- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
Қозғалтқыштың от алу қасиеті оларда қолданатын негізгі отындардың, майлардың қасиеттеріне байланысты. Қоршаған ауа суыған кезде бензиннің құрамында жеңіл фракция көп болса немесе дизельді отында цетан саны жоғары болса, қозғалтқышты от алдыру едәуір жеңілдейді. Алайда отын қаншалықты жақсы болса да, суық ауада от алу мен жұмыс температурасында қозғалтқыштың жұмыс істеуін қамти алмайды. Сондықтан машинаны қоршаған ауа суыған кезде қозғалтқышты қыздырмай от алдыру үшін арнайы сұйықтар қолданады. Бұл мақсатта дизельді қозғалтқыштар үшін «Холод Д-40», карбюраторлы қозғалтқыштар үшін «Арктика» сұйықтарын қолданады.
27-кесте. От алдыру сұйықтарының құрамы
Құрамындағы заттар
|
«Арктика» |
«Холод Д -40» |
Этил спирті
|
45-60% |
60% |
Изопропилнитрат
|
1-5% |
15% |
Қайнау температурасы төмен көмірсутектер
|
33-55% |
15% |
Қоюланған майлар
|
2% |
10% |
Этил эфирінің өздігінен тұтану температурасы төмен. Бұл сұйықтың тек өзін қолданып қозғалтқышты от алдыру қауіпті, онда қысым кенеттен тым ұлғайып, қозғалтқыш бөлшектеріне артық күш түседі. Сондықтан қолданатын отын біртіндеп жанып, қозғалтқыштағы процесс қалыпты болу үшін тұтануы этил эфирінен кейін негізгі отынға дейінгі орталық арада болатын көмірсутектерді қолданады. Оларға изопропилнитрат, төменгі температурада қайнайтын көмірсутектер жатады.
Қозғалтқышты қыздырмай от алдырғанда бөлшектердің тозуын азайту және үйкелісте болатын бөлшектерді майлау мақсатында от алдыру сұйығына арнайы қоспалары бар май қосады.
Дизельді қозғалтқыштардың меншікті жүктемесі жоғары болғандықтан «Холод Д-40» сұйығын қосады.
От алу сұйықтарына майды 10%-дан артық қосады, ал «Арктика» сұйығына 2%-дан кем қосады.
От алдыру сұйығын іске қосу үшін арнайы аспапты қолданады (31- сурет).
От алдыру сұйығын (7) эмульсаторға (3) құяды. Жүргізуші кабинадан сораппен (2) эмульсаторға ауа жібереді. Эмульсаторда ауа мен сұйықтың қоспасы жасалады, қоспа түтіктер (6) арқылы бүріккішке (5) барады. Бүріккіштер ауа сорушы коллекторға (4) орналасқан. Мұндай аспаптардың екі түрі бар: 5ПП-40, 6ПП-40. Көптеген зерттеулердің қорытындысында от алдырушы «Арктика», «Холод Д-40» сұйықтарын қолданатын іштен жанатын қозғалтқыштарды -400С-да от алдыруға болатындығына көз жетті. От алдыру сұйығының құрамында отын болғандықтан от алудан болатын тозу дәрежесі ұлғаймайды, ал от алдыру уақыты күрт азаяды.
31- сурет. 5ПП-40 от алдыру сұйықтарын қолдануға арналған аспап: 1- жиклер, 2-ауа сорабы, 3-негізі (корпус), 4-жіберуші коллектор, 5-бүріккіш, 6- түтік, 7-ампуладағы от алдыру сұйығы (20мл)
9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
Отынның қоршаған ортаға әсерін үш түрлі жағдайда байқауға болады: адам ағзасының улануынан, атмосфераны улы заттармен ластауынан, отынның өрт тудыру қаупінен. Майдың өрт тудыру қаупі оның қаныққан бу қысымына байланысты. Ол неғұрлым жоғары болса, өрт туу қаупі соғұрлым жоғары болады.
Майлардың жану немесе тотығу өнімдері болып саналатын көміртек (ІІ), азот оксидтерінің, көмірсутектердің биосфераға зиянды әсері бар екендігі баршаға мәлім. Іштен жанатын қозғалтқыштардың жану өнімдерінде шамамен 1200-ге жуық қосылыстар болады, олардың тек 200-ге жуығы ғана тотығу процесі кезінде өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кездегі автомобильдер орта есеппен жылына 800 кг СО, 115 кг көмірсутектер, 38 кг азот оксидтерін жану өнімдері ретінде атмосфераға жібереді. 28-кестеден жану өнімдерінің қозғалтқыштардағы мөлшерін көруге болады.
28-кесте. Жану өнімдерінің қозғалтқыштардағы мөлшері
Жану өнімдерінің құрамдас бөліктері |
Улы зат мөлшері г/кг отында |
|
Карбюраторлы қозғалтқыштарда |
Дизельді қозғалтқыштарда |
|
СО |
37,8 |
20,81 |
СхНу |
21,2 |
4,16 |
NxОy |
14,5 |
18,01 |
SO2 |
1,81 |
7,80 |
Альдегид |
0,93 |
0,78 |
Күйе |
1 |
5 |
Рв |
0,5 |
- |
Сонымен қатар осы майларды алатын шикізат – мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу кезінде оның едәуір бөлігі энергетикалық шығынға ұшырап, әрі планетамыздың атмосферасын, құрлық, өзен, теңіз, мұхит суларын ластайды, осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселесі туындайды.
