Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

14. Лакбояғыш материалдары

14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар

Лакбояғыш материалдары бұйымдарды сыртқы ортаның бүлдіруінен қорғайтын лактар мен бояулардан тұратын қабат алу үшін және кез келген бөлшектерді декоративті өңдеу үшін қолданылады.

Олар металдарды коррозиядан, ал ағашты шіруден қорғайды, автомобильдерге, аспаптарға әдемі түр беру үшін қолданылады. Лакбояғыш материалдарына қойылатын талаптар:

- өңделген бетке берік жабысуы керек;

- беріктігі жоғары, қатты және иілгіш болу керек. Иілгіштігі нашар болса, онда бұйымның механикалық немесе температураның әсерінен болатын деформациялануы барысында жабындарда сызаттар, бұжырлар пайда болады;

- мүмкіндігінше ылғалды, сұйықтық буларын, газдарды, күн сәулесін аз өткізу және өз қасиеттерін аталған факторлардың әсерінен өзгертпеу;

- бүлінген жағдайда автокөлік кәсіпорындарында оңай қалпына келтірілуі;

- жалпы қолданыста арзан болуы керек.

Барлық материалдарға осы аталған талаптардың барлығы сай келе бермейді. Сондықтан жабындар әр талапқа сай келетіндей көп қабатты болады.

14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы

Лакбояғыш жабындары тек алдын ала тазартылған бетке ғана жағылады.

Автокөлік кәсіпорындарында бөлшекті бояуға дайындау операцияларына еріткіштер арқылы майдан тазарту, металл щеткалармен тоттар мен қақтарды кетіру, дәнекерлеу шамымен ескі бояу қабаттарын күйдіріп түсіру жатады. Дұрыс өңделмеген бетке бірінші қабат дұрыс жағылмайды, соның салдарынан олар ісініп, қабыршақтанып, тез түседі. Жаман адгезияда коррозия тоқтамай, жабынның астында үдей түседі.

Дайындалған бетке ең алдымен грунт жағылады. Оның негізгі қызметі – металл мен жабынның келесі қабаттары арасында жоғары адгезияны қамтамасыз ету. Грунт – бұл щеткамен немесе бояушашыратқышпен жағылатын бояу қабаты.

Кепкен грунттың қалыңдығы 15-20 мкм болу керек. Грунтталған бұйымдағы сызаттар, майысқан жерлер сол қалпында қалады.

Сондықтан да бұйымды қосымша механикалық өңдеуден өткізу қажет. Егер одан кейін де тегістелмесе, онда жергілікті және жалпы тегіс тейді. Біріншісі ірі ақауларды, ал екіншісі боялатын бүкіл бетті тегістейді.

Тегістелген немесе грунтталған бетке бірнеше қабатты бояу жағылады. Бояудың кез келген тәсілінде әр қабатты жақ­қан соң кептіру қажет, ал соңғы қабатты қосымша ажарлайды және жылтыратады.

34- сурет. Лакбояғыш жабындарының құрылымы: 1-боялатын зат, 2-грунт, 3- жергілікті тегістеу, 4-жалпы тегістеу, 5-бояу қабаттары

14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі

Лакбояғыш материалдарын негізгі және қосымша деп екіге бөледі. Негізгіге грунттар, тегістегіштер, лактар және бояулар, қосымшаға – бетті бояуға дайындауға және лакбояғыш жабындарын күтуге арналған сұйықтар жатады.

Лакбояғыш материалдар 5 белгі тобымен белгіленеді. Белгілердің бірінші тобы лакбояғыш материалдардың түрін анықтайды және олар толық сөзбен жазылады, мысалы, “грунт”, “тегістегіш”, “эмаль”, “лак”.

Белгілердің екінші тобы қабыршақ түзетін зат құрамына кіретін негізгі шайырды анықтайды, екі әріппен белгіленеді: ГФ-глифтали, ПФ – пентафтали, ФЛ – фенолды, МЛ – меламинді, ЭП – эпоксидті, ВЛ – поливинилацетатты, АС – полиакрил шайырларының полимерлестері, НЦ- нитроцеллюлоза, МА - өсімдік майы және т.б.

Лакбояғыш материалдары ерекше белгісіне байланысты белгілердің үшінші тобына жатады: 0 – шала өнімді грунттар мен лактар, 00 – тегістегіштер, 1 – атмосфератұрақты, 2 – бөлменің ішінде тұрақты, 5 – арнайы (теріге, резеңкеге арналған), 7 - әр түрлі ортаға төзімді, 8 – термотұрақты, 9 - электроқшаулағыш. Белгілердің екінші және үшінші топтарының арасына сызықша қойылады.

