Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары

Машиналардың әлдебір жеке механизмдерін іске қосып, оларға қозғалыс беретін гидравликалық беріліс тәсілі соңғы кезде көп тараған. Гидравликалық жүйеде жұмыс істейтін сұйықтар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар беріліс қызметін атқарады да, екінші жағынан, майлағыш ретінде қолданылады. Олардың майлағыш қасиеті трансмиссиялық жағар майлармен тұстас.

Гидравликалық беріліс жұмысының екпіні онда қолданатын майлардың сапасына байланысты. Қолдану қызметіне қарай мұндай майларға өзіндік талаптар қояды:

- тұтқырлығы қалыпты болып, температураға байланысты күрт өзгермеуі керек, ең жоғарғы жұмыс температурасында 7-8 сСт-тан кем болмай, ал ең суық температурада 1000-1100 сСт-тан аспауы керек;

- майлау қасиеті жағар майлардан кем болмай, гидравлика жүйесінде қолданатын резеңкелі, былғарыдан жасалған бөлшектерді шірітпеуі керек;

- көпіру қасиеті аз, сақтау және қолдану кезінде тұрақты, арзан және өрт қаупін тудырмауға тиісті.

Гидравликалық тежеуіш сұйықтары. Тежеу қалыптарындағы үйкелістің әсерінен тежеуіш механизмдерінде қолданатын сұйықтар тежеу цилиндрінде 60-800С-ға дейін қызады. Гидравликалық тежеу жүйесінде сұйықтардың меншікті қысымы 100-120 кгк/см2 дейін барады. Тежеу механизмі тежеу жұмысын атқарғаннан кейін де жүйеде артық қысым (0,4-0,5 кгк/см2) сақталады, сондықтан гидравликалық жүйеде ауа болмауы керек. Жүйеде ауаның пайда болуы гидравликалық жүйенің жұмыс атқармай қалуына әкеліп соғады, себебі ауа қосылғаннан кейін жүйенің күш беру қасиеті жоғалады.

Этиленгликоль негізінде ГТЖ-2А, «Нева» атты сұйықтар бар. Түсі жасыл, тұнық сұйық, -650С-да аққыштық қасиетін жоғалтады. +1500С температурада буланады. Резеңке заттарды шірітпейді, температуралық қасиеті жақсы деп саналады. Гликоль текті сұйықтардың кемшіліктері -майлағыш қасиеті нашар, сондықтан үйкеліске жұмыс істейтін бөлшектер тез тозады. Енді бір кемшілігі – улылығында. Құрамында мүжілдірмейтін қоспалары бар.

Майсана майы мен бутил спиртінен жасалған БСК және этил спиртінен жасалған ЭСК маркалы тежеуіш сұйықтары кең тараған. БСК – қызыл түсті, құрамындағы май мөлшері – 47%, спирт – 53%.

БСК мен ЭСК-ның мүжілдірмеу, майлағыш қасиеттері гликоль текті сұйықтардан жақсы. Ал қалған қасиеттері жағынан ГТЖ-2А–дан кем. Мысалы, тұтқырлық-температуралық қасиетін алсақ: +500С-дағы тұтқырлығы 9 сСт, ал –400С-да 2200 сСт-қа тең. Жылжу қасиетінен –400С температурада айрылады, +770С-да қайнап, булана бастайды. Төмен температурада көп қолданғаннан майсана майы қоймалжыңданып, жеке бөлініп, тежеуіш сұйығы іриді.

Гидравликалық жүйеде қолданылатын сұйықтар. Гидравликалық жүйеде сұйықтың жұмыс істеу шарты өте қатаң жағдайда өтеді. Меншікті қысым тісті беріліс механизмдеріндегідей өте үлкен, 6000-8000 кгк/см2.

Гидравликалық жүйеде көбінесе тұтқырлығы төмен индустриалды, трансформатор, турбиналық майлар қолданылады. Олардан басқа арнайы жасалған майлар да бар: ВМГЗ, МГЕ-10А, МВП, АУП, ЭЩ, АМГ-10.

24-кесте. Гидравлика жүйесінде қолданылатын сұйықтардың негізгі сипаттамалары

Көрсеткіштер

АУП

(МГ-22)

МГЕ-10А

(МГ-15В)

ВМГЗ

(МГ-15В)

