жастағы қыз балаға үйге шақыру түсті. Бірнеше сағат бұрын ауырған. Ішінде
- •11 Айлық балаға үйге шақыру түсті. Анасының айтуынан бала мазасызданғанда
- •4,5Х109/л, тромб.-15х109/л, сегм. Ядролы- 68%, лимф.- 32%, этж- 18 мм/сағ
- •14 Жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Дене қызуының көтерілуіне, іштің аяқ
- •11 Айлық балаға үйге шақыру түсті. Анасының айтуынан бала мазасызданғанда
- •8 Жасар балаға үйге шақыру түсті. Қиындаған дем шығарумен ұстамаға, қиын
- •4,2Х1012/л, л-6,4х109/л, п-22%, с-25%, лимфоциттер-62%, моноциттер-10%
- •3 Айлық қыз баланың анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге қызының 2 айдан бері
- •12 Жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Қызбаға, қалтырауға, жүрек аймағының
- •28 Жастағы л. Деген жүкті әйел, жүктіліктің 31 аптасы, ауыр дәрежедегі
- •26 Жастағы науқас, етеккірі 17 жастан аз мөлшерде, сирек
- •35 Жастағы науқас, әко ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға,
- •26 Жастағы науқас жамбастан кесілген жарақатымен түсті. Жараны қарау
- •4 Айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік
- •80 Жастағы науқас үйінде баспалдақтан оң жағымен құлаған. Сол кезде оң жақ
- •80 Жастағы науқас үйінде баспалдақтан оң жағымен құлаған. Сол кезде оң жақ
- •14 Жастағы жасөспірім өкпе туберкулезімен ауырады. Негізгі жұғу жолы
- •55 Жастағы науқас бір жақ бетінде ұстама ауруна жақын аурудың пайда
- •13 Жасар бала емханаға қаралды. Шағымдары: дене қызуы 38,7 оС-қа дейін
- •16 Жасар жоғарғы сынып оқушысы. Ауруханаға әлсіздікке, эпигастрит
- •40 Жастағы әйел, мал дәрігері. Жұқпалы аурулар ауруханасына терлеуге,
- •18 Жасар студент. Түскен кездегі шағымдары әлсіздік, қайталамалы құсу,
- •9 Жасар қыз баласында 1 жыл алдын кеуде және аяқ аумақтарында қызыл
- •13 Жасар қыз баласында, осыдан 2 жыл алдын инсоляциядан соң, бет (қызғылт
- •30 Жасар әйел гидраденит жарасына байланысты сульфаниламид (неомицин)
- •32 Жастағы науқас еркектің екі аяғының терісінде және табанында дөңгелек қатқылдықтар бар
- •29 Жастағы еркек лор-дәрігердің қабылдауында тамағы жұтқанда ауруына,
- •35 Жастағы еркек бас ауруына, мұрынның сол жағынан іріңді бөлінді ағуына,
- •67 Жастағы орта ауырлықты созылмалы обструктивті өкпе ауруымен ауыратын
- •56 Жастағы науқас, дәрігерге эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың
- •20 Ж. Науқас, студент оқтын-оқтын болатын ұстамалы экспираторлы демікпе
- •55 Жастағы науқас әйел, 12 жыл бойы артериалдық гипертензияның іі
- •50 Жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда
- •32 Жастағы әйел жанұялық дәрігерлік амбулаторияға профилактикалық қарауға
- •50 Ж., ер кісі кеуде сарайының сол жақ жартысында күшті жүктемеден пайда
- •62 Ж., науқас әйелді соңғы 2 жыл бойы тізе буындарындағы, әсіресе оң жақ
- •44 Жастағы науқас 1 апта бойы алкоголь қабылдаған.Алкогольды соңғы
- •48 Жастағы тыныс демікпесімен ауыратын науқас әйелде гэр аурудың
- •20 Жыл бойы созылмалы гастрит в типімен ауыратын науқаста асқазанның
- •44 Жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы
- •52 Ж., ер кісіде , кетоацидоз жағдайынан кейін әлсіздік пен жүректің шалыс
- •48 Мм/сағ, сары суда трансферрин мен темір төмендеген. Григерсен реакциясы
- •0,83.Сары судағы темір деңгейі- 9 мкмоль/л. Сары судағы темірдің
- •45 Жастағы ер адам дәрігерді үйіне оң табанындағы қатты ауырғандыққа
- •39 Жастағы науқас аузының құрғауына, құлақ маңы бездерінің ұлғаюына,
