- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
Бензиндерді тасымалдағанда, сақтағанда және қолданғанда олар әр түрлі металдармен жанасады. Резервуар мен құбырлар жасалатын металдар, қорытпалар (болат, жез т.б.) бензиндердің әсерінен мүжіледі.
Қозғалтқыш бөлшектері металдарының мүжілуі таза химиялық әсерлестіктен және су буының әсерлесуімен қатар электрохимиялық процестен де болады. Мүжілу нәтижесінде электрохимиялық процестің әсері басым, себебі онда қалыпты температурада химиялық мүжілудің жылдамдығы таза химиялық әсерден артық болады.
Бензиннің құрамындағы көмірсутектер металдар мен қорытпаларды мүжілдіруге ықпал етпейді. Бензиндердің мүжілу агрессивтілігі оның құрамындағы көмірсутекті емес күкіртті, оттекті органикалық қосылыстарға және суда ерігіш қышқылдар мен сілтілерге байланысты.
Суда ерігіш қышқылдар мен сілтілер, әдетте, бензиннің кездейсоқ құрамына жатады. Бұл топтағы мүжілдіргіш агенттердің ішінде сілтілер жиірек кездеседі. Осы кездегі технология бойынша бензиннің құрамдас бөліктері 10-12% сілті ерітінділерімен жуылады да, одан кейін сумен шайылады. Дұрыс жуып, шайылмаған бензинде сілтілердің қалдығы болуы мүмкін.
Суда еритін қышқылдардың қандайы болмасын металдарды күшті мүжілдіреді, ал сілтілер алюминийді мүжілдіреді, сондықтан олар бензиннің құрамында болмауға тиісті. Отындағы суда еритін қышқылдар мен сілтілердің қатысын сапалы сынау арқылы анықтайды.
Байқауды төмендегідей өткізеді. 50мл бензин мен сонша көлемде тазартылған суды бөлектеп құйғыға (делительная воронка) құяды да, жақсылап шайқайды. Әбден тұнғаннан кейін түбіндегі суды тең етіп екі пробиркаға құяды. Бір пробиркаға 2 тамшы метилоранж ерітіндісін, екінші пробиркаға 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосады. Ерітіндіде индикаторлардың түсі өзгермесе, ондай бензин қолдануға жарамды деп саналады.
Оттекті қосылыстар суда ерігіш болады, қышқылдар мен сілтілердей емес олар бензиннің тұрақты құрамына кіреді. Оттекті қосылыстар бензинге мұнайдан немесе оны өңдеу кезінде оның дистиллятынан өтуі мүмкін. Мұндайдан өткен оттекті қосылыстарының ішінде нафтен қышқылының мүжілдіру агрессивтілігі жоғары. Олар қорғасын және мырышты айқын мүжілдіреді. Басқа түсті немесе қара металдарға әсері шамалы.
Суда ерімейтін қышқылдардың бензиндегі мөлшерін оның қышқылдығы арқылы бағалайды. Қышқылдықты 100 мл бензиндегі қышқылдарды бейтараптандыруға қажетті калий гидроксидінің массасы (мг) арқылы бағалайды. Стандарт бойынша автомобиль бензиндерінің қышқылдығы 100 мл бензинге КОН массасы 3 мг-нан аспауға тиісті.
Бензиндегі оттекті қосылыстарының көпшілігі оны сақтаған және тасымалдаған кезінде пайда болады. Тұрақсыз қосылыстардың қышқылданған өнімдерінің мүжілдіру агрессивтілігі нафтен қышқылдарынікінен артық болады.
Сақтау барысында бензинде шайырлы заттармен қатар олардың мүжілдіру агрессивтілігі де артатыны байқалады. Алайда бензиннің мүжілдіру агрессивтілігі көрнекті шамаға жетпес бұрын, оның шайырлы заттары шекті мөлшерде болады. Сонымен, бензиндегі шайырды шектеу арқылы оның мүжілу белсенділігін де реттеуге болады.
Бензиннің құрамындағы күкіртті қосылыстарды олардың мүжілдіру агрессивтілігіне қарай белсенді, белсенді емес деп бөледі.
