Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

12 Айлық балаға паротитке қарсы вакцинация жасағаннан кейін дене қызуы 39,0

С дейін көтеріліп, тамаққа байланыссыз екі рет құсу болған, кезеңді түрде

мазасыздық болады. Объективті: араны таза. Менингеалды симптомдар оң

Болжам диагноз қандай?

- Ішек токсикозы

+ Поствакцинальды менингит

- ЖРВИ (нейротоксикоз)

- Жедел тамақпен улану

?

Қабылдауда 10-жастағы ұл бала. Аяғында ұсақ нүкте тәрізді бөртпелердің

пайда болып, берлық денеге тез таралғандығына шағымданады. Дене қызуы

субфебрильді. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3

рет ауырады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, иық, буын

маңайында және құлақ маңында көп мөлшерде симметриялы экссудативті-

геморрагиялық бөртпелер орналасқан. Таңдайдың шырышты қабатында

аздаған бөртпелер бар. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм

с.б.б. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Дәреті мен нәжісінде өзгеріс жоқ

Болжам диагноз қандай?

- жедел лейкоз

- жәншау

- гемофилия

+ геморрагиялық васкулит

- тромбоцитопениялық пурпура

?

5 жасар балаға үйге шақыру түсті. Әлсіздікке, солбырлыққа, тыныс алу мен

жүтудың қиындауына шағымданады. Қарағанда жалпы жағдайы орташа

ауырлық дәрежесінде. Температурасы 38,5°С. Терісі боз, таза. Мойын лимфа

түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқасы қызарған, бадамша бездері ұлғайып,

ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, аздап ауырады, гепатоспленомегалия

Болжам диагноз қандай?

- Аңқа күлі

- Лимфогранулематоз

+ Инфекционды мононуклеоз

- Аденовирусты инфекция

- Іріңді баспа

?

4 жасар балаға үйге шақыру түсті. Қарағанда дене қызуы 37,5°С. Кеудесінің

фоны өзгермеген терісінде көптеген, кей жерлерде бір-бірімен қосылған, майда

нүктелі бөртпелер көрінеді. Шүйде лимфа түйіндері ұлғайған

Болжам диагноз қандай?

- Аллергиялық бөртпе

- Жәншәу

- Қызылша

+ Қызамық

- Желшешек

?

Қабылдауда 7 айлық бала. Анасының айтуынша балада 2-3 күннен бері нәжісі

жоқ. Бала үшінші туудан, жүктілік анемиямен өткен. 3 айдан бастап таза сиыр

сүтімен тамақтандырылады. Рационда манна ботқасы көп. Көкөністерді нашар

жейді. Тіреусіз отырмайды. Қарағанда қабырғалық таспиық, Гаррисон жүлгесі

пальпацияланады, іштің көлемі ұлғайған, ауырсынусыз. Бауыры 1,5 см қабырға

астынан шығып тұр. Өкпе мен жүректе өзгерістер жоқ

Іштің ұлғаюы немен байланысты?

- метеоризммен

- ішек ісігімен

- Лактазды жетіспеушілікпен

- Альбуминді жетіспеушілікпен

+ бұлшық ет гипотониясымен

?

Бір айлық баланың анасы дәрігерге ауыз қуысының шырышты қабатында

жабындының болуына шағымданып келді. Бала нашар емеді, емгенде

мазасызданады. Жабынды 6 күннен бері байқалады. Қарағанда бала мазасыз,

ауыз қуысында- ұрт, тіл, қатты таңдай қызарған, ұртында ірімшік тәріздес

жабынды байқалады. Басқа жүйелерде өзгеріс жоқ

Болжам диагноз қандай?

- Сүттену, жеңіл дәрежелі ауыртпалықта

+ Сүттену, орташа дәрежелі ауыртпалықта

- Сүттену, ауыр дәрежелі ауыртпалықта

- жедел герпетикалық стоматит

- ауыз қуысының созылмалы кандидозы

?

6 айлық балаға үйге шақыру түсті. Бала жедел ауырған. Анасының айтуынша

дене қызуы 39,5°С көтеріліп, жөтелген, мұрнынан су аққан. Бір рет құсу

болған. Қарағанда терісі боз, бала қозған, тырысу, анық емес менингеальды

симптом байқалады

Болжам диагноз қандай?

- Серозды менингит

+ ОРВИ, нейротоксикоз

- Токсикалық пневмония

- Ішек токсикозы

- H1N1 тұмауы

?

2 жасар балада түнде үрген тәріздес жөтел, дауыстың қырылдауы, тыныс

алудың ұзаруымен жүретін ентікпе пайда болған

Болжам диагноз қандай?

- жедел пневмония

- Обструктивті бронхит

- Бронх демікпесі

+ Стенозданған ларинготрахеит

- жедел тонзиллит

?

Қабылдауда жиі ауыратын 8 айлық қыз бала. Объективті қарау кезінде буын-

сіңір аппаратының босаңсуы, статистикалық және қозғалыс қызметтерінің

дамуының тежелуі, шаршы бас, мешелдік «білезік», «таспихтар» және төстің

деформациясы анықталды. Тісі жоқ, жиі іш қату болады

Болжам диагноз қандай?

- Мешел II дәрежелі, қызу кезеңі, жедел асты ағымды

- Мешел II дәрежелі, бастапқы кезең, жедел ағымды

- Мешел III дәрежелі, қызу кезеңі, толқымалы ағымды

- Мешел II дәрежелі, қызу кезеңі, жедел ағымды

+ Мешел III дәрежелі, қызу кезеңі, жедел асты ағымды

?