- •2 Тб жүргізіліген Манту сынамасының нәтижесі 9 мм папула болса, ол:
- •2 Жастағы баланы жиі ауырады деп санауға болады, егер:
- •2 Денсаулық тобындағы, жаңа туылған нәрестелер өмірінің бірінші айында
- •1 Дәрежелі гипотрофияда тамақтану мөлшері, ақуыз, май және көмірсуы
- •100А электртокпен зақымдалғанда өлімге жиі ұшырататын себептері болып
- •58 Жастағы науқас туыстарының айтуы бойынша 8жыл бойы қант диабетімен
- •12 Жастағы белгісіз сұйықпен уланған балаға жедел жәрдем бригадасы келді
- •30 Жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Таңертең
- •III дәрежелі ұрық дамуының құрсақ ішілік кідіруі:
- •1) Оң жұғынды өкпе туберкулезі алғашқы анықталған науқастар; 2) теріс
- •5 Жасар балада профилактикалық тексеруде 2 тб Манту сынағына оң мәнді
- •21 Жастағы, студент л., күзгі дала жұмысынан кейін, сабақ басталғаннан 3
- •100 Науқастың ұйқы артериясының реваскуляризациясының қортындысын
- •5 Күнде көп ретті құсық болған. Анық дегидратация белгілері анықталды
- •30 Жасар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында оқ-
- •35 Жастағы науқас кенеттен болған түшкіруге, көп мөлшерде сулы, кілегейлі
- •76 Рет. Аускультация кезінде функциональды жүрек шуы анықталады. Басқа
50 Жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді
Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына
дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі
күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде
артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек
торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада
сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин
талдауы өзгеріссіз
Дәрігердің тактикасы қандай?
- Тексерілуге стационарға жіберу
- Жедел түрде гипотензивті препараттар енгізу
- «Артериалық гипертония» диагнозын қою, гипотензивті ем тағайындау
- Қан қысымын 3 күн бойы өлшеу және науқасты қадағалау
+ Гипотензивті терапия тағайындау, симптоматикалық гипертензияға тексеру
?
27 жастағы әйел дәрігерге саусақ, тізе буындарында ауырсынуға, сол
буындардың ісінуіне, қимылының шектелуіне шағымданып келді. Таңертең,
сағат 12- ге дейін зақымданған буындарда тырысу байқалады
Объективті: саусақ, тізе буындарының дефигурациясы. Қан талдауы:
эриттроциттер- 3,2х1012/л, гемоглобин- 105 г/л, лейкоциттер- 12х109/л, ЭТЖ-
36 мм/с. Саусақтар рентгенографиясы: саусақ буындары маңының остеопорозы,
буын қуысының тарылуы, көптеген узурлар
Алынған мәліметтерге сүйене отырып диагноз қойыңыз
- РА, полиартрит, жедел прогрессирлеуші ағым, III белсенділік сатысы, РС I
+ РА, полиартрит, баяу прогрессирлеуші ағым, II белсенділік сатысы, РС III
- РА, полиартрит, айқын прогрессіз, I белсенділік сатысы, РС II
- РА, олигоартрит, баяу прогрессирлеуші ағым, II белсенділік сатысы, РС IV
- РА, моноартрит, жедел прогрессирлеуші ағым, III белсенділік сатысы, РС III
?
38 жастағы әйел отбасылық дәрігерге буындарында қақсап ауырсынуға,
тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, ішінің ісінуіне, жалпы әлсіздікке,
тершеңдікке, салмақ жоғалтуға шағымданып келді. Нәжісі тәулігіне 10 рет,
тексергенде көп мөлшерде бейтарап майлар, май қышқылдары және сабындар,
қанның клиникалық талдауында анемия, лейкопения, гипоальбуминемия
анықталды
Дәрігердің тактикасы қандай?
- Консервативті ем тағайындау
- Амбулаторияда емдеу
+ Стационарға жатқызу
- Дизтопқа тексеру
- Шартты-патогенді флораға тексеру
?
