Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

11.3.Эпоксид желімнің композициялары

ЭД-5, ЭД-6 эпоксид шайырлары негізіндегі желім композициялары жөндеу өндірісінде кеңінен қолданылады (29- кесте).

ЭД-5, ЭД-6 шайырлары бензолда, толуолда, ксилолда, кетонда, эфирде ериді; суда, бензинде ерімейді; спиртте аздап қана ериді. Қатпаған күйлерінде олар бір-бірінен молекулалық салмағы арқылы ерекшеленеді: ЭД-5-тің орташа молекулалық салмағы 360-470, ЭД-6-нікі – 480-600. Молекулалық салмағын молекула тізбегін ұзарту есебінен арттыру үшін шайырға химиялық қосылыстар - қатайтқыштар қосады.

29-кесте. Қатпаған эпоксид шайырларға қойылатын техникалық талаптар (МССТ 10587-63)

Көрсеткіштер

Маркалардың нормалары

ЭД-5

ЭД-6

Сыртқы түрі

Тұтқырлығы аз, мөлдір шайыр

Тұтқыр, мөлдір шайыр

Түсі

Ашық сарыдан қоңырға дейін

Эпоксид топтарының мөлшері, %

18,0-ден кем емес

18,00-14,00

Ұшпалы заттар,%, артық емес

2,0

1,0

Шарикті вискозиметр бойын­ша (МССТ 8420-57), сек, артық емес

250С температурада

500С температурада

75

-

-

100

Көрсеткіштер

Маркалардың нормалары

ЭД-5

ЭД-6

Хлор ионының мөлшері, %, артық емес

0,016

0,016

Жалпы хлор мөлшері, %, артық емес

1,5

0,75

Қатайтқышпен шартты тұтқырлығы, шарикті вискозиметрмен 1000С температурада араластырған соң 2 сағаттан кейін, сек, артық емес

10,0

20,0

Қатайтқыштар ыстық және салқын күйде болады. АФ-2 қатайтқышы (ТУ № П-264-70) 0оС температурада, сонымен қатар дымқыл беттерде және су астында қатады. АФ-2-нің салмағы жағынан есептеу саны (1,3 – 1,4)К.

Сондай-ақ бір мезгілде қатайтқыштардың да, пластификаторлардың да қызметін атқаратын қатайтқыштар бар. Бұндай заттарға полиамидті шайырлар Л-18, Л-19, Л-20 жатады. Олар полиэтиленполиаминмен араласқан зығыр майының майлы қышқылдары әрекеттескен сұйық өнім, сыртқы түрі – түсі сарыдан қоңырға дейінгі тұтқыр, мөлдір сұйық (30- кесте).

30-кесте. Полиамидті шайырлардың қасиеттері

Полиамидті шайырлар

Л-18

Л-19

Л-20

200С температурадағы тұтқырлығы, пз

600-1000

160-500

160-500

200С температурадағы тығыздығы, кг/м3

970

2020

1030

Амин саны, мг.HCI/г

90-120

120-160

175-220

Осалдылықты азайту үшін эпоксид шайырларды күрделі эфирлермен, төменмолекулалы шайырлармен, полисульфид­термен және басқа да қосылыстармен пластификациялайды. Композицияларды дайындау ісінде келесі пластификаторларды қолданады: дибутилфталат, дибутилсебацинат, диоктилсеба­цинат, трикрезилфосфат (МССТ 8728-66), №1 полиэфир (МРТУ 6-05-1122-68), №220 полиэфир (ТУ МХП КУ –487-57) және МГФ-9 полиэфирі (ТУ МХП БУ-17-56).

Пластификаторларды шамадан тыс енгізу композицияның жылу тұрақтылығының төмендеуіне, майысқан кездегі беріктіліктің осалдануына әкеліп соғады. Пластификаторлар көлемінің шайырға қатынасы 5-30% болуы керек.

Толықтырғыштар арқылы жылу өткізгіштігін арттыруға, шөгуін азайтуға, механикалық беріктілігін нығайтуға, үйкеліс коэффициенті мен материалдың электр өткізгіштігін өзгертуге болады.

Толықтырғыштар ретінде ұнтақты материалдар, ұсақталған ұнтақтар (болат, мырыш, алюминий, графит, талька) және талшық тәрізді (шыныталшық) материалдар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]