Металдарды күшті мүжілдіретін белсенді күкірт бензин құрамында болмауға тиісті.
Белсенді күкірт қосылыстарына бос күйіндегі күкірт, күкірттісутек және меркаптандар жатады. Күкіртті қосылыстардың басқаларын белсенді емес деп санап, олардың бензиндегі мөлшерін қатаң түрде шектейді (0,1% аспауға тиісті).
Күкірт пен оның қосылыстары жез бен оның қорытпаларына күшті әсер етеді. Сондықтан бензин құрамында белсенді күкірттің бар-жоғын жез тілігін сынау арқылы анықтайды. Жез тілігін екі түрлі жолмен сынайды: стандартты және жеделдетілген. Стандартты тәсілмен сынау 500С температурада 3 сағат ішінде өтеді, ал жеделдетілген тәсіл бойынша сынау 1000С температурада 18 минутта өтеді. (15-сурет). Егер жез тіліктің бетіне қара, құба, қызыл-қоңыр немесе сұр дақ пайда болса, бензин сынақтан өтпей, жарамсыз деп танылады.
Мұндай жағдайда металдардың бетінде жұқа су қабыршағы пайда болып, мүжілуді жылдамдатады.
Бензиндердің мүжілу агрессивтілігін азайту мақсатында мүжілуге қарсы қоспалар қолданады.
Тауарлы автомобиль бензиндерінде құрылымы әртүрлі меркаптандар болуы мүмкін. Көпшілік бензиндерде меркаптанды күкірт 0,01% аспайды, сондықтан мүжілдіру қасиеті де шамалы (4,2-4,5 г/м2 дейін). Мұндай бензиндерді қалыпты ауа райында қолданғанмен мүжілу айтарлықтай емес.
Алайда ылғалды ауа райында немесе бензинге су қосылса, металдардың бетінде жұқа су қабыршағы пайда болып, мүжілуді жылдамдатады. Мүжілу агрессивтілігін азайту мақсатында мүжілуге қарсы қоспалар қолданады.
15-сурет. Белсенді күкіртті анықтайтын аспаптың үлгісі: 1-су, 2-колбадағы зерттелген бензин, 3-рафинадталған жез, 4-кері тоңазытқыш |
16-сурет. Жану камерасында мүжілу мөлшерінің температураға байланысы |
Қозғалтқышта ауа мен бензин қоспасы жанғанда ондағы күкіртті қосылыстарынан күшті мүжілдіргіш күкірт оксидтері SO2 және SO3 түзіледі. Күкірт оксидтерінің металдарды мүжілдіру механизмі температураға байланысты әр түрлі болады (16-сурет). Төменгі температурада жану өніміндегі су буының сұйық күйге айналуына мүмкіншілік бар жағдайда электрохимиялық мүжілу байқалады (І аймақ). Температура ауыспалы кезеңнен асқан жағдайда жоғары температуралы құрғақ газды химиялық мүжілу орын алады (ІІ аймақ). Мүжілу төменгі шамада өтетін қолайлы температура кезеңі бар. Сондықтан қозғалтқыштың жұмысын ең қолайлы температурада ұстау қажет.
Қозғалтқыш тетіктерінің тозуы бензиндегі күкірт мөлшеріне байланысты.
Күкірттің мөлшері 0,05%-дан 0,1%-ға дейін артқанда тозу өте қарқынды болады. Жоғарыда келтірілген мағлұматтардан күкірттің бензин құрамында болуы қозғалтқыштың ұзақ жұмыс істеуіне әсері зор екендігі байқалады. Күкірт мөлшері бензинде 0,05-0,1%-дан аспауға тиісті. 17-суреттен күкірт мөлшерінің бөлшектердің тозуына әсерін көруге болады.
17-сурет. Күкірт мөлшерінің бөлшектердің тозуына әсері: 1-клапанның өзегі, 2-шатунның төлкесі, 3-піспектің бобышкасы, 4-шатунның ішпегі, 5-цилиндр, 6-шатунның мойын жері, 7-піспек сақинасы, 8-клапанның төлкесі
