- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
Сұйық отын бактан қоректену аспаптарына жетпеуі, әдетте, оның құрамында механикалық қоспаның, судың болуы және ауа мен бу қоспасының жүйеде кептелуінен болады.
Ауа мен бу қоспаларының кептелуі. Ауа мен бу қоспаларының кептелуі түтіктерде жанар майдың тұтастығын бұзады да, сораптың жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Бұл құбылыс қоспаны қоршаған ортаның температурасына байланысты. Сонда жанар май жүретін түтіктерде оның қызуы артып, қайнау температурасы да жоғары болады. Әдетте, мұндай жағдай бензиннің сору түтіктерінде немесе сораптың өзінде болады, оған тек температураның артуы ғана емес, сораптағы қысымның төмендеуі де әсерін тигізеді.
Ауа мен бу қоспаларының кептелуі сорап пен карбюратор аралығында сирек кездеседі, себебі бұл екі ортада қысым ұлғайып, булануды қиындатады.
Ауа мен бу қоспаларының кептелуіне бензиннің бастапқы фракциялары әсер етеді. Ол фракцияға бензиннің 10%- ға дейінгі айдау өнімі жатады. Оның қайнау температурасы 35-70оС аралығында болуы керек.
Бензиннің берілмей қалуы температураның жоғарылығынан ғана емес, оның төменгі деңгейіне де байланысты болады. Бензиннің берілуіне әсерін тигізетін төменгі температуралық қасиеті олардың лайлану, кристалдану және қату температураларымен анықталады.Бензиннің лайлануы мен қатуы. Суынан арылған бензинді біртіндеп суыта берсе, белгілі бір температурада өзінің тұнықтығынан айрылады. Оны отынның лайлану температурасы деп атайды. Отынның лайлану себебі оның құрамындағы кейбір көмірсутектер, мысалы, парафин қатып, кристалдар пайда болады. Лайланған бензин өзінің аққыштық қасиетін әлі де жоғалтпайды, бірақ та пайда болған кристалдар сүзгілердің бетіне жабысып, сүзгінің өткізу қабілетін азайтады, бензинді тіпті мүлдем өткізбей де қояды.
Егер бензин құйылған ыдысты 45о еңкейткенде, ол 1 минут ішінде жылжымаса, онда осы жағдайға жеткізген температураны қату температурасы деп атайды.
2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
Қалыпты жану. Жануды іштен жанатын қозғалтқыштарда өтетін процестің бір бөлігі деп қарасақ, онда жану аса тез өтетін реакция болып табылады. Отын құрамындағы көмірсутектер мен оттегінің әсерлесуінен алау пайда болып, көптеген жылу бөлінеді.
Дұрыс жану қозғалтқыш жұмысының пайдалылығын көрсетеді, себебі жану кезінде химиялық энергия алдымен жылу, одан кейін механикалық энергияға айналады. Жану барысы қозғалтқыштың қуаттылық және үнемділік көрсеткіштерін анықтайды, ал жану барысының өту ерекшелігі қозғалтқыштың сенімділігі мен ұзақ уақыт жұмыс істеуіне көп әсерін тигізеді.
Отынның жануынан шыққан жылу мөлшері жану қоспасының құрамына және отынның қасиеттеріне байланысты. 1кг бензин жанғанда 665-675 ккал жылу бөлінуге тиісті. Ал іс жүзінде қозғалтқышта алынатын жылу мөлшері отынның толық жанбауынан және қоспа құрамының біртекті болмағандығынан одан кем болады.
Детонациялық жану. Кейбір жағдайларда жанғыш қоспаның ерекше жануы кездеседі. Ол детонациялық жану. Ондай жанудың өзіне тән ерекшеліктері бар: металдардың бір-бірімен соқтығысынан дүрсіл пайда болады, отынның түтіні қоюланады және қозғалтқыштың цилиндрінде температура артады.
Детонацияның нышаны және сырттай көрінісі жақсы мәлім, алайда пайда болу себебі және бұл құбылыстардың механизмі осы уақытқа дейін толық анықталмаған. Детонациялық жануды түсіндіретін бірнеше теория бар, оның ішінде ең танымалысы – асқын оксид теориясы (перекисная теория).
Детонацияның ең негізгі қаупі – температураның жоғарылығынан жанған газдан жану камерасының қабырғасына, піспектің түбіне жылу берілуінің көбеюінде. Жылу берілісінің көбеюінен қозғалтқыш бөлшектері қызып кетеді де, жану камерасы қабырғаларының, піспек түбінің әр жерлері бүлініп, кетікшелер пайда болады. Мұндай көзге көрінетін бүлінуден басқа қозғалтқыштың негізгі бөлшектері қауырт тозу жағдайында болады.
