- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
13.4. Термопластикалық пластмассалар
Термопластикалық полимер қосылыстар қыздыру барысында жұмсарады, ал суытқан кезде қатты күйге түседі, қайталанып, бірнеше рет балқытқанда материал қасиеттерін өзгертпейді. Бұларға “А” сыныбының барлық пластмассалары және “Б” сыныбының біразы (полистирол, полиэтилен, винилпласт) жатады.
Термопластикалық пластмассаларды төменмолекулалық органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Термопластар толықтырғыштармен де толықтырғыштарсыз да шығарылады. Антифрикционды қасиеттерін жақсарту үшін, жылуөткізгіштігін, тозутөзімділігін арттыру үшін полиамидтер мен фторопластарға графит, ұнтақталған кокс, қорғасын, қола, молибден дисульфиді, шыныталшық сияқты толықтырғыштар енгізіледі.
Толтырылмаған тауарлы термопластар пластификацияланған және пластификацияланбаған болып бөлінеді. Синтетикалық органикалық және бейорганикалық заттар тұрақтандырушылар ретінде қолданылады.
Термопластардың көпшілігі су өткізбейтін, жақсы диэлектрлік қасиеттеріне, аз жылутұрақтылығына ие. Көптеген термопластикалық пластмассалар 60-800С-дан жоғары емес температурада қолданылады. Сондай-ақ кейбір пластмассалар 150-1600С, кейде 2500С-ға дейінгі температурада қолданылады.
Автомобиль жасауда негізі термопластикалық шайырлар болып табылатын пластмассалардың ішінде кеңінен пайдаланылатындары: полиамидтер, акрилопластар (полиметилметакрилат), поливинилхлорид (винипластар), фторопластар, полиэтилен, полистирол, этролдар.
Полиамидтерден, соның ішінде капроннан (поликапролактома) көптеген әр түрлі автомобиль бөлшектері дайындалады: төлкелер, мойынтіректер, ішпектер, тістегеріштер, шамдардың патрондары, айырғыштар, карбюраторлардың тұрқылары мен қақпақтары т.б.
ВД полиэтиленінен қақпақтар, батырмалар (кнопка), түтіктер, аралық төсемдер, орындықтар мен қалқандарды қаптайтын және перделейтін маталар алынатын қабыршақтар дайындайды.
Поливинилхлоридті (винипластар) аккумулятор батареяларының банкаларын, төсеніштер, тығыздағыштар жасау, шанақтың ішін қаптау үшін қолданады. Пластификацияланған поливинилхлорид мақта матаға қабыршық төсеу арқылы қаптау материалдарын алу үшін, май, отын өтетін түтіктерді дайындау үшін қолданылады.
Фторпластарды химиялық орта мен жоғары температурада жұмыс істейтін бөлшектерді жасауда қолданады.
Акрилопластардан шаң-тозаңнан қорғайтын линзалар, ішкі плафондар, әйнектер, шамдар жасайды.
Этолдан қысыммен құю тәсілімен аспаптар тақтасының қалқанын, руль доңғалағының қаптамасын және басқа да бөлшектер жасайды.
13.5. Термореактивті пластмассалар
Термореактивті пластмассалар (реактопластар) қайта қыздыру барысында қайтымсыз химиялық реакцияның болуы салдарынан жұмсармайтын, нашар еритін заттарға айналады.
Термореактивті шайыр 160-2000С температурада термотұрақты күйге ауысады. Термореактивті шайырдың ішінде феноль формальдегидті, полиэфирлі, эпоксидті, кремнийорганикалық (полисиоксанды), меламино-формальдегидті шайырлар және т.б. байланыстырушы ретінде көп қолданылады.
Қатты күйдегі термореактивті шайырлардың көбі қыздырған кезде термопластиктерге қарағанда физикалық және химиялық қасиеттерін онша өзгертпейді.
Термореактивті пластмассаларға фенопластар, аминопластар, кремнийорганикалық және полиэфир шайырларының негізіндегі пресс-композициялар жатады.
Фенолоальдегидті пластиктерді таза күйінде осалдығына байланысты сирек қолданады. Оларды қатайту үшін толықтырғыштар қосады, синтетикалық көксағызбен және кейбір термопластар қосып түрлерін өзгертеді.
Фенопластарды толықтырғыштары бойынша жіктейді. Автомобиль бөлшектерін дайындауда фенопластардың ішінен жиі қолданылатындары: асботекстолит, тестолит, карболит. Ілініспе дискілері мен тежегіштердің жапсырмалары каолин қосылған асботекстолиттен жасалуы мүмкін.
Арнайы текстолиттен қозғалтқыштардың үлестіруші біліктерінің тістегеріштері, қозғалтқыштардың су сорғылары кемерлерінің тіреуіштерінің тығырықтары жасалады.
Карболиттен үзілгіш-таратқыштың роторы, қақпағы, тұтату катушкасының оқшаулағыштары жасалады.
Автомобиль жасауда шыныпластиктерден шанақ және басқа да көлемді бөлшектер жасалады.
Термопластикалық және термореактивті шайырлар негізінде иілгіштігі жоғары көбіктіпластар мен кеуекпластар жасалады.
Эпоксидті қойыртпақтар шанақтың бетін тегістеу үшін қолданылады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, иілгіш, шөгуі аз, мұнай өнімдеріне, суға, тұз ерітінділеріне, сілтілерге, қышқылдарға, кейбір еріткіштерге химиялық тұрақты.
Эпоксидті шайырларды құрылымдық, электроқшаулағыш материал және шыныпластиктер мен пресс-композицияларды дайындауда байланыстырушы ретінде қолданады. Оларды сондай-ақ суық және ыстық күйінде қататын желімдер ретінде, жемірілуге қарсы, суға тұрақты жабындар ретінде, шанақтағы, салқындату қаптамаларындағы сызаттарды т.б. жөндегенде дәнекерлеудің орнына қолданады.
Пластмасса ұнтақтарымен (ПФН-12 және ТПФ-37) шанақтардың, кабиналардың сыртын 210-2200С температурада газжалынды тозаңдату арқылы тегістейді. Бұл ұнтақтар органикалық қышқылдардың, майлардың әсеріне тұрақты.
Полиамидті ұнтақтарды сырғыма мойынтіректердің антифрикциондық қабаттарын алу үшін қолданады. Капрон, әсіресе шыныққан болатпен үйлескенде тозуға тұрақтылығы өте жоғары болады, жанасатын бөлшектердің қажалуын болдырмайды, оның үйкеліс коэффициенті өте төмен, сондықтан да оны майламай да қолданады. Капрон жабын материалдарды коррозиядан, сілтілерден, әлсіз қышқылдардан, бензиннен, ацетоннан қорғайды. Капронды үйкеліс түйінінде температура –300С ... +800С аралығында болуы керек. Меншікті қысым мен сырғу жылдамдығы қатал шектеледі.
Капронды қысыммен құю әдісін қолдана отырып, декоративті және құрылымдық бөлшектерді жасайды. Сондай-ақ капроннан серіппегіштер төлкелері, карданды тоспалардың айқаспалары және бұрылыс цапфаларының шүберіні, спидометр жетегінің тістегеріштері, ілінісуді айыру мойынтіректерінің майсауыттары, төгу шүмекшелері, сигнал батырмасы, берілістерді ауыстыру иінтірек тұтқалары және т.б. бөлшектер жасалады.
