Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

12Елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке

жарамсыздық мерзімі қанша?

+ 21-28 күн

- 45-50 күн

-50-70 күн

-9-12 күн

-5-7 күн

?

Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс

тұсында қысып ауырсыну стенокардияның қай түріне тән?

+ Тұрақты күштемелі стенокардия I ФК

-Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК

-Тұрақты күштемелі стенокардия III ФК

-Тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК

-Тұрақсыз стенокардия

?

Жиі мұрынынан және асқазаннан қан кету, ерінде, тілде, ауыз қуысының

кілегей қабатында телеангиэктазиялар қайсы ауруға тән белгі?

+ Вебер-Рандю-Ослер ауруына

- Мэллори-Вейсс синдромына

-Цингаға

-Геморрагиялық гастритке

- Верльгоф ауруына

?

Қай препарат құрғақ жөтел тудырады?

- Теопек

- Беротек

+ Капотен

- Недокромил

- Аторис

?

Пульс дефициті жүрек ырғағы бұзылысының қай түріне тән?

- Синустық аритмияға

- Жүрекшелік экстрасистолияға

+ Жүрекше фибрилляциясына

- Суправентрикулярлы тахикардияға

- Қарыншалық экстрасистолияға

?

Қандай аритмия түрі миокард инфаркті диагностикасын қиындатуы мүмкін?

+ Вольф- Паркинсон- Уайт синдромы

- Қарыншалық тахикардия

- Синустық аритмия

- Синустық тахикардия

- Қарыншалық экстрасистолия

?

Тізе буындарында қозғалғанда сықырлау және жүргенде пайда болып,

тыныштық күйде басылатын ауырсыну; буын қуысының біркелкі емес

тарылуы және остеофиттер қай ауруға тән?

- Подаграға

- Ревматоидты артритке

+ Остеоартрозға

- Ревматизмге

-Түйінді периартериитке

?

Әлсіздік, жүрек айнуы, тәбет болмауы, эпигастрий аймағында тұрақты

ауырсыну, салмақ жоғалту ойық жараның қай асқынуында байқалады?

+ Ойық жараның малигнизациясында

- Асқазанның шығыс бөлігінің стенозында

- Ойық жара пенетрациясында

- Ойық жарадан майда қан кетуіде

- Ойық жара перфорациясында

?

29 Жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2

рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына

шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде

қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді

Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті- өзгерістер

анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем

алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 %

жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті

мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің

ауытқуы 30%

Қандай диагноз ең дұрысы?

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл интермиттирленген ағымы

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жеңіл ағымы

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, орташа ағымды персистирленген

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, ауыр ағымды персистирленген

+ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл ағымды персистирленген

?

45 Жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек

айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл

ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша

диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы

деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық

тексеру нәтижелері өзгеріссіз

Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықта:

+ Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

- Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

- Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

- Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

-Артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

?

55 жастағы ер адам, дәрігерге аяқ астынан пайда болған ентігуге, көкірек

тұсында ауырсыну, жүрек соғысы жиілеуі, қанды қақырық, тершеңдік пайда

болуына шағымданды. Объективті тексергенде цианоз, мойын веналары

кеңеюі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Өкпеде плевра үйкеліс

шуылы естіледі. Электрокардиограммада: SІQІІІ синдромы, P-pulmonale, Гис

бұтағының оң жақ аяғының толық емес блокадасы анықталды

Қандай диагноз ең дұрысы?

- Миокард инфаркті

- Астматикалық статус

+Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- Өкпе бөлігінің ателектазы

-Өкпенің ошақты туберкулезі

?

19 жастағы ер бала дәрігерге жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып

келді. Анамнезінде дене жүктемесінен кейін естен танып қалу байқалған

Анасы жағынан жақын туысқандарының ішінде жастай аяқ астынан өлім

жағдайлары болған. Объективті тексеруде дене бітімі жақсы, көкірек торы

деформацияланбаған. Тері қабаты қалыпты. Жүрек аускультациясында жүрек

түрткісінде төс бойына жақсы берілетін қатал систолалық шу естіледі. АҚҚ

120/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 84 рет

Электрокардиограммада І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі

анықталды. Эхокардиограммада сол жақ қарынша мен қарыншааралық

пердесінің айқын гипертрофиясы анықталды

Осы патологияда кардиалгияның пайда болу себебі қандай?

+ Салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік

- Спецификалық емес коронарит

- Коронарлық артериялар спазмы

- Қанда эндорфиндер деңгейінің төмендеуі

-Коронарлық артериялар атеросклерозы

?

35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге,

көп зәр шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру

белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен

байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап

бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия- 2,5

ммоль/л, гипернатриемия- 170 ммоль/л анықталды. Болжам диагноз қандай?

- Реноваскулярлы гипертония

- Феохромоцитома

+ Біріншілік гиперальдостеронизм

- Диабеттік нефропатия

-Бүйрек поликистозы

?

57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа

созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың

сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V5-V6

тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды

Қандай диагноз ең дұрысы?

- Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

- Сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

- Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті

миокард инфаркті

- Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

+ Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

?

30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен

бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу

ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге

қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық

өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс

минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS

комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы

тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты

жылжуы анықталды

Науқаста жүрек ырғағы бұзылысының қай түрі?

- Синустық түйіннің әлсіздік синдромы

- Қарыншалық экстрасистолия

- Гис буынының оң жақ аяқшасының толық блокадасы

+ Синдром Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік

тахикардия ұстамасымен

- II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс

ұстамасымен

?

22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене

жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті

көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І

тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден

естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды

Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша

гипертрофиясы анықталды

Қандай диагноз ең дұрысы?

- Митралді стеноз

+ Митралді жетіспеушілік

- Аорталді стеноз

- Аорталді жетіспеушілік

-Үшжармақты қақпақша стенозы

?

23 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға

шағымданып келді. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Объективті

тексергенде әлсіз, баяу пульс, каротид биі анықталды. Аускультацияда жүрек

түрткісінде 1 тонның, аортада 2 тонның әлсіреуі, аортада және Боткин-Эрба

нүктесінде систолалық шу анықталды. Систолалық шу аорта үстінде жақсы

естіледі, ұйқы артериясына және жауырынаралық аймаққа беріледі

Қандай диагноз ең дұрысы?

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша жетіспеушілігі

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта қақпақшасының стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармақты қақпақша стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорталді қақпақша жетіспеушілігі

?

45 жастағы ер адам, дәрігерге сол жақ табанында қатты ауырсыну пайда

болуына шағымданды. Анамнезінде: жақын арада алкоголь қабылдаған

Ауырсыну аяқ астынан 1- ші алақанфалангалық буыннан басталған

Объективті тексергенде бас бармақ буыны тұсында тері қабаты айқын

қызарған, ұстап көргенде ыстық, қозғалыс шектелген

Болжам диагноз қандай?

- Реактивті артрит

- Рейтер синдромы

+ Подагралық артрит

- Псориаздық артрит

-Ревматикалық полиартрит

?

26 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуы 38оС

жоғарылауына, іші ауыруына, тәулігіне 8-10 рет қан және кілегей аралас іші

өтуіне шағымданып келді. Ауру жіті респираторлық вирустық аурудан соң

жедел түрде дамыған. Объективті тексергенде іші аздап үрленген, сол жақ

мықын аймағында ауырсыну байқалады, осы аймақта жіп тәрізді тоқ ішек

пальпацияланады

Науқаста қайсы аурудың белгісі болуы мүмкін?

- Жіті дизентерия

- Крон ауруы

+ Спецификалық емес ойық жаралы колит

- Тік ішек ісігі

- Уиппл ауруы

?

18 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек соғуы жиілеу, дірілдеу,

қатты терлеу, бас айналу, жүрек айну, құсу, қатты басы ауруы, көзі қарауыту

байқалатын ұстамаға шағымданды. Объективті тексергенде: Тері қабаты

қалыпты түсті. Жүрек тондары айқын, аорта үстінде 2 тон акценті, жүрек

түрткісі тұсында нәзік систолалық шу естіледі. АҚҚ 180/100-170/95 мм сынап

бағанасы бойынша. Бауыр қабырға доғасы шетінде пальпацияланады. Бүйрек

тұсын пальпациялағанда науқастың жағдайы күрт нашарлайды: үрей, тері

қабатының күрт бозаруы, мұздаюы, тремор, жүрек айнуы, тершеңдік пайда

болады. АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы, пульстің

кернелуі, минутына 120-140 ретке дейін жиілеуі байқалады. Ұстама соңында

1,5 литрге жуық ашық түсті зәр бөлінді. Зертханалық тексеру нәтижелері аздап

лейкоцитоз, глюкозурия, гипергликемия және зәрде норадреналин деңгейі

бірнеше тәулік бойы 254 мкг, адреналин 326,4 мкг деңгейіне жоғарылауын

көрсетті

Болжам диагноз қандай?

