- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
Трансмиссия бөлшектерінің жұмыс кернеуінің молдығына және мұндай майларды өндіру принципінің өзгеруіне байланысты қоспалар қосу қажеттігі туады. Керекті тұтқырлық-температуралық қасиетін қамтамасыз ету тек тұтқырлығы төмен негізгі майға ауысқаннан кейін мүмкін болады. Тоздырмайтын және сыдырмайтын қоспалар құрамында күкірт, хлор, фосфор болуға тиісті.
Күкіртті қоспаларға күкірттенген терпен (ЭЗ-5) немесе күкірттенген майлар және басқа күкіртті қоспалар жатады.
Хлорлы қоспалар тістердің түйісу аймағында жоғары температура әсерінен бос хлор бөлінетіндей болып жасалынуы қажет. Мысалы, құрамында үш компоненті (хлор, күкірт, фосфор) бар дитифосфор қышқылының триэфирін қоспа ретінде (ЛЗ-309/2) пайдаланады. Өндірісте мұндай қоспалардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ЭФО қоспасы, тоздырмау қасиетінен басқа тотықпау қасиетін арттырады және оның қату температурасын төмендететін депрессорлық қасиеті бар.
Бұл қоспалардың әсер ету механизмі өте күрделі. Жылу жалыны пайда болған сәтте бөлшектердің түйісу аумағында өте аз уақытқа үлкен температура пайда болады. Осы уақыт ішінде қоспалардан белсенді элементтер (күкірт, хлор немесе фосфор) аластатылады. Олар металл бөлшектермен әсерлеседі де, бөлшектердің бетінде сульфидтен, хлоридтен, фосфидтен немесе металлфосфаттан тұратын қабыршақтар түзеді. Ол қабыршақтар екпінді тозу мен сыдырылудың алдын алады. Қабыршақтар, бір жағынан, қатты текті жағар май ретінде қызмет етсе, екінші жағынан қатайған жабын ретінде әсер етеді. Ал көбінесе бұл екі механизм қатар жүреді.
Трансмиссиялық майдың көбіктенбеуінің маңызы зор, оны азайту мақсатында полисилоксан т.б. қоспаларды көбіктенуге қарсы қоспалар ретінде қолданады. Мысалы, ПМС-200-А полиметилсилоксан қоспасын өте аз мөлшерде (0,001-0,005%) қосады. Қоспа майдың бет керілісін кемітеді. Ол қалқып шыққан ауа көбігіне шоғырланады да, оларды жарады, сөйтіп, көбікті қолма-қол кетіреді. Қоспаның әсер механизмі, міне, осындай.
6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
1985 жылға дейін трансмиссиялық майларды таңбалаудың бірыңғай негізі болмады. Қазіргі кезде стандарт (МССТ 17479.2-85) бойынша трансмиссиялық майларды тұтқырлығына қарай 4 топқа (19-кесте), ал құрамында қоспалардың бар-жоғына қарай 5 топқа (20-кесте) бөледі.
19-кесте. Трансмиссиялық майлардың тұтқырлық сыныбы (МССТ 17479.2-85)
Тұтқырлық сыныбы |
1000С-дағы кинематикалық тұтқырлығы, мм2/с |
Динамикалық тұтқырлығын 150Пас-та ұстау температурасы, 0С |
9 |
6,00 - 10,99 |
-45 |
12 |
11,00 - 13,99 |
-35 |
18 |
14,00 - 24,99 |
-18 |
34 |
25,00 - 41,00 |
- |
Сол стандарт бойынша трансмиссиялық майларды таңбалаудың мынандай тәсілі қолданылған. Таңбада әріптер «ТМ»- трансмиссиялық май және «з» - қоюланған мағынасын, олардан кейінгі жазылатын сандар қай топқа жататынын көрсетеді. Мысалы, ТМ-5-9з – қоюланған, 5-ші топтағы, 9-сыныпқа жататын трансмиссиялық май.
Қазіргі кезде трансмиссиялық майларды 1985 жылғы стандартпен қатар ескіше таңбалау да іс жүзінде кеңінен тараған. Сондықтан ескіше таңбалы майлар мен жаңа таңбалы майларды таңбалау сәйкестігіне тоқталайық.
ТМ-1 тобына нигрольдар, ТС-14,5 трансмиссиялық майлары жатады;
ТМ-2 тобына – ТСп-10, ТЭП-15 және басқа майлар жатады;
ТМ-3 тобына – ТАп-15В, ТСп-15к және басқа ОТП қоспасы барлар;
ТМ-4 тобына – ТС3-9гип, ТС-14гип және басқалар;
ТМ-5 тобына – ТАД-17, ТСзп-8, МТ-8п және басқалар жатады.
Ескіше таңбаларда: «Т» әрпі – трансмиссиялық май, «С» селективті тазалау қолданған, «п» - құрамында әртүрлі қоспалар бар, «гип» - гипоидты берілістерге арналған, «В» - Волгоград мұнайынан өндірілген, «ЭФО», «ОТП» т.б. әріптер құрамындағы қоспалардың таңбасын, 14,5; 10; 15; 9; 14 т.б. сандар трансмиссиялық майдың 1000С температурадағы кинематикалық тұтқырлығын (мм2/с) көрсетеді.
20-кесте. Қоспаларға байланысты трансмиссиялық майлардың тобы
Мұнай тобы |
Құрамында қоспалардың болуы |
Қолдану саласы |
Түйісу кернеуі |
Майды қолдану температурасы |
1 |
Қоспасыз |
Тік тісті, конус тісті, червяк берілістері |
1600 МПа-ға дейін |
900С-ге дейін |
2 |
Тозуға қарсы қоспалар |
Тік тісті, спиральды конусты т.б. берілістер |
2100 МПа-ға дейін
|
1200С-ге дейін
|
Мұнай тобы |
Құрамында қоспалардың болуы |
Қолдану саласы |
Түйісу кернеуі |
Майды қолдану температурасы |
3 |
Қалыпты эффектілі сыдыруға қарсы қоспалар |
Тік тісті, спиральды-конусты т.б. берілістер |
2500 МПа-ға дейін |
1200С-ге дейін
|
4 |
Эффектілі сыдыруға қарсы қоспалар |
Гипоидты қоса әртүрлі трансмиссия |
3000 МПа-ға дейін |
1500С-ге дейін
|
5 |
Көп функциялы және жоғары эффектілі сыдыруға қарсы және тозуға қарсы қоспалар композициясы |
Гипоидты берілістер |
3000 МПа-ға дейін |
1500С-ге дейін
|
