- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
8. Техникалық сұйықтар
Машиналарды қолдануда отын, жағар маймен қатар техникалық сұйықтарды да қолдану кеңінен тараған. Техникалық сұйықтардың атқаратын қызметі әртүрлі: қозғалтқышты от алдыруды жеңілдету; оларды суыту; тежеуіш жүйесіне, аммортизаторларға, автоматты шапшаңдату қорабына, кейбір көтергіш құбырларға күш беру. Сондықтан техникалық сұйық заттар өзінің құрамы, жүктелген міндеті, қасиеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
8.1. Суытқыш сұйықтар
Отын жанғаннан шыққан жылудың бір бөлігі жану камерасын жылытуға кетеді. Жану камерасының қабырғалары қатты қызған жағдайда цилиндрдің толуы нашарлағаннан қозғалтқыштың қуаты кемиді, тетіктердің беріктігі азаяды, майлау шарты нашарлайды, детонация пайда болып т.б. қолайсыздықтар туады. Қозғалтқыштың бөлшектері тым қызып кетпеуі үшін оларды суытады.
Қозғалтқышты суыту үшін ауаны немесе сұйық заттарды қолданады. Қозғалтқышты сұйықтар арқылы суыту кеңінен тараған. Сұйықтар арқылы суыту үшін, ондай сұйықтар жүретіндей етіп, қозғалтқыш блогінің қақпақ бөлшегінің қабырғалары қосарланып жасалған. Суытқыш сұйық цилиндрдің қабырғасындағы жылуды өзіне сіңіріп, радиатор арқылы суытып, жылуды қоршаған ортаға таратады. Сонымен, суытқыш сұйық суыту жүйесінде су сорабы арқылы үздіксіз циркуляция жасап отырады. Суыту жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін қолданатын сұйыққа бірқатар талаптар қояды:
- жылуды тезірек әкету үшін қолданатын сұйықтың жылу сыйымдылығы үлкен, ал жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек;
- қолданатын сұйық қозғалтқыштың барлық жылу жүйелерінде қатпауы және қайнамауы керек;
- қолдану кезінде көпірмейтін және жанбайтындай болуы керек;
- металдар мен қорытпаларды мүжілдірмей, резеңкеден жасалған түтіктер мен жалғағыштарды жеп қоймауы керек.
Аталған талаптарды толық түрде қамтитын сұйық әзірге жоқ. Қалыпты жағдайда ең қолайлы сұйық – су.
Су. Суытатын сұйық ретінде судың құндылық жағы да, кемшілігі де жетерлік. Су – қол жетпейтін зәру зат емес, өрт шығару қаупін тудырмайды, адамның денсаулығына зиянсыз. Меншікті жылу сыйымдылығы өте жоғары. Кемшіліктерінің бірі - қату температурасының жоғары болуында. Су 00С-да қатады, қатқан кезде судың көлем шамасы 10%-ға ұлғаяды, ондай жағдайда қозғалтқыштың суыту жүйесіндегі мұздың меншікті қысымы 2500 кгк/см2 жетеді. Бұл өте үлкен қысым. Бұдан қозғалтқыштың негізгі бөлшегі - блок жарылады.
Келесі үлкен кемшілігі – қайнаған су қақ бөліп шығарып, суыту жүйесіндегі бөлшектер қақтанады. Қақтың негізі - судан бөлінген әртүрлі тұздар. Одан басқа су радиатордың астыңғы багінде, суыту жүйесінің ағынсыз бөліктерінде минералды, органикалық текті тұнбалар бөліп шығарады. Тұнбалар, бөлшектердің бетінен бөлінген қақтар суыту жүйесінен орын алып, суыту жүйесінің кеңістігін азайтады. Қақтың ең үлкен зияны оның жылу өткізгіштігінің аздығы, мысалы, шойынмен салыстырғанда 100 есе төмен.
Суыту жүйесінде қақтың пайда болуы су ерітіндісінен кальций, магний тұздарының бөлінуіне байланысты. Кальций, магний тұз ерітінділері суға бір ерекше қасиет береді, оны судың кермектігі дейді. Кальций немесе магний тұздары неғұрлым көп болса, судың кермектігі соғұрлым жоғары болады.
Егер судың кермектігі 1 мг эквивалент десек, мұндай судың бір литрінде 20,04 мг кальций иондары немесе 12,16 мг магний иондары бар. Судың кермектілігі уақытша, тұрақты және жалпы болып үшке бөлінеді.
Судың уақытша кермектігі құрамында кальций Са(НСО3)2 және магний Мg(НСО3)2 бикарбонаттарының болуынан. Суды 800С-ға дейін қыздырса, аталған тұздар ыдырап, тұнба түрінде бөлініп шығады да, су кермектігінен арылады. Мұндай суларды уақытша кермек су дейді.
Тұрақты
кермектік суда СaSO4,
CaC
,
MgSO4
және т.б. тұздардың болуымен анықталады.
Егер бұл тұздардың мөлшері қанықтыру
шегінен аспаса, олар суды қайнатқанмен
бөлініп, тұнбаға айналмайды да, су
аталған тұздардан арылмайды. Сондықтан
мұндай жағдайда судың кермектігін
тұрақты деп санайды.
Қақтың пайда болуына уақытша және тұрақты кермектікті тудыратын тұздар қатысты. Ал уақытша кермектік тұздарының зияны көбірек. Уақытша кермек судың бірінші қайнауынан - ақ карбонаттар тұнбаға түсіп, қақтар пайда болады. Тұрақты кермек судан пайда болатын қақ мөлшері уақытша кермек судан кем болады да, зияны аз деп саналады.
Уақытша және тұрақты кермектіктің қосындысын жалпы кермектік дейді.
1л суда тұздардың мөлшері 3 мг эквивалентке дейін болса, оны жұмсақ, егер 3-6 мг эквивалент аралығында болса, орта кермек, ал 6 мг эквивалент немесе одан артық болса, аса кермек су деп бөлінеді.
Табиғи суларды кермектігі жөнінен 3 топқа бөледі. Атмосфералық (қар, жаңбыр) суларын – жұмсақ; өзен, көл суларын - жұмсақ немесе орта кермек; құдық, бастау, теңіз суларын - аса кермек су деп санайды. Орта және жоғары кермек суларды суыту жүйесіне қолданбас бұрын жұмсартқан жөн. Суды жұмсартудың ең оңай жолы – қайнатып, сүзіп алу.
Суды химиялық жолмен де өңдеп жұмсартады. Суға соданы немесе сөндірілген әк қосса, онда кальций мен магний тұздары тұнба болып бөлінеді. Бұл әдіспен суды өңдеу қолайлы.
Катионидтер арқылы суды сүзіп, оның кермектігін азайту тіпті оңай. Катионидтер ретінде (глауканит, пермутит) алюмосиликаттарды қолданады.