- Реноваскулярлы гипертония

+ Феохромоцитома

- Біріншілік гиперальдостеронизм

- Созылмалы гломерулонефрит

- Бүйрек поликистозы

?

39 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас айналуына, ентігуге, тез

шаршауға, аяқтарында сезімталдықтың бұзылуына және жиі іші өтуіне

шағымдаып келді. Объективті тексергенде тері қабаты сарғыш түсті, тіл

емізікшелерінің тегістелуі, глоссит белгілері анықталды. Науқасқа 2 жыл бұрын

гастрэктомия жасалған. Жалпы қан анализінде гиперхромды анемия

анықталды. Сүйек кемігі пункциясында: мегалобластты қан жасалу түрі

байқалады. Қанда ферритин деңгейі жоғары

Болжам диагноз қандай?

-Теміртапшылық анемия

+ В12- тапшылық анемия

-Аутоиммунды гемолитикалық анемия

- Туа пайда болған гемоглобинопатия

-Апластикалық анемия

?

20 жастағы ер бала бас ауруына, көшпелі ақсаңдауға және тез шаршауға

шағымданып қаралды. Объективті тексергенде тұлғасының жоғарғы бөлігі

төменгі бөлігімен салыстырғанда жақсы дамыған. АҚҚ қолынан өлшегенде

190/100 мм сынап бағанасымен. Аяғында пульстің айқын әлсіздігі анықталды

ЭКГ — сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері

Болжам диагноз қандай?

- Түйінді периартериит

- Феохромоцитома

+ Аорта коарктациясы

- Кон синдромы

-Иценко—Кушинг синдромы

?

57 жастағы ер адам, дәрігерге ентігуге, демікпеге, қызғылт көпіршікті

қақырықпен жөтелге шағымданды. Науқас жағдайының нашарлауын дене

жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде 5 жыл бойы артериялық

гипертензия ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті

қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінің екі жағында да әртүрлі калибрлі ылғалды

сырылдар анықталады. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ырғақ

бұзылған. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасымен. Электрокардиограммада

жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет орташа есеппен. Сол жақ қарынша

гипертрофиясы күштену белгісімен

Аталған симптомдар қайсы патологияға тән?

- Бронх демікпесі ұстамасына

+Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілікке

-Өкпе артериясының тромбоэмболиясына

-Спонтанды пневмотораксқа

-Инфарктті пневмонияға

?

38 жастағы ер адам, аймақтық дәрігерге жиі шөлдеуге, тері қышымасына

шағымданып қаралды. Объективті тексергенде: мұрын, құлақтары, төменгі жақ

сүйектері ұлғаюы салдарынан бет келбеті іріленген, қол басы мен табандары да

ұлғайған. Қандағы қант деңгейі 8,2 ммоль/л. Бас сүйегі R- граммасында күмбез

сүйектері, шүйде төмпешігі қалыңдаған, түрік ершігі үлкейген. Соматотропты

гормондар гиперпродукциясы анықталды

Қайсы ауруды болжау мүмкін?

- Қант диабеті

-Иценко-Кушинг ауруы

+ Акромегалия

-Глюкагонома

- Кортикостерома

?

37 жастағы, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипаттағы ентігуге,

дірілдеуге, дене қызуы 39С жоғарылауына, аздаған қан ізі байқалатын

қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. Бұл симптомдар шіріген шөптермен

жұмыс істегеннен кейін 6 сағаттай уақыт өткен соң пайда болған. Қан

сарысуында преципиттирлеуші қарсы денелер анықталған

Қайсы патология болуы мүмкін?

-Милиарлы өкпе туберкулезі

- Пневмония

+ Экзогенді аллергиялық альвеолит

- Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

- Бронх демікпесі

?

