- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
13. Пластмасса
13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
Пластмассалар деп негізгі компоненті полимер болып табылатын материалды атайды. Оларды дәнекерлеуге, баспалауға, металл сияқты илемдеуге болады. Олардан кез келген күрделі пішінді бөлшектер жасауға болады.
Пластмассалардың негізгі қасиеттері:
- құрылымдық материалдар ретінде металл, ағаш, шыны т.б. орнына жұмсалатын кейбір пластмасса түрлерінің техникалық беріктігі жоғары;
- тығыздықтары төмен (1,0-2,3 г/см3), болаттың тығыздығынан шамамен 5 есе аз. Жылу, дыбыс оқшаулағыш қасиеттері жоғары көбікпластар мен кеуекпластардың тығыздығы 0,02 г/см2 және одан да төмен;
- жақсы диэлектрлік сипатқа ие;
- химиялық тұрақтылығы жоғары;
- төмен температурада (150-2500С) пішіні күрделі бұйымдарды құю немесе баспалау арқылы дайындау темірден құйып жасалған бұйымдарға қарағанда арзанға түседі, ал беті біркелкі тегіс болып, қосымша өңдеуді қажет етпейді.
- пластмассалар әр түрлі түстерге оңай боялады;
- барлық пластмассаларды қажет болған жағдайда майысқақ күйінде механикалық өңдеуге (бұрғылауға, жонуға, ажарлауға) болады.
Пластмассалардың құрамы әр түрлі болып келеді. Жалпы оларда полимерлер, толықтырғыштар, пластификаторлар, бояғыштар және ескіртпейтін компоненттер болады. Пластмассаның құрамына типіне байланысты аталған компоненттердің бірі немесе бірнешеуі енеді. Кейде пластмассаны жалғыз полимерден ғана да жасайды.
Полимер. Полимер – байланыстырушы заттың рөлін атқаратын пластмассаның басты элементі. Полимер дегеніміз – мономердің қайталанатын тізбегінен пайда болатын макромолекулалардан тұратын жоғары молекулалы зат. Полимерлену реакциясына бірдей мономерлер ғана емес, әр түрлі 2-3 немесе одан да көп мономерлер түседі. Бұндай күрделі полимерлер полимерлестер деп аталады.
Макромолекулалары әр түрлі ірі буындардан тұратын полимерлер блокполимерлер деп аталады.
А – А – А – А – А - - А – А – А – А – А қарапайым полимер
-А – В – В – А – А – В В В
полимерлес егілген полимерлес
А – А – А – В – В –А – А – А – В – В –
Блокполимерлес
32- сурет. Полимер құрылысының сұлбалары: А және В – макромолекулалардың әр түрлі буындары
Полимерлер химиялық құрамына байланысты органикалық, элементорганикалық және бейорганикалық, ал алыну тәсіліне байланысты табиғи, жасанды, синтетикалық болады.
Қазіргі кезде өндірісте көбінесе синтетикалық полимерлер (шайырлар) жиі, ал табиғи полимерлер (көксағыз, асфальт, канифоль) сирек қолданылады.
Барлық синтетикалық полимерлер полимерлену және поликонденсациялану реакциясы арқылы алынады. Белгілі бір жағдайда (температура, қысым, катализатор) олардың байланыстарының қандай да бір бөлігі үзіледі де, полимердің ұзын тізбегіне қосылады. Полимерлену барысында мономер макромолекуласына қосылады.
Реакцияға бір немесе бірнеше мономерлер қатыса алады. Бұл процесс полимерлестіру деп аталады.
Жалпы түрде полимерлену реакциясы nА (- А -)n, ал полимерлестіру реакциясы nА + nВ (- А – В - )n сұлбасы бойынша өтеді.
Полимерлену нәтижесінде сызықты құрылымды полимер алынады.
Поликонденсациялану процесінің сұлбасы - n(Х-А-У) (-А–) n + nХУ.
Қыздырғанда полимерлер балқиды және жұмсақ күйге түседі.
Толықтырғыштар. Толықтырғыштар пластмассаның көлемін ұлғайту үшін және физика-химиялық, басқа да қасиеттерін жақсарту үшін, сондай-ақ суытқан кезде шөгуін азайту үшін қолданылады. Толықтырғыштар ретінде ағаш ұнын, кварц немесе астбест ұнтағын, мақтаның қалдығын, шыны талшықтарын пайдаланады.
Берік пластмассалар алу үшін толықтырғыштар ретінде мақта және шыны маталар, қағаз немесе ағаш сыналар қолданылады. Бұндай пластмассалар қабатты пластиктер деп аталады.
Пластификаторлар. Пластификаторлар - пластмассалардың морттылығын азайту үшін қолданылады. Оларға сұйықтар (дибутилфталат, диоктилфталат) немесе нашар еритін балауыз тәрізді заттар жатады. Пластмассалардың морттылығы полимердің тізбек аралық кеңістігіне пластификатордың енуі нәтижесінде азаяды.
Тоздырмағыштар. Тоздырмағыштар пластмассаларды қолдану процесінде, әсіресе жоғары температура мен жарықтың әсерінен болатын пластмассалардың тотығу процесін баяулатады.
Бояғыштар. Бояғыштарды пластмассаға әдемі түр беру мен ылғал және жарық жұтуды азайту үшін қолданады.
Сондай-ақ пластмасса құрамына полимерлердің ыдыраған төменмолекулалық өнімдерін байланыстыратын тұрақтандырғыштар, пластмассалардың қатуын жеделдеткіштер мен баяулатқыштар енеді.
