- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
7. Созымды жағар майлар
Созымды жағар майлар қатты дене мен сұйық заттың аралығынан орын алады. Егер мұндай майларды бір заттың үстіне қойса, ол өз пішінін өзгертпейді, ал егер оған шағын ғана күшпен әсер етсе, ол тұтастығын бұзбай мыжылады.
Созымды жағар майды машинаның қандай да болмасын бөлшегін саңылаусыз жасау қымбатқа түскен жағдайда немесе саңылаусыз жасауға мүмкіншілік болмағанда қолданады. Олармен тозаңды заттардан қорғау қымбатқа түсетін немесе дымқыл болмай тұрмайтын бөлшектерді майлайды. Созымды жағар майды саңылауы бар ішпектерді майлауға қолданады, өйткені ондай ішпектерден центрден тепкіш күштердің әсерінен сұйық жағар майлар ағып кетеді.
Созымды жағар майлардың сұйық жағар майлардан кемшілігі - олар үйкеліс бетінен жылуды аластатпайды. Мұндай майлардың майлау қасиеті сұйық жағар майлардікінен кем, сондықтан оларды үйкелістен келетін зиян аз жерлерде қолданады.
Созымды жағар майлар сұйық минерал майлар мен әдейі арналған қоюлатқыштардың қоспасы. Арнайы қоюлатқыштық қатты денелі бөлшектерден тұратын құрылым қаңқасымен сол қаңқаның ұяларына орналасқан минералды майдың қоспасы созымды жағар май құрайды.
Бейнелеп айтқанда, созымды жағар майды майға малынып алынған мақтаға теңеуге болады, сонда мақтаның рөлін қоюлатқыш, ал мақтаға сіңген май рөлін сұйық минералды жағар май атқарады.
Сонымен қатар минералды майлар созымды жағар майдың негізін құрайды, дәлірек айтқанда созымды жағар майдың 75-90%-ы минералды майлар, сондықтан созымды жағар майдың майлау қасиеті сұйық минералды майдың сапасына тәуелді.
Қоюлатқыштың тегінен созымды жағар майдың бірталай маңызды қолдану қасиеттері туындайды. Мысалы, температуралық тұрақтылығы, дымдану тұрақтылығы, суға төзімділігі.
Қоюлатқыштар сабынды, органикалық, көмірсутекті болып бірнеше топқа бөлінеді. Қоюлатқыштарға қоятын негізгі талап – оның ұсақ бөлшектерінің қаңқа жасауға икемді болуы.
Қолдану тәсіліне және шартына қарай созымды жағар майлар төмендегі талаптарды қанағаттандыруға тиісті:
жоғарғы жұмыс температурасында тиісті механикалық қасиетін сақтап, төменгі температурада аса көп қоюланбауға тиісті;
қалыпты жылутұрақтылығы болу керек немесе қыза келе балқымауы керек;
сақтау кезінде және жұмыс барысында үйкеліс беттерінде сұйық май мен қоюлатқышқа бөлінбеуге тиісті;
судың әсерінен бұзылмауы (суда ерімеуі) тиіс;
химиялық тұрғыдан тұрақты болуы керек;
қорғау қасиеті жақсы болып, металдарды мүжілдірмеуге тиісті;
машина бөлшектеріндегі саңылауларды сенімді түрде бітеуге тиісті.
7.1. Созымды жағар майларды өндіру
Созымды жағар май жасауға тұтқырлығы аз «веретенный», орташа тұтқырлы «машиналы» дистилляттардан жасалған минералды жағар майларды қолданады.
Созымды жағар майлардың қасиетіне оның негізі болып отырған минералды сұйық жағар майдың қасиеттері өз ықпалын тигізеді. Алайда жағар майдың негізгі қолдану қасиетіне қоюлатқыш қоспалардың әсері басым. Сондықтан созымды жағар майларды қоюлатқыштардың тегіне қарай топтастырады.
Қоюлатқыштардың құрылымдық қаңқасы мөлшері 0,1-ден 10 мкм-дей болатын шарик, таспа, жалпақ тілік, ине тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын кристалдар болып келеді.
Құрамында сабын жоқ цезерин, балауыз, петролатум сияқты көмірсутектерді қолданады. Сондықтан бұл қоюлатқыштарды қолданып жасалған созымды жағар майларды көмірсутекті созымды жағар майлар деп те атайды.
Сабынсыз қоюлатқышты қолданып жасалған созымды жағар майлардың химиялық және физикалық тұрақтылығы өте жақсы, ол тетіктерді тотығудан жақсы сақтайды. Алайда олардың майлау және температуралық қасиеті онша емес, сондықтан мұндай созымды жағар майларды қорғаушы майлар ретінде жиі қолданады.
Пайдаланып жүрген созымды жағар майлардың көпшілігі сабынды қоюлатқыштарды қолданып жасалған. Сабынды маймен немесе майлы қышқылдармен сілтіні әрекеттестіру арқылы алады. Май қышқылы немесе май ретінде көбінесе синтетикалық майды, сирегірек жануарлар майын қолданады. Ал майлармен әрекеттестіруге натрий, кальций, мырыш, литий т.б. металдар негіздерін қолданады. Аралас сілтілерді қолданып та сабын жасайды.
Қолданатын сілтілердің тегіне байланысты созымды жағар майларды натрийлі, кальцийлі немесе қос сілтіні қолданса, мысалы, кальций-натрийлі созымды жағар майлар дейді.
Ең көп тарағаны кальцийлі созымды жағар майлар. Оларды «солидол», натрийлілерді «консталиндер» деп атап кеткен.
Кальцийлі-натрийлі созымды жағар майларының түрлері: 1-13, ЯНЗ-3, УТВ.
Пайдалану қасиеті жақсы болғандықтан литийлі созымды жағар майы соңғы кезде көп тарап келеді. Қоюлатқыш ретінде литий сабынын қолданады. Оның құрылымдық қаңқасы өте ұсақ. Сондықтан литий сабындарының қоюлатқыш әсері өте жоғары.
Созымды жағар майлардың құрамында минералды майлар мен қоюлатқыштардан басқа графит, тальк т.б. толтырғыштар мен қоспалар болады. Мысалы, кальций созымды жағар майларының құрамы 10-20% сабын (қоюлатқыш), 3%-ға дейін су, ал қалғаны минералды майдан тұрады.