15 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл дейін иісті кілегейлі

іріңді қақырықпен жөтелге, қанды қақырыққа, дене қызуының 38,2 С

жоғарылауына, ентігуге, тез шаршауға шағымданып қаралды. Бала кезінен жиі

жөтеледі. Соңғы 5 жыл ішінде жылда жөтел мазалайды

Ең алдымен қайсы ауруды анықтау қажет?

-Пневмония

-Созылмалы өкпе абсцессі

+Туберкулез

-Өкпе поликистозы

-Бронхоэктатикалық ауру

?

32 жастағы әйел, екі ай бойы дене қызуы 39*С жоғарылауына, тоңып

дірілдеуге, аздаған дене жүктемесінде ентігу пайда болуына, бас ауруына

шағымданып жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды. Дене қызуын түсіретін

препараттар , сульфаниламидтер, бір рет ампициллиннің бес күндік курстық

емін қабылдаған. Температурасы 38,2*С, тері қабаты бозғылт, бетінде,

алақандарында бір екі петехиалді экзантемалар байқалады. Пульсі минутына

100 рет, АҚҚ 140/90 мм сынап бағанасымен, жүрек тондары тұйықталған,

төстің сол жақ бойында II тоннан кейін бірден жоғарғы жиілікті диастолалық

шу естіледі. Гепатоспленомегалия анықталды

Қайсы диагноз ең дұрысы?

-Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және митралді стеноз

+Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

-Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және аорта жетіспеушілігі

-Инфекциялық эндокардит және митралді жетіспеушілік

-Инфекциялық эндокардит және митралді стеноз

?

27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ

жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына

шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі

тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші

қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап

дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана

сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан

Болжам диагноз қандай?

+ Оң жақты экссудативті плеврит

- Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

- Оң жақты крупозды пневмония

- Созылмалы бронхиттің өршу фазасы

- Оң жақты гидроторакс

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бір жылдан бері төстің

жоғарғы үштен бір бөлігінде түнгі мезгілде ұзақтығы 15 минут өз бетінше

немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсыну ұстамасы пайда болуына

шағымданып қаралды. АҚҚ- 120/80 мм сынап бағанасымн, пульс минутына 62

рет. Ұстамадан тыс уақытта түсірілген электрокардиограммада өзгерістер жоқ

Дене жүктемесімен сынама теріс мәнді көрсетті және жүктемеге төзімділігі

жоғары. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ да көкірек тіркемелерінде ST

сегментінің жоғары көтерілуі тіркелді

Дұрыс диагноз қандай?

-Перикардит

-Нейроциркуляторлы дистония

-Күштемелі стенокардия

+Вариантты стенокардия

-Обструктивті кардиопатия

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 2-3 сағатқа созылған тыныс

алумен байланысты емес мойынға берілетін төс артында қыжыл пайда

болуына, күрт әлсіздікке және тершеңдіке шағымданып қаралды. Анамнезінде

созылмалы бронхиттің жиі өршуі байқалады. Шылым шегеді

Ұстама бүгін түнде алғашқы рет пайда болды. Қайсы ауру жайында ойлаған

дұрыс?

-Мойын остеохондрозы

-Спонтанды пневмоторокс

-Өкпелік жүрек

+Миокард инфаркті

-Өкпе инфаркті

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге күрт дене жүктемесіне

байланысты пайда болатын кеуде торының сол жақ бөлігінде ауырсынуға

шағымданып қаралды. Сол қолын қозғалтқанда және терең дем алғанда

ауырсыну күрт күшейеді. Перкуссия жасағанда сол жақ өкпе үстінде тимпанит

анықталады. Өкпе аускультациясында сол жақта тыныс айқын әлсіреген

Қандай патология туралы ойлаған дұрыс?

- ЖИА. Стенокардия

- Остеохондроз

- Қабырғааралық невралгия

+ Спонтанды пневмоторакс

- Экссудативті плеврит

?

40 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге мойынға берілетін және

тыныс алғанда күшейетін көкірек артында жіті ауырсыну пайда болуына

шағымданып қаралды. Ауырсыну кеше кешке пайда болған және біртіндеп

таңертеңге қарай барынша күшейген. Бір апта бұрын гриппен ауырған. Жөтел

байқалмайды

Қандай патология туралы ойлау керек?

- миокард инфаркті

- Жіті трахеобронхит

+ Жіті перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

?

