Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5. Қозғалтқыштарға арналған майлар

Машиналардың бөлшектерін майлау - оларды күнделікті және мерзімді күту жұмыстарының негізгі құрамына жатады.

Машиналардың үздіксіз және ұзақ уақыт жұмыс істеуі оларды майлау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс орын­дағанға байланысты. Сондықтан машиналарды дұрыс қолдану­ды ұйымдастыру үшін инженер-механикке майлардың қасиет­терін білу өте қажет.

Майлар машинада әртүрлі қызмет атқарады. Үйкеліске кететін қуаттың шығынын азайтады. Үйкелістің түрін алмас­тыру арқылы тозған заттарды, күйікті үйкеліс бетінен аластату, саңылауларды бүтіндеп, ондағы абразивті заттарды, ылғалды жібермеу, үйкеліс беттерінен жылуды аластату арқылы тозуды те­жейді. Майлар күштердің қақтығысу қаттылығын азайтып, ма­шина құрылысының жекелеген тобының қызметін жақсарта­ды.

Майлардың қасиетін, түрлерін білу – оларды дұрыс қолда­ну, сақтау мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.

Физикалық күйіне, жасалған тегіне және тазарту тәсіліне бай­ла­нысты майлар үш топқа бөлінеді: сұйық, созылмалы, қатты.

Тегіне қарай майлар минералды, өсімдіктерден, жануар­лар майынан жасалған болып үшке бөлінеді. Минерал текті майлар сланец газынан, көмірден, мұнайдан алынады. Өсімдік­тер текті майлар ретінде майсана, мақта майлары қолданылады. Жануарлар текті майларға итбалықтан, киттен, сүйектен алынған майлар жатады.

Пайдаланылуына байланысты майлар үш топқа бөлінеді: моторларға арналған майлар, трансмиссиялық майлар, созыл­малы жағар майлар.

5.1. Жағар майларды өндіру

Техникада мұнайдан алынған минералды майлар кең тараған. Оларды мұнайдан тікелей физикалық айырудан қалған мазуттан алады. Ол үшін құбырлы пеште 420-4300С-ға дейін мазутты қыздырып, ауадан сиретілген ректификациялық баға­наға жібереді. Ауаның сиретілуі көмірсутектердің қайнау темпе­ратурасын төмендетеді, ал ол жағдай ауыр көмірсутектерді ажыратусыз буландырып, айыруға мүмкіндік жасайды. Газ тә­різді буланған көмірсутекті конденсация жасап сұйыққа айнал­дырып, алдымен тұтқырлығы ең аз «верете­ный» дис­тиллятын, одан кейін орташа тұтқыр «автол» дистиллятын, соңында тұт­қырлығы алдыңғылардан да басым «цилиндрлі» дистиллятын алады.

Ректификациялық бағананың ең төменгі тұсынан мазуттың қалдығы - гудрон және жартылай гудрон алынады. Бұл қалдықтардан терең тазарту арқылы тұтқырлығы жоғары «қалдық майлар» деген атпен тараған майлар алынады. Аталған дистилляттар әртүрлі тазартудан өткеннен кейін ғана қолдануға жарайтын майлар жасауға пайдаланылады. Тазарту тәсіліне қарай майлар төрт топқа бөлінеді:

1) сілтілермен тазарту. Сілтілер арқылы дистилляттан, қышқыл қосындылардан (мұнай қышқылы, фенолдар), күкірт қосылыстарынан (күкіртті сутек, күкірт) арылады. Сонымен қатар күкірт қышқылын бейтараптандырады;

2) күкірт қышқылымен тазарту. Бұл тәсіл күкірт қышқы­лының асфальт, шайыры бар заттармен, қанықпаған көмір­сутектермен әрекетке түсетін қасиетін пайдалануға негізделген. Күкірт қышқылының әрекетінен соң сілтілермен өңделіп, одан кейін дистиллятты сумен шайылады;

3) дистиллятты сумен, күкірт қышқылымен өңделгеннен кейін бұзуға келмейтін эмульсиялар пайда болады. Сондықтан дис­тиллятты күкірт қышқылынан кейін ағартқыш балшықпен ара­ластырып, одан сүзіп алу арқылы тазалайды. Мұндай бал­шықтар органикалық, күкірт қышқылдарын өздеріне сіңіріп ала­ды. Ағартқыш балшық жасау үшін «Зикеевская земля», «Сара­товская опока» атты топырақтарды қолданады. Бұл тәсілді қышқылды-түйістіру арқылы тазарту деп атайды;

4) дистилляттың құрамында полициклді көмірсутектері бар болса, аталған тәсілдермен тазалаудың әсері онша болмай­ды. Күкірт қышқылының шығыны көп болып, дистилляттың көпшілігі қышқыл гудронға айналады және майдың сапасы да нашар болады. Сондықтан соңғы кездерде сұрыптау тәсілі көп тарап келеді. Көмірсутектердің әртүрлі заттардың ерітінділер­інде әртүрлі ерігіштік қасиеті барлығы анықталады. Бұл тәсіл­мен тазалау қолданатын ерітінділердің қасиетіне байланысты. Ерітінді жасауға фурфурол, фенол, нитробензол, креазол көмір­сутектерін қолданады, кейде жұпталған ерітінділер де қолданы­лады. Бұл тәсілдің артықшылығы - сапасыз мұнайдан жағармай­дың шығымын арттырады, күкірт қышқылындай емес, қолдан­ған ерітінділерді қайтадан бастапқы қалпына келтіруге болады.

Майлардың пайдалану қасиеттерін жақсарту үшін жоға­ры­да аталған тазартулардан басқа асфальтсыздандыру, пара­финсіздендіру, гидравликалық тазалау әдістері арқылы өңдеу қолданылады.

Асфальтсыздандыру. Дистиллятты 60-850С-ға дейін қыздырып, қысымы 25-40 кгк/см2 сұйық пропанмен өңдеп, асфальт-шайыр заттарынан арылтады.

Парафинсіздендіру. Дистиллятты бензин, бензол тағы да басқа еріткіштермен өңдеп, парафин, цезерин сияқты оңай кристалданатын көмірсутектерден арылтады.

Гидравликалық тазалау. Дистиллятты қысымы 20-70 кгк/см2, температурасы 380-4200С жағдайдағы сутегінің әсері­мен күкірт, азот элементтерінен аммиак, күкіртті сутек газдары түрінде арылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]