- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
Лакбояғыш жабындарын алатын лакбояғыш материалдары қойыртпақ сұйықтық. Оның құрамы төмендегі компоненттерден тұрады.
Қабыршақтүзушілер. Тұтас қатты жамылғы пленка түзетін қатты немесе сұйық заттар. Лакбояғыш жабындарының боялатын бетке берік жабысуы, қоршаған ортаның кері әсеріне төзімділігі және жабынның басқа да маңызды қасиеттері қабыршақ түзушілерге байланысты.
Сұйық қабыршақтүзушілерге табиғи және синтетикалық кебетін майлар (зығыр, конопля, мақта, күнбағыс) жатады. Осылардың негізінде майлы лактар, майлы грунттар, тегістегіштер жасайды. Жылу, химиялық жолмен өңделген өнімдер түрінде олар түрлі сырмайлардың (олифа) негізі болып табылады. Сырмайлардың ең жоғарғы сортын зығыр майынан алады.
Қатты қабыршақтүзушілерге табиғи шайырлар (майшайыр, шайыршық және оның өңделген өнімдері, асфальт т.б.) және синтетикалық термопластикалық, термореактивті және қататын полимерлер (глифталь және резоль шайырлары, эфирлер, целлюлозалар т.с.с.) жатады.
Лактардың негізгі массасы таза күйінде емес, сырмай қосылып, бояу, тегістегіштер және басқа да материалдар үшін пайдаланылады. Осы мақсатта лакқа немесе сырмайға пигмент қосылады. Қабыршақтүзушілердің түріне байланысты екі түрін алады:
Сырмай + пигмент майлы бояу
Лак + пигмент эмаль бояу
Пигменттер. Пигмент ретінде ұнтақталған темір тотықтары (темір, қорғасын, мырыш, титан т.б.), ұсақтап түйілген кейбір табиғи бейорганикалық заттар (бор, охра) және алюминий ұнтағы пайдаланылады.
Пигменттердің негізгі қызметі – бояуға қажет түс беру. Бояғыштардан айырмашылығы - олар лактар мен сырмайларда ерімейді, қалқымалы күйде болады.
Пигменттер тозу процесін баяулатады, атмосфератұрақтылықты арттырады. Пигмент бөлшектерінің өлшемі 0,005мм-ден артық болмауы керек.
Кеңінен тараған пигменттер: ақ – мырышты, қорғасынды, титанды ақсырлар; сары – охра, қорғасынды және мырышты крон; көк – ультрамарин, көгілдір (лазурь); жасыл – хром, мысша тотықтары, жасыл крон; қызыл – мумия, темір жосасы, сыр; қара – күйе.
Лакбояғыш жабындарының қалыптасу процесі әр қабыршақтүзушілер үшін әртүрлі болады. Кебу барысында химиялық өзгерістер болмаса, онда қабыршақтүзушілер айналымсыздар, ал олардан алынған жабындар қайтымды деп аталады. Барлық термопластикалық полимерлер қабыршақтүзуші заттардың осы тобына жатады. Бояудың кебу уақыты еріткіштің ұшуы мен қабат қалыңдығына байланысты.
Кебу барысында химиялық айналымдарға түсетін қабыршақтүзушілер айналмалы деп аталады. Бұл жағдайда қабыршақтүзушілер қызметін қанықпаған шайырлар мен майлар немесе термореактивті полимерлер атқарады. Материалдың кебуі барысында еріткіштің ұшуымен қатар макромолекулалардың кеңістіктік құрылымды жабындарын түзе отырып, полимерлену, поликонденсация, тотығу реакциясы жүреді. Кебуді тездету мен лакбояғыш жабындары мықты болу үшін жоғары температурада (ыстықта) кептіру қажет немесе бояуға қажет катализатор (сиккативтер) қосады.
Еріткіштер. Еріткіштер қабыршақтүзушілерді ерітеді және оған қажет тұтқырлық береді. Олар сұйық органикалық қосылыстар, лакбояғыш материалдарын бетке жаққан соң қалдықсыз ұшып кетеді.
Сұйылтқыштар. Сұйылтқыштар кейде еріткіштердің орнына жұмсалады және еріткіштерге қарағанда арзан өнімдердің қоспасы болып табылады.
Кеңінен қолданылатын еріткіштер мен сұйылтқыштарға төмендегі өнімдер жатады:
Бензин-еріткіш (уайт-спирит) – 165-2000С температура аралығында қайнайтын тура айдалған бензин фракциясы.
Таскөмірлі сольвент - әр түрлі ароматты көмірсутектер (ксилол, толуол, бензол) мен басқа топтардың көмірсутектерінің қоспасы болып табылатын таскөмір шайырларының айдалған өнімі.
Скипидар – қылқан жапырақты ағаштардың шайырларын айдау барысында алынатын өнім. Бұл өзіне тән исі бар, ұшатын, сусыз, шөгіндісіз мөлдір сұйықтық. 153-1700С температура аралығында қайнайды.
Таскөмірлі ксилол - шикі бензолды ретификациялау барысында алынған ароматты көмірсутегі.
№ 646, 647, 648, 650 еріткіштері мен РДВ сұйылтқышы - әр түрлі қатынаста алынған ацетон, ацетат, спирт, ароматты көмірсутектер.
Пластификаторлар. Пластификаторлар немесе жұмсартқыштар жабын икемді болу үшін нитроцеллюлозды лакбояғыш материалдарына қосылады. Олар сонымен қатар жабысқақтықты, жарық, жылу, аязға төзімділікті арттырады. Пластификаторлар ретінде сұйық және қатты ұшпайтын органикалық өнімдер: трикрезилфосфат, трифенилфосфат, камфора, үпілмәлік және басқа да өсімдік майлары мен термопластикалық полимерлер қолданылады.
Пластификаторлардың мөлшері аз болса, жабынның морттылығы және бүлінуге қабілеттілігі артады.
Сиккативтер. Сиккативтер – лакты майлы пленканың түзілу процесін жеделдететін зат. Олар қорғасын, марганец, кобальт тотықтары немесе осы металдардың органикалық қышқылдарының тұздары.
Сиккативтерді сұйық және қатты күйлерінде құрамында май бар бояуларға белгілі бір мөлшерде қосады, сиккативтер мөлшері шамадан тыс болса, онда олар керісінше кебу уақытын ұзартады.
Толықтырғыштар. Толықтырғыштар қаныққан бояуларға қоспа ретінде қосылады. Бояудың жақсы жабысуына мүмкіндік туғызады. Көп қолданылатын толықтырғыштар: инертті – бор, гипс, каолин, тальк және белсенді – алюминий тотығының гидраты, блакфикс.