45 жастағы ер адам, амбулаторияға жүректің үзілісті соғуына шағымданып

қаралды. Электрокардиограммада синустық ырғақ фонында жиі кезектен тыс

деформацияланған Р тісшесінен кейін қалыпты QRS комплексі, РQ

интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлық үзіліс анықталды

Науқаста қандай ырғақ бұзылысы анықталды?

- Синустық аритмия

-Атриовентрикулярлы блокада П дәрежесі

+ Жүрекшелік экстрасистолия

-Қарыншалық экстрасистолия

-Жыбыр аритмиясы

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге барлық денесінде ісіну пайда

болуына шағымданып қаралды. 5 жыл бойы оң сирақ аймағында жыланкөз

мазалайды, екі жылдай ісіну байқалады. АҚҚ жоғарыламаған. Қан анализінде

гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде- салыстырмалы салмағы 1015, белок 10 г/л,

зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және дәнді цилиндрлер анықталды

Мочевина, креатинин қалыпты деңгейде. Зимницкий сынамасы ауытқусыз

Болжам диагноз қандай?

+ Екіншілік бүйрек амилоидозы

- Созылмалы гломерулонефрит

- Созылмалы пиелонефрит

- Жіті пиелонефрит

- Біріншілік бүйрек амилоидозы

?

45 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсына берілетін

тамақтан соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі мен тұлғаны еңкейткенде

пайда болып күшейетін семсер өсіндісінің негізі тұсында ашытып ауырсынуға

шағымданды. Ауырсыну алмагель қолданғанда толық басылмайды. Сонымен

қатар ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел мазалайды. Барий жүзгінімен

жасалған рентгенологиялық тексеруде контрастты массаның асқазаннан

өңешке қайта өтуі (рефлюксі) анықталды. Қайсы патологияға күдік туады?

- Рефлюкс-эзофагитқа

- Өңеш ісігіне

+ Кардия ахалазиясына

- Бронх демікпесіне

- Созылмалы гастритке

?

44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге соңғы тамақты

қабылдағаннан соң 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, көп рет қайталанған

жеңілдік әкелмейтін құсық, эпигастрий тұсында жағымсыз сезім, күрт әлсіздік

пайда болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бойы алкоголь

қабылдаған. Объективті қарағанда- жалпы жағдайы ауыр, аузынан алкоголь исі

шығады, есеңгірегендік, тері қабатының бозғылттығы байқалады. АҚҚ 60/20

мм сынап бағанасымен, ТСЖ минутына 60 рет. Пальпациялағанда ішінде

ауырсыну байқалады, бұлшық еттік қорғаныс реакциясы жоқ, ішперде

тітіркену сипмтомы теріс мәнді. Нәжіс формалы күніне бір рет

Науқастың болжам диагнозы қандай?

+ Панкреонекроз

- Экзотоксикалық шок

- Миокард инфарктінің абдоминалді түрі

- Тамақтан болған токсикоинфекция

- Алкоголь суррогаттарымен улану

?

55 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында физикалық

жүктемеге байланысы жоқ, бірақ нитроглицеринге басылатын, қысып

ауырсынуға шағымданып келді. Аяқ көқтамырларында варикозды ісіну бар

Қан қысымы 160/90 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі

Электрокардиограммада спецификалық өзгерістер жоқ

Келесі диагностикалық тексеру түрі қандай?

- Велоэргометрия

- Обзиданмен сынама жүргізу

+ Тәуліктік мониторинг

- Коронароангиография

- Қандағы ферменттер мөлшерін анықтау

?

43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз

мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде

пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14

жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері

ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс

Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты

тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі. Науқасқа не тағайындау

қажет?

- Жөтелге қарсы препараттар

+ Бронхты кеңейтуші препараттар

- Дәрумендер

- Антиагреганттар

- Седативті препараттар

?

30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге

тұрақты, 38 С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып

келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді

лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды

Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет?

- Цитостатиктер тағайындап көру

- Жергілікті антибиотиктер тағайындау

+ Бейспецификалық ем тағайындап көру

- Кортикостероидтар тағайындап көру

- Антибиотиктер тағайындап көру

?