500С температурадағы кинематика-

лық тұтқырлығы, мм2/с

16-20

10,0

10,0

-500С температурадағы кинемати-калық тұтқырлығы, мм2/с

-

1500

1500

Қышқыл мөлшері, мг КОН/г

0,45-1,0

0,4-0,7

0,05

Тұтқырлық индексі

-

-

160

Қату температурасы, 0С

-45

-70

-60

Амортизаторға арналған сұйықтар. Амортизаторлар жұмыс істегенде машинаның дірілдеуінен, салқындауынан пайда болған кинетикалық энергияны сіңіру мақсатында ондағы сұйықтар амортизатордың бір кеңістігінен екінші кеңістігіне өте тар тесіктен, өте үлкен қысыммен және үлкен жылдамдықпен өтеді. Амортизаторлардың өзімен бірге ондағы сұйық қыста –500С, ал жазда 120-1400С-ға дейін қызады. Осындай жылу аралығында сұйықтың меншікті қысымы 80-120 кгк/см2 дейін көтеріледі. Амортизаторларға арналған сұйықтарға қойылатын негізгі талап үлкен температура аралығында олардың тұтқырлығы аз шамада өзгеруге тиісті.

Көпшілік жағдайда тұтқырлығы төмен мұнайдан алынған «Веретенное АУ», «Турбинное 22», «Трансформаторное» майларын қолданады. Мұндай жағдайда амортизаторлардың резеңкелі бөлшектері шіруге төзімді болуы керек. Жазғы сорттарда «Турбинное 22» (50-60%) және «Трансформаторное» (40-50%) майларының қосындылары қолданылады.

Қыс мезгілінде «Веретенное АУ» майын қолданады. Аталған майлардың амортизатор сұйығы ретінде негізгі кемшілігі - олардың төменгі температурада тұтқырлығының тым жоғары болуында.

Амортизаторларға арналған сұйықтар да бар, олардың бірі - АЖ-12Т маркалы этилполисилоксанмен қоюланған трансформатор майы.

Температуралық-тұтқырлық қасиеті жақсартылған арнайы амортизатор сұйықтарының екінші тобына терең тазарту қолданған минерал майлары жатады. Мысалы, әртүрлі қоспалар қосқан МГП-10 сортының қату температурасы –400С, тұтқырлығы –200С-да 1000 сСт-тан аспайды, ал тұтану температурасы +1500С.

25-кесте. Амортизаторға арналған сұйықтардың қасиеттері

Көрсеткіштер

МГП-10

ССТ

38-1-54-74

АЖ-12Т

ТШ 38.1011432-75

МГП-12

ТШ

38.201465-88

200С темпера­турадағы ты­ғыздығы, г/см3

930

-

920

-400С тем­пера­турадағы кинематика­лық тұтқыр­лығы, мм2/с, артық емес

-

6500

-

-200С темпе­ра­ту­радағы кинематика­лық тұтқыр­лығы, мм2/с, артық емес

1000

-

800

500С темпе­ратурадағы кинематика­лық тұтқыр­лығы, мм2/с, кем емес

10

12

12

1000С темпе­ратурадағы кинематика­лық тұтқыр­лығы, мм2/с кем емес

-

3,6

3,9

Қату темпе­ратурасы, 0С

-40

-52

-43

Жабық тигльде тұтану температурасы, 0С

145

165

140

26-кесте. Негізгі тежеуіш сұйықтарының сипаттамалары

Көрсет­кіштер

БСК

ТШ

6-101533-75

«Нева»

ТШ

6-01-1163-82

«Томь»

ТШ

6-01-1276-82

«Роса»

ТШ

6-05-221-569-84

Сырт көрінісі

Тұнбасыз жә­не меха­ника­лық қос­па­лар­сыз бір­тек­ті қызыл түсті мөлдір

Тұнбасыз, түсі ашық сарыдан сап-сарыға дейін біртек­ті мөлдір.

Тұнбасыз, ашық са­ры­дан аш­ық қо­ңыр­ға де­й­ін біртекті мөлдір

Кинема­ти­ка­лық тұт­қыр­лығы, мм2/с:

-400С-да, артық емес

500С-да, кем емес

1000С-да, кем емес

130 (00С)

9

5,5 (700С)

1500

5

2

1500

5

2

1700

5

2

Қайнау темпера­турасы, 0С, тө­мен емес

115

190

205

260

«Ылғал­дан­ған» сұйық­тың қай­нау тем­перату­ра­сы, 0С, төмен емес

-

138

160

165

Тежеуіш сұ­йы­ғын­дағы 51-1524 ре­зең­­ке­сі­нің ескір­геннен кейінгі кө­лемі­нің өз­геруі, %

-

2-10

2-10

-

Сондай 7-2462 резеңкесі үшін

5-10

2-10

2-10

-

Тіліктердің масса­сының өзгеруі, мг/см2, артық емес:

ақ қаңылтыр

болат 10

алюминий қорытпасы

шойын

мыс

латунь

0,2

0,2

0,1

0,2

0,4

0,4

0,2

0,2

0,1

0,2

0,5

0,5

0,1

0,1

0,1

0,1

0,4

0,4

0,2

0,2

0,1

0,2

0,4

0,4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]