41 жастағы ер адам отбасылық дәрігерге жоспарлы тексеруге келді. ЖИА
Күштену стенокардиясы II ФК. Артериялық гипертензия II, қауіп III, ҚЖ 0
диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Шағымы жоқ. АҚҚ 130/80 мм
сынап бағанасына дейін, ЖСЖ минутына 72 рет. Электрокардиограммада сирек
қарыншалық экстрасистолалар тіркелген. Эхокардиограммада қосымша хорда
анықталды
Науқасқа ырғақ бұзылуына қарсы ем тағайындау қажет пе?
- Иә, себебі қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы мүмкін
- Иә, себебі қосымша хорда анықталды
+ Жоқ, себебі ырғақтың бұзылуын науқас субъективті жақсы көтереді
-Жоқ, себебі науқасқа жасанды ырғақ жүргізгішін орнату қажет
- Иә, себебі Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
?
35 Жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қыжыл, тамақтанғаннан 1,5-3
сағаттан кейін ауырсыну, көбінесе аш қарынға, түнде. Ауырсыну тамақ
қабылдағаннан соң басылады. Пальпациялық тексергенде эпигастрий тұсында
және кіндік маңында ауырсыну байқалады.Науқаста астеновегетативтік
синдром айқын көрінеді
Науқасқа стационарлық ем қажет пе?
+ Иә, себебі науқаста бірінші рет 12 елі ішек ойық жарасы анықталған
- Иә, себебі науқаста бірінші рет асқазан ойық жарасы анықталған
- Иә, себебі науқаста айқын астеновегетативтік синдром байқалады
- Жоқ, себебі науқаста ойық жараның асқынулары жоқ
- Иә, себебі науқасқа стационарда эндоскопиялық тексеру өткізіледі
?
Балада жүректің туа пайда болған ақауы көкшіл түрі ЭХОКГ жолдайды. Оң
қарыншағының гипотрофиясы, өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық
ақауы аортаның декстропозициясы 50 пайыз
Жүректің туа пайда болған қандай ақауы туралы?
+ Тетрада Фалло
- Үштік Фалло
- Қантамырлардың магистральдық транспозициясы
- Атриовентрикулярлы коммуникация
- Эбштейн ауруы
?
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурадағы қан ағу қандай түріге
жатады?
- Гематомды
- Васкулитті-пурпуралы
+ Петехиальді-дақты
- Аралас
- Ангиоматозды
?
Асқазан-дуоденальды қансырау қандай диагностикалық әдіспенен
анықталады?
- Асқазан-ішек трактының бариймен рентгеноскопиясы
- Іш қуысының жалпы түсірімі
- Іш қуысының УДЗ-і
+ Эзофагогастродуоденоскопия
- Колоноскопия
?
Пиелонефритте бүйректің қай бөлігі зақымдалады?
- Нефрондар
- Шумақтар
- Юкстагломерулярлы аппарат
- Түтікшелер
+ Тостағаншалар
?
Науқас, 9 жаста 2 апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырған. Оң жақ балтыр
табан буынының ісінуіне, ауырсынуына, аяғы мен жамбас тері жабындысының
төменгі бөліктерінде симметриялы орналасқан геморрагиялық-папулезді
бөртпелердің пайда болуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданып
Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне келді
Болжам диагнозы қандай?
+ Геморрагиялық васкулит
- Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
- Гемофилия
- Апластикалық анемия
- Атопиялық дерматит
?
Науқас, 2 жаста жедел ауырған, бас ауруы, әлсіздік, лимон қабығы тәрізді
сарғыштық, склераның сарғыштығы, диспепсиялық бұзылыстар пайда болды
Жалпы қарауда спленомегалия, несебі қара түсті, нәжісі боялған. Қанның
жалпы талдауында: айқын нормохромды анемия, аздаған лейкоцитоз, 20%-ға
дейін ретикулоцитоз, 100 лейкоцитке 10 нормобластоз, эритроциттердің 60%-
ын микросфероциттер құрайды. Мұндай нашарлау баланың әкесінде кезеңді
байқалады. Тұқымқуалайтын сфероцитоз диагнозы қойылды
Аурудың ықтимал зертханалық белгісі қандай?
+ Микросфероцитоз
- Анемия
- Лейкоцитоз
- Ретикулоцитоз
- Нормобластоз
?