Белгілердің төртінші тобы лакбояғыш материалдарына берілген реттік нөмірін анықтайды, 1, 2 немесе 3 санымен белгіленеді.

Белгілердің бесінші тобы, әсіресе эмальдарға қатысты, олардың түсін анықтайды. Толық сөзбен белгіленеді (“ақ”, “көгілдір”, рең болған жағдайда - “көгілдір - 1”, “көгілдір - 2” т.с.с.). Егер эмаль түсіне нөмір берілсе, онда белгілердің бесінші тобында бірінші нөмірінің соңынан түсі толық сөзбен жазылады, төртінші және бесінші топ арасына сызықша қойылады. Мысалы, “Эмаль МЛ-12-38 көк”, эмальдың негізгі қабыршақ түзетін шайыры меламинді (МЛ), эмаль атмосфератөзімді (1), реттік нөмірі 2 (2), түсі көгілдір (38). “Лак ГФ-95” – лак глифтальды (ГФ), электроқшаулағыш (9), реттік нөмірі 5 (5). Лакбояғыш жабындары жабын материалдарына, жабын бетінің сыртқы түріне (жабын сыныбы) және пайдалану жағдайына (жабын тобы) байланысты жіктеледі.

Беттің сыртқы түріне байланысты лакбояғыш жабындары төрт сыныпқа бөлінеді.

1-сынып – көзбен қарағанда ақаусыз, майда, біртонды бетпен сипатталады. 1-сынып бойынша жеңіл автомобильдердің шанағы боялады. Лакбояғыш жабындары грунттан, жергілікті және жалпы тегістеуден және 3-6 қабат бояудан тұрады. Жабынның беті жылтыратылады.

2-сынып – бетте аздап ақаулар болады. 2 - сынып бой­ынша автомобильдердің шанақтарын, кабиналарын, жүк авто­мо­биль­дерінің, тракторлардың, құрылыс, жол машиналарының қауырсындарын, қақпақтарын бояйды. 2-сыныпты жабынға грунт, жергілікті тегістеу және 2-4 қабат бояу енеді.

3-сыныпты бетте тегіс емес жерлер болады.

4-сыныпта жабынның қорғағыш қасиеттеріне әсер етпейтін, көрінетін ақаулар болады. 3, 4-сыныптар бойынша қаңқалар, осьтер, доңғалақтар, жүк платформалары, жұмыс органдары және машиналардың жемірілуден қорғауды қажет ететін бөлшектері боялады. 3, 4-сынып жабындары грунттан, 1-2 қабат бояудан тұрады. Кей жағдайларда 4-сынып жабындары тек бір қабат бояудан ғана тұрады.

Пайдалану жағдайларына байланысты лакбояғыш жабындары 8 топқа бөлінеді: бөлме ішінде төзімді (П), атмосфератөзімді (А), химиятұрақты (Х, ХК, ХЩ), тұщы (В) және теңіз (ВМ) суларына төзімді, термотұрақты ( Т), майтұрақты (М), бензотөзімді (Б), электроқшаулағыш (Э).

Жалтырау дәрежесіне байланысты лакбояғыш жабындары жылтыр, жартылай жылтыр және күңгірт болып бөлінеді. Жылтырлық дәрежесі жабын материалдарымен сипатталады.

Мысалы, “ЭМ НЦ-25, көк І.ІІ” – лакбояғыш жабыны көк түсті, нитроэмаль, 1-сынып бойынша орындалады (І), бөлме ішінде тұрақты (ІІ).

Жеңіл автомобильдер мен автобустардың шанақтарын бояған кезде лакбояғыш жабындарына жоғары талап қойылады, өйткені мұнда басқа талаптарға қарағанда жабындар әдемі болу керек. Бұл жабындар грунтовкадан (астардан), жергілікті және жалпы тегістеуден және бірнеше (2-5) қабат бояудан тұрады.

Жүк машиналарының жабындары астардан, жергілікті тегістеуден және 1-2 қабат бояудан тұрады.

Автомобиль агрегаттарына, ағаш жүк платформаларына 1 қабат грунт және 1-2 қабат бояу жағады.

Лакбояғыш жабындарының жалпы қалыңдығы 0,1мм-ден артық болмауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]