Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар

Жабынның бүлінуіне әсер ететін факторлар қатарына жылудың, жарықтың, оттегінің, ылғалдың және басқа да химиялық агенттердің әсер етуі жатады. Жабын сондай-ақ дірілден, соққыдан және басқа да механикалық зақымданудан бүлінеді.

Механикалық зақымданудың салдарынан жабында жарықтар, сызаттар пайда болса, солардың арасынан ылғал еніп, жабынды тоттандырады. Лакбояғыш жабындарын көбінесе мұнай өнімдері бүлдіреді. Әсіресе майлы-шайырлы қабыршақтүзуші (глифтальды, пентафтальды эмальдар және т.б.) жабындарға қатты әсер етеді. Мұнай өнімдеріне төзімділер синтетикалық және нитроэмальдар. Лакбояғыш жабындардың кез келген ластануы (шаңмен және кірмен) олардың ерте бүлінуіне әкеліп соғады. Осылардан сақтау үшін боялған беттерді жиі жуып отырады. Жуу барысында қатты заттар салдарынан болатын механикалық зақымданудан сақтап, судың температурасын бірқалыпты ұстау керек.

Жуып болған соң беттегі қалған жұғындарды кетіру үшін үздіксіз су құйып тұрып, губкамен, щеткамен ысқылап сүртеді. Соңынан судың дақтары қалмас үшін жақсылап құрғатып сүртеді. Механикалық жуу барысында ылғалды сығылған ауамен кептіреді.

Жеңіл автомобильдің лакбояғыш жабынына қонған шаң мен кірді құрғақ шүберекпен сүртуге болмайды. Минералды майлармен ластанған беттерді бензинмен сүрту керек. Лакбояғыш жабындарын кейде жуу құрамдарының (АМ-1, “Автошампунь” т.б.) су ерітіндісімен жуып тұру қажет. Күн сәулесінің әсерінен лакбояғыш жабындарының түсі өзгереді. Сондықтан да автомобильмен жүрмеген кезде көлеңкеге немесе жабық жерге қою керек.

Бірақ бұл шараларды қолдану жеткіліксіз болып табылады да, жабындарды әрлеу қажеттілігі туады. Әрлеу барысында жабынның жұқа қабаты алынып, көзбен көрінбейтін сызаттар жойылады да, жабын жылтырайды.

Осы мақсатта әр түрлі әрлеу сұйықтары мен қойыртпақтары қолданылады. Олардың құрамына май, балауыз, еріткіш және су кіреді. Балауыз жабынның кеуектерін толтырып, бетті тегістейді. Әрлеу алдында бетті мұқият жуып, сүртеді.

15. Резеңке материалдар

Резеңке техникада кеңінен қолданылатын материалдар қатарына жатады. Қазіргі уақытта 40000-нан астам әр түрлі бұйымдар резеңкеден жасалады. Кез келген резеңке материалдарының негізгі құраушысы – жыл сайын әлемде өндірілетін 5 млн. т көксағыздың 80%-ын автотрактор өнеркәсібі қолданады. Резеңке немесе негізі резеңке болып табылатын құрылымдардан тұратын автомобиль бөлшектері 500-ден асады, ал олардың массасы жеңіл автомобиль массасының 5%-ын, жүк автомобилінің 10%-дан астамын құрайды.

Резеңкеден жасалған бөлшектер жүру қауіпсіздігіне, жұмыс сенімділігіне, жүру қолайлылығына және т.б. автомобильдерді пайдалану сапаларына әсер ететін жауапты функцияларды атқарады.

15.1. Резеңкенің қасиеттері

Резеңкені техникада төмендегі қасиеттеріне байланысты қолданады:

- материалдың жоғары майысқақтық қасиеті байқалатын қайтарымды деформацияға қабілеттілігі;

- өте аз күш әсерінен қатты деформациялануы;

- жоғары механикалық беріктігі (резеңкенің ең жоғарғы сорттарының беріктігі үзілу кезінде 400 кг/см2-қа тең);

- аз мөлшерде газөткізгіштігі және су өткізбеушілігі;

- жоғары электроқшаулағыш қасиеті;

- діріл мен соққыларды сіңірушілігі.

Жоғарыда аталған қасиеттері негізінде әр түрлі резеңке бұйымдары өндіріледі, мысалы, түрлі шиналар, иілгіш шлангі­лер, амортизаторлар, қозғалтқыш қайыстары, тығыздағышара­лық төсемдер, муфталар, таспалы тасымалдағыштар және т.с.с. Әсіресе резеңкені кабельдер, сымдар, электр машиналары мен аспаптарын жасауда электроқшаулағыш ретінде қолданатынын атап өткен жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]