Ыстық көлде жаздық демалыстан кейін 13 жасар науқаста созылмалы безгек,
дене салмағының күрт төмендеуі, терісінде кезеңді бөртпелер, бетіндегі айқын
эритема, алақаннның майда буындарының ісінуі, қатты таңдайда эпитема,
стоматиттің пайда болуы, шашының үдемелі түсуі, ентігу, үнемі құрғақ жөтел
Өкпесінде әлсіреген тыныс, төменгі бөлігінде анық емес ылғалды сырылдар,
жүрек үндері тұйық, тахикардия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғарлауы,
лейкопения, анемия
Төменде көрсетілген диагноздың ЕҢ ықтималы қайсы?
+ Жүйелі қызыл ноқта
- Кавасаки ауруы
- Түйінді полиартерит
- Ревматикалық безгек
- Жүйелі склеродермия
?
5 жасар қыз балада кезеңді ұстамар айқын жүректің соғуымен, қысқа мерзімді,
жиі байқалады. Ұстама кезінде қыз бозарады, жүрек аймағын қолмен ұстап
тұрады, түрі үрейленген. Ұстаманың ЭКГ-да Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
диагностикаланған
Бұл синдромның себебі болып табылатыны қайсысы?
+ Атриовентрикулярлы өткізгіштің жылдамдауы
- Қарыншалық экстрасистолия
- Қарыншаішілік өткізгіштің миграциясы
- Гис шоғырының аяқшаларының блокадасы
- І дәрежелі атриовентрикулярлы блокадасы
?
7 жасар қыз, стационарға ауру басталғасын 2 аптадан кейін, ішінің және
белінің ауруына, дене қызуының көтерілуіне, кіші дәретінің жиілеуіне
шағымданып түсті. Кіші дәретінің жалпы талдауында лейкоцитурия,
бактериурия. Зәршығару жолдарының ретроградты урограммасында
тостағаншалардың өткір деформациялары, пиелоэктазиялар және
пиелореналды рефлюкстер табылған
Пиелонефриттың қай түрі болуы мүмкін?
+ Біріншілік
- Екіншілік
- Обструктивты
- Обструктивтыемес
- Созылмалы
?
5 жасар баланың, әке-шешесі түскенде, аппетитінің жоқтығына және
қабақтарында, бетінде, жыныс ағзаларында, бел аймағында дамып келе жатқан
ісінулердің артуына шағымданды. Шаштары сынғыш, күңгірттенген
Объективті: бала әлсіз, терісі бозғылт, құрғақ, полигиповитаминоздың
белгілері, асцит, гидроторакс, біраз гепатомегалия. Б/х қан анализында: жалпы
белок-40 г/л, альбуминдер-10 г/л, холестерин-7,0 ммоль/л, қалдықты азот-65
ммоль/л. Зәрдің жалпы талдауы: протеинурия-3,5г/тәулігіне, олигурия,
салыстырмалы салмағы-1,026-1,030. Диагноз: нефротиккалық синдром,
белсенді сатысы, ауыр, жедел ағымды, жедел бүйрек жетімсіздігі
Жедел бүйрек жетімсіздігіне тән басты белгілер?
- Олигоанурия
- Ісінулер
- Протеинурия
- Гипертония
+ Азотемия
?
Науқас 15 жасар, іштің ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну қысыңқы,
ұзарыңқы, мұздай, майлы, өткір тағамдарды қабылдаған соң 20-30 минут
күшейеді. Кейде ауырсыну физикалық жүктемеден соң, ұстама тәрізді 30
минуттан бірнеше сағатқа дейін ұзарады. Оң жақ қабырға астына орналасады
Балада әлсіздік, шаршағыштық, бас ауырсыну, дене қызуының жоғарлауына
37-37,5С, ауызда ащы сезім, кекіру, тұрақсыз нәжіс байқалады. Кера, Ортнер,
Мерфи симптомдары оң
ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
- Жедел гастрит
+ Жедел холецистит
- Асқазанның ойық жарасы
- Аппендицит
- Панкреатит
?
10 жасар қыз, стационарға салмақ қоспау, бойының аласа болуына, бас
ауруына, аяқтың ауырсынуына, іштің кебуіне, полифекалия, құсу шағымдармен
түсті. Анамнезінде іш кебу мен мазасыздық өмірінің алты айынан басталған
(дақылды қосымша тағамды енгізгеннен соң- геркулес ботқасы). 1,5 жасынан
бастап іштің ауырсынуы, кебуі, жиі көп мөлшерлі нәжіс, құсу күшейген
Нәжістің копрологиялық анализінде- стеаторея. Эзофагогастродуоденоско-
пияда субатрофиялық дуоденит анықталған
Науқаста ЕҢ ықтымал диагноз қандай?
