Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты КарГМУ каз (объединенные).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20 Ж. Науқас, студент оқтын-оқтын болатын ұстамалы экспираторлы демікпе

мен жөтел және кеудесіндегі сырыл мен ысқырыққа шағымданады

Ауырғанына 2 жыл болды. Демікпе ұстамасы жиі түнде пайда болады және

өздігінен 1 сағаттан кейін басылады. . Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен бастап

көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне темекінің 1,5 қалбырын

шегеді. Шешесінде тыныс демікпесі бар. Объективті қарағанда және Р-генмен

тексергенде дерт анықталмаған. Қан анализінде- эозинофилдер саны- 6%

Қандай дерт туралы болжауға болады?

- атопиялық бронх демікпесі, орташа ауырлықта

- инфекцияға тәуелді бронх демікпесі, жеңіл ағымды

- созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымды, өршу кезеңі

- жедел бронхит

+ атопиялық бронх демікпесі, жеңіл ағымды

?

Кеуде сарайының күбі тәрізді болуы, саусақтарындағы тырнақ өзгерісі (сағат

әйнегі) , жиі ентігу қай ауруда кездеседі:

- пневмоторакс

- жедел респираторлы ауру

- жедел пневмония

- жедел бронхит

+ өкпе эмфиземасы

?

Бронх демікпесі мен II деңг. артериальдық гипертензиясы бар науқас тұншығу

ұстамасын басу үшін күніне 1-2 рет беротек қабылдайды, сонымен қатар

капотен, тайледті қолданады.Жалпы тәжірибелі дәрігерге тұрақты құрғақ

жөтелдің қинайтынына шағымданды

Жөтелдің пайда болуы себебі неде?

- тайледті қабылдауы

- беротекті қабылдауы

+ капотенді қабылдауы

- тайлед пен беротекті қоса қабылдауы

- тайлед мөлшерінің жеткіліксіздігі

?

Науқаста жүктемеден кейін көпіршікті қызғылт қақырықты жөтелі бар демікпе

ұстамасы пайда болды. Науқасты қарағанда: өкпенің екі аймағында ылғалды,

әртүрлі көпіршікті сырылдар естіледі; Жыбыр аритмиясы бар, бауыры

үлкейген, аяқтары іскен

Осы белгілер қандай дертке тән?

- бронх демікпесінің ұстамасы

+ сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- спонтанды пневмоторакс

- инфаркттық пневмония

?

32 жастағы науқас әйел осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С

көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына

шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы

ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында

бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы

140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары

жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Науқастың

диагнозы?:

- ревматизм, активті фаза, митральды стеноз

+ инфекциялық эндокардит және аортальды шамасыздық

- ревматизм активті фаза аортальды шамасыздық

- инфекциялық эндокардит және митральды шамасыздық

- инфекциялық эндокардит және митральды стеноз

?

69 ж., науқас әйел әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, аз мөлшерде кілегейлі

қақырық бөлінетін жөтелге, ұйқышылдық, қөңіл-күйінің бұзылуы мен кейбір

жағдайда есінің бұзылатынына шағымданады. Ауруының себебін айта

алмайды . Анамнезінде ЖИА, туберкулез

Науқасты қарағанда: ернінің сәл цианозы, терісі құрғақ, дене температурасы-

37,20, АҚ- 85/40 мм с.б.б.. Жүрек тондары тұйықталған, П тон аортада

күшейген. ЖСЖ-1мин.- 80. Өкпесінің оң жағында жауырын ұшында тынысы

әлсіреген, басқа аймақтарда- өзгермеген. Тілі-ылғалды, Іші жұмсақ,

ауырсынусыз. Ісіктер анықталмайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

- депрессия

- орналасуы анықталмаған рак

+ оң жақты пневмония

- АГ- өршуі

- ЖИА, жүректің жедел жетіспеушілігі

?

22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы

38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас

ауруы қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды, қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі

зәр шығарады,оң белі ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады

Қандай ауруды ойлауға болады?

- пневмония

+ жедел пиелонефрит

- жедел эндометрит

- Жедел цистит

- ЖРВИ

?

Қабылдауда 17 ж., жасөспірім, температурасы 37,6С, ірі буындарындағы

ұшпалы аусыну сезіміне шағымданады. Айтуынша 3 жеті бұрын ауырған,

бірақ ауру сезімі тұрақты мазаламағасын дәрігерге баруға асықпаған. Қыс пен

көктемде үш рет баспамен және бірнеше рет тыныс жолдарының жұқпасымен

ауырған. Осы кезде оң тізе және сол бақай буындарында ауру сезімі мазалайды,

буындары іскен, терісі сәл қызарған, ыстық, қозғалғанда ауырады. Кеудесінің

терісінде сәл қызғылт ортасы ашық түсті дақтар бар

Сіздің болжам диагнозыңыз?

- инфекциялық- аллергиялық полиартрит

+ ревматикалық артрит

- Лайма дерті

- Ревматоидты артрит

- склеродермия

?

27 жастағы науқаста 3 күн бұрын қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде

ауырсыну, дене қызуының 38,5 С көтерілуі аяқ астынан пайда болды. Кеуде

сарайының оң жағы тыныс алудан қалып тұр. 3-ші қабырғааралығының

алдыңғы беті мен жауырын аралығының артқы жағының ортасында

перкуссияда тұйық дыбыс естіледі, осы аймақта тынысы естілмейді. Жүректің

салыстырмалы тұйықтылығының сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5

см сыртқа орналасқан. Болжам диагнозыңыз :

+ оң жақты экссудативті плеврит

- оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

- оң өкпенің крупозды пневмониясы

- созылмалы бронхиттің өршуі

- оң жақты гидроторакс

?

22 жастағы науқас, спортшы, дене температурасының 39 С

жоғарылауына, қалтырау, физикалық күш түскенде ентігу,

тәбетінің жоқтығына шағымданып жолықты. 1 айдан бері

ауырады. Қарағанда: терісі сарғыш, бозғылттау, аяқтарында

петехиалды бөртпелер. Өкпеде- аздаған ылғалды сырылдар бар

Жүрек тондары тұйықталған, Боткин нүктесінде систолалық шу

естіледі. Пульсі- 106 рет/мин. АҚҚ- 120/40 мм с.б., бауыры оң

қабырға доғасы астынан 5 см төмен орналасқан, сипағанда

ауырады. Аяқтарында ісіктер бар. Болжам диагнозыңыз:

+ инфекциялық эндокардит

- пневмония

- бауыр циррозы

- ревмокардит

- миокардит

?

41 жастағы науқас кенеттен ауырып қалды. Дене қызуы

40градусқа көтеріліп, кілегейлі-іріңді қан аралас « ет» иісі бар

қақырық бөлінетін жөтел мен бүйірінің ауыруына шағым

айтады.Лейкоциттер 10х109/л,, формуласы солға ығысқан. 2 күні

рентгенмен тексергенде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қараю

ағару ошақтарымен көрінеді.( өкпенің деструкциясы) Қандай

диагноз мүмкін?

- микоплазмалық пневмония

- туберкулездік инфильтрат

- Фридлер пневмониясы

- вирустық пневмония

+ стафилококтық пневмония

?

30 жастағы науқаста 1 ай ішінде дене қызуы 38 С көтерілген ,антибиотиктерге

төзімді, гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан, нейтрофилез,ЭТЖ

50мм/сағ. Диагнозын анықтау үшін қандай тексепу қолданылады?

- лимфо түйінінінің биопсиясы

- стернальді пункция

+ спецификалық емді ұсыну

- кортикостероидты емді ұсыну

- антибиотиктерді ұсыну

?

Дәрігер науқасты үйде қарағанда , оның жағдайының ауыр екенін анықтады

Терісі солғын, ылғалды.ҚҚ-150/100мм.сын.бағ. пульсі 120рет минутына

Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар жүрек тондарын басып кетеді. Анамнезінде

: 5 жыл бойы АГ бар

Сіздің әрекетіңіз?

- науқасты үйде қалдыру қажет

- жедел жәрдемді шақыру

- науқасты үйде қалдырып,клиникасын бақылау

- күндізгі стационарда ем ұсыну

+ науқасты ауруханаға жатқызу

?

А.атты, 58 ж., науқас 10-15 жыл бойы II дәрежелі АГауырады. . Бір жыл бұрын

жүректің алдыңғы пердесінің ірі ошақты миокард инфарктісімен ауырған

Бұл науқастың еңбек ету қабылеті қандай:

- режимді сақтау, еңбекке жарамды

+ П топтағы мүгедек

- жүктемемен байланысты емес жұмысқа ауыстыру

- түнгі жұмысқа ауыстыру

- 1топтағы мүгедек

?

Нефрогенді АГ емдеуде қандай гипотензивті дәрілер ұсынылады:

+ АПФ ингибиторлары

- бета-блокаторлар

- диуретиктер

- альфа-блокаторлары

- кальций антагонистері

?

Науқаста артериялық гипертензия мен кiндiк үстiнде систолалық шу табылған

кезде диагнозын нақты анықтау үшiн қандай тексерудi тағайындау қажет?

- кеуде клеткасының жалпылама рентгенографиясы

- бүйрек УДЗ-i

+ бүйрек артериясының УЗДГ-сi

- көз түбiн зерттеу

- экскреторлы урография

?

Артериялық гипертензияның II-дәрежесiмен ауыратын науқасқа қандай еңбек

түрi көрсетiледi:

- Физикалық жүктемемен жұмыс

- нервтi-психикалық жүктемемен жұмыс

- Түнгi кезектегі жұмыс

- Шумен, фибрациямен болатын жұмыс

+ бір қалыпты жүктемемен жұмыс

?