Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері

Созымды жағар майлардың негізгі пайдалану сипаттамаларына беріктік шегі, тұтқырлығы, коллоидты тұрақтылығы, тамшылау температурасы, механикалық тұрақтылығы, суға төзімділігі және т.б. жатады.

Беріктік шегі. Созымды жағар майдың бір қабатын екінші қабатына қарағанда жылжыту үшін қажетті ең аз күшті оның беріктік шегі дейді. Ол көрсеткіш созымды жағар майдың температурасына байланысты. Беріктік шегінің шамасы пластометр аспабымен анықталады (26- сурет). Созымды жағармайдың саңылаулы тетіктерде сақталуы тік, не еңкейіп тұрған тетіктердің үйкеліс беттерінен инерциялық күштердің әсерімен шығып қалмауы беріктік шегінің мөлшеріне байланысты. Қалыпты жұмыс температурасында созымды жағармайдың беріктік шегі 300-500 Па-дан аспауы керек, 200С-да 300-1500 Па-ға тең, ал температурасы жоғары жұмыс аумағындағы минималды мәні 100-200 Па-дан төмен болмауы керек.

26- сурет. Пластометр – К-2:1-ішкі беті бұдырланған капилляр түтік, 2-сыналушы созымды жағар май, 3-қызғаннан кейін көлемін ұлғайтатын сұйық, 4-қыздырғыш

Тұтқырлығы. Мемлекеттік стандартта, әдетте, көрсетпегенмен созымды жағар майдың қоюлығын сипаттайтын қосымша көрсеткіш бар. Оны пенетрация дейді. Сыналушы созымды жағар майды аспаптың ыдысына (1) салып, оны 250С-ға дейін қыздырады (27- сурет). Содан кейін тиекті (4) босатып, аспаптың конусына (3) өз салмағымен батуға мүмкіншілік жасайды. Аспаптың батушы тетіктерінің жалпы салмағы 150г, ал созымды жағар майға бату мезгілі 5 сек. Осы айтылған жағдайда бату тереңдігін шкаланың (5) қанша градусқа бұрылғаны арқылы өлшейді. Сыналушы созымды жағар май неғұрлым сұйықтау, жұмсақ болса, аспаптың конусы соғұрлым тереңге батады да, шкала көрсеткіші үлкен сан көрсетеді. Қыздыру температурасы өскен сайын оның пенетрациясы да өседі.

Созымды жағар майдың саңылаулы тетіктерде сақталуы тік, не еңкейіп тұрған тетіктердің үйкеліс беттерінен инерциялық күштердің әсерімен шығып қалмауы беріктік шегінің мөлшеріне байланысты. Қалыпты жұмыс температурасында созымды жағар майдың беріктік шегі 300-500 Па-дан аспауы керек, 200С- да 300-1500 Па-ға тең, ал температурасы жоғары жұмыс аумағындағы минималды мәні 100-200 Па-дан төмен болмауы керек.

Тұтқырлығы. Мемлекеттік стандартта әдетте көрсетпегенмен созымды жағар майдың қоюлығын сипаттайтын

27- сурет. Пенетрометр: 1-созымды жағар май салынған ыдыс, 2–сыналушы созымды жағар май, 3–конус, 4–тиек, 5–көрсеткіш шкала, 6–қыздырушы аспап

28-сурет. Пенетрацияның температураға байланысты өзгеруі

28-суретте екі түрлі созымды жағар май пенетрациясының қисығы көрсетілген. Жанар майдың жұмыс температурасы өсе келе оның пенетрациясы да өссе, жағар май өзінің негізгі артықшылығы – қоюлығынан айрыла бастайды. 28-суретте көрсетілген екі түрлі созымды жағар майдың пенетрациясын салыстырғанда № 2 майдың бұл қасиетін артық деп санайды. Көп тараған созымды жағар майдың пенетрациясы төмендегідей:

УСс1 – 300 - 3500 УТС1 – 225 - 2750

УСс2 – 230 - 2900 УТС2 – 175 - 1950

Біртекті созымды жағар май маркасының саны өскен сайын қоюлық қасиеті жақсара түседі.

Коллоидтық тұрақтылығы. Сақтау кезінде қоршаған ауаның температурасына байланысты немесе жұмыс үстінде температурамен қоса жұмыс қысымының әсерінен созымды жағар майдан оның сұйық бөлімі бөлініп шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда үйкеліс бетінде қоюлату басым болып, созымды жағар майдың майлау қасиеті азаяды. Созымды жағар май өз құрамынан минералды май бөлігінің шығып қалмауын сипаттайтын қасиетін коллоидты тұрақтылық дейді.