- Муковисцидоз
- Панкреатит
- Тағамдық аллергия
- Тітірленген ішек синдромы
+ Целиакия
?
Науқас, 9 жаста 2 апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырған. Оң жақ
балтыр табан буынының ісінуіне, ауырсынуына, аяғы мен жамбас тері
жабындысының төменгі бөліктерінде симметриялы орналасқан геморрагиялық-
папулезді бөртпелердің пайда болуына, дене қызуының жоғарылауына
шағымданып клиникаға түсті. Болжам диагноз қойылған: Геморрагиялық
васкулит, тері-буындық түрі
Емінде ең тиімді препарат қайсысы?
+ Гепарин
- Преднизолон
- Пенициллин
- Азитромицин
- Супрастин
?
Науқас, 2 жаста жедел ауырған, бас ауруы, әлсіздік, лимон қабығы тәрізді
сарғыштық, склераның сарғыштығы, диспепсиялық бұзылыстар пайда болды
Жалпы қарауда спленомегалия, несебі қара түсті, нәжісі боялған. Қанның
жалпы талдауында: айқын нормохромды анемия, аздаған лейкоцитоз, 20%-ға
дейін ретикулоцитоз, 100 лейкоцитке 10 нормобластоз, эритроциттердің 60%-
ын микросфероциттер құрайды. Мұндай нашарлау баланың әкесінде кезеңді
байқалады. Тұқым қуалайтын сфероцитоз диагнозы қойылды
Ең тиімді патогенетикалық емді көрсетініз:
+ Спленэктомия
- Гемотрансфузия
- Витаминотерапия
- Гормонотерапия
- Антибиотикотерапия
?
1,5 жасар қызбала стационарда жедел пиелонефрит деген диагнозбен жатыр
Жүргізілген терапияның нәтижесінде аурудың жағдайы жақсарды:
температурасы қалыпты, интоксикация симптомдары азайды, еркін
дәреттенеді, бірақ, зәр анализдерінде к/а 10-15-ке дейін лейкоцитурия
сақталған. Ол дәрілерді қабылдап жатыр
Келесі препараттардың қайсысының емдік әсері күштірек?
+ Уросептиктер
- Гипотензивты препараттар
- Антиагреганттар
- Зәрайдаушы препараттар
- Гормоналды препараттар
?
9 жасар қызбала, геморрагиялық васкулиттің бүйрек синдромымен үш рет
ауырған. Ісінумен, транзиторлы гипертензиямен, протеинуриямен жүретін
созылмалы гломерулонефрит дамыды. 7 жылға жақын ауырады
Осы жағдайда қандай антибиотик, таңдау препараты болып табылады?
- Тетрациклин
- Левомицетин
- Гентамицин
- Стрептомицин
+ Пенициллин
?
10 жасар қыз қабылдау бөліміне жиі іштің ауырсынуына зерттелуге түскен
Объективті қарау мәліметтері: склераның субиктериялығы, бозғылт,
периорбитальды цианоз, алақан мен табанның терлегіштігі. Іші жұмсақ, оң
қабырға астын, өт қабының нүктесінде пальпациялағанда ауырсынады, Мерфи,
Ортнера симптомы оң Шоффар, Губергриц аймақтарында, Мейо-Робсон,
Дежарден нүктелерінде ауырсыну байқалады. Тілі ақ жабындымен жабылған
Нәжісі біркелкі түсті емес. Өт қабының гипермоторлы дискинезиясы диагноз
қойылды
Қандай өт айдаушы препарат тағайындау қажет?
- Холецистокинин
- Сульфат магния
- Сорбит
+ Оксафенамид
- Метацин
?
14 жасар қыз, гастроэнтерология бөліміне келесі шағымдармен түсті: сарғаюға,
шаршағыштыққа, тәбеттің жоғалуына. Кішкентайынан ауырады. Ауру толқын
тәрізді өткен. Қарағанда склераның иктериялығы, тері қабатының әлсіз
сарғыштығы, вегетативті лабильдік байқалады. Бауыры қабырға доғасынан 2см
шығады. Қанның б/х анализінде: тікелей емес билирубин деңгейі-68 мкмоль/л
АЛТ-0,10, АСТ-0,12 ЕД. Жильбер синдромы диагнозф қойлыды
Бұл синдромда ЕҢ бағытталған емі қандай?
+ Фенобарбитал
- Преднизолон
- Аллахол
- Алмагель
- Холензим
?
10 жасар қыз, стационарға салмақ қоспау, бойының аласа болуына, бас
ауруына, аяқтың ауырсынуына, іштің кебуіне, полифекалия, құсу шағымдармен
түсті. Анамнезінде іш кебу мен мазасыздық өмірінің алты айынан басталған
(дақылды қосымша тағамды енгізгеннен соң- геркулес ботқасы). 1,5 жасынан
бастап іштің ауырсынуы, кебуі, жиі көп мөлшерлі нәжіс, құсу күшейген
Нәжістің копрологиялық анализінде- стеаторея. Эзофагогастродуоденоско-
пияда субатрофиялық дуоденит анықталған. Целиакия диагнозы қойылды
Қайсысы ЕҢ ТИІМДІ емдәм?
+ Глютенсіз емдәм
- Емдік емдәм №1
- Зондтық тамақтандыру
- Емдік емдәм №5
- Дженердано- Джиованетти емдәмі
?
Бала 5 жаста, оң жақ тізесімен құлаған. Буын аймағында ауырсыну, гиперемия,
ісіну пайда болған. Бір жасқа дейін дамуы қалыпты болған. Екі жастан бастап
жарақат орындарында гематомалар байқалған, 4-жасында жоғарғы ерніндегі
жарағатынан ұзақ уақытты қанағу байқалған. Қанның жалпы талдауында: Нв-
110г/л, эритроциттер-3,0х10^12/л, лейкоциттер-7,8 х10^9/л, т/я-2%, с/я-50%, лф-
46%, М-2%, тромбоциттер- 200,0х10^9/л, ЭТЖ-17мм/сағ, қанның ұю уақыты
15'-тен жоғары. Ұйыған қанның ретракциясы бәсеңдеген. Қанның сарысуында
VIII-фактор 10%. Анасының әкесінде жиі қанағу, ұлғайған тізе буындары
деформацияланған. Гемофилия А диагнозы қойылған
Аурудың емінде ең тиімдісі қайсы?
- Плазма
- Гормондар
+ Криопреципитат
- К витамині
- Памба
?
Үй жағдайында баланы қарауға дәрігерге қанша уақыт бөлінеді?
-10 минут
-5 минут
+30 минут
-15 минут
-20 минут
?
Эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация қай жаста жүргізіледі?
+12 айда
-6 айда
-9 айда
-3 айда
-2 айда
?
Гипотрофияның ІІ дәрежесінде баланың дене салмағы қаншаға кемиді?
- 1- 5%
- 5-10%
- 10-20%
+ 20-30%
- 30-70%
?
Энтеробиоздың қоздырғышы не?
- түктібас
- аскарида
+ острица
- трихинелла
- анкилостома
?
ҚР иммунопрофилактика қай бұйрықпен жүргізіледі?
+ 40
- 760
- 113
- 535
- 72
?
Жетіліп туылған нәрестелердің қан формуласында бірінші қиылысу қай кезде
болады?
+ өмірінің бірінші күні
- өмірінің 5-ші күні
- өмірінің 10-шы күні
- өмірінің 20-шы күні
- 1 айдан кейін
?
Целиакияда баланың рационынан нені алып тастау керек?
- моноқантты
- микроэлементті
- витаминді
- макроэлементтерді
+ глютенді
?
ОЖЖ перинаталды зақымдалуымен невропатологта диспансерлік бақылауда
тұрған бала қай денсаулық тобына жатады?
- I
- IIa
+ II б
- III
- IV
?
Қабылдауда 7-айлық қыз бала. Қараудан кейін психомоторлы даму кемістігі
анықталды. Ата-анасы бір біріне туыс болып келеді. Олардың шаштары қара,
көздері қоңыр. Ал қыздың шашы сары, көздері көк және терісі өте ақшыл. Қыз
бала сирек гуілдейді, қимыл-қозғалысы баяу, отырмайды, еңбектемейді, тісіның
шығуы байқалмайды. Терінен «тышқан» иісі шығады. Анасының айтуынша
балада туғаннан бері іш қатуға бейімділік бар
Болжам диагноз қандай?
+ Фенилкетонурия
- Фруктоземия
- Галактоземия
- Гликогенді ауру
- Гипотиреоз
?
