Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары

Үнемдеу жолдары. Тежегіштік және амортизаторлық арнайы сұйықтар машина бөлшектерінің тозу немесе сұйықтың тотығу өнімдерімен ластануына байланысты машинаның гидравликалық жүйесінің жұмысын нашарлатады. Ол сұйықтардың түсі қараяды. Тежегіш сұйықтарын жылына бір рет, ал амортизаторлық сұйықтарды 25-30 мың шм жол жүргеннен кейін алмастырған жөн. Ал төмен температурада қататын сұйықтар құрамындағы қоспалардың азаюына байланысты ластанады.

Автомобильдердің пайдалану материалдарын өндіру және оны үнемді пайдалану халық шаруашылығында маңызды орын алады.

Майды үнемдеуде маңызды орын алатын мәселе – техникалық жүйесі дұрыс жұмыс істейтін машинаны дұрыс меңгере білу. Май қоймасынан майды машина шандарына толтырған кезде төкпей-шашпай құю үшін механикаландыруға байланысты бензиннің ысырап болуы 1%-дан 0,06%-ға дейін кемиді.

Отындар мен майлардың жұмсалу мөлшері автомобильдің техникалық жағдайына тәуелді. Карбюраторлы қозғалтқыштарда майдың жұмсалуы, ең алдымен, карбюраторды реттеуге байланысты. Автомобильдің от алу жүйесінің реттілігі, жол жағдайы, ауа райы және автомобиль жүргізушісінің біліктілігі де майдың үнемді жұмсалуының негізгі жағдайы болып табылады.

Майларды үнемдеу мақсатында машина бөлшектерінің құммен, сумен ластанбауын қамтамасыз ету керек. Машина майын қатпай тұрып картерден, қозғалтқыштары тоқтағаннан кейін, тез құйып алуға немесе қызған маймен бөлшектер жүйесін жууға болады. Карбюраторлы қозғалтқышты автомобильдерде 3,5%, ал дизельді қозғалтқыштарда 6% ғана май жұмсалады. Жаңа машиналарда май көп кетпейді, ал машина бөлшектерінің ескіруіне байланысты майдың жұмсалу мөлшері артады.

Созымды майларды үнемді пайдалану үшін машина бөлшектері суымай тұрып, арнайы шприцтермен майлау керек.

Арнайы сұйықтарды үнемдеудің негізі – тежеуіш жүйеге сұйықтықты костор және гликоль сұйықтарымен араластырмай ұқыптылықпен құю болып табылады.

Отын және май қасиеттерін қалпына келтіру. МССТ талаптарына сай қасиеттерінен өзгеше болатын отын және май қасиеттерін өз қалпына келтіру үшін пайдаланылмаған аттас өнімдермен араластырылады. Егер бензиннің октан саны тетраэтилқорғасынның ыдырауынан кемісе, оны сүзіп, бірден пайдалану керек. Өйткені ол қосылыс сүзгеннен кейін де ыдырай береді.

Автомобиль бензиніндегі, дизельді жағар майдағы шайыр мөлшері мен қышқылдығын реттеу мақсатында оларды жоғары сапалы бензиннің немесе дизельді отынның жаңа шағын бөлігімен араластырады. Жағар май қасиетін дұрыстау мақсатында қосылатын зат мөлшерін есептеу үшін мына формуланы пайдалануға болады:

, (11)

мұндағы К- қасиеті нашар жағар майға қосылатын май мөлшері, %; Р1 – түзетуге алынған жағар майдың физика-химиялық қасиеті көрсеткішінің мәні; Р2 – түзетілетін жағар майдың физика-химиялық қасиеті көрсеткішінің мәні; Р3 – түзетілген жағар майдың физика-химиялық қасиеті көрсеткішінің мәні.

Жағар майды механикалық қоспалардан тазарту үшін тұндырып, сүзу қажет. Сумен араласып кеткен бензинді қалпына келтіру үшін тұндырып, су қабатын бөліп алып, таза бензинмен араластырып пайдалануға болады.

Отынның, майдың қасиеттерін қалпына келтіруден гөрі, оның қасиетін өзгертпей сақтаған тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]