Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері

Лактар мен бояулардың маңызды қасиеттері: тұтқырлық, жайылу, кебу уақыты, жасырғыштық, адгезия, беріктік, пленканың қаттылығы, су және майтұрақтылық, уыттылық, тез тұтанғыштық.

Тұтқырлығы. Тұтқырлықтың ең ұтымды шамасы бояудың сортына байланысты және ол таңдап алынған жағу тәсіліне сәйкес болу керек. 18-200С температурадағы тұтқырлық: малып алу әдісі бойынша 15-20с, шашыратқышпен жағу әдісі үшін 20-30с, бояу жаққышпен жаққанда 30-60с-қа тең.

Тұтқырлығы жоғары болса, бір қабат пленканың қалыңдығы артады, бірақ пленканың беріктігі төмендейді, ал тұтқырлығы төмен болған жағдайда пленка қабатының қалыңдығы төмендейді, еріткіш шығыны артады.

Жайылуы. Жайылу деп бір қалыпты тегіс, бояу жаққыштың сызығынсыз және пульверизатормен бояған кезде бұдырсыз бетті беру қабілеттілігін айтады. Лакбояғыш материалдарын жаққан соң штрихтар 10 минут ішінде жоғалса, жайылу қанағаттанарлық деп есептеледі.

Кебу уақыты. Берілген температурада лакбояғыш материалдарының кебу уақыты бетке жұқа пленка түзілу кезіне дейінгі немесе еріткіштің толық ұшуы, яғни толық кебуі минутпен өлшенеді. Кебу уақыты материалдың сипаты мен ауа температурасына байланысты.

Ең тез кебетін лакбояғыш материалы – нитроэмальдар. Олардың 18-200С температурада кебу уақыты 15-20 минут.

Жасырғыштығы. Жасырғыштық деп бояуды жұқа, бір қалыпты жаққан кезде боялатын беттің түсін көрсетпеу қабілетін айтады. Жасырғыштық бояуға қосылған пигменттердің саны мен сапасына, қабыршақтүзушілердің қасиеттеріне тәуелді. Жасырғыштық көрсеткішіне байланысты бояудың шығынын анықтайды: жасырғыштық көрсеткіші төмен болса, бояу аз кетеді.

Адгезия. Адгезия деп бояу пленкасының боялатын бетке жабысу қабілеттілігі аталады.

Соққыға беріктігі. Соққыға беріктігі деп пленканың соққы жүктемелер әсерінен бүлінбеу қабілеттілігін айтады.

Пленканың қаттылығы. Пленканың қаттылығы пленка бетіне орнатылған маятниктің тербелісі тоқтау уақытының шыны пластинкада орнатылған сол маятник тербелісінің тоқтау уақытына қатынасымен көрсетіледі.

Бензо-, су-, майтұрақтылығы. Бензо-, су-, майтұрақтылық деп лакбояғыш жабындарының бензинде, суда, майда берілген температурада, белгілі бір уақыт ішінде пленка күйінің өзгермеуін айтады.

Уыттылығы мен тез тұтанғыштығы. Лакбояғыш материалдары көбінесе уытты, тез тұтанғыш, жарылғыш болып келеді.

Температураның өзгеруіне байланысты жабынның тұрақтылығы. Боялған болат пластинканы бірнеше рет алма-кезек суыту және қыздыру

34-кесте. Лакбояғыш материалдары

Көрсеткіштер

НЦ-11 эмалы (МССТ 9198-76)

МЛ-12 эмалы(МССТ 9754-76)

Глиф­тальды грун­тов­ка ГФ-020 (МССТ 4056-63)

Қызыл-қоңыр НЦ-007 тегістегі-ші (МССТ 10277-76)

Жабынның жыл­тыр­лығы, % кем емес

60 (65)*

58

-

-

Ұшпайтын заттар­дың мөлшері, %

32-40**

47-60**

-

65

Құрғақ плен­ка­ға қайта есеп­теген­дегі жасырғыш­тығы, г/м2, эмаль­дар­ға артық емес

Сары-тоқсары 150, сап-сары 140, қара 17

Сұр 100, қара 35

-

-

200С темпера­ту­рада кебу уа­қыты, ар­тық емес:

1-дәрежеге дейін, мин

1-дәрежеге дейін, 3сағ

1-дәрежеге дейін, 5сағ

15 (10)

1 (1)

24 (24)

-

-

-

-

-

-

-

1

-

130-1350С температурада 3-дәрежеге дейін кебу уақыты, мин, артық емес

-

35

-

-

Жабынның иілуі, мм, артық емес

10(5)

3

1

50

У-2 аспабы бойынша соққан кездегі жабынның беріктілігі, кгк.см, кем емес

30(40)

45 (У-1 аспабы бойынша)

50

20

34-кестенің соңы

Маятник бойынша жабынның қаттылығы, 4шартты бірлік, кем емес

0,55(0,65)

0,5

0,35

-

Температураның +60-тан –400С-ға дейінгі өзгеруіне байланысты жабынның тұрақтылығы, цикл, кем емес

6(15)

15 +600С-дан +600С-ға дейін

-

-

Эмаль жабынның грунтовкаға адгезиясы, балл, артық емес

2(2)

2

-

-

2020С температурадағы жабынның тұрақтылығы, кем емес:

суға

минералды майға

бензинге

24(24)

-

-

48

48

8

-

-

-

-

-

-

Ылғалды сәулелендіру барысында қара эмальдың жылтырлығын жоғалтуы, %, артық емес

2

-

-

-

_______

* осы жерде және одан ары жақшаның ішінде сапа белгісі бар эмальдар үшін

** эмальдың түсіне байланысты

циклімен анықталады. 600С температурада 30 минут қыздырып, -400С температурадағы мұздатқыш камерада ұстау арқылы анықтайды (МЛ-12 эмалы үшін –600С температурада 1 сағат ұстайды).

Ылғалды сәулеленуден жылтырлығын жоғалту. 5010С температурада қыздырылған дистилденген суға батырылған лакбояғыш жабынды пластинканы жарықсүзгішсіз кварцты шаммен сәулелендірумен анықталады (НЦ-11 үшін 3 сағат, МЛ-12 үшін 6 сағат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]