Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.14. Синтетикалық майлар

Қазіргі кездегі дәстүрлі мұнай негізді қозғалтқыш майла­ры өздерінің бірқатар пайдалануға қажетті маңызды қа­сиетте­рі­нің мүмкін болатын шектеріне жеткендей. Көмірсутекті май­лар­дың қолайсыз қасиеті ретінде оның тұтқырлығының темпера­ту­раға тәуелділігін айтуға болады. Қолданған күрделі шаралар – ас­фальт­сыздандыру, парафинсіздендіру және жоғары индексті қою­ланған май өндіру олардың тұтқырлық-температуралық қасиетін айта қаларлықтай жақсарта алмады.

Қасиеттік көрсеткіштері мұндай текті майлардан асып тү­сетін майлағыш өнімдерді іздестірудің нәтижесі син­тетикалық қосылыстар болып табылады. Кремнийлі, полиэфирлі галогенді-көміртекті т.с.с. синтетикалық қосылыстар қазіргі кездегі қоз­ғалт­қыш майларын жасайтын компоненттер ретінде қолданыла бас­тады. Ең көп зерттелген қозғалтқыш майларының біріне са­на­латын, кремнийорганикалық қосындыларға жататын сили­конды майлар өздерінің аққыштық қасиетін төменгі темпера­ту­рада сақтап, мұндай тектес майлардың ешқайсысында байқал­маған өте жақсы тұтқырлық-температуралық қасиетін (ТТҚ) көрсетеді.

Қазіргі кездегі ТТҚ жақсы деп есептелетін қысы-жазы бір­дей қолданылатын мұнай текті қозғалтқыш майының (М6з/10Г) 1000С температурадағы тұтқырлығы 10 мм2/с, тұтқырлық индек­сі 120-дан асады. Осы майды –180С температурада тоңазытса, онда оның тұтқырлығы 500-600 есеге өседі, ал –300С-да қатады. Тұтқырлығы 1000С аталған мұндай текті маймен бірдей силикон сұйығының –180С тұтқырлығы тек 7-8 есеге өседі, ал қату температурасы 600С.

Дегенмен силикон сұйығының майлағыштық қасиеті жет­кіліксіз, сондықтан ол іштен жанатын қозғалтқыштардың бөл­шек­терін майлауға жарамайды. Егер силикон сұйығына май­ла­ғыш қасиетін жақсартатын әдейі арналған қоспа қосса, он­да силикон сұйығы келешегі зор қозғалтқыш майы болар еді.

Силикон сұйығына қарағанда полиэфир майларының майлағыштық қасиеті жақсы, олардың тұтқырлық-темпера­ту­ра­лық және төменгі температуралық қасиеттері өте жақсы. Қату температурасы –700С. Полиэфир майларының 1000С температу­ра­дағы тұтқырлығы 4 мм2/с-тан артпайды, сондықтан оларға арнайы қоюлатқыштар қажет.

Синтетикалық майлардың қатарына фосфорорганикалық ди­лалкилбензолды, полиэтиленді және өсімдіктер мен жануар­лар майлары негізінде алынған органикалық майлар да жатады.

Бұл майлардың көпшілігі мұнай тектес майлардан өзде­рі­нің майлағыштық қасиеттерімен, тұтқырлық индекстері­мен, қа­ту температураларымен, қышқылдандыру мен мүжіл­діру­ге қар­сы қасиеттерімен ерекшеленіп, тіпті олардан асып түсетіні де бай­қалады. Аталған майлардың әр түрлі климатты аймақтарда қол­дану тиімділігі де ерекше. Мысалы, диал­килбензолды май­лар суық климатты аудандарда дизельді және карбюраторлы қоз­ғалтқыштарда қолданылса, полиэфирлі май­ларды өте суық не­ме­се өте ыстық аудандарда қолдану тиімді.

Қазіргі кезде мыңдаған кремний, фтор, хлор, фосфорор­га­ни­калық қосылыстарының әртүрлі сыныптары майлағыш май­лар ретінде пайдалануға жан-жақты зерттелуде. Дегенмен осы қо­сы­лыстардың тек бір шағын бөлігі ғана іштен жанатын қоз­ғалтқыштар үшін жағар май ретінде қолданылатындығы анық­та­лып отыр. Осылардың ішінде карбон қышқылдарының күрде­лі эфирлерінен тұратын қозғалтқыштың синтетикалық майлары­ның болашағы зор деп танылуда. Болашақта осы сы­ныпты май­лар жыл мезгілдерінің бәріне жарайтын әмбебап қоз­ғалтқыш майлары ретінде көп таралады деген пікір қалып­тасуда. Алайда мұндай синтетикалық қосылыстар негізіндегі жағар майлардың кең таралуына қол байлау болып отырған кедергі – олардың өзіндік құнының өте жоғарылығы. 18-кестеде мұнай және синтетикалық майлардың негізгі көрсеткіштері келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]