Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.4. Төменгі температуралық қасиеті

Температура төмендей келе үлкен температуралық ара­лықта май сұйық күйінен біртіндеп қатты күйге ауысады.

Ең алдымен майдағы парафиндер кристалданады. Пара­финнің кристалдары өсе келе негізгі қаңқа жасап, майдың ағу қасиетін жояды. Майдағы парафиндерден толық арылу мүмкін емес. Оның қажеті де жоқ, себебі депрессатор қосындылар ар­қы­лы негізгі қаңқаның жасалуына кедергі жасап, парафиннің кристалдануын өзгертуге де болады. Депрессаторды парафиннің ұсақ кристалдары сорып алады да, ары қарай парафин кристал­дары ұлғаймай, біртұтас негізгі қаңқа жасалмайды. Сондықтан да депрессатор қосылған майдың төменгі температурада ағу қа­сиеті жақсы болады.

Полиметакрилат «Д» полимер депрессаторының әсері өте айқын. АЗНИИ-ЦИАТИМ-1, АФК, АЗНИИ депрессатор­лары­ның да әсері жоғары. Депрессаторды 1% қосқанда майдың қату температурасы 15-250С-ға төмендейді.

5.5. Тотықтырушылық қасиеттері

Майдың тотығуынан онда лак, күйіктер және басқа да шө­гінділер пайда бола бастайды. Сондықтан майдың мұндай қа­сие­тін тотықтырушылық қасиеті немесе химиялық тұрақтылығы деп те атайды. Механизмдер жұмыс істегенде ондағы майлар ауадағы оттегімен жанасып тотығады. Тотығудың жылдамдығы температураға, қысымға, металдардың каталитикалық әсеріне байланысты.

Ауаның қалыпты температурасында (20-300С) майдың то­тығуы өте баяу жүреді, майдың сапасы өзгермейді, температура 70-800С болғанда тотығу жылдамдығы айтарлықтай артады.

Ауаның қысымы өсе келе ондағы оттегінің майдың көмір­сутектерімен жанасуына мүмкіншілік жақсарады да, тотығуы жылдамдайды. Майдың шашырап, бүркілуі оның тотығуын одан ары жақсартады.

Майдың тотығуы екі бағытта өтеді:

Қышқылдар – оксиқышқылдар – асфальтенді қышқылдар

К өмірсутектер - асқын оксидтер

Шайырлар – асфальтендер – карбендер - карбоидтар

Қалыпты температурада тотығу көбінесе қышқыл заттар пайда болуымен аяқталады. Температура 200-3000С-дан асқанда майдың тотығуынан бейтарап шайыр, асфальтен, карбен, карбоид заттарының пайда болуына әкеліп соғады. Тотыққан заттардың пайда болуы бірнеше кезеңнен өтеді. Алғашқы кезеңде тотыққан заттар майда ерімейді.

Тетік тозғындары тотығу процесіне катализатор тәрізді процесті тездету тұрғысынан әсер етсе, ал тотығу полимерлену өнімін (шайыр) бәсеңдетеді. Алайда температура тотығу екпінділігіне әсер етуші негізгі фактор, сондықтан да соңғы кезде шыққан оқулықтарда тотығу мәселесін тек тотығудың жылулық тұрақтылығы қасиеті тұрғысынан талдайды.

Қарастырылған тотығу қоспалардың ыдырау өнімдері тоз­ғын және т.б. ластанған заттар қозғалтқыштағы көміртекті шө­гін­ділердің негізін құрайды. Шөгінді заттарға күйіктер, лактар және төменгі температуралық қыртыстар жатады. Лак қабат­та­ры майдың жұқа болып жайылып, жоғары температура әсеріне тап болған жерлерінде пайда болады. Оның құрамы оксиқыш­қылдар, асфальтендер және тағы да басқа майдың терең тотық­қан өнімдерінен тұрады. Лак қабыршақтары мықты және оның жылу өткізгіштік еселігі төмен, ол тетіктердің артық қызуына себепші болады.

Лактың пайда болуына майдың жылулық тотығу тұрақ­тылығы және жуғыштық қасиеттері әсер етеді.

Майдың тотығуының жылулық тұрақтылық қасиеті 0,05 г сыналушы майдан жасалған 1кг күшпен бұзу уақытымен өлше­неді. Осы күндегі көпшілік майдың тотығуының жылулық тұрақ­тылық қасиеті 20-40 минут аралығында, кейбір майлардікі (М12Г) 70 минуттан кем болмауға тиісті. Майдың тотығуының жылулық тұрақтылығының мөлшері неғұрлым көп болса, ол май соғұрлым тұрақты.

Жуғыштық қасиеттер май қоспаларының химиялық өзге­ріске шыдамдылығын және тотық өнімдерін лак қабыршағы түрінде қызған тетіктерге қондырмай дисперсия түрінде сақ­тауын сипаттайды. Жуғыштық қасиеттерді бағалау мақсатында ПЗВ (зерттеушілердің фамилияларының бірінші әріптері – Папок, Зарубин, Виппер) тәсілі ұсынылған.

Жуғыштық қасиетті анықтау үшін 250 г тексерілуші май­ды қондырманың картеріне құяды (24- сурет).

24- сурет. Майдың жуғыштық қасиетін ПЗВ тәсілімен анықтайтын қондырғы: 1- электромотор, 2- бір цилиндрлі іштен жанатын қозғалтқыш, 3- электр қыздырғыш элементтері

Электр қыздырғыштармен (цилиндр қақпағында 300±10С, цилиндрдің орта шенінде 225±10С, сорылған ауа 220±20С, кар­тердегі май 125±10С) стандартты жылу ережесін ұстап, қозғалт­қыш­ты 2 сағат жұмысқа қосады. Одан кейін моторды бұзып, піс­пектің бет әлпетіне қарай үлгі ретінде алынған түсті шка­ламен салыстырады.

Піспек бетіне лак, күйіктің қону мөлшеріне қарай 6 шкалаға бөлінеді. Лаксыз піспек беті «0», ал көп күйіктенген бет «6» балмен бағаланады (25- сурет).

ПЗВ тәсілі бойынша жуғыштық қасиеті жақсы майлардың балы 0,5-1,0-ден аспауы керек.

Күйіктер майдың лак жасауынан басталады. Лак қабыршағы жоғары температуралы аймақта күйіп, көмір тәрізді болып, кокстену процесі өтеді. Майдың келесі жаңа үлесі күйікті қалыңдатады. Егер май құрамында күлі бар қоспалар болса, онда күйік белгілі бір мөлшерге дейін көбейіп, одан кейін өсуі тоқтап, күйіктің жасалуы мен оның жануы бірдей болып, тепе-теңдік орнайды. Күйік – қара түсті, қатты, жылу өткізгіштігі нашар көміртекті зат. Кейбір қоспалар (БФК) майдың күйіктенуін тежейді. Сонымен қатар көпшілік қоспалар майдың күлділігін арттырады. Күл күйікті көбейтеді, күйген майға жымдасып, абразивті заттар жасайды.

25 – сурет. Жағар майлардың жуғыштық қасиетін бағалайтын үлгілік түсті шкала

Тотығуды баяулату, болдырмау мақсатында арнайы тотықтырмайтын қоспалар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]