Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

8.2. Төменгі температуралық сұйықтар

Қозғалтқыштың суытқыш жүйесінде судан басқа арнайы төменгі температурада қататын сұйықтар қолданылады. Оларға судың спиртпен, глицеринмен жасалған қоспаларын жатқызуға болады.

Ең көп тарағаны – этиленгликольдің судағы ерітіндісі.

Этиленгликоль – екі атомды органикалық спирт СН2ОН – СН2ОН. Ол – тұнық, түссіз, тұтқырлау келген, иіссіз, қайнау температурасы 1970С, қату температурасы 11,50С-ға тең сұйық зат. Ал этиленгликольдің сумен қоспасының қату температурасы таза өзінің қату температурасынан біршама төмен. Судың этиленгликольмен ара қатынасын өзгертіп отырып –700С-да қататын қоспа жасауға болады.

Гликольдің массалық үлесі, %

30 - сурет. Этиленгликоль қоспасының кристалдану графигі

Мұндай қоспалардың сумен этиленгликольдің ара қатынасына қарай тығыздығы әртүрлі. Қоспаны «антифриз» деп те атайды. Ең көп тарағандары - «Антифриз-40» және «Антифриз-60». «Антифриз-40»-тың қату температурасы –400С. Құрамында 47% су, 53% этиленгликоль бар. «Антифриз-60»-тың қату температурасы –600С. Құрамында 34% су, 66% этиленгликоль бар.

Гликольдердің металды тотықтыру қасиеті бар, оны басқару мақсатында антифриздерді арнайы қоспалармен араластырады. Шойын мен болаттан жасалған бөлшектерді мүжілдірмес үшін натрий фосфатын 2,5-3,5 г/л; алюминий, жезден жасалған бөлшектерді мүжілдірмес үшін декстринді 1г/л; хром, мырышпен жалатылған бөлшектерді мүжілдірмес үшін натрий молибдатын антифризбен араластырады.

Антифриздердің өзіндік ерекшеліктері бар, оларды қолдану кезінде ескерген жөн болады.

1. Антифриз буланған кезде бу құрамында этиленгликольден гөрі су әлдеқайда көп. Сондықтан дағдылы жағдайда антифриздің тек су бөлшегі кемиді де, мезгіл-мезгіл қозғалтқыштың суытқыш жүйесін сумен толықтырып отыру керек.

2. Антифриздің жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі судікінен кем. Сондықтан суытқыш жүйеге антифриз құймастан бұрын ол жүйені қақтан арылтқан дұрыс.

3. Көмірсутектер антифризге тамғанда ол көпіреді, сондықтан адам денесіне тимеуін қарастырған жөн, себебі этиленгликоль улы зат.

4. Этиленгликольдің көлемдік ұлғаю еселігі үлкен. Жұмыс температурасында антифриздің көлемі 6-8% өседі. Сондықтан антифризді суытқыш жүйесіне 6-8%-ға кем құю керек. Суытқыш жүйенің көлемін толық қолдану және антифриздің шығынын азайту мақсатында қазіргі кездегі машиналарда кеңейткіш бак қолданады.

5. Этиленгликоль антифриздерінің аққыштық қасиеті үлкен, сондықтан суытқыш жүйесіндегі жалғағыштар тығыз қымталған болуы керек.

6. Антифриз қата қалған жағдайда көктемдегі қардай борпылдақ болады да қозғалтқыш бөлшектеріне зияны тимейді.

«Жигули» маркалы жеңіл автомобильдер үшін негізі этиленгликольден жасалған «Тосол-А», «Тосол-40», «Тосол А-40», «Тосол А-65» таңбалы суытқыш сұйықтар шығарылады.

23-кесте. Қозғалтқыштың суыту жүйесіне арналған сұйықтардың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш­тер

Тосол ТШ 6-02-751-86

«Лена» ТШ 113-07-02-88

АМ

А-40

А-65М

ОЖ-К

ОЖ-40

ОЖ-65

Түсі

Көк

Қызыл

Жасыл-сары

200С-дағы ты­­ғыздығы, г/см3

1120-1140

1075-1085

1085-1095

1120-1150

1075-1085

108-1100

Кристалдану температурасы, 0С

-40

-65

-

-40

-65

-

Сілтілік қоры, см3

10

10

10

10

10

10

Көрсеткіш­тер

Тосол ТШ 6-02-751-86

«Лена» ТШ 113-07-02-88

АМ

А-40

А-65М

ОЖ-К

ОЖ-40

ОЖ-65

Сынау ке­зінде метал­дың мүжілу­ге шығыны, мг

Жез

Дәнекер

Алюминий

Шойын

10

12

20

10

10

12

20

10

10

12

20

10

10

12

20

10

10

12

20

10

10

12

20

10

Суытқыш сұйықтық­тың құрамы, %

Этиленгли­коль

Су

97

3

56

44

64

36

96

3

56

44

65

35

«Тосол А» суытқыш сұйығында этиленгликольдің концентраты артық, қозғалтқыштың суытқыш жүйесінде «Тосол А»-ны 1:1 арақатынасымен тазаланған сумен араластырып қолданады.

Төменгі температурада қататын сұйықтар ретінде «ДЗ» қыстық дизельді отынды қолдануға болады. Дизельді отынды қозғалтқыштың суытқыш жүйесінде қолдану үшін оны алдын ала өңдейді. Дизельді отынды өңдеу процесі төмендегідей:

1) дизельді отынның құрамындағы қышқылдардан арылту мақсатымен оған мыс жаңқасын қосып, 120-1300С-ға дейін қыздырады;

2) мыс жаңқасын аластатып, 4-5% күкірт қышқылын қосып, 2 сағат бойы бабына келтіреді;

3) кальцийлі сода қосып, сумен үш рет шаяды;

4) «ДЗ» отынын 1000С-ға дейін қыздырып, құрамындағы судан арылтады.

Осылайша арнайы дайындалған дизельді отынның суытқыш агент ретінде бірқатар артықшылығы бар: аса тапшы зат емес; қатқан күйінде зиянсыз; антифризге қарағанда тұтқырлығы төмен; металдың бет қабатында мүжілуден қорғайтын қабыршақ пайда болады; оңай буланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]