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз

қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы

қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт. Эритроциттері- 3,6 х

109 г/л, гемоглобин- 100 г/л, түстік көрсеткіші- 0,83.Сарысудағы темір- 9

мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші- 76 мкмоль/л

Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет?

- Витамин В12 200 мкг б/і күнара

- Преднизолон 20 мг/т

+Темір сульфаты 150 мг/т

- Фолий қышқылы 5 мг/т

- Витамин Е 200 мг/т

?

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты

ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде

болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6

шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын

үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну

байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы

37,6С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр

Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл

Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай?

- Буын пункциясы

- Қанның клиникалық талдауы

- Табанның R-граммасы

- Ревматоидты факторды анықтау

+ Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау

?

55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып

ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа

көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып,

тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің

қызаруы қоса байқалады

Қандай дәрі тағайындау дұрыс болады?

- Нитроглицерин тіластына (шектеусіз)

- Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет

- ТромбоАсс 100 мг тәулігіне

+ Метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет

- Симвастерол 10 мг тәулігіне

?

67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне,

кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға

шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті

ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс

фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі- минутына 28 рет,

жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90

мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет

Қай препаратты тағайындаған дұрыс?

- Гентамицин бұлшықетке

+ Кларитромицин per os

- Сальбутамол көктамырға

- Вентолин ингаляциялық

- Сальбутамол ингаляциялық

?

47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек

тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері

бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм

сынап бағанасы

Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, қайсы

препаратты тағайындауға болмайды?

- Лизиноприл

- Верапамил

- Индапамид

+ Карведилол

- Амлодипин

?

38 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге физикалық күш түскенде пайда

болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген,

нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға

шағымданып келді. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс

Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді?

- Жалпы қан талдауы

- Холестерин, үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы

- Физикалық жүктемемен сынама

- Эхокардиография

?

25 жасар әйел дәрігерге қорқу сезімі, үрей, басының айналуына шағымданды

Объективті: беті бозғылт, суық. Жүрек соғу жылдамдығы минутына 100 рет

Артериялық қан қысымы кенеттен 230/140 мм сынап бағанасына дейін

жоғарылады. Жалпы тәжірибелік дәрігер феохромацитомадағы гипертониялық

криз диагнозын қойды

Кризде қай препарат көмектеседі?

- Дибазол

+ Фентоламин

- Капотен

- Коринфар.

- Пентамин

?

62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге басының ауруына және

айналуына шағымданып келді. Анамнезінде миокард инфарктымен ауырған

Объективті: пульс минутына 86 рет, артериялық қан қысымы 200/100 мм сынап

бағанасына, жүрек жетіспеушілік белгілері жоқ, аяқ тамырларының

облитерациялық атеросклероз көріністері байқалады

Артериялық гипертензияны коррекциялауға қандай препарат тағайындау

тиімді?

- Капотен

- Анаприлин

- Коринфар

- Гипотиазид

+ Верапамил

?

Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық

дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел

бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен

Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды

Тұншығу ұстамасы немен жойылады?

- Эуфиллинмен

- Пропранололмен

+ Сальбутамолмен

- Амброксолмен

- Антибиотиктермен

?

50 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерді үйіне шақырып жүрек

тұсындағы ауырсыну, ентігу, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздікке

шығымданды. Тексеру нәтижесінде дәрігер науқастың жағдайының ауыр

екендігін анықтады: беті бозғылт, терісі ылғал, артериялық қан қысымы

150/100 мм сынап бағанасына, пульс минутына 120 рет. Өкпеде ірі қөпіршікті

сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. Анамнезінде 5 жылдан бері

артериялық гипертония

Дәрігердің тақтикасы қандай?

- Науқасты үйінде қалдыру

- Жедел жәрдем шақыру

- Үйінде қалдырып, клиникалық көріністерді бақылау

- Күндізгі стационарда ем тағайындау

+ Арнайы бригаданы шақырып, науқасты госпитализациялау

?

52 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының

ауырсынуы, жүректің қатты соғуы, жалпы әлсіздікке шағымданды

Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, инфаркттан кейінгі кардиосклероз

Жүрек тондары тұйықталған, артериялық қан қысымы 80/50 мм сынап

бағанасында, қарыншаүстілік тахикардия

Дәрігердің тактикасы қандай?

- Тамыр ішіне новокаинамид енгізу

- Тамыр ішіне верапамил енгізу

- Тамыр ішіне мезатон енгізу

+Тамыр ішіне мезатон+ новокаинамид енгізу

- Тамыр ішіне строфантин енгізу

?

44 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы,

жүректің қатты соғуына шағымданды. ЭКГ-да жедел миокард инфарктының

фонында политопты топталған қарынша экстрасистолиясы анықталды

Бұл жағдайда науқасқа қайсы препаратты енгізу қажет?

- Этацизин

+ Лидокаин

- АТФ

- Новокаинамид мезатонмен

- Строфантин

?

45 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қайталанып тұратын жүрек

тұсының ауырсынуына, жүректің қатты соғуына шағымданды. Қайталанып

тұратын қарынша үстілік тахикардиямен жүретін, созылмалы жүректің

ишемиялық ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады

Осы науқастың қолдау терапиясына қажетті препарат қайсы?

+ Кордарон

- Новокаинамид

- Эналаприл

- Панангин

- Атропин

?

50 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерді үйіне шақырып, ентігу, дене

жүктемеден кейін күшейетін жүректің қатты соғуына, жөтелге және қан

қақыруға шығымданды. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз

Өкпесінің артқы-төменгі бөлімінде әлсіз, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек

тондары тұйықталған, аритмиялы, жүрек соғу жиілігі минутына 110 рет. Жүрек

ұшында үштік әуен естіледі: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және митралды

қақпаның ашылу дыбысы. Бауыр 2 см. ұлғайған. Балтыры ісінген

Дәрігердің тактикасы қандай?

- Үйінде стационар ұйымдастыру

- Жедел жәрдем шақыру

+Ревматологиялық бөлімге жатқызу

-Күндізгі стационарға жіберу

-Амбулаторлық ем тағайындау

?

62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы

механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетің ауырсынуға шағымданып

келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған,

Геберден, Бушар түйіндері анықталды

Бұл науқасқа не тағайындау қажет?

- Антибиотиктер

+ Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

- Ангиопротекторлар

- Кортикостероидтар

- Спазмолитиктар

?

45 жастағы, салмағы қалыпты ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге аузының

құрғауы, шөлдеу, әлсіздікке шағымданып келді. Тексеру нәтижесінде алғаш рет

қантты диабет анықталды. Диетамен емдеу нәтиже бермеді, тәулік бойына

гликемия 10- 15 ммоль/л

Бұл науқасқа не тағайындау қажет?

- Инсулин

- Бигуанидтер

+ Сульфаниламидті қанттөмендетуші препараттар (СҚП)

- Бигуанидтер+ СҚП

- Инсулин+ СҚП

?

25 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге кілегейлі-іріңді, қиын бөлінуші

қақырықты жөтелге, дене температурасының 37?С дейін көтерілуіне

шағымданып келді. Ауруы суықтаудан кейін жедел басталған. Сол жағында,

жауырын аралық аймақта құрғақ сырылдар естіледі. Қанның жалпы талдауы

өзгеріссіз

Науқастың жүктіліктің 8-10 аптасында екенін ескере отырып, қандай ем

тағайындау қажет?

- Ципрофлоксацин

- Метрогил, гентамицин

+ Лазолван, жылы сусын

- Амоксиклав, бронхолитин

- Бромгексин, тетрациклин

?

65 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің үдеуіне,

сарғыш-жасыл түсті қақырықтың көбеюіне, субфебрилді температураға

шағымданып келді. Анамнезінде өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен

ауырады. Тыныс алу жиілігі- минутына 28 рет, пульс минутына 92 рет

Аускультативті тексергенде өкпеде қатаң тыныс фонында құрғақ ысқырықты

сырылдар

Қай препаратты тағайындаған дұрыс?

- Гентамицин бұлшықет ішіне

+ Кларитромицин per os

- Сальбутамол көктамырға

- Вентолин ингаляциялық

- Сальбутамол ингаляциялық

?

23 жасар ер адам дәрігерді үйіне шақырды. Шағымдары: 4 күннен бері дене

температурасының 38oС дейін көтерілуі, сарғыш-жасыл түсті қақырықты

жөтел, әлсіздік, тершеңдік. Ауруын суықтаумен байланыстырады. Объективті:

терісі бозғылт, тыныс алу жиілігі- минутына 20 рет, оң жақ жауырынның

астында перкуссияда тұйық дыбыс, аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар

естіледі

Осы науқастың ең дұрыс емі қандай?

