- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
Октан саны. Детонациялық тұрақтылық октан санымен бағаланатын отынның маңызды қасиеті. Октан саны жоғары отындарда детонацияның болуы мүмкін емес.
Отынның октан саны (ОС) дегеніміз - детонациялық тұрақтылығы бойынша сыналатын отынға тең изооктан мен қалыпты гептаннан тұратын жасанды түрде дайындалған қоспадағы изооктанның пайыздық мөлшері (көлемі бойынша). Изооктан С8Н18 атауымен белгілі триметилпентан дербес көмірсутегі қысу дәрежесінің ең үлкен жағдайында ғана детонацияға түседі, оның октан саны 100-ге тең. Ал қалыпты гептан С7Н16 детонациялық жануға өте бейім болуына байланысты оның октан саны 0-ге тең.
Автомобиль бензиндерінің зертханалық жағдайда детонацияға шыдамдылығын бағалау үшін қысу дәрежесі өзгермелі бір цилиндрлі қозғалтқыштардан жасалған қондырғылар көп тараған. Біздің елде октан санын анықтау үшін арнап жасалған, жан-жақты зерттелген УИТ-65 әмбебап қондырғысын қолданады. Қондырғының сынау қабілетін тұрақты қалыпта ұстау үшін ол автоматты электронды аспаппен жабдықталған. Автомобиль бензиндерінің ОС моторлы (МССТ 511-82) және зерттегіш тәсілдермен анықталады.
Бензиннің ОС төмендегідей анықтайды: УИТ-65 қондырғысы зерттелуші бензинмен жұмыс істегенде белгілі бір мөлшерде детонация пайда болғанша қозғалтқыштың қысу дәрежесін өзгертеді. Одан кейін зерттелуші бензиндегідей қысу дәрежесінде детонация мөлшері де сондай болып, жұмыс істейтін үлгі ретіндегі көмірсутектер қоспасын іріктейді. Мұндай қоспадағы изооктанның массалық үлесі – пайыз саны сыналушы бензиннің октан саны деп қабылданады. Моторлы және зерттегіш тәсілдер арқылы ОС анықтаудың сынау дәрежесі әр түрлі.
1-кесте.
Көрсеткіштер |
Моторлы тәсіл |
Зерттегіш тәсіл |
Қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігі, айналу/мин |
900 10 |
600 6 |
Суыту жүйесіндегі температура, 0С |
100 2 |
100 2 |
Ауаның температурасы, 0С |
40-50 |
52 1 |
Қоспаның жылыту температурасы, 0С |
149 1 |
Қоспа қыздырылмайды |
Картердегі майдың температурасы, 0С |
50-79 |
50-79 |
Тұтандырудың алдын алу, жоғары өлі нүктеге дейінгі иінді біліктің айналу бұрышы |
Қысу дәрежесі 5 болғанда - 260, 7 болғанда – 190 |
Үнемі 130 |
Бензинді моторлы тәсілмен сынау ережесі зерттегіш тәсілмен сынаудан қатаң болып келеді. Сондықтан зерттегіш тәсілмен анықталған бензиннің ОС, моторлы тәсілмен анықталғаннан біраз жоғары болып келеді. Осы екі тәсілмен анықталған бензиннің ОС айырмашылығын «бензиннің сезгіштігі» дейді.
Қозғалтқыштың қызуы жоғарғы ретте болғанда бензиннің нақты детонацияға шыдамдылығы оның ОС-ын моторлы тәсілмен анықтағанға сәйкес, ал жылу кернеуі кем жағдайда зерттегіш тәсілге көбірек сәйкес болады.
Бензиндердің детонацияға шыдамдылығы толық оның құрамындағы көмірсутектердің санына және олардың құрылымына байланысты. Отын құрамындағы көмірсутектерге жатпайтын қоспалардың детонацияға шыдамдылығына ешқандай әсері жоқ.
Қазіргі тауарлы автомобиль бензиндері тікелей айыру, жылулық және каталитикалық крекинг, гидрокрекинг тәсілдері арқылы алынады, сонымен қатар полимерлеу, изомерлеу және риформинг тәсілдерімен өңделген құрамдас бөліктерін араластыру арқылы бапталады. Тауарлы бензинде құрамдас бөліктерінің ара қатынасының мөлшерін олардың детонациялық шыдамдылығына қарай анықтайды. Сонымен, біріншіден, қазіргі технологияны қолдану арқылы бензиндердің детонациялық шыдамдылығын 75-тен 94-ке дейін ұлғайтуға болады.
ОС көтерудің екінші жолы – негізгі бензинге изооктан, алкинбензол және т.б. сияқты моторлы тәсілмен анықталған ОС 100-ге дейінгі жоғары октанды құрамдас бөліктерді қосу. Мұндай сыңарларды негізгі бензинге 40%-ға дейін қосады.
Отындардың детонацияға шыдамдылығын арттырудың үшінші жолы – оған детонацияға қарсы антидетонаторларды қосу. Мұндай химиялық қосылыстар бензинге өте аз мөлшерде қосылғанымен (1кг бензинге 0,1г шамасында) детонациялық тұрақтылықты елеулі түрде ұлғайтады.
Детонацияға қарсы заттардың ішінде ең әйгілі және тиімдісі -тетраэтилқорғасын (ТЭҚ) Pb (С2Н5)4. ТЭҚ – сарғыш немесе түссіз, тығыздығы жоғары (625кг/м3), суда ерімейтін, ал бензинде жақсы еритін сұйық зат. ТЭҚ-ның әсері бензолдан 600 есе артық. ТЭҚ-ның ең басты кемшілігі - оның уыттылығы.
ТЭҚ-ның детонацияға қарсы әсері бензиннің құрамындағы көмірсутегінің түрлеріне байланысты. Антидетонатор қосқаннан кейін бензиннің детонацияға төзімділігінің өсу қасиетін оның қабылдағыштығы дейді.
Парафин көмірсутегінің ТЭҚ-ды қабылдағыштығы ең жоғары, ал олефин, ароматты көмірсутектердікі ең азы. Сонымен, бензиннің қабылдағыштығы оның құрамындағы көмірсутектердің сипатына қарай анықталады.
Басқа бензиндерге қарағанда тікелей айырумен алынған бензиндердің ТЭҚ-ды қабылдағыштығы жоғары.
Антидетонатор ретінде таза ТЭҚ-ды қолдануға болмайды, себебі ол жанғаннан кейін шыққан заттар жану камерасының қабырғаларына қақ ретінде шөгіп жиналады да, аз уақыттан кейін қозғалтқыш жұмыс істеуін тоқтатады.
ТЭҚ жанғаннан кейін шығатын негізгі зат – қорғасын оксиді, оның балқу температурасы өте жоғары (8800С), сондықтан сұр түсті қатты зат аса қызбайтын тетіктерге қонады.
ТЭҚ-ды бензинге ерекше қасиеті бар заттармен бірге қосады. Ондай заттар ретінде этил сұйықтарын пайдаланады. Этил сұйықтары жанғанда қорғасын және оның оксидімен қаныққан бу қысымы өте жоғары, ал балқу температурасы төмен қосылыстар түзеді. Мұндай қосылыстар аластатқыш деген атаумен тараған.
Аластатқыш ретінде қолданатын этил сұйықтарының құрамында хлор, бром немесе хлор мен бром элементтері бар бромды этил, дибромэтан, дихлорэтан, монохлорнафталин сияқты заттарды қолданады.
Этилденген бензиндердің өзіндік ерекшеліктері бар, ондай бензинді қолданған кезде төмендегі ерекшеліктерді ескерген жөн:
- этилденген бензинмен жұмыс істеген қозғалтқышта күйе көп болады. Ол жұмыстың алғашқы сағаттарында қарқынды жиналады, одан кейінгі уақытта шөгінділер аз мөлшерде жиналғанымен қорғасынның жалпы мөлшері өсіп отырады;
- жану камерасында қорғасын қосылыстарының шөгуі ондағы күйенің тұтану температурасын төмендетеді. Одан қызумен тұтану мүмкіндігі туындайды;
- тұтандыру пілтесінің сенімді жұмысы оған шөккен күйенің құрамына байланысты. Қорғасын қосылыстары бар күйенің жоғары температурада электр кедергісі төмен болады. Ол жағдай тұтандыру пілтесінің электродтарының тұйықталуынан пілтенің жұмысын тұрақсыздандырады. Сондықтан этилденген бензинмен жұмыс істеу пілтенің жұмыс мерзімін кемітеді;
- этилденген бензин буланғанда ТЭҚ да, этил сұйықтары да әр цилиндрге біркелкі болып бөлінбей қозғалтқыштың жұмысын тұрақсыздандырады;
- этилденген бензиннің құрамында су болса, мүжілдіру қабілеті артады. Оның себебі - аластатқыш қосылыстар сумен әрекетке түсіп, қышқылдар түзеді. Сондықтан қозғалтқышты ұзақ уақыт сақтауға қойғанда оның цилиндрлерін арнаулы созымды сақтағыш майлармен өңдеу қажет;
- ТЭҚ ауадағы оттегінің, күн сәулесінің әсерінен ыдырап, тұнба ретінде бензиннен бөлінеді. ТЭҚ бөлінуі бензиннің ОС кемітеді;
- этилденген бензиндер уытты, сондықтан сақтану ережелерін мұқият орындаған жөн.
