Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері

Созылу кезіндегі беріктік шегі - салыстырмалы және қалдық ұзарту.

Вулкандалған резеңкенің механикалық қасиеттері созылу мен созылуға сынау барысында алынатын стандартты көрсеткіштермен сипатталады.

Созылу кезіндегі беріктік шегі деп үлгінің үзілу мезетіндегі резеңкеде пайда болатын күшті айтады.

Сандық жағынан беріктік шегі z үлгінің бүлінуі мезетінде белгіленіп алынған ең жоғарғы жүктемені Р созылу басталғанға дейін өлшеніп алынған оның көлденең қимасының ауданына бөлгендегі жиілігіне тең.

Бүліну кезіндегі салыстырмалы ұзарту z деп пайызбен өрнектелген резеңке үлгісінің бүліну мезетінде созылған ұзындығының ең алғашқы ұзындығына қатынасын айтады.

Бүліну кезіндегі қалдық ұзарту z деп пайызбен өрнектелген бүлінген үлгі ұзындығының өсімінің оның алғашқы ұзындығына қатынасын айтады.

Резеңке үшін беріктік шегі, салыстырмалы және қалдық ұзарту мына формулалар арқылы есептелінеді:

, (12 )

100, (13 )

100, (14 )

мұндағы , , - үлгінің жұмыс учаскесінің ұзындығы: сынаққа дейінгі, бүліну мезетіндегі, бүлінген соң 1 мин. кейін;

b0, h0 – жұмыс учаскесінің сынаққа дейінгі ені мен қалыңдығы.

Автомобильдердің, тракторлардың, жол машиналарының маңызды бөлшектерін дайындау мен жөндеу кезінде қолданылатын үш түрлі резеңкенің кейбір стандартты параметрлері 36-кестеде көрсетілген.

36-кесте. Автомобиль шиналарына арналған резеңкенің механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері

Қолданылу мақсаты

Бүліну кезіндегі беріктік ше­гі, кг/см2, кем емес

Бүліну кезіндегі салыстырмалы ұзарту, %, кем емес

Бүліну кезіндегі қалдық ұзарту, %, артық емес

Шор бой­ын­ша қат­тылығы

Бұжыртабан

140*

450

-

53-65

Камера

85

500

40

-

Жөндеуге арналған қабатты резеңке

200

550-850

40

45 кем емес

  • жеңіл автомобильдерге арналған 7,50-16, 8,20-15, 7,00-15 раз­мерлі бұжыртабандар дайындайтын резеңкелердің бүліну кезіндегі беріктік шегі 220 кг/см2-тан кем болмауы керек.

Салыстырмалы және қалдық ұзарту жиынтығы резеңке материалдың созылғыштығын сипаттайды. Екеуінің арасындағы айырма неғұрлым үлкен болса, материалдың созылғыштық қасиеті соғұрлым жақсы болады.

Резеңке бөлшектердің жұмыс істеу мерзімі ұзақ болу үшін оны сақтаған, пайдаланған кезде күш пен деформацияның аз болуын қамтамасыз еткен жөн.

Резеңкенің қаттылығы. Материалдың қаттылығы деп оған белгілі бір күш әсері мен басқа қатты дененің батуына қарсы тұруын айтады. Резеңкенің қаттылығын анықтау үшін қаттылықты анықтайтын ТМ-2 (Шор) аспабын қолданады.

Өңделмеген резеңкеден бұйым жасауды жеңілдету үшін арнайы өңдеу - көксағызды пластикациялау арқылы пластикалық қасиет береді. Осындай резеңкенің қаттылығын анықтау үшін ТМ-2 аспабының инесі сыналушы үлгіге батырылады.

37- сурет. Қаттылықөлшегіш ТМ-2 (Шор)

Нәтижесінде аспап көрсеткіші кішірейеді және аз уақыттан соң нөлге жуықтайды. Өңделмеген резеңкенің пластикалығы арқасында аспаптың инесі үлгіде ойықтың орнын қалдырады.

Вулкандау процесінде пластикалық жоғалады да, резеңкенің қаттылығы мен созымдылығы артады. Тұрақты, техникалық талаптар шегіне сай келетін ТМ-2 аспабының көрсеткіші оның инесі вулканизатта із қалдырмайтындай болса, онда вулкандау режимі дұрыс таңдап алынды деп есептеледі.

Резеңкенің қаттылығы белгіленген шектен қатты болса, онда резеңкені қайта вулкандайды.

Резеңкенің үйкеліске төзімділігі және қажалу коэффициенті. Үйкелістің меншікті көрсеткіші деп аталатын тозуға төзімділік көрсеткіші үйкеліске кеткен жұмыс бірлігінің қатынасы бойынша есептелген сыналушы үлгі көлемінің жоғалуын көрсетеді. Автомобильдің бұжыртабандарын жасауға арналған резеңкелердің бұл көрсеткіші 400 және 500 см3/кВт . сағ-тан артық болмауы керек.

Автомобильдің тежегіш төсеніштері әр түрлі жолдарда жүру мүмкіндіктері қажалу коэффициентіне байланысты. Резеңке сырғанаған кезде қажалу коэффициенті 0,1- 0,8 аралығында болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]