- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
Қозғалтқыштардың типтері мен құрылымдарының әр түрлілігіне байланысты оларды майлайтын қозғалтқыш майларының қасиеттері де әр түрлі болады. Қозғалтқыштар шығаратын зауыттар оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында, қозғалтқыш майларын шығаратындардың жарнамаларында, ыдысты таңбалағанда төмендегі жіктемелерге сәйкес қасиеттердің шартты белгілерін, қолданылу саласын, май сипатын қолданады:
SAE (автомобиль инженерлерінің американдық қоғамы),
API (Америка мұнай институты)
ACEA (Еуропалық автомобиль шығарушылардың ассоциациясы) - 1996 жылдан бастап CCMC орнында (Еуропа ортақ нарық елдерінің автомобиль шығару комитеті)
ILSAC (майлау материалдарын стандарттау мен мақұлдау бойынша халықаралық комитет – бірлескен Америка-Жапон жіктемесі)
MIL-L (АҚШ әскери ведомствосының спецификациясы)
МССТ 17479.1-85 (тұтқырлық-температуралық және пайдалану қасиеттері бойынша Ресей жіктемесі)
Жетекші автомобиль өндірушілер қосымша өз бағдарламалары бойынша өздері шығаратын техникаға жарамды майларды сынақтан өткізеді. Маңызды, жиі қолданылатын қозғалтқыш майларының фирмалық спецификациясы төмендегідей белгіленеді:
Volvo VDS, Volvo VDS-2;
Volkswagen: VW 500.00, VW 502.00, VW 505.00;
Rover: RES 22 OL G-4, RES 22 OL PD-2, RES 22 OL D-5;
BMW «Special Oils»;
Mersedec-Benz: MB 229.1, MB 228.5, MB 228.2/3, MB 228.0/1, MB 227.0/1;
MAN 270, MAN 271, MAN QC 13017, MAN M 3275, MAN M 3277;
MTU Nype 1, MTU Nype 2;
MACR EO-K, MACK EO-L;
Ford: EЗЕ-М2С 153-Е (АҚШ-та), WSE-M2C 903 (Еуропада)
General Motors: GM 6094 M, GM 4718 M, GM 4717 M.
SAE жіктемесіне сәйкес қозғалтқыш майларының тұтқырлық-температуралық көрсеткіштері реттеледі.
Майлардың пайдалану қасиеттері API және ACEA, сондай-ақ ескірсе де кей кездерде қолданылатын CCMC жіктемелері бойынша анықталады.
Төрт тактілі қозғалтқыштар үшін автомобиль инженерлерінің Америка қоғамының (SAE-Society of Automotive Engineers) әдістемесі бойынша дайындалған қозғалтқыш майлары қолданылады. МССТ 17479.1-85 SAE –ге бейімделген.
13-кестеде қозғалтқыш майларының негізгі спецификациясы мен таңбалануы ұсынылған.
13-кесте. Қозғалтқыш майларының негізгі спецификациясы мен таңбалануы |
||
Жіктеме |
Таңбалануы |
Қысқаша сипаттамасы |
SAE |
SAE 10W-40 SAE 15W-40 SAE 30 SAE 0W-40 SAE 10W SAE 20W-50 |
Температураның өзгеруі барысында май қасиеттерін сақтайды. Бір (маусымдық), көбінесе екі (барлық маусымдық) санмен белгіленеді. (W)inter-дің алдындағы сан «қысқы» параметрді көрсетеді, ол тым кішкене санды көрсетсе, онда майды төмен температурада қолдануға болады. Минимум 0. W-белгісінсіз тұрған сан жаздық параметр, майды қыздырған кездегі қоюлығының сақталу дәрежесін көрсетеді. Бұл параметр жоғары болғаны жақсы. Максимум 60. Егер бір сан болса, онда W белгісі қысқы май екенін, W белгісі болмағанда жаздық май екенін көрсетеді.
|
API |
API SJ/CF API SF/CC API CD/SG API CE API CE/CF-4 API SJ/CF-4, EC I |
Майдың пайдалану сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Бірінші әріп – бензинді – (S)ervice немесе дизельді – (С)ommercial қозғалтқыштарына арналғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштерден кейін тұрған әріп қозғалтқыштардың сәйкес типтері үшін сапа деңгейін көрсетеді, бензинді қозғалтқыштар үшін A–дан J-ге дейін, дизельді қозғалтқыштар үшін – A-дан F(G)-ге дейін өзгереді. Әріп А-дан неғұрлым алшақта болса, сол жақсы. 2 немесе 4 сандары екі немесе төрт тактілі қозғалтқыштарға арналғанын көрсетеді. Әмбебап майлар екі рұқсаттамаға ие, мысалы, SG/CD. SG/CD – “аса бензинді”, CD/SG - “аса дизельді”. API бойынша майды белгілеген соң ЕС (Energy Conserving) әріптерінің болуы энергоүнемдегіштігін, ал І Рим цифры 1,5%-дан кем емес, ІІ- 2,5%-дан кем емес, ІІІ- 3%-дан кем емес отын үнемділігін көрсетеді. |
13-кестенің соңы |
||
Жіктеме |
Таңбалануы |
Қысқаша сипаттамасы |
ACEA |
ACEA A3-96, B3-96 ACEA A2, B2 |
Сапалық сипаттамасы. Үш категориялы: А-бензинді қозғалтқыштар үшін, В- дизельді қозғалтқышты жеңіл автомобильдер үшін және У- дизельді қозғалтқышты жүк автомобильдері үшін. Категориядан кейінгі сан май сапасының деңгейін көрсетеді. Сан үлкен болса, онда осы май қолданылған қозғалтқыш қиын жағдайларда жұмыс істей алады. Мысалы, А3-96, май 1996 жылғы, АСЕА спецификациясындағы А3 сыныбына сәйкес. |
ССМС |
ССМС G4, DI CCMC G2 |
Май сапасының Еуропалық ескірген жіктемесі. Майларды мына категорияларға бөледі: (G)asoline - бензинді қозғалтқыштар үшін, (D)iesel - жүк дизельдідері үшін, PD - дизельді жеңіл автомобильдер үшін. Категориядан кейін тұрған сан майдың сапасын көрсетеді. Үлкен сан болған сайын май сапалы. |
MIL-L |
MIL-L-2104A MIL-L-46152D NATO- CODE |
Әскери спецификация. API жіктемесінің аналогы. Май сапасын бағалайды. MIL-L-2104- дизельді, MIL-L-46152 - бензинді қозғалтқыштарға арналған. Кодтан кейін тұрған сан, май сапасының деңгейін көрсетеді: бензинді қозғалтқыштар үшін – ол А-дан D-ға дейін, дизельді қозғалтқыштар үшін – А-дан Е-ге дейін өзгереді. Әріп А-дан неғұрлым алшақта болса, соғұрлым жақсы. Бензин және дизельді қозғалтқыштар үшін NATO-CODE жоғары сынып болып табылады. |
