Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.8. Майлардың тұрақтылығы

Сақтау кезінде майлар өзінің қолдануға қажетті қа­сиеттерін жоғалтпауы керек.

Қазіргі кездегі майлар өз қасиеттерін жоғалтпай 5 жыл не­месе одан да ұзақ сақталады. Ал егер май құрамында мұқият та­за­ланбаған күлді қоспалар болса, оның үстіне 0,1% сумен дым­данса, сақтаған кезде тұнба пайда болады. Тұнба судан, май­дан, қоспадан және әр түрлі ластан тұратын эмульсия құрайды. Тұн­ба шөгетін майдың қолдануға қажетті қасиеті нашарлап, физи­ка-химиялық көрсеткіштері стандартқа сай келмейді.

Машиналарды қолдану және майды қоймада сақтау ке­зінде әртүрлі сортты майлар бір-бірімен араласуы мүмкін. Май­лар бір-бірімен араласқан күнде олардың күлділік, тұтқырлық қасиеттері, механикалық қоспасы, дымқылдығы өзгереді. Май­дың қасиеті сортына, құрамына және қоспалар мөлшеріне бай­ланысты тікелей өзгереді. Тұтану температурасы жеңіл май­лардікіндей, ал лайлану, қату температуралары күрделі заңмен өз­геруі мүмкін.

Майлар араласқан күнде қоспалар бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін, ондайда кейбір пайдалану қасиеттері араласқан майлардікінен төмен болады. Сондықтан майларды мейлінше араластырмаған жөн.

5.9. Майдың азғындауы

Майдың азғындауы деп оның барлық физика-химиялық қасиеттерінің толық өзгеруін айтады.

Майдың азғындауына себепші болатын көптеген жайт­тарды үш топқа бөлуге болады:

1) қозғалтқыштағы майдың жұмыс жағдайы – қозғалт­қыштың жұмыс ережесі, майлайтын бөлшектердің темпера­турасы, отынның толық жануы, ауаның тазалығы т.б;

2) майдың сапасы – тотықтырушылық, жуғыштық, мүжіл­дірмеушілік және басқа да қолдануға қажетті қасиеттері;

3) майлау жүйесінің ерекшелігі – қозғалтқыштағы май мөлшері, май тазалау жүйесінің екпінділігі.

Майдың азғындау қарқыны аталған себептердің жиынты­ғының әсерімен анықталады. Майдың азғындауынан оның пай­да­лануға қажетті қасиеттері өзгереді. Өзгерістердің ерекшелігін білу арқылы майды жаңарту уақытын анықтауға болады.

Майдың тұтқырлығы. Тотығу өнімдерінің жиналуынан қолданылған майдың тұтқырлығы 10-12% өсетіні байқалады. Ал егер тұтқырлығы төмендесе, ол тек отынмен араласқаннан болады.

Майдың күлі. Жаңа майдағы бұл көрсеткіш күлді қос­палардың мөлшерін көрсетеді. Майды қолдана келе оның күлі азаяды, оның себептері:

- қоспалардың қышқыл өнімдерді бейтарап етуге шы­ғын­далуы, одан пайда болған заттар сүзгіде тұрып қалады;

- жоғары температуралы аймақта қоспалардың жылулық ыдырауы;

- қоспалардың сүзгіде, бөлшектердің үйкеліс бетінде, ме­ханикалық қоспаларда тұрып қалуы.

Майда күлдің көбею себептері: жаңа маймен үстемелеу, майда тозғын өнімдерінің, шаңның т.б. лас заттардың жиналуы.

Қышқыл саны. Қышқыл саны 1 г майдағы қышқыл өнім­дерді бейтараптандыру үшін қолданған сілтінің (КОН) мг саны­мен анықталады. Қоспасы бар жаңа майларда қышқыл саны өз мәнін жоғалтады, себебі майдың қышқыл саны майға енгізілген қоспаның түріне тәуелді.

Осыған байланысты қоспасы бар жаңа майлар үшін бұл көр­сеткіш мөлшерленбейді. Тәжірибе көрсеткендей пайдала­ныл­ған майларды сынағанда қышқыл саны 2-3 мг КОН/г май бол­уы мүмкін. Бұдан жоғары қышқыл саны қозғалтқыштағы кор­ро­зияның артуына әкеліп соғады.

Сілтілік. Майдың бейтараптық қасиетін сипаттайды. Отын­ның толық жанбаған өнімдерін (әсіресе күкірті көп) бей­та­раптандырады және олардың қозғалтқышты мүжілдіруінен сақтайды. Қазіргі майлар белгілі бір мөлшерде сілті қорына (2-10 мг КОН/г) ие. Жұмыс жағдайына, қолданған отынға, мотор майының сапасына байланысты жұмыс процесінде майдың сілтілік қоры түрлі қарқында жұмсалады. Сондықтан тиісті мезгілін тауысқан майда сілтілік көрсеткіші 1-0,5 мг КОН/г-ға дейін кемиді.

Тұтану температурасы. Бұл қыздырылған май буының ауамен араласып, жалын тигізген кезде тұтанатын майдың ең төменгі температурасы. Автомобиль майларының тұтану темпе­ра­турасы 165-2200С аралығында болады. Бұл көрсеткіш бойын­ша майдың өртке қауіптілігі мен майдың құрамында жеңіл буланатын көмірсутектердің бар екендігін, майдың отынмен араласқанын білдіреді. Бұл температура неғұрлым төмен болса, соғұрлым майдың булануы жоғары болып, шығыны артады.

Механикалық қоспалар. Олар екі түрлі болады: орга­никалық және бейорганикалық. Органикалық бөлшегі - майдың тотығу өнімдері, ал бейорганикалық бөлшегі – тозғын өнімдері, қоспалар күлі, шаң т.б. лас заттар.

Судың болуы. Май құрамында су болмауы керек. Су май­да көбік пен эмульсияның пайда болуына әкеліп соғады. Олар май құбырларын бітеп, үйкелетін беттердің майлануын нашар­латады, бөлшектердің коррозияға ұшырауына себепші болады. Әсіресе қысты күні майда судың болуы қауіпті. Су майдың түбіне шөгіп, қатады да май сорғыларын бүлдіреді.

Майды ауыстыру мерзімі. Майды ауыстырудың оңтайлы мерзімі оның пайдалану қасиеттеріне, қозғалтқыштың құрылы­мына байланысты, сондықтан техникалық, экономикалық, ха­лық шаруашылық факторларымен байланысты шамаларды ке­шен­ді түрде қарастыру қажет. Карбюраторлы қозғалтқыш­тар­дағы тауарлы қоспалары бар майларды автомобильдің 6000-9000 км жүрісінен кейін ауыстыру керек. Ауыр жұмыс және жоғары шаң жағдайларында майды 1500 км-ден кейін ауыс­тыра­ды.

Майды ауыстыру мерзімін автомобильдің майлау картасына шығарушы зауыт жазады. Бұл мерзім әр зауытта әртүрлі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]