Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі

Дизельді отынның жануы салдарынан қозғалтқыштың жану камерасында және шығару клапандарында күйікті қақтар пайда болады. Дизельді қозғалтқыштардағы ондай қақтардың зардабы карбюраторлы қозғалтқыштардікінен өзгеше. Күйік­тердің жылуды өткізбеуі, қысу дәрежесіне әсері карбюраторлы қозғалтқыштағыдай шешуші роль атқармайды. Олардың дизель­ді қозғалтқыштардағы негізгі кемшілігі - бүріккіштерде шөгін­ділер қалдыруында. Бүріккіштің бөлшек­теріндегі күйіктер шы­рақ­ты қисайтады, бүріккіш қасиетін нашарлатады, түтінді қою­латады, қозғалтқыштың үнемділігін кемітеді. Тіпті бүріккіш мүлдем жұмыс істемей, оның инесі қайтып орнына оралмай, жол ортада тұрып қалады. Жану камерасында, піспектің үстінде, цилиндрдің қабыр­ғасында пайда болған шөгінділер мен күйік­тер тығыз, тіпті қатты зат болады, ал бүріккіштің инесіндегі зат жұмсақтау, кей уақытта жаққан лак тәрізді болады.

Дизельді қозғалтқышта күйіктің пайда болуы біркелкі бола бермейді, бастапқы кезде үстемелеп өссе, шамасы 10 сағаттан кейін тұрақтанып, одан ары көбеймеуі де мүмкін.

Күйіктің пайда болуы отынның сапасына байланысты. Шө­гін­ділердің пайда болуына отынның мына қасиеттері әсер етеді: фракциялық құрамы, құрамындағы күкірт қосын­ды­лары­ның саны, қанықпаған көмірсутектердің, шайырдың, аро­матты көмірсутектердің бар болуы. Ауыр дизельді отындар күйікті көп шығарады. Сондықтан жедел дизельді қозғалт­қыштарда қолда­нылатын дизельді отындардың 96% булану температурасы 3600С-ден артпауы керек.

Отында күкірт саны неғұрлым көп болса, ол жанғанда күйік пен лакты соғұрлым көп бөліп шығарады. Күкірттің отын құрамында көптігі тек күйікті ғана көбейтіп қоймай, оның басқа да қолайсыз қасиеттерін молайта түседі. Күкіртті қосылыстар күйікте көбейе келе, оның тығыздығын да ұлғайтады. Сондық­тан дизельді отындарда күкірт саны стандартта көр­сетілгеннен артпауы керек. Отынды күкірттен гидрав­ликалық тазарту арқы­лы арылтады. Мұндай тазартудан өткен отынның күйігі 1,5-2 есе кем болады. Дизельді отында күйіктердің пайда болуы­на қа­нықпаған көмірсутектердің де әсері жетерлік. Отында осы кө­мірсутектердің барлығын йод саны арқылы анықтайды. 100 г дизельді отында йод саны 6 г-нан аспауы керек.

Отында шайыр мөлшерінің артуы күйіктің молаюына әке­ліп соғады. Отында шайырлы заттардың барлығын, бензиндегі­дей, шайырдың нақты санын анықтау арқылы бағалайды. Ди­зель­ді отындарда шайырдың нақты саны оның әр 100 мл-да 30-60 мг-нан аспауы керек.

Дизельді отындардың күйік жасауға бейімділігі оның құ­ра­мында күл мен кокстың болуына да байланысты. Егер отынды ауасыз кеңістікте қыздырғанда көмір тәрізді қалдық қалса, ол отынның кокс жасау қасиеті деп саналады. Дизельді отын­дар­дың кокстылығы оның фракциялық құрамына, шайыр тәрізді жә­не тұрақсыз қоспалардың болуына байланысты. Дизельді отын­дардың 10% қалдығының кокстылығы 0,5%-дан кем бол­мауы керек.

Отында жанбайтын қосылыстардың болуы онда күл бар екендігін көрсетеді. Отынның күлі неғұрлым аз болса, оның күйігінде органикалық емес қосылыстар соғұрлым аз болады. Жедел дизельділерде қолданатын отындарда күлдің мөлшері шамамен 0,01-0,02% болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]