Мұнай және мұнай өнімдері теңіз, мұхит суларында тіршілік ететін өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне өте қауіпті. Зерттеушілердің мәліметі бойынша соңғы 20 жыл ішінде гидросферадағы тірі организмдер 40%-ға кеміген.
Пайдаланылып жүрген отындардың уыттылығы әртүрлі болып келеді. Кеңінен тараған отын - бензиннің тіршілікке, әсіресе адам өміріне, көптеген зиянды әсері бар. Бензин буы адамның басын ауыртып, жүрегін айнытады. Егер оның мөлшері 50 мг/л-ден асса, адам есінен айрылады, мидың тыныс алу орталықтары істен шығып, оның арты адамның өліп кетуіне әкеліп соғуы да мүмкін. Сондықтан бензиннің булану қаупі бар жерлерде (қоймаларда), машина жөндеу орталықтарында немесе бақылау жүргізетін жерлерде желдеткіш дұрыс жұмыс істеуі керек. Бензиннің қай маркасын алмасақ та улы, бұл қасиет оған антидетонатор ретінде қосылған тетраэтилқорғасын (Рв(С2Н5)4) әсерінен тіпті артады. Бұл затты мұнай өңдеу зауыттарында арнайы жұмыскерлер барлық сақтық ережелерін орындап, бензинге қосады, ал оны қолдану кезінде кез келген адамның қосуына болмайды. Стандарт бойынша 1 кг бензинге 0,5 г ғана этил сұйығы қосылады. Бұл заттармен жұмыс істеген адамдар киген киімдері мен құралдарын арнайы тазартудан өткізеді. Автомобильдерге пайдаланылатын этилденген бензинді қыздыру аспаптарында, бояуды еріту мақсатында, машина бөлшектері мен қолды жуу үшін пайдалануға болмайды. Машинаны жөндеген кезде бөлшектеріне қонған күйелерді тазартқанда өте сақ болу керек, оның құрамының 50%-дайы қорғасыны бар улы заттардан тұрады. Қорғасын қосылыстары, әсіресе картер майларында, сүзгі мен центрифугаларда жинақталатынын есте ұстаған жөн. Этилденген бензиннің денеге тиген жерін дизельді отынмен шайып, сабынды жылы сумен жуу керек. Бензиннің жану өнімі ретінде бұл қосылыстар ауаға өтіп, топырақты улайды, сондықтан шипажайлы жерлерде ондай бензинді қолдануға рұқсат етілмейді. АИ-93, АИ-98 бензиндеріне жоғары октанды компоненттер қосып пайдаланады.
Дизельді отындардың булануы төмен болғандықтан, онымен улану сирек кездеседі. Құрамында 10-15% әртүрлі қондырмалары бар қазіргі кезде қолданылып жүрген майлардың уыттылығы төмен.
Мұнайды өңдеу арқылы алынатын отындармен, майлармен қатар өндірілетін метил спирті, аммиак, скипидар, генератор және табиғи газдар да улы. Мысалы, метил спиртінің буы адам көзін, ал аммиак өкпесін қабындырып, зақымдайды.
Антифриз ретінде суытқыш сұйықтарына қосылатын этиленгликольдің де уыттылығы өте жоғары. Отындардың жану өнімдеріндегі улы заттар концентрациясын азайту мақсатында бірнеше амал қолданады: жанар майға жану процесін жақсартатын қоспалар қосу, қозғалтқыштың құрылымын өзгерту, отынға сутегін қосу т.б.
Отынның күйе болуы оның сапалық құрамына байланысты. Отын құрамындағы парафинді көмірсутектерге қарағанда олефинді көмірсутектер 2 есе көп күйе түзсе, ароматты көмірсутектер олефиндерге қарағанда 10 есе көп күйе түзеді. Күйе мөлшерін азайту үшін түтін ұстағыш қондырмалар пайдаланылады. Дизельді отындарға ферроцен Ғе(С2Н5)2 (0,1%) қосса, күйе түзуі азаяды. Бұл қондырма көмірсутектердің дегидрогендеу процесіне және күйе түйірлерінің каогуляциялануына төтеп беріп, оның өршіп жанып кетуіне мүмкіндік тудырады. Дизельді қозғалтқыштардың түтін шығаруын кеміту үшін күшті тотықтырғыш рөлін атқаратын органикалық заттары бар қоспалар қосылады. Мұндай қоспаларға динитро-пропан, изоамилнитрат, этилнитрат т.б. жатады. Бұл көрсетілген заттардың әсері металлоорганикалық қоспаларға қарағанда бәсеңдеу. Егер жағар май орнына сутегін пайдаланса немесе қосса, қоспаның от алу температурасы жоғарылап (32000С), экологиялық таза сумен қатар зиянды азот оксидтері мен сутегінің асқын оксидтері көбірек түзіледі.
Ал азот оксидтерінің мөлшерін кеміту үшін отын орнына оңай от алатын заттар – спирттерді пайдалануға болады. Бұл кезде жану өнімдерінде СО мөлшері 50%-ға, СхНу – 10-40%-ға, NxОy – 20-60%-ға кемиді, бірақ альдегидтер мөлшері артады.
Отын орнына сутегін пайдаланудың болашағы бар, өйткені, біріншіден, оны өндіретін шикізат қоры шексіз көп, екіншіден, жану өнімі экологиялық таза – су. Бірақ сутегін судан бөліп алу үшін қажетті көп энергияны ядролық энергетика немесе термоядролық синтез негізінде шешу қажет.
