- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
2.1. Қойылатын негізгі талаптар
Карбюраторлы қозғалтқыштарда отын мен ауа қоспасы электр ұшқыны арқылы тұтанады. Ұшқынның қуаты мен ұзақтығы бір қалыпты жағдайда болғанда жану екпінділігі қолданатын отынның физикалық және химиялық қасиетіне тікелей байланысты. Карбюраторлы қозғалтқыштарда қолданатын отын – бензин.
Бензиндерге қойылатын талаптар төрт топқа бөлінеді:
1) бензин кез келген температурада ауамен біртекті, қажетті құрамды қоспа жасауды қамтамасыз етуге тиісті. Осыған байланысты бензиннің жақсы булануы, беттік керілуінің төмендігі, қозғалтқышты от алдыру қасиеті жақсы болуы, тоңазып тұрған қозғалтқышты тезірек қыздыруы, карбюраторды тоңазытпауы, цилиндр–піспек тобын тоздырмауы, қабылдау жүйесінде шөгінділер жасамауы қажет;
2) бензин мен ауа қоспасы бөлінген уақыт ішінде барынша толық жануға тиісті. Ол үшін бензиннің жану жылуы мейлінше жоғары болып, әртүрлі климаттық жағдайда детонациясыз қалыпты жылдамдықпен жануы керек. Жанғаннан шыққан түтінде улы заттар аз болып, толық жанып, күйе жасауға бейімділігі аз, металдарды мүжілдіретін заттары болмағаны жөн;
3) бензин кез келген климат жағдайында тасымалдауға, сақтауға, қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіне жеткізуге қиындық келтірмеуі қажет. Бұл талапты орындау үшін бензин уақыт өте келе өзінің қасиеттерін төмендетпеуі тиісті. Қату, лайлану температурасы мейлінше төмен болуы керек. Құрамында мүжілдіргіш заттар болмай және уақыт өте келе мұндай заттардың пайда болуына бейімді болмауы керек. Қоспаларсыз таза буланып, құрамында су болмауы керек. Қозғалтқыш қыза келе қоректендіру жүйесінде буланып, жанар майдың жүруіне кедергі болатын шөгінділер қалдырмауға тиісті.
4) бензин әрі арзан, әрі уландырмайтын болуы керек. Айтылған талаптарға көптеген органикалық қосылыстардың техникалық қоспасы жауап бере алады. Бұл талаптарды 30-40оС-дан 200-210оС-да буланатын бензин атты көмірсутектер көбірек қанағаттандырады.
2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
Электр ұшқыны арқылы тұтанатын қозғалтқыштарда қоспаның жасалуын, оны мөлшерлеу және буландыру сатыларынан тұрады деп қарауға болады. Бұл сатылар карбюраторлы қозғалтқышта өзара байланысты, себебі карбюраторлардың мөлшерлеу жүйесінде осы екеуі қатар жүреді. Әлбетте булану сатысы карбюраторда жарым–жартылай өтеді.
Біртекті жоғары сапалы қоспа жасау және оларды әр цилиндрге бірдей мөлшерде бөлу бензиннің төмендегідей физикалық қасиеттеріне: қаныққан бу қысымына, фракциялық құрамына, жасырын жылулық булануына, булардың диффузиялық еселігіне, тұтқырлығына, беттік керілуіне, жылу сыйымдылығына, тығыздығына байланысты.
Бензиннің тығыздығы. Тығыздық деп зат массасының көлем бірлігіне қатынасын айтады. Тығыздық кг/м3, г/см3, кг/л бірліктерімен өлшенеді. Бензиннің тығыздығы отын шығынына карбюратор жиклерлерінің мөлшерлеу тесігі арқылы ықпал етеді. Қалтқы камерасындағы бензиннің деңгейі де тығыздыққа байланысты. Сондықтан да автомобиль бензиндерінің тығыздығы +200С температурада 690-750 кг/м3 аралығында болуы керек. Тығыздығы төмен бензинді пайдалану қалтқы камерасындағы бензин деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады да, бензин өздігінен тозаңдатқыштан ағып кетеді.
Сондай-ақ отынның тығыздығы оның химиялық құрамына, молекулалық массасына және булану температурасына байланысты. Тығыздықтың қоректену жүйесіне әсері карбюратордың қалтқы камерасында бензин деңгейінің өзгеруі арқылы білінеді және шақтау жүйелерінде отынның шығын мөлшерінің ауытқуы арқылы байқалады. Тығыздықты ареометрмен, гидростатистикалық таразылармен, пикнометрмен анықтайды. Бензиннің тығыздығын оның шығынын есептеу мақсатында пайдаланады.
Отынның кез келген температурада анықталған тығыздығын 20оС- дағы тығыздыққа келтіру үшін төмендегі формуланы пайдаланады:
p20= pt+ (t-20), (1)
мұндағы pt – кез келген температурада анықталған тығыздық; – температуралық түзету; t – тығыздықты анықтау кезіндегі температура.
Бензиннің тығыздығы температура әр 100С-ға төмендеген сайын шамамен 1%-ға артып отырады.
Бензиннің тұтқырлығы. Тұтқырлық (ішкі үйкеліс) – молекулалардың өзара үйкелісі.
Тұтқырлық шамасы динамикалық, кинематикалық тұтқырлықтың абсолютті бірлігімен немесе шартты бірлікпен өрнектеледі.
Өлшем жүйесінде динамикалық тұтқырлық бірлігіне бір-бірінен 1м қашықтықтағы, ауданы 1м2 болатын екі сұйық қабатының бір-біріне жақындасуына 1Н күшпен кедергі жасайтын және салыстырмалы 1м/с жылдамдықпен орын ауыстыратын сұйықтық тұтқырлығы алынған.
Динамикалық тұтқырлық капиллярлы вискозиметрмен немесе РВ-7 ротациялық вискозиметрмен анықталады. Капиллярлы вискозиметрде динамикалық тұтқырлықты анықтау барысында белгілі бір қысымның (13,3 КПа-дан кем емес) әсерімен вискозиметр капилляры арқылы сұйықтықтың ағу уақытын өлшейді. Динамикалық тұтқырлық төмендегі формула бойынша анықталады:
,
(2)
мұндағы С - вискозиметрдің тұрақты саны; - ағу ұзақтығы, с; Р – манометр бойынша қысымның орташа арифметикалық көрсеткіші.
Кинематикалық тұтқырлық – белгілі бір температурадағы динамикалық тұтқырлықтың сол температурадағы сұйықтық тығыздығының қатынасына тең:
,
(3)
мұндағы
-
кинематикалық тұтқырлық; t
– тығыздық.
Кинематикалық тұтқырлықтың бірлігі ретінде өлшем жүйесінде 1 м2/с, ал СГС жүйесінде стокс қабылданған. 1 Ст = 1 см2/с = 10-4 м2/с; 1 сСт = 10-6м2/с. Кинематикалық тұтқырлықты капиллярлы вискозиметрде анықтайды. Кинематикалық тұтқырлықты анықтау берілген температурада ауырлық күшінің әсерінен белгілі бір сұйықтық көлемінің ағу уақытын өлшеуге негізделген. Кинематикалық тұтқырлық төмендегі формула бойынша анықталады:
,
(4)
мұндағы С – вискозиметрдің тұрақты саны, мм2/с; - сұйықтың ағу уақыты, с.
Температура төмендеген сайын бензиннің тығыздығы артады да, отын шығыны көбейеді. Температураның төмендеуі барысында бензиннің тұтқырлығы артып, оның шығынын азайтады.
3-сурет. Бензин тығыздығының температураға байланысты өзгеруі: 1-А-72 (қыстық), 2-А-72 (жаздық), 3-АИ-93 (этилденген жаздық), 4-АИ-93 (этилденбеген жаздық), 5- А-76 (жаздық) |
4-сурет. Бензин тұтқырлығының температураға байланысты өзгеруі: 1-А-66 (жаздық), 2-А-76 (қыстық), 3-А-66 (қыстық) |
Беттік керілу. Бензиннің тозаңдануына ең алдымен беттік керілу әсер етеді: олардың шамасы неғұрлым аз болса, тамшылар көлемі соғұрлым кішкентай болады. Беттік керілу шамасы 1м2 сұйықтық бетін қалыптастыруға қажетті жұмыспен сипатталады, Н/м-мен өрнектеледі.
Барлық автомобиль бензиндерінің беттік керілу мөлшері бірдей: +200С-де 20-24 мН/м-ге тең, судікінен шамамен 3,5 есе аз.
Автомобиль бензиндерінің тығыздығы, беттік керілуі, тұтқырлығы қоспа жасауға әсер ететіндіктен отын мөлшерлеу аппаратураларын реттегенде ескерген жөн.
Отынның булануы. Отынның булануы деп оның сұйық күйден буға айналу қабілеттілігін айтады. Отынның сұйық күйден буға толық айналу жылдамдығы оның химиялық құрамымен анықталады және сыртқы жағдайларға (газ ағынының жылдамдығы, температурасы) тәуелді. Бұл жағдайлар әр түрлі қозғалтқыштарда бірдей болмағандықтан отынның булануына қойылатын талаптар қозғалтқыштың құрылымымен байланысты. Нашар буланған кезде отынның бір бөлігі газ тәрізді күйге айналмайды және жанбайды. Отындардың статикалық (қозғалмайтын беттен қозғалмайтын ауаға) және динамикалық (отын мен ауа бір-біріне қарсы қозғалады) булануы болады.
Статикалық булану мұнай өнімдерін сұйық қоймаларда сақтаған кезде болады. Оның жылдам булануына сыртқы қысым, мұнай өнімі мен қоршаған ортаның температурасы, қаныққан бу қысымы, диффузия еселігі, сұйық қойманың жылуөткізгіштігі, жылусыйымдылығы, көлемі, булану жылуы әсер етеді. Динамикалық булану жылдамдығына да жоғарыда аталған факторлар, әсіресе орталардың бір–біріне қатысты жылжуы және отынның тозаңдану дәрежесі әсер етеді. Отынның булануын тығыздық шамасы мен көмірсутектердің қайнау температурасына байланысты да анықтауға болады. Қозғалтқыштар үшін отынның булануын олардың фракциялық құрамын анықтаумен бағалайды.
Бензиннің фракциялық құрамы. Бензиннің фракциялық құрамы оның сапасын сипаттайтын аса маңызды көрсеткіш. Қозғалтқыштың тез және сенімді түрде тұтануы, қызу уақыты, одан да басқа пайдалану көрсеткіштері бензиннің фракциялық құрамына байланысты болып келеді.
Белгілі бір температурада бөлінетін бензиннің бөлігін оның фракциясы дейді. Бензиннің құрамын оның фракциясы арқылы сипаттайды. Бензин фракцияларын арнаулы аспапта қыздыру арқылы айырады (5-сурет).
Колбаға (4) құйылған 100 мл бензинді қыздырады да термометр (1) арқылы қандай температурада, қанша көлемдегі бензиннің айырылғанын белгілеп отырады. Тәжірибе кезінде бензиннің бастапқы айыру температурасын, одан кейін бензиннің әрбір 10% айырылу кезіндегі температурасын жазып отырады. Стандартта бензиннің айырылу процесінің тоқтаған температурасын, қанша көлемдегі бензин колбада қалғанын және қаншасы буланып жоғалғанын шығару керектігін талап етеді. Алынған деректер бойынша бензиннің айырылу қисығын оның көлемі мен температурасы арасындағы байланысты көрсету арқылы келтіреді.
5-сурет. Отынды фракциялық айдауға арналған аспап: 1-термометр, 2- отынның колбадан шығу жолы, 3-үстіңгі қаптама, 4-отынды айдауға арналған колба, 5-штатив, 6-төменгі қаптама, 7-газды қыздырғыш, 8-мұздатқыштың қаптамасы, 9-мұздатқыштың түтігі, 10-өлшегіш цилиндр
Осы кездегі карбюраторлы қозғалтқыштардың бензиннің фракциялық құрамына қоятын талабын екіге бөлуге болады. Біріншісі – машиналардың әртүрлі ауа райында қолдануына, екіншісі – қозғалтқыштың құрылымдық өзгешеліктеріне байланысты.
Қозғалтқыштардың құрылымдық өзгешеліктерінің бензиннің фракциялық құрамына қояр талабын, бір жағынан, олардың карбюраторларының сору жүйесін және камерасын жетілдіру арқылы қанағаттандырса, екіншіден, бензиннің физика-химиялық көрсеткіштерін жақсарту арқылы шешуге болады.
Жылудың әр түрлі мезгілінде, әртүрлі ауа райында машиналарды қолдану бензиннің фракциялық құрамына екі түрлі талап қояды. Біріншіден, қозғалтқыштың ауаның суық кезінде сенімді түрде от алдыруын қамтамасыз ету болса, екіншіден, ауаның ыссы кезінде, бензиннің жартылай булануынан қозғалтқыштың қоректену жүйесінің жұмыс істеуіне ақау келтірмеу болып табылады.
Қыстың суық күндері мұздап тұрған карбюраторлы қозғалтқышты тұтандыру қиындығының үш түрлі себептері бар: бензиннің булануының нашарлауы, отын тұтқырлығының ұлғаюы және аккумулятор батареяларының сыйымдылығы мен кернеуінің кемуі.
Аталған негізгі үш себептерден басқа жылу берілісінің ұлғаюы, отын қоспасының қалыпты ғана қызуы, ауа толқынының жылдамдығы қалыпты жағдайда бензиннің тоңазуының нашарлауы және ауа райына байланысты тағы басқа жағдайлар тоңазыған қозғалтқыштың от алуын қиындатады. Қозғалтқыштың тұтану қасиетін жақсарту мақсатында құрылымдық шаралар, қоректендіру жүйесін қыстық реттеу т.б. амалдар қолданады. Алайда бензиннің тұтанғыштық қасиеті негізінен оның құрамындағы төменгі температурада қайнайтын көмірсутектің мөлшеріне байланысты.
Тоңазыған қозғалтқышты тұтандыру тұрғысынан ондай көмірсутектердің мөлшеріне шек қоюдың қажеті жоқ. Бензинде ондай фракциялардың көптігі қызған қозғалтқыштың жұмысына ақау келтіріп, қолдану, сақтау кезінде бензиннің шығынын көбейтеді.
Бензин құрамындағы төменгі температурада қайнайтын фракцияның мөлшерін қаныққан бу қысымы, бензиннің бастапқы қайнау және бензиннің 10%- ын айыру температурасы арқылы бақылайды.
Қозғалтқышты тұтандыру мүмкіндігі бар ең төменгі температураны (tа) мына формула арқылы анықтауға болады (оС):
,
(5)
мұндағы t10%-10% бензинді айыру температурасы, оС; tб.а - бастапқы айыру температурасы, оС;
Қаныққан бу қысымы 33,3 КПа-ға кеміген жағдайда бензиннің тұтандыру қасиеті күрт төмендейді.
Қорыта келгенде, бензиннің тұтандырғыш қасиеті оның фракциялық құрамы жеңілденген жағдайда жақсарады.
Қозғалтқышты от алу сәтінен бастап оның тұрақты жұмыс істеу аралығын оның қызу мезгіліне жатқызады. Қозғалтқыш неғұрлым тезірек қызса, оның өнімсіз жұмыс уақыты, бензиннің шығыны кеміп, қозғалтқыш бөлшектерінің тозуы азаяды. Қозғалтқыштың қызу жылдамдығы негізінен бензиннің фракциялық құрамына байланысты.
Қозғалтқыштың қызуына бензиннің 10, 50, 90% айыру температуралары әсер етеді. Бензиннің 50%-ын айыру температурасының ең қолайлы мөлшері қозғалтқышты қыздыру кезіндегі ауа температурасына байланысты. Ауа температурасы төмендеген кезде бензиннің 50%-ын айыру температурасы да төмен болғаны жөн. Зерттеу нәтижесінде бензиннің 50%-ын айыру температурасы солтүстікке арналған бензиндерде 90оС, қыстықта – 100оС, жаздықта – 110оС, оңтүстік бензиндерде 120оС-дан аспауы керектігі анықталған. Қозғалтқыштың қабылдағыштығы бензиннің 50%-ын айыру температурасына тікелей байланысты.
Бензиннің қозғалтқышта булануы оның 90%-ын айыру және қайнатудың соңғы температураларымен сипатталады. Егер аталған температура мөлшері жоғары болса, бензиннің ауыр фракциялары жіберу құбырында буланбай, цилиндрге сұйық түрде келіп түседі. Ол жану камерасында да толық буланбай, ақыры картерге ағады. Мұндайда цилиндр қабырғаларынан бензин шайылып, картер майы сұйылады.
Қозғалтқыш бөлшектерінің тозуына негізгі себепкер жағар майдың сұйылуы емес, үйкеліс беттерінен буланбаған бензинмен майдың шайылуы болып келеді. Картер жағар майының сұйылуы цилиндр қабырғаларынан майлардың шайылатынын көрсетеді. Ондай жағдайда цилиндрге тез тозуға әсері көп құрғақ үйкеліс орын алады. Ал картердегі бензин тез арада буланып, жоқ болады да, жағар майдың тұтқырлығы бастапқы қалпына оралады.
Қайнау соңының температурасы өсе келе қозғалтқыштың тозуы артады. Қайнау соңының температурасы 2200С-дан бастап қозғалтқыштың тозуы күрт өседі.
Қайнау соңының температурасы жоғары бензинді қолданған күнде тозудың ұлғаюымен қатар, жағар майдың шығыны да көбейеді. Жағар май қоспаларының цилиндрге бөлінуі біркелкі болмай, ол күйелердің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сонымен, қайнау температурасының төмендеуі бензиннің қолдануға қажетті көптеген қасиеттерін жақсартады. Қайнау соңының температурасы 1940 жылдары 2350С болса, осы кездегі А-76, Аи-93, Аи-98 бензиндерінде 185-1950С-ға дейін төмендетілген.
Көп қуат жұмсап, ұзақ жұмыс істеген қозғалтқышты біраз кідірістен кейін қайта от алдыру қиындайды. Машина тоқтап қалғанда қозғалтқышты желдетіп салқындату тыйылады, қызған қозғалтқыштан шыққан жылу карбюраторды қыздырады. Бензин карбюратордың қалтқы камерасында буланып, бензин буы оның сұйық бөлігін жіберу жүйесіне және ауа кеңістігіне ығыстырады. Мұндай жағдай өте бай қоспа жасалуына әкеліп, карбюратордың дұрыс жұмыс істеуін бұзады.
Бензиннің жоғарыда айтылғандай булануы қозғалтқыштың бос жүрістегі жұмысын қанағатсыздандырады. Бензиннің ерекше булануы өте бай қоспа жасалуына әкеліп соғады, карбюратордың бензиннен қақалуы, одан қозғалтқыштың тоқтап қалуы да мүмкін.
Қызған қозғалтқышты тұтандыру, оның бос жүрістегі жұмысын қиындату бензиннің буланғыштық, кептелу қасиеттерімен байланысты. Егер бензин қоректену жүйесінде кептелмесе, онда жағар май қызған қозғалтқышты тұтандыру және оның бос жүрісте жұмыс істеуіне қиындық тудырмайды.
Қозғалтқыштың жіберу жүйесінде бензиннің булануы отын қоспасының температурасының төмендеуімен қатар өтеді. Оның себебі бензинді буландыруға кеткен жылу (буландыру жылуы) бөлшектерден, айналадағы ауадан алынады. Мысалы, қоршаған ауа температурасы +7,50С болғанда, қозғалтқыш жұмысқа қосылғаннан кейін 2 минуттан соң дроссель жапқышының температурасы –140С болғаны байқалады. Қозғалтқыштың жіберу жүйесіндегі температураның төмендеуі бензиннің буланғыштығына байланысты екендігі зерттеу арқылы анықталған (9- сурет).
От
алғаннан кейінгі уақыт, мин
6-сурет. Карбюратордың металл тетіктерінің температурасының бензиннің буланғыштығына байланыстылығы
Отын мен ауа қоспасы температурасының төмендеуінен ауаның ылғалы қатып, жіберу жүйесінің салқын тетіктерінің бетінде мұз қабыршағы пайда болады.
Дроссельдің қатуы ауаның өтпелі қимасын кемітеді. Қозғалтқышқа толық күш түспей, иінді біліктің айналу жиілігі аз болғанда отын мен ауа қоспасы кеміп, оның жұмысында іркіліс пайда болады. Аса қолайсыз жағдайда дроссель қақпағы диффузорға қатып, қозғалтқыш өшіп қалуы да мүмкін.
Ж
иклерде
мұз пайда болуы бензиннің дұрыс жүруін
бұзып, жанармай қоспасындағы ауаны
азайтып, қоспа жасау барысын бұзады.
Карбюратордың қату дәрежесі ауаның температурасы мен дымқылдығына, жіберу жүйесінің құрылымына, бензиннің буланғыштығына байланысты. Карбюратордың қатуына суық, ылғалды, тұманданған күні, жауын жауып тұрған кезде қолайлы жағдай жасалады. Оны қатырмас үшін қоспаны немесе ауаны қыздырып, бензинге әдейі арналған қоспалар қосады. Қоспа ретінде 0,5-тен 2% мөлшерінде спирттер мен эфирлер қолданылады.
Қаныққан бу қысымы. Бензиннің булануын қамтамасыз ететін аса маңызды қасиеті - оның қаныққан буының қысым шамасы. Қаныққан бу қысымы бензиннің құрамына, сұйық күйіндегі зат мөлшерінің ара қатынастарына және олардың температурасына байланысты болады. Қаныққан бу қысымын екі түрлі тәсілмен анықтайды: Рейдтің (3-сурет) және Валявский мен Бударовтың тәсілдері арқылы (4- сурет).
7-сурет. Рейдтің тәсілімен қаныққан бу қысымын анықтайтын аспаптың үлгісі: 1- қыздырылған суы бар ыдыс; 2-бомба; 3-сынапты барометр; 4-термостат |
8-сурет. Қаныққан бу қысымын анықтайтын Бударов аспабының үлгісі: 1-суы бар стақан, 2-шыны тройник, 3-газ бюреткасы, 4-араластырғыш, 5, 9-шүмектер, 6-пипетка, 7-термометр, 8-қосқыш түтік, 10-сифон түтігі, 11-теңестіргіш ыдыс |
Рейдтің тәсілі бойынша бензин бомбаға (3-сурет) құйылады да, 38оС-ға дейін қызған суға батырылады. Қаныққан бу қысымын сынапты манометрмен өлшейді. Бұл сынауда сұйық пен бу фазаларының ара қатынасы 1:4 тең. Судың жылу мөлшерін термостат арқылы реттейді. Кейбір жиі пайдаланатын бензиндердің қаныққан бу қысымының температурамен байланысы 5-суретте көрсетілген.
9 - сурет. Қалыпты (а) және жартылай логарифмдік (б) координатадағы қаныққан бу қысымының температураға байланысы: 1-А-76 оңтүстік; 2-АИ-93 жаздық; 3-А-76 жаздық; 4-А-76 қыстық; 5-А-76 солтүстік
Бензиннің булану жылдамдығы оны қоршаған ортаның диффузиялық еселігіне байланысты. Диффузияның арқасында буланған молекулалардың бензин бетінде шоғырлануы азаяды да, содан бензиннің жаңа молекулалары буланады. Неғұрлым бензин буының диффузиялық жылдамдығы көп болса, соғұрлым ол тезірек буланады.
Дальтонның заңы бойынша сұйық заттардың булану жылдамдығы оның бетінің ауданына тікелей байланысты. Ал бензиннің қабылдау жүйесіндегі булану бетінің ауданы тоңазытудың нәзіктігіне байланысты. Тоңазытудың нәзіктігі қоспаның қоршаған ортасына байланысты, сонымен қатар бензиннің қасиеттеріне, ең алдымен оның беттік керілу еселігіне тәуелді.Тұйық кеңістікте отынның булануы кезіндегі бу қысымы жоғары болса, олардың конденсациялау процесі қарқынды болады. Буланған бензиннің ыдыс қабырғасындағы бу қысымы, бензиннің химиялық және фракциялық құрамына тәуелді бу серпімділігі деп аталады. Бу серпімділігі (қысым) температура өскен сайын артады. Отында жеңіл қайнайтын көмірсутектер көп болса, онда бу серпімділігі жоғары болады.
Жазғы бу қысымының жоғарғы шегі 670 гПа, қыста 670-930 гПа-ға тең. Бу серпімділігі жоғары бензиндерді қолдану отын беру жүйесінде будың кептелуіне әкеліп соғады, цилиндр толық толмайды да, қуатты төмендетеді.
