Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі

Температураның өзгеруіне байланысты резеңкенің қасиеті де өзгереді, одан жасалған бұйымдардың жұмысқа деген қабілеттері суу мен қызу барысында нашарлайды. 38-суретте табиғи көксағыздан жасалған резеңкенің механикалық қасиеттерінің екі негізгі көрсеткіштері – созылу беріктігінің шегі мен салыстырмалы ұзартудың температурадан тәуелділігі көрсетілген.

Резеңке температурасы төмендеген сайын беріктік шегі артады, созымдылығы азаяды. Температураның төмендеуі салдарынан резеңкенің созымдылығы азаяды да морттығы жағынан эбонитке тең келеді. Резеңкенің кейбір сорттары 450С температурада қажетті шекте қайта деформацияланбайды, тек арнайы аязға төзімді көксағыздар негізіндегі вулканизаттар ғана –500 С температурада қажет созымдылықты қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын қорытынды, қысқы уақытта резеңке бұйымдарға аса ұқыптылықпен қарау қажет.

Температура 0С

38 - сурет. Табиғи көксағыздан жасалған резеңкенің созылу беріктілігінің шегі мен салыстырмалы ұзартудың температурадан тәуелділігі

Қыста суық шиналар орнынан қозғалған кезде қажет созымдылығы жоқ болғандықтан, олар үлкен динамикалық жүктемелердің әсерінен тез бүлінеді. Сондықтан да алғашқы кезде аз жылдамдықпен түзу жолда жүріп, оқыс тежеуден сақтану керек. Сонымен қатар суық кезде бензо-, майтұрақты резеңкелерден жасалған автомобиль бөлшектеріне аса ұқыптылықпен қарау керек. Өйткені жай резеңкеге қарағанда олардың аязға төзімділігі нашар, олар -200С температураның өзінде-ақ морт келеді.

Температура 110-1200С көтерілгенде резеңке ұзарады, ал ары қарай қыздырғанда ұзындығы қысқарады.

Резеңкенің басқа да пайдалануға қатысты қасиеттері температура жоғарылаған сайын нашарлайды (беріктігі, тозуға төзімділігі, қаттылығы), ал қалдық ұзаруы, деформацияға қабілеттілігі артады.

15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі

Көксағыздар мен олардың вулканизаттары қанықпаған қосылыстар тәрізді кез келген химиялық өзгерістерге бейім болады.

Резеңке бұйымдарды сақтау мен пайдалану кезінде болатын маңызды реакция – резеңкенің тотығуы. Ол резеңкенің физикалық, химиялық, механикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соғады.

Ұзақ тотығу процесі кезінде резеңкеде болатын барлық өзгерістер жиынтығы оның ескіруі деп аталады. Резеңкенің ескіруі барысында оның созымдылығы нашарлайды да, беткі қабаттары осалданады, деформацияланатын бөлшектерде сызат пайда болады.

Мысалы, автомобиль доңғалаққаптары бүлінбес үшін оларды сақтаған кезде жұқалап балауыз жағады. Соңғы уақытта зауыттар жеке резеңке бөлшектерді герметикалық ораммен шығарып жүр.

Резеңкенің тотығу процесі күш көп түскен жерінде жылдам жүреді. Резеңке бұйымдарының тез ескіруін болдырмас үшін деформацияланбаған күйінде және 300С жоғары емес температурада қолдану қажет.

Сондай-ақ резеңке бұйымдарды күн сәулесінен сақтау керек. Оның әсерінен тотығу процесі тек сәуле түскен жерінде ғана болады, ең белсенділері - күлгін және ультрасәулелер. Олардан қорғау үшін автомобильдерді көлеңкеге немесе жабық тұрақтарға қою керек. Ол болмаған жағдайда ақ түсті қалқандармен, жабындармен қалқалап жабу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]