- Макропен 0,2 х 3 р/т per os 5 күн

- Эритромицин 0,25мг per os 2т х 4 р/т 7 күн

+ Азитромицин 0,5 х1 р/к per os 5 күн

- Тетрациклин 0,25 х 4 р/к per os 10 күн

- Цефазолин 1,0 х 3р/к бұлшықет ішіне 10 кн

?

67 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге 40 минуттан бері төс

артындағы басып, күйдіріп ауырсыну сезіміне шағымданды. 10 жылдан бері

жүрек ишемиялық ауруымен ауырады

Дәрігердің дұрыс тактикасы қандай?

+ Шұғыл ауруханаға жатқызу

- Үй жағдайындағы ауруханаға жатқызу

- Күндізгі ауруханаға жатқызу

- Жоспармен ауруханаға жатқызу

- Емханалық жағдайда тексеру

?

33 жастағы әйел емханаға төстің артындағы ауырсынуға, осы аймақта керу

сезіміне шағымданып келді. Бір күн алдын кешке балық жеп, түйіліп қалған

Объективті: жұтыну қиындаған, дене температурасы 37.3°C, мойнымен бетінің

төменгі бөлігі ісінген, пальпация жасағанда мойнының төменгі бөлімінде

крепитация, көкірек қуысының рентгенограммасында- паравертебралді

орналасқан газ қатпарларымен көкірекортаның кеңеюі байқалады

Дәрігердің тактикасы қандай?

+ Жедел түрде хирургия бөліміне жатқызу

- Мойын шелмайын пункциялап Дюфо инесін орнату

- Науқасты эзофагоскопияға жіберу

- Антибиотиктер тағайындау, жұмысқа жарамсыздық парағын ашу

- Гастроэнтерологқа кеңеске жіберу

?

38 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге дене салмағының жоғарылауы,

тер бөлінуінің төмендеуі, бетінің ісінуіне шағымданып келді. Көптен бері

созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы-89 кг

Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті борпылдақ, қабақтары ісінген. Жүрек

соғу жиілігі минутына 56 рет, артериялық қан қысымы-100/60 мм сынап

бағанасында. Қанында: глюкоза- 3,3 ммоль/л, сарысу ақуыздарымен

байланысқан йод- 300 ммоль/л

Науқасты жүргізудің ең дұрыс тактикасы қандай?

- Витаминотерапия жүргізу

- Несеп айдаушы препараттар тағайындау

- Қабынуға қарсы терапия жүргізу

- Субкалориялы диета тағайындау

+ Тиреоидты препараттар тағайындау

?

72 жастағы ер адам өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын

науқас жалпы тәжірибелі дәрігерге суық тиген соң басталған дене қызуының

жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке

шағымданып келді. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация

анықталады

Қай ем дұрыс?

- Тетрациклин+ метрогил+ лазолван

- Амоксиклав+ гентамицин+ бромгексин

- Кларитромицин+ преднизолон+ бромгексин

- Метронидазол+ амброксол+ ипратропиум бромиді

+ Кларитромицин+ амброксол+ ипратропиум бромиді

?

42 жасар ер адам жалпы тәжірибелі дәрігерге соңғы 4 ай ішінде жиі бас

ауыруына шағымданып келді. 3 жылдан бері 2 типті қантты диабетпен

отбасылық дәрігерге қаралады, барлық нұсқауларды орындайды

Объективті тексергенде: артериялық қан қысымы 150/100 мм сынап бағанасына

дейін көтерілгені анықталды. 15 минуттан кейін тексергенде және қайта

тексерулерде қан қысымы өзгермеді. Қандағы қант мөлшері 6,1 ммоль/л

Науқастың қан қысымын төмендету керекпе және не үшін?

- Иә, себебі науқастың симптомдарын жою қажет

- Иә, себебі бұл қандағы қант мөлшерін тұрақтандырады

+ Иә, себебі бұл науқас өмірінің болжамын дұрыстайды

- Жоқ, себебі қан қысымы онша жоғары емес, өзі реттеледі

- Жоқ, себебі қантты диабетті емдеу жеткілікті болады

?