Коллоидты тұрақтылықты арнаулы аспапта МССТ 7142-74 бойынша анықтайды.

Созымды жағар майды тұрақты салмақпен белгілі бір уақыт ішінде қысып, бөлініп шыққан сұйық майдың пайыз мөлшері мен оның коллоидты тұрақтылығын анықтайды. Коллоидты тұрақтылық мөлшері майдың тұтқырлығы мен оның қоюлатқышының түріне байланысты. Қаңқа бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, май соғұрлым тұрақты болады. Литий сабынымен қоюланған созымды жағар майлардың негізі неғұрлым аз тұтқырлы болса, оның тұрақтылығы соғұрлым нашар. Оның себебі -тұтқырлығы аз сұйық майды қоюлату қаңқасында ұстау қиындайды.

Механикалық тұрақтылығы. Созымды жағар майлар үйкеліс бетіндегі жұмыстан деформацияға душар болады. Ұзақ уақыт механикалық әсерден созымды жағар майдың беріктік шегі мен тұтқырлығы кемиді. Ол қасиеттері жұмыс тоқталғаннан кейін бұрынғы қалпына келуі де, келмеуі де мүмкін. Созымды жағар майдың бұзылуға қарсы тұру қабілетін механикалық тұрақтылығы дейді. Механикалық тұрақтылығы нашар созымды майлар тез арада бұзылып, сұйылып, үйкеліс бетінен ағып кетеді. Созымды жағар майдың аса тығыздалуы да жақсы емес. Тым тығыздалған май үйкеліс бетінде ақпайды.

Химиялық тұрақтылығы. Созымды жағар майдың ауадағы оттегіне тотықпау қасиетін оның химиялық тұрақтылығы дейді. Қалыпты температурада созымды жағар майлар тотықпауға мейлінше тұрақты. Температура 1000С-ге көтерілгенде кейбір созымды жағар май тотығады да, оның қышқылдар саны көбейеді. Майдың қалыңдығы азайған күнде олардың тотығуы жылдамдайды. Химиялық тұрақтылығын жақсарту мақсатында кейбір созымды жағар майларға тотығуға қарсы қоспалар қосады.

Тамшылау температурасы. Созымды жағар майды қыздыра берсе, ол созымды қалпынан айрылып, сұйыққа айналып аға бастайды. Тәжірибе кезінде созымды жағар май белгілі бір температурада еріп, аспаптың капсуласынан тамшы болып бөлінеді, осыдан барып тамшылау температурасы деген көрсеткіш туған. Тамшылау температурасының шамасы созымды жағар майды қолданудың жоғарғы температуралық шегін көрсетеді.

Негізгі созымды жағар майлардың тамшылау температуралары төмендегідей: көмірсутекті – 50-600С; кальцийлі - 70-800С; кальций-натрийлі -120-1500С; натрийлі - 115-1500С. Соңғы кезде көп қолданылып жүрген литийлі созымды жағар майларының көрсеткіштері кең тараған, жоғарыда аталған жағар майлардікінен артық. Литийлі жағар майларының бірнеше түрлері бар, олардың қолдану мақсатына, орнына байланысты тамшылау температуралары 170-2000С аралығында болады.

Мүжілдіру және қорғау қасиеті. Созымды жағар майдың мүжілдіру қасиетін стандарт бойынша қызған майға белгілі бір мезгілге металл тіліктерін батыру арқылы анықтайды. Жаңа майлар металды мүжіл- дірмейді. Алайда жағар май көп уақыт сақтауда тұрса немесе қолдану кезінде жұмыс әсерінен ластанып, суланғаннан оның мүжілдірмеу қасиеті төмендейді.

29- сурет. Созымды жағармайдың тамшылау температурасын анықтайтын аспап

Созымды жағар майдың металл бетін қоршаған ортаның мүжілдіруі әсерінен бұзылудан қорғау қабілетін сақтағыштық қасиеті дейді. Созымды жағар майлардың көпшілігінің бұл қасиеті сұйық жағар майлардан асып түседі. Созымды жағар майлардың сақтағыштық қасиетінің жақсы болуы олардың металл бетіне ағып кетпеу қабілетіне байланысты. Бет деңгейі майланған металл тіліктерінің белгілі бір уақыт аралығында 500С қызған, 100% ылғалды кеңістікте салмағының өзгеруіне қарай майдың сақтағыштық қасиетін бағалайды. Металл тіліктерінің салмағынан басқа бет деңгейінің түріне де көңіл аударылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]