Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

62 Ж., науқас әйелді соңғы 2 жыл бойы тізе буындарындағы, әсіресе оң жақ

тізе буынында жүргенде, баспалдақтан түскендн күшеетін ауру сезімі

мазалайды. Оң тізе буынын қарағанда ісіктен ұлғайған. Сол тізесімен

салыстырғанда оның терісі жылы. Тізе буынының R-графиясында екі жағынан

да остеофитоз анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

+ екіншілік синовиты бар остеоартроз

- псориаздық артрит

- подагра

- Рейтер ауруы

- Бехтерев ауруы

?

Остеоартроздың рентгенологиялық көрінісіне жатады:

- буын саңылауының тарылуы

- буын бетінің көптеген эрозиялары

+ остеофитоз

- остеопороз

- остеосклероз

?

Ревматоидтты артритке тән:

+ буындардың тұрақты деформациясы

- буындардың тұрақты емес дефигурациясы

- орта және ірі буындардың зақымдануы

- ұшпалы ауырсыну сезімі

- ҚҚСЕ дәрілерді қабылғанда ауырсынудың басылуы

?

45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы

байқалады, жұтынуы бұзылған, өкпе гипертензиясы, қолының саусақтарының

бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан

қысқарған. Сіздің диагнозыңыз

- Бюргер тромбангииті

- жүйелі қызыл жегі

- ревматоидты артрит

- түйінді периартериит

+ жүйелі склеродермия

?

Қандай бүйрек ауруына ісіктер тән?

+ гломерулонефрит

- цистит

- пиелонефрит

- диабеттік нефропатия

- несеп қышқыл диатезі

?

50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісіп кетуіне шағымданып

дәрігерге жолықты. Бұл ауру басталмастан 2 жыл бұрын оң

балтырында жыланкөз болды. Қан қысымы жоғары емес. Қан

анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде- салыстырмалы

тығыздығы 1015, белок 10 г/л, зәр тұнбасында гиалинді және

түйінді цилиндрлер көп. Мочевина мен креатинин қалыпты

Зимницкий сынамасы өзгеріссіз. Болжам диагноз:

+ бүйректің екіншілік амилоидозы

- созылмалы гломерулонефрит

- созылмалы пиелонефрит

- жедел пиелонефрит

- бүйректің біріншілік амилоидозы

?

48 жастағы науқасты АГ диагнозын анықтау үшін тексергенде зәр анализінде

белоктың 1,2 г/л, эритроциттердің 10-15 көру аймағында, зәрдің меншікті

салмағының 1012 болуы анықталды. Бүйректің УДЗ-де бүйрек патологиясы

анықталмады. Қандағы мочевина мен креатинин қалыпты. Анамнезі- ерекше

дерттер жоқ. Болжам диагноз:

+ созылмалы гломерулонефрит

- гипертониялық ауру

- созылмалы пиелонефрит

- подагралық нефропатия

- бүйректің екіншілік амилоидозы

?

40 жастағы науқас, басының ауыруына, терісІнің қышуына,

құсуға, сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезінде бүйрек ауруы

бар. Объективті: терісінде қасыну іздері бар, терісі құрғақ. Жүрек

тұсында перикардтың үйкелісі мен Куссмауль тынысы шуы

естіледі. Бұл жағдайда бүйрек жетіспеушілігінің қандай сатысы?

- терминалды II А саты

- терминалды II Б саты

- компенсаторлы саты

+ терминалды III саты

- интермиттирлеуші саты

?

Науқастың зәр анализінде лейкоцитурия мен зәрдің қышқыл реакциясы

тұрақты түрде болып және бүйректі УДЗ-де бүйрек тостағаншаларының

деформациясы анықталса, қандай ауруды күмандану қажет?

+ бүйрек туберкулезі

- подагралық нефропатия

- туа біткен аномалия

- созылмалы пиелонефрит

- бүйректің қатерлі ісігі

?

Науқаста ас қабылдағаннан 30 минуттан кейін төстің семсер тәрізді өсіндісінің

тұсында алмагелден толық басылмайтын ,физикалық жүктемеден кейін және

еңкейгенде күшейетін күйдіріп ауырсыну қинайды. Сонымен бірге ауамен

кекіру, демікпе ұстамасы мен жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық

тексергенде- контрастты заттың асқазаннан өңешке рефлюксі анықталды

Осының барлығы қандай ауру туралы күдіктендіреді

- рефлюкс-эзофагит

- өңештің катерлі ісігі

+ кардия ахалазиясы

- бронх демікпесі

- созылмалы гастрит

?

Ұзақ асқазан жарасымен ауыратын науқас әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің

жойылуы мен эпигастрий аймағындағы үнемі ауырсыну, жүдеуге шағымданып

жолықты. Осы жағдайда жара ауруының қандай асқынуы туралы ойлауға

болады

+ жараның малигнизациясы

- асқазан қақпасының тарылуы

- жараның пенетрациясы

- жарадан қан кетулер

- жараның